XIV-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 0

    (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Сонымен біздер қаракеттік ақылдың кәсіптік бағытта өсіп-өнгенмен оның талапсыз, мақсатсыз қаракеттік ақыл мен  сезімдік ақылдың өз бетімен дамып жетілуіне және қарсылық қара қуаттар мен күштер арқылы өзара бірігуіне байланысты тек дүние тіршілігімен, жануарлы мақсатта ішіп жеумен ғана тәннің қамымен,  дүниенің қызықтарымен айналысып кететін ессіздіктің, жындылықтың пайда болуына соқтыратыны да сөзсіз.  Мұндай жағдайда  жаратылыстан жанымызбен бірге аманат болып берілген тегімізбен және анамыздың қанымен берілген нағашы тегінен белгімізді яғни екі түрлі жиілік ырғақтағы ақылдық қуаттарды аралық біріктіруші ағашымыздың сапасын жындық қуатымызды жетілдіре отыра, оны тазартып кісілікті меңгеруміз, қанымыздың тазалығына байланысты  теріміздің кеңдігімен, бой жарығымызға байланысты жүректің айнасы болатын; ұжданымыздың да жетілуіне себепші болатыны да сөзсіз. Олай болса; төрт ақылдың бірлігі толық ақылдың пайда болуымен  пайғамбарлық қасиеттіліктің бұл жағдайын; «7 бой белгісі»  (жеті күн-чакраның жарығы) деп атап Абай атамыздың қара сөзінен; «Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. Әуелі-пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсенің іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам орынды іске қызығып, құмарларланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінетіндей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен. Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз  нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын ит қорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.»  Адам баласының ішіп-жемек, қызық көрмек, өсіп өнбекке, түрлі ойынға көңілінің құштарлығы да алдыңғы жазбаларда баяндалғандай бес сезімнің әсерімен жетіліп, бұл қуаттың жағдайын сезімдік ақыл деп, оның да екі түрлі сападан тұратынын сезімдік және аңғарымпаздық екенін осы жерден білуге де болады. Естіліктің де екі түрі болып сезімдік ақылға байланысты сезімнің аңғарымпаздығын Абай атамыз; «…Сонда есті адам, орынды іске қызғып, құмарларланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінетіндей болады екен.» Сонымен бұл естіліктің түрі яғни сезімнің аңғарымпаздығы ақыл қуатының есту, ойлау және көңілдің қуаттылығына, тазалық жарығына тәуелді болатынын естен шығармаңыз.   «..Үшінші-әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әр түрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен. Әрбір мастық бойдан оғаты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып (шайтан көздерін) «ананы –мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к..н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім….» Сонымен ақылды кісі болу үшін де бірі дүниенің қызығына құмарлықтың да өз шегін, орнын біліп, жасына, уақытына қарай тоқтай білумен естілік пайда болса, ал енді екінші жағдайда түрлі өнер мен кәсіптерге  жасынан орынды іске қызығатын құмарлықтың да маңызы зор болып, екіншіден өмірдегі баянды мен баянсыз істердің де айырмашылығын білу яғни қаракеттік ақылға байланысты естіліктің де болуы міндетті болмақ. Өзінің қабілетіне, кәсібіне және жасына қарай қаракет қылмай, жасы үлкеннің жастардың ісіне қызғып, ойыншыл-сауықшыл болып және киімінің өзі жастарша бөріксіз, шапансыз мақтанның соңына түсіп кетуден жындылықтың арты бой жарығының қалыптаспауымен есі жоғалып соңы мастыққа ұласатынын да білген жөн. «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің білмей қалыппысың?» (15-ші сөз) Сонымен екі түрлі естіліктің сезімдік ақылға байланысты көңілмен, жүректің айнасымен ойлау және есту қабілетімен, қанның тазалығымен, ділдің қуатымен  нәтижеленсе, екінші қаракеттік ақылмен көру, ойлау қабілетімен құмарланып әр істің орын тауып меңгерумен сырттағы жарық денемен байланысты естіліктің ақылдың толымдылығын қалыптастыра аламыз.  Олай болса ақылдың талабын меңгеру үшінде жинаған ақылдық қуатты сақтай білу үшінде; «Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен.»  Бұндай ақылдың екі түрлі естілігінің белгісін яғни бірі іштегі дүниенің тазалығы мен екіншісі сыртқы әсерден сақтана білумен бой жарығымен, зейнеттік киіммен байланысты болатынын орыс халқында; «По одёжке встречают , провожают по уму » деп астарлаған екен. Киіміңе қарап сезімдік ақылың, естілігің белгілі болса, қаракеттік ақылыңа сөзіңе, амалыңа, өмірден көрген, білген түйгеніңе қарап кісілік ақылыңның толықтығы белгілі болмақ. «Қонағым естігеніңді емес, көргеніңде айт» дейтін қазақтың мақалы да осындай екі түрлі естіліктен хабар береді. Ал бойды сынатпайтын үлкендік мінезді, төрт ақылдың бірлігін енді атамыз бізге қалай суреттеді екен?

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ашуың-ашыған у, ойың-кермек. Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық, Кім көңілді көтеріп болады ермек? Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Ер ісі-ақылға ермек, бойды жеңбек, Өнерсіздің қылығы-өле көрмек. Шыға ойламай, шығындап қылық қылмай, Еріншек ездігінен көпке көнбек. Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек. Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күн сынар шөлмек. Адамзат тірлікті дәулет білмек, Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек. Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп, Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек? Наданға арам-ақылды құлаққа ілмек, Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек. Рас сөздің кім білер қасиетін, Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек. Қызыл арай, ақ күміс, алтын бергек Қызықты ертегіге көтерілмек. Ақсақалдың, әкенің, білімдінің Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек. Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. Таразы да, қазы да өз бойында, Наданның сүйгені-көппен дүрмек. Алашқа жау боп, сырты күлмек, Жақынын тірде аңдып, өлсе өкірмек. Бір-екі жолы болған кісі көрсе, Құдай сүйіп жаратқан осы демек. Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек. Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек. Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек, Сыбырмен топ жасап бөлек-бөлек. Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ, Өзімен-өзі бір күн болмай әлек? Қолдан келе ме жұрт меңгермек, Адалдық, армдықты кім теңгермек? Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ, Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.» (15-ші өлең) Сонымен адам баласының сезімдік және қаракеттік ақылдарының көрінісінен дүние қызығы мен дүние істерінің және адам баласының жындылығын меңгеріп ауыздықтау арқылы қалыптасатын; қайраты-кісілігі болып, оның адам бой өрісі жарығымен байланысты да естілігі қалыптасып, барлық өлшем таразы да әр адамның өз бойынан, ақылдық қуатынан табылып, мұндай болмаған жағдайда пенде өрісінің шайтанның өрмегіне яғни сасық тұман өріске «қара шекпенге» айналатынын да жадыңызға тоқып алыңыз.

«Көзімнің нұрсыз, Сізсіз жоқ қуаныш. Өмірдің гүлсіз, Көңіліме жұбаныш. Зар қылып тілеймін Рақымын алланың. Елжіреп жылаймын, Көңілін аш пенденің. Сыйхатын қалқама, Бере гөр, я , рахим. Қайғымды қыл шағын. Ағатай, сағындым, Есен-сау көрмекке. Сөз таппай аңырадым, Оқыңыз ермекке. Осы күн өмірімнің Ешбір жоқ қызығы. Жаралы көңілімнің Жазылмай сызығы. Мақсатым хатымда Аз уақыт болса ермек. Сөзім жоқ татымды Хошлықпен көріспек.» (115-ші сөз) Естіліктің сезімдік ақылмен, көңілмен байланысты және әйелзаттарының бойының жетілгендігімен байланысты болатын жарынан алатын көңіл қуатының жүректің тазалығы мен ғашықтық құштарлығына, көңілдің тазалығына да тәуелді екені сөзсіз. Сөз тазалығын меңгеру ақылдың талабы болып қана қоймай жындық мінездік қуатты да тазартуға, кісілікті қалыптастыруға да себеп болмақ.

    «Жалын мен оттан жаралып, Жарқылдап Рағит (періште) жайды айдар. Жаңбырлы жерге таралып, Жасарып шығып гүл жайнар. Жайына біреу келсе кез, Белгілі жұмыс, сор қайнар. Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар. Жалын мен оттан жаралған Сөзді ұғатын қайсың бар? Партия жиып пара алған, Пейілі кедей байсыңдар. Қулық пенен құбылдан Жалықсаң, жақсы жансыңдар. Түзелмесе шұғылдан, Арсылдар да қалшылдар. Несі өмір, Несі жұрт? Өңшең қырыт, Бас қаңғырт.» (215-ші өлең) Қазіргі таңдағы философиялық білімде сөзді екі белгіден пайда болады деп негізге алғанмен, оның қандай белгілерден пайда болуын дәлелдеген деректі көрмейсіз.  Негізінен сөз сөйлеу өнері; сезімдік ақылдың, сананың қуаттылығынан және қаракеттік ақылдың, білімнің жетістігі мен талап мақсатының айқындығынан пайда болып, мұны 8 санды парасаттылықтан және 13 санды данышпандықтан пайда болады деп түсінген де жөн. Сонымен парасаттылықтың отпен, жаймен және мұның жер бетіндегі барлық жаратылыста кездесетін ежелгі пайғамбарлар жазбаларында да болғанын «Құлшылықтар философиясы» жазбасында мысал келтірдік.  Сонымен бірге әрбір жаратылған нәрселердің жұбы, пары болып парасаттылықпен яғни рухани негізді қуаттармен байланысты сөзді меңгерудің ғылымын Алматы қаласының Ремизовка ауылынан табылған Қажы баба басынан алынған шырағданның да 16 бейнелі барыстың және тостаған ішіндегі екі құс пен екі хайуан бейнесінің осы біздің тарқатып жатқан Абай атамыздың даналығынан толық көрнісін де табады. Рухтың қуаты болып 16-санды барыстарды, ал төрт ақылдың екі сипаты құс пен аңның бейнесіне және бұл отпен және олардың азығы болған судан пайда болатын өнімдермен де байланысты екенін де білуге болады. Аталарымыздан қалған нақылда; « Бірі от, бірі су екі тілде сөйледің адам, абайламай діліңді бұзып алма..» деген мақал өсиеті бар.  Қазақ даналығындағы «Жаңбырменен жер көгерер, батамен ер көгерер» деген нақылдың түпкі сыры да нұрлы сөздің судан жаңбырдан және жалын (жын) мен оттан (рухтан пайда болуын) жаралатынын білдірген.  Оттан рухтан пайда болған сөздің белгісі нажағайдың аспан көгіндегі жаман сөздерді қуаттарды қалай жағып өртеп отыратын жағдайын адамзат өмірінен де көрінісі барын ескертеді. Абай атамыз да осы екі сипатты сөздің тегін меңгеруді ескерте отыра, естіліктің болмауынан ардың азуынан бұл екі ақылдық қуаттың итке бейнеленуін де астарлап баяндап кеткен.

Олай болса жалпы кісілікті меңгеру, есті адам болу үшін де пайғамбарлық қасиеттіліктің сезімдік, саналық ақылды меңгеруге байланысты «Құс қанатымен жалғану» яғни тылсым үнін меңгеруге су тілімен байланысты рухани азықтарды да меңгеруге жүктелу керек екенін де білген жөн.«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды; естіп,көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.  Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып естісе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғұн елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғұн шошқаны баққан жақсы деп бір хаким айтқан екен, сол секілді сөз болады.» (31- ші сөз, ал кітапта 19-шы сөз) Ескерте кетейік; қазақ ғалымдарының Абай танушы болып акедемик дәрежесін меңгергенімен де, сандық ғылымнан білімдері болмағандықтан 19-шы сөзб ен 31-ші сөздің орындары ауысып кеткенін және осы кезге дейін түзетуге қам жасамауынан да сөздің ойын сандық мәнімен түсіне алмауларынан, қазақ зиялы қауымы мен ел билігінде де саналық естіліктің дамымай қалғанына да дәлел болмақ. Сонымен бірге көпті көргендік сөз танитын ақылдылық емес, керісінше ендігі ғалымдар, естілеріміз тек кітаптан оқыған білім жүзінде ғана танымал болатыны да сөзсіз. Ал Абай атамыз; «..Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.  Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды..»  деп білім мен кітаптан оқумен  ғана емес, даналардың нақылдарын және есту қабілетінің тазалығына, ақылдың қуаттылығына байланысты тылсымнан батамен аян, уахи көрумен, бейнеленген  сөзді танумен байланысты жетілетінін де ескертеді. Жалпы сезімдік ақылды әйелзатына тән ерекшелік қуаттылығы да, тазалықты сақтамаудан әлсіздігі де болатынын; «Қатын қағыс естиді» деген нақылдың да сыры осындай жағдайдан ділмен, иманмен, қан тазалығымен байланысты  әйелдердің есту қабілетінің жетілетініне де қарап айтылғаны да сөзсіз. Яғни сөз танудың сезімдік ақылдың екінші дәрежесі сезімнің аңғарымпаздығына, ана қанымен ана сүтімен келген  ойлау қасиетімен  қалыптасатыны діл қуатына да байланысты естіліктің бұл сипатын есту қабілетімен байланысты екенін баяндайды.

«Өкінішті көп өмір кеткен өтіп, Өткіздік бір нәрсеге болмай жетік. Ойшылдың мен де санды бірімін деп, Талап, ойсыз, мақтанды қалдым күтіп. Үлгісіз жұртты үйретіп, қалдық кейін, Көп надандар өзіне тартар бейім. Арылмас әдет болды күлкішілдік, Ыржаң-қылжаң ит мінез дегендейін. Тура тілді кісіні дейміз орыс, Жиреніп, жылмаңдықты демес бұрыс. Жылпылдақтан айрылып, сенісе алмай, Адамдықты жоғалтар ақыр бұл іс. Сенімі жоқ серменде сырды бұзды, Анық таза көрмейміз досымызды. Қылт етпеген көңілдің кешуі жоқ, Жүрегінде жатады өкпе сызы…»  Сөз табатын ойшылдықтың сан ғылымымен байланысты екенін ескерте отыра ата дәстүрі мен қаракеттік ақылдың жетістігі болған талаптылық пен ойшылдықтың үлгісінен айрылудан надандықтың пайда болып, халықтың  орыс ұлты сияқты тура тілдіге айналуынан сезімнің тұрақсыздығы, жіңішке мінез, қылт етпелік және мұндайда өкпеден ызақорлықтың шығатынын да ескертеді. Сондықтанда ақылдық қуаттарымыздың жетіспеуінен, аян беруші әулие аруағымен да жалғана алмайтынымызды, аян алу қабілетінің бұзылуынан да сенімнің жоғалуына ұшыратады дейді. «…Дос асықтың болмайды бөтендігі, Қосылған босаспайды жүрек жігі. Біздің доспыз, асықпыз дегеніміз-Жалғандықтан жасалған көңіл жүгі. Сеніскен досым да жоқ, асығым да, Ақыры өлең қылдым, жасыдым да. Көрмеген көп дүние көл көрінді, Кірлемеген көңілдің ашығында. Құдай берген бұл достық –кеннің бірі, Мұңдасқанда қалмайды көңіл кірі. Қолдан достық жасап ел болар-болмаса, Итмұрындай наданың жыртты бірі. Сол досты сая таппай іздейді жан, Жоқтайды күңіреніп, қозғалып қан. Жау жабылса бұзылмас жан көрмедім, Артық жолдас таппадым татулықтан.» (31-ші өлең) Ата жолының ата дәстүрінің негізгі қағидасы Алла досы болған әулие-әмбилермен жалғанып аруақтарынан қуат алатын достықты табуды Абай атамыз ең маңызды іс деп түсіндіреді. Әрине бұл насихатын ел билік пен дінші ғалымдардың теріске шығарып қазақ дәстүрін соттап үкім шығарған масқаралығы тарихта таңба болып, ата-баба аманатына қарсы болған зұлымдық екені де хақ. Олай болса естіліктің бұл дәрежесінің қазақ зиялы қауымында мүлде дамымай қалғанына да осы насихаттан-ақ жеткілікті дәлел барын жадыңызға да тоқып алыңыз.

«Бермеген құлға, қайтесің, Жұлынарлық ерікті. Ажал тура келген соң, Шыдатпайды берікті. Ғаріптікке көз жетті, Алғаннан соң серікті. Өмірін берген құдайым Ажалын да беріпті. Сақта дейміз, қайтеміз, Ілінген жалғыз тіректі. Тағдырына тәбдил жоқ, Тәубе қылсақ керекті. Кәркиден пілден қуатты, Тағы арыстан жүректі. Аплотон, Сократ ақылды, Қаһарман Ғали білекті. Өз заңымша ұқсаттым, Берген құдай тілекті. Оспанды алған бұл өлім, Тәубе қылсақ керек-ті. Мұсылманға қоймаған Орынсыз жанжал шатақты, Ерегіскен жауларын Кісен салып матапты. Зекет жиып, егін сап, Тойдырған ғарып, жатақты. Ескендір, Темір, Шыңғыстай Мұсылмандар атақты. Мұқым қазақ баласы, Тегіс ақыл сұрапты. Тобықтыны ел қылып, Басын жиып құрапты. Меккеде уақып үй салып, Пәтер қып, жаққан шырақты. Бір құдайдың жолына Малды аямай бұлапты. Ажал уақыты жеткен соң, Соның да гүлі қурапты. Қажыны алған бұл өлім, Сабыр қылсақ керекті.» Сонымен сезімдік ақылдың аңғарымпаздығынан пайда болатын естілікті меңгеруден және ізгілік істерді орындаумен ел басқарған даналар мен төрелердің пайда болатынын және мұның нәтижесі де пайғамбарлық қасиеттің бірі сабырлық болатын, бұл қасиетті меңгеру туралы негізінен төрт ақылдан да жоғары тұрған танымдық ақылдың қуатын меңгеруге байланысты ғана адам баласының ниеттілігінің толық болуын қалыптастырады, ал сабырлық туралы қабілетті меңгеруді бұл жазбаның 7-тарау, бөлімінде талқылап өттік. (жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.