Құранда Раббымыз; « Мұхаммед олар сенен (рух)жан туралы сұрайды: «Ол Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді» де» (17-85) деген аятта тырнақша ішіне рух сөзін қоса тіркеудің өзінде рух-таза ақыл мен жан туралы деректердің арап халқында сөз қорында, тіл өнерінде шығармашылығында да, жалпы дін ұстанымында аз мәліметтің болатынын ескерткен. Бұл жерде рух сөзін тырнақшаға алуы да дұрыс емес, себебі рухтан рұқ болып, ал барлық рұқтық білім құранда баяндалып және жан білімінің мәліметін: «Мұхаммед айт: « Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларыңның тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Сонымен бұл жерде намаз оқу немесе орындау емес, намаздарды толық орындаудың сипаты Інжіл, Тәурат қағидаларын сақтау ғана емес, Раббымыздың әрбір ұлтқа өз пайғамбарлары арқылы жіберіп түсірілген сөз байлығынан нақылдардан, ғұрып, салттарымыздан пайда болған ата-бабаларымыздың әдеттерін де Құран арқылы бірлеп орындауымыз да міндетті екен. Және «Раббыларыңнан сендерге түсірілгендерді» деген ұғымның өзінде әрбір пендеге жеке-жеке жоба болып оқылатын ата-бабамыздан мирас тылсым кітапарынан берілетін уахи, аян түс аяттары арқылы берілетін деректерді ғибратты намаз қылып орындау, яғни әрекет құлшылығының міндеттілігін ескерткен.
Сонымен тек Құранға жүгінгендердің аз мәліметті араптардың тұрмыстық сөз және тіл байлығы-ойшылдығына жүгінуден түбінде азғындыққа түсіп, діннің бөлшектенуімен тура жолды табулары мүмкін емес болып, олай болса Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатынынан құр қалып, ғылымды (ілімді) меңгеру де мүмкін еместігін білдіреді. Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымызға «Сені шариғат ісіне қойдық» деген үкіммен Мұхаммед пайғамбарымыздың жалпы пайғамбарлық міндеті дінді түсіріп, шариғат ісін ғана жалпы халыққа үлгі қылумен және пайғамбарлықтан басқа да өзінің жеке елшілік міндеті болып, оны тек санаулы сахабаларға ғана түсіндірумен тарихат, махрипат, ақиқат салалары құпия болғанын да аятта; «Және саған бұрынғы пайғамбарларды баян қылдық, сондай-ақ пайғамбарлардың саған баян етпегеніміз де бар. Және Алла тағала Мұсаға тікелей сөйлескен.» (4-164) деген аяттың астарлы мағынасы мен ислам дінінің Мұхаммед пайғамбарымызға ол заманда толық сыры, даму үдерісінің баян болмаған деректердің де және ашылмаған ғылым көзінің барын «Мұсаға Алла тағала тікелей сөйлескен» деген хикметтің, мұғжизаның түбінде барлық адамдарға ортақ мұғжизасы тұрғысында қайтадан жалғасатыны да (6-111) аяты арқылы да ашық ескерткен.
Сонымен арап дін ұстанымының діннің ортасы ғана болып, оның жоғарғы дәрежесін меңгеретін елдің де барын аятта; «Ол қауымды іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде. Негізінде сендер Алладан олардың үміт етпеген нәрсесін үміт етесіңдер. Алла тағала толық білуші, хикметті иесі.» (4-104) Ислам келген кезінде араптардың әсіресе құрайыш руының өзі іштей дін көзқарасында жікке бөлініп, өзара соғысып қауымдарға айналуынан осы кезге дейін бұл әдеттің исламның өз ішінде бір дінде болса да ұстаным мен көзқарастардың алуан түрлілігінен, әлі кезге дейін қауымдарға бөлінудің жалғасып келе жатқаны да белгілі. Дәл араптар сияқты қауымның өз ұлтымен қырқысып, дін руханият тұрғысында күйзеліске түсетін, ислам діні тұрғысында ұқсасы барын Алла тағала ескертіп және ерекше хикметі арқылы араптардың үміт еткен жер бетінің халифалығы тура жолда болуды, олардың (түркілердің) мұны үміт етпей-ақ иелікке жететінін де астарлы білдіріп Арыстан бабамыздың 450 жыл пайғамбарымыздың аманатын Ясауи бабамызға әкеліп тапсыруында да осы аяттың маңызы барын да білген жөн.
Себебі аятта; «Әй Кітап иелері! Сендерге Кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елмей өтіп кететін Елшіміз келеді. Расында сендерге Аллдан бір нұр және ашық бір Кітап келді.» (5-15) Бұл аятпен Мұхаммед пайғамбарымыздың елшілік ісінің әлі жалғасатыны, себебі бұрынғы елшілерге келген кітаптардың көбін сүннетке айналдырғанмен, әлі онан да көбірегінің Алланың нұрының кітаптарының оқылмай қалып қойып Мұхаммед пайғамбарымыздың ақиреттен шапағатының жалғасуымен уахи алушы елшілігінің істерін жалғастыратын әулиелердің болатынын ашық ескерткен. Міне ислам ғалымдарың осындай аяттарды түсіну арқылы масһабтарға бөлініп алып, түрлі тарихаттар мен исламды бірлеуші діндік ісін жалғастырумен өз ара жарысынан да соңы адасушылыққа да тап болғанын білуге болады. Ал қазақ ел билігінің де «кинизмдік» ойшылдыққа бой беріп, тарихта дін ұстанымында кері қарай шегініп масһаб арқылы құранға жалғанудан қандай рухани да тіршіліктік те қайғы-қасіретті қолдан туындатып және мұның басында тұрған ақылы толмаған жастарды іс басына ақыл айтуға қойып халықтың дін дәстүрін бөлшектеп, сөз байлығын аздырумен «экстремизмнің» ошағына айналғанымызды да мойындауға шарасызбыз. Себебі ақыл, естілік, иман, махаббат туралы Абай атамыздың ғана ойшылдығын меңгеруді міндет деп білуді жоғарғы дәрежелі ел билеуші, философ ғалымдардың өзі бас тартады. Егер мұны халық алдында мойындайтын болса, өздерінің жалған тажалдық білімдерінің бұқара халық түгіл әлемге де әшкере жария болуынан қорқады.
Мұндай надандардың жоғары дәрежелі ақпараттарды тарату орындарында ел билеуші, заң шығарушы орындарында отырғандар әрине орта топтық ақылы толмаған өз ұлтының рухани құндылығын қарық қылмаған және тек арап тілін меңгеріп құранды жаттап алып жоғарғы лауазымға ие болумен халыққа ақыл айтуға шексіз еркіндік алғандар үшін өте қолайлы. Және мұндай ақымақтардың ел билеушілермен өздерінің қаракеттік тұрғыдағы имансыз ақылынан сәл төмен болуын оны басқаруға да қолайлы болатыны да сөзсіз. Себебі ұяттың кемдігі иманның жоғалуына себепші болып, ар туралы бұндай жағдайда сөз қозғаудың өзі қателік болмақ. Сондықтан ардан ғана пайда болатын ойшылдықтың өз ұлтының жанымен байланысты тіл біліміне, сөз байлығына байланып тұрғанында олар үшін маңызы жоқ, себебі мұны өздері де меңгере алмады. Білімді толымсыз қаракеттік ақылдың күшін, қуаттылығын арттыруға ғана жұмсап, ал сол білімдерінің ішкі үн қуаты ойды алудан бас тартып «қараң» деген яғни түсіну қабілетінің жойылып, жүректері мөрленіп, иман деген дінсіз таза ақылға, жарыққа, үнге айналған жандық қуатты рухани біліммен, дінмен байланысты сенім деп түсініп, халықтың бір-бірімен қауымдарға бөлшектеніп рухани түрде қырқысуына жол ашып қойып қол қусырып отырғандар деп білген жөн.
Қандайда бір сынның және айыптаулардың нақты дәлелдері болмаса да жаратушымыздың үкімдері мен пайғамбарымыздың өсиеттеріне де қарсы шыққан болып саналамыз. Сондықтан екі мысалға ғана тоқталып кетейік. Қазақ ру сайтында Рауан Жүзбаев деген логинімен дін танытушы бауырымыз өзін «Ортаңғы жолдағы Ханафит» деген атпен менімен және көптеген қазақтың дәстүрін қолдаушылармен пікірталасқа шығып, мұның сұқбаттастық аталғанымен ол және масһабшылар тарапынан айыптау мен мазақтау қылжақтап және боқ сөз аралас кінәлау мен қазақ руханиятының барлық саласын теріске шығарумен арасында аруақты мойындаған болып, артынша қарсылық білдіріп, көбіне Абай-Шәкәрім аталарымыз бен әулиелердің насихаттарына ашық қарсылық білдірумен аяқталып жатқаны да бар. Әрине мұндай жағдайда біз тарапынан да артық сөз айтылып мұның тылсымнан ескерту де болғаны алдыңғы жазбада баяндағанмын да. Мұның түбінде нәтижесінде осындай бір ұлтты ағайындарымыздың бірін-бірі лағнеттеп, оның зардабы осындай жастардың нәсілінің азып, тұқымы жайылмай жоғалуына, біртұтас адамдар болған аруақтардың лағнеттеуімен өздерінің рухани азғындауына және өмірге түрлі кеміс балалардың туылуына да себепші болатынын да білген жөн. Бұл істердің басында ең үлкен кінәлі дін басшысы мен дін істері басшыларының дем беріп айтақтап отырғанын да білген жөн. Себебі қандай да бір масһабтардың қателігін шығарған, құранмен дәлелдеген отандастарымыздың сайттарын жауып, ашық қудалап бір жақты тек масһаб білімнің ғана үстемдігін қалыптастыруға арналған жобалардың ғана атқарылып жатқанын да біліп жүріңіз.
Енді осы бауырымыз менің құрбан айттарың құтты болсын!,- деген өлең жолдауыма мынадай ызақорлық сөздермен жауап беріпті;
Ортаңғы жолдағы Ханафит: «Құрбан АЙТ», «Ораза АЙТ» – мұсылмандардың ең үлкен мейрамдары. Оларды мұсылмандар ТОЙЛАЙДЫ. Алла Тағала тек Оған арнап шалынған құрбандықты ҚАБЫЛДАЙДЫ, тек Оған арнап ұстаған оразамызды ҚАБЫЛДАЙДЫ, яғни ҚҰЛШЫЛЫҚ болып табылады. Сондықтан, «Құрбан айт құтты болсын, немесе Құрбан айт мүбәрәк болсын» деп айту дұрыс.
Құрбан шалу – дін емес, құлшылықтың түрі ғана. Құрбан шалу тек Қазақта ғана емес, барлық халықтарда да болған. Кімге арнап Құрбан шалсаң, соған құлшылық қыласың, «Аруаққа арнап Құрбан шалсаң, Аруаққа құлшылық арнайсың», «білместіктен Аруақ кейпіндегі – Шайтанға арнап Құрбан шалсаң, Шайтанның құлы боласың» дегендей…
Тірідей КӨМІЛГЕН Кеңкелесім-ау! Ақындық сенің не теңің?! «Өлең — сөздің патшасы» болу керек, көпшіліктің көкейінен орын табу керек. Өлең жазу үшін, алдымен Қазақша дұрыс сөйлеуді үйрен! Сенің «өлеңсымақтарың» — сырттан қарағанда өлеңге ұқсайтын, оқысаң құсқың келетін шимай-шатпақ бірдеңе. Саған ҚАЗАҚША қааанша айтуға болады, тек тақырыпқа байланысты пікір жаз деп?! Жоқ, әлде саған ҚАЛМАҚША түсіндіру керек пе?! Неее деген сөз түсінбейтін миғұла едің?! Әрбіреудің босағасынан сығалай бергенше «өлеңсымақтарыңа» арнап тақырып ашып ал да, сонда қалауыңша армансыз бықсыта бер!…»
Енді бұл дінқандасымыздың ел билік пен зиялы қауымның бұқара халықтың үстінен қойған арнаулы заңмен бекіткен, осылардан ғана тәлім алып жат пиғылды «экстремизммен» күресуді әлемге мақтан қылған өкілеттігінен деп түсінген де жөн. Сондықтан осындай дінқандастарымыздың пәтуасы арқылы да біздің ел билігі мен ақпарат басында отырған басқарушы зиялы қауым өкілдерінің құраннан, сөз ғылымынан қаншалықты білімді екенін талқылап көрейік. «… Алла Тағала тек Оған арнап шалынған құрбандықты ҚАБЫЛДАЙДЫ…» Жалпы Алла тағала ұғымы Алланың жаратқан 8 түрмен, 7-жолымен бүкіл жанды жаратылыспен байланысты әлем ішіндегі құдайлық сипаты болмақ. Сондықтан аятта; «Алла тағала, періштелер және әділет үстінде тұрушы ғылым иелері расында тым үстем АЛЛАДАН басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік береді.» (3-18) Енді сөз ғылымынан хабары бар яғни ойлана білген әрбір адам баласына Алла тағаланың періштелермен, ғылым иелерімен, Алла достары әулиелермен бірге неге жалғыз Алланың тәңір екендігіне куәлік береді? -деп ойлайсыз. Алла өзіне-өзі куәлік беріп қайтеді егер барлық әлем және жаратылыс соның ішінде болса? Жоғарыда тұрып өзінен төменге куәлік берілмейді, керісінше әрбір төмен дәрежедегі өзінен жоғарғының хақтығына ғана куәлік берілу керекті. Олай болса куәлік беру деген сөзбен ғана емес, іспен де дәлелдеушілер болып Абай атамыздың 38-ші сөзін оқыған әрбір білімді азаматтың бұл аяттың сырын да терең түсіне алар еді. Олай болса «БІР», «БАР», «РАС», «РАББ» , «ҚҰДАЙ» , «МЕН» т. б. ұғымдардың барлығы да Алла тағала аты бізге әшкере мәлім болған, ақылымыз арқылы тануға болатын сипатына дәлелдер болып табылады. Сондықтан әулие–әмбилер атқарушы періштелер болғандықтан және метафизикалық тұрғыдан физикалық, көрнеу тұрғыда заттануға айналумен және онан кері қарай ғайыпқа дейін заттықтан физикалық, онан метафизикалық және ғайыпқа қарай түрленумен біздің ақпараттарымыз, тілектеріміз бейнеленіп түрлену сатыларынан айнадан өту үшін де төменнен жоғарыға қарай жалғанады, мұны Алланың жібі деп аталғанын да неге мойындамасқа? Алла достары біздің тілектерімізді қабылдап, өзінен жоғары тұрған Алла тағаланың сипаттарына жеткізу арқылы ғана Алла тағаладан біртұтас тілектерді Алла қабылдаушы деген аятына да иман келтірген дұрыс емес пе? «БІР»-ге яғни белгілі бір дәрежедегі құдіретіне, хикметіне ұқсасқа, тұтастыққа айналу үшін де қаншама түрленуден және оның 8 сатыдан тұратынын да 9-бен тәубеге айналуын да мойындау керек.
«Құрбан айт құтты болсын немесе Құрбан айт мүбәрәк болсын» деп айту ғана дұрыс қабыл болсын деген болмайды, серік болып кетеді себебі мұны арап ұлты пайдаланбайды екен. Ал енді адамзаттың бәрі заттық яғни тәндік тұрғыда Қабыл бабамыздан ғана жаралғанын неге мойындамаймыз? Себебі Қабыл Абыл інісін өлтірсе, онда одан қалай ұрпақ тарамақшы? Бірақ Абылдың аруаққа айналып, Қабыл ағасына нәсіл болып келіп қайтадан жаралуын әрине араптардың сөз байлығында, дін шежіресінде кездестіру мүмкін емес. Қабыл бабамыздың қарғаның көрсетуімен өз туысын жерге көмуді де; мұны аңғарған оның құс құрлы ақылы болмағанын, сонан осындай зұлымдыққа түскенін мойындап, өкініп алғашқы тәубеге келген Адамның ұрпағы алғашқы мұсылман кісісі емес пе? Себебі Адам атамызға білім яғни дінді бергенмен, ол қабыл алмады деген аяттарда. Олай болса дін біліммен байланысты, ал ілім дінсіз ақыл көместе, ғайыпта болып және уахи арқылы бейнеленіп дінімізді тазартушы болмақ. Ал ілім аян, уахимен келіп білімге айналғанда дін болады деген дұрыс болар. Бұған да масһабшылар қарсылық білдіріпті. Сондықтан Қабыл болу деген тәубеге келіп мұсылман болу, қателігін мойындаушы бабамыз Қабылға ұқсаушы сол бабамыздың кісілігінен ғана (кешірілген күнә мен рухтың тұтастығы) жаралғандықтан бір кісіге табынушы бол деген емес пе?
«…Құрбан шалу – дін емес, құлшылықтың түрі ғана. Құрбан шалу тек Қазақта ғана емес, барлық халықтарда да болған…» Мұнан артық тажалдық, зұлымдық, құранға қарсылықты кім ойлап тауып, оны заңмен қорғатып өз халқының дәстүріне жала жаптыра алады? Әрине тапқыштығы, бейімделгіштігі, мақтаны да ешқандай ұлтқа ұқсамайтын қазақтың ұрпақтары ғана мұндайды атқара алады. Міне біздің ел билігіміздің «діннен бөлекпіз» деген саясатының жемісі! Құрбан шалу садақа арқылы тазарып, күнәдан ақталудың түрі болып, дін болмаса неге Абыл, Қабыл бабаларымыздан бастап және мұны Ыбырайым пайғамбарымызға арнаулы бекітіп, онан бергі қаншама халықтың тарихын, дін шежіресін жоққа шығаруды қалай түсінеміз? Сонда Құрандағы өліктен хабар алуға бұйырылған Мұса пайғамбарымызға сиырды сойып, оның мүшесімен өлген пендені қағудың астарын қалай түсіндермек? Егер бұл аяттың күші жоқ, енді Тәуратпен бірге жоғалды дегеннің өзі құранға ортақ қосып, күмәнсіз серік қосудың өзі болмақ. Неге десеңіз; «Құраның артынан да алдынан да ешқандай бос сөз келмейді» деп қатаң түрде ескерткен. Егер құрбан шалу тек исламдық тұрғыда ғана, онда да құрбан айында шектелулі шариғат парыздармен орта топтық деңгейде ғана дін болып табылатын болса, әлемнің қалған діндеріне, дәстүрлеріне, ғұрыптарына да ашық қарсылық болып рухани «терроризмнің» ошағы қазақ ел басқару дін саясатында тұрғанын да білген жөн. Масһабшы дін қандастарымыз өздерін ашық пікірмен, пәтуаларымен Исламның барлық діндердің амалдарын да басын қосушы болатынына кедергі болып, қарсы соғысатындарын да қазақ ұлтының билік өкілдерінің атынан ашық жариялап отыр деп түсінген жөн.
«Аруаққа арнап Құрбан шалсаң, Аруаққа құлшылық арнайсың», «білместіктен Аруақ кейпіндегі – Шайтанға арнап Құрбан шалсаң, Шайтанның құлы боласың» дегендей…» Қазақтың дәстүрінде де ар намыстық қағидасында да ата-бабасының періштелерден де жоғары тұрған рухани рұқтық, денелік біртұтас Адамдық сипатын қорлатпай осындай пікірмен, пәтуамен түркі, қыпшақ ұлтын өзара қырқысуға апарған кезде «Қан жамбыны» ортаға тастап, Керейхан бабамызды хан сайлап, Жәнібек бабамызды сұлтан сайлап, түркілік ұлттың ішінде өзара соғыс қызыл қырғын басталып; «Әрбір түркі баласының өзінің аруағын терістегені үшін, туған ағаң болса да қарнын жарып өлтіріңдер!» деген бұйрығымен ел билеуші аталып, арап жұртының осындай азғындағын дініне сатылған 19 ханды Хана тауынан тірілей лақтыртып және мұндай сатқындарды қызыл теңіз түбегіне дейін қуып барып, оларға арап елінің шейхтары, хафиздары, дін ғұламалары араға түсіп, бітімге келіп қылышын қызыл теңізге тастатқан екен. Сонан «Керейханның қылышын қызыл теңізге тастағаны» деген аңыз қалған біздің шежіремізде. Рұқ тұрғысындағы Аруақ түгіл рух таза ақылдың 8 сипатына қарай рұққа онан нәсілдік ұрыққа айналып, ақыл арқылы иман қуатына айналумен жанға қосылуды ал жанның негізі 99 көркем есімге қарсы 99 қара қуаттарды 99 сипаттағы ар білімімен меңгеріп, үш ақылдық қуат арқылы бірленген қасиеттен болатынын бағзы замандағы әрбір қой баққан қазақтың білімсіз қара шалдары меңгергенді Абай атамыз: « Әй, не болсын!… Жүз қараға (99+1) екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма??» (24-сөз) деген өсиетін де сандық ғылыммен тәпсірлеп түсіндіріп «Иман және махббат» деген тақырыппен жатқанымызбен, бұқара халық болмаса жүрегі бітеулерге түсінікті болуы да мүмкін емес.
Тек қазіргі таңда зиялы қауым ішінен де білімді азаматтардың дін тұрғысында ойлана бастағаны және құраннан білімдері болмағанмен, иманнан хабар келіп жатқаны жақында Алматы теле арнасына «Тура жол» деген сұқбаттан көрініс тапқаны сөзсіз. Үңгіртас атты жерде бақсылық, емшілік тазартумен айналысып жүрген Би–Бәтима анамыздың бұл әрекетіне талқылау болып, оған масһабшылар тарапынан Оралхан атты имамның берген сұрақтары мен пәтуасының өзі халықтың күлкісіне, талайлардың ашуына да тигені сөзсіз. Әлемнің барлық тұрғындары қаруланып қарсы шықса да Алланы әлсірете алмайсыңдар деген аятты терістеп, жаратушы атын ұлықтап, құран оқығаннан кейін тасты ұстағаннан құдайды әлсіретесіңдер, ал құрбандық қанымен жаны өлген азапқа түскен пендені жуындырып, ежелгі ата баба дәстүріндегі емшілік істермен өлген жанын тірілтуді бұл шариғатта жоқ деп көкігеннен-ақ масһабшылардың да «қараң» деген дертке шалдыққанын білуге болады. Адамзатты емдеуге, сауықтыруға ақылын жетілдіруге, жолын ашып жақсы тұрмыс құруға қарсы болатын дін емес. Қандайда болсын азаптан құтқаруға бір пендені де болса тірі сақтап, тәубесіне келтіруге арналған амал әрекеттерді шариғатта жоқ деп қарсылық білдіруден артық құранға да жалпы әлемге ортақ дін философиясына да қарсылық, азғындық болмайтыны да хақ. Дін адамзатқа берілген рухани тұтыну бұйымы, жаратылысты тануға, әрбір пендеге ілімге, тылсым кітабына жалғануға арналған насихаттар жүйесі. Ал Оралхан діншінің аянды жоруға тек пайғамбар ғана керек болмаса халық адасады деген тажалдық сөзін қалай түсінуге болады? Осы сөзімен-ақ әлемнің бар дініне де құранның жүздеген ашық аятына ортақ қосқанын кімге айтып түсіндіре аламыз? Би –Бәтима анамыздың; «Менің сауатым жоқ, маған құдай өзі не білдіреді мен соны ғана орындаймын, дінді түзеу үшін мындай білімділерді түзеңдер, халық өзі-ақ түзеледі» деген сөзінің өзі ары, ұлттық намысы бар пендеге жеткілікті-ақ болар да еді.
Құранды оқу арқылы салыстыра отыра барлық әлем діндерін, кітаптарын зерттеп, қазақ дәстүрінің осы діндердің барлық ізгі амалын құлшылығын қалыптастырғанын дәлелдеу үшін де жоғарғы дәрежедегі ел билеуші мен философ ғалымдарының білмеуінен, осындай орта топтың үстемдігі «экстремизмнің» салдарынан «Назарбаев билігі тұсындағы рухани қызыл қырғын аталды» деп, бұларды сынап, алдағы азаптарынан, болашақ ұрпақтарымыздың алдында мазаққа айналуынан құтқаруға тырысқаныммен керісінше жағдай орнап, күн санап ушығып келеді. Бұл көп ұзамай бұқара халықтың жаппай наразылығымен аруақтанып бас көтеруіне соқтыратын жағдайды болжауға да «қараң» деген дертке ұшырағандарға жеткізу, түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан оларды дінқандастарымызды Құдайдың өзі аясын демекпіз! Даулассақ та жауласпайық ағайын! деп халықты сабырлыққа ғана шақырғаннан басқа амал жоқ. Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран телогиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/