Табынсаң тағзым, тауаппенен  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 1

Құлшылығың адамзатқа шүкірлікті,

Бағала деп өзіңе сый тіршілікті.

Ата-анаңның қадірін білуменен,

Меңгересің махаббатпен естілікті.

Табыну, ұқсап бағып жақсылыққа,

Жақсы адам көрсең ал үлгі нұсқа.

Алланың досы аталған әулие-әмбиге

Тағзым қыл, Раббыңнан көркем атқа.

Киелі орындарды ойпат деген,

Құранда Сәфуа, Маруа үлгі берген.

Тәуап қыл да тілейтін жаратқаннан,

Құран оқып аруақтарға шүкірлікпен.

Мұсаға Раббымыз көркем үлгі берген,

Өліктен хабар алу дәстүр енген.

Құрбандықтың етімен қағуменен,

Өліктің жанынан тірі хабар келген.

Талай заман дәуірлер өтті-кетті,

Аяттары Раббымыздың кітап келді.

Пайғамбарларға түсірген кітаптарды,

Құран деп бірлеуге Исламға үкім жетті.

Құран оқып, құрбан шал өлілерге,

Ниетің құран, амалың қан тірілтуге.

Хабарын өлілердің түспен көріп,

Жоба алу тағдыр біліп дәстүрімде.

Құранды теріске алған дінші, имам,

Құраннан кейінгі амалды биік қойған.

Аллаға мадақ айтып, сыйынғанмен,

Табыну, тауап, тағзым аталды серік қосқан.

Бисимилла рахман, рахим сөздің басы,

Ниетің құдайыңа және ұлықсаты.

Раббыңның бұл атын айтып қылған ісің,

Қалайша серік, шерік қоспақ ойлаңдаршы?

Мақтау лайық Аллаға оқып құран,

Сәлем лайық, досына әулие болған.

Астарсыз ашық аят ақылмен түсінгенге,

Надан дінші масһабшы мазақ қылған.

Әдет-ғұрып, сат-дәстүрден түркілерден,

Һұд сүресі жүз тоғызыншы аятпенен.

Олардың табынғанына күдіктенбе,

Құдайдан сыбаға-сый берер деген.

Табынып өлілерге тауабың зікірменен,

Хаж ғамалың зияратыңды өтеуменен.

Алла тағаланың есімдері жалғанатын,

Үкіммен аяты бұл ақирет несібеден!

(қазан 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.