Қиямет мезгілінің тажалдары,
Отыз түрлі білім болар айлалары.
Отыз кітап тәңірлік қуат кітаптарды,
Пұт қылып елді азғырып қорқытады.
Пұт- бейнесі қорқытатын адамдарды,
Сақтанбасаң құртады деп залалдары.
Білімін түрлі жағдайдың қарсы қойып
Құдайдан, өлімнен көңілді бұрғызады.
Қорқытқан кер таңбасын қауіп қылып,
Орыспен бірге жүрсең кеттің құрып.
Латының таңбасымен аман қалмақ,
Пұт қылды тажал дәлелсіз оймен жорып.
Орыстың тілі де пұт, ұлты да пұт,
Қазаққа келер деген осы елден жұт.
Тағдырын өткен тарих қайталайтын,
Пұт болды қорқынышты «тәңірлік» ұлт.
Тажалдар «Ов, Ова» дейді текке зиян,
Тегің қазақ, құдайсыз-ақ болмақ аян.
Атаңның есімдерін ат қып алып,
Пұт қылдың және атыңды кәне пайдаң?
Діннен бөлек ел биліктің пұттары көп,
Табынатын, шоқынуға заңдары боп.
Екі жүзді халыққа ақыл айтып,
Өздерін пұт қылады елді құтқармақ боп.
Пұтың бар- дүние байлық, ақша деген,
Қорқытып тажалдар жүр білім білген.
Сатты, бітті таусылып аш қаласың,
Атқа мін қазақ болсаң дүние сүйген.
Арсыз тілің, бұл да пұт үркітетін,
Сөзің қазақ, ойы жоқ армен үндесетін.
Қазақ тілі сөйленсе көппен аман қалып,
Текті аталмақ тажалдар есі бүтін.
Ар, ұятсыз, дәстүрсіз бәрі жалған,
Құдайсыз іс болмайды орын алған.
Діні жоқ тіл, таңба сөз бен тегің,
Тажалдардың айласы елді азғырған.
Дін ішінен дін шықты масһаб деген,
Бар ілімді құдайдан артық білген.
Тура жолға Алла өзі қалап түсіретін,
Ендігі Ханафилік шексіз ілім келген.
Төрт мың пұтың дінің бар тізімделген,
Ел билік дінге тәңір шегін берген.
Абақтыға айналып елің бүгін,
Заң деген пұтың болды үкім берген.
Тажалдарда ойлар көп қиял қылған,
Алланың аяттарына ортақ болған.
Жол-жобасыз құдайдан дәлел көрмей,
Пұт көбейді қорқытуға ойдан шыққан.
Бәрі есті көш бастамақ айламенен,
Ісі жоқ өлім, ғылым және құдайменен.
Қызыл өңеш құр айқай үлгісі жоқ,
Зиялылар досы болып тажалменен.
Шоқынды түрлі пұтқа зиялылар,
Болашақты болжағыш көп қиялылар.
Қияметте надан ғалым ел билейтін,
Атаң Абай зарлаған заман осы болар.
(қараша 2014 жыл)