Мұсылманның мағынасы Адам деген,
Атамыз Адам алғашқы тәубе білген.
Сөз үйреніп Раббымыздан аянменен,
Ата-анамыз тәубеменен жаннат кірген.
Аянды құранда; аят, белгі деген,
Аятын Алла жанмен түспен көрген.
Жаннан жүрек құлағынан үні жетіп,
Өсиетін Раббыңның түсіндірген.
Кімде болса иманы зейнеттелген,
Қаны таза, жүрек көзі ашық деген.
Аятын аян қылып түсінде алып,
Мұсылман аталады тәубе білген.
Естушілік қасиетің қанмен келген,
Анаңның ақ сүтімен еміздірген.
Ұлдың жақсы болуы нағашыдан
Әке тегін нәзіктер сақтай білген.
Мұсылмандық ар, ұятпен өлшенеді,
Иманның бұл жартысы ділден тегі.
Қазақта мұсылманнан кәпірлер көп,
Қатын, қызың арсыз болды ділі өлі.
Нәзік жанды аян, дәлел көре алмаса,
Иманы жоқ жаны әлсіз қараңғыда.
Нәсілі ата-бабаң өсіп –өнбес,
Етексіз, жаулықсыз тері уланса.
Шеріктерді құйрық майға жинап алған,
Аяқ, балтыр, етекпен қорғалмаған.
Табаны жер анамен жалғана аламай,
Ақ босаға сан еттері ағармаған.
Балтыр мен кеуде сүті азып жатыр,
Қыздардан тегі әке қашып жатыр.
Білімді меңгергенмен оқу оқып,
Тоқусыз тәрбиеден жансыз өлі ақыл.
Білімің тегіңнен ағаш жаннатта өскен,
Жын еді от жалыны жыныс деген.
«Кет» деген Раббымыздан қарғыс алып,
Жынысыңан ит болып еріп жүрген.
Иттігіңді құйрықтан ізде деген,
Итке жақпас сары май ішке енген.
Ой бағумен, құйрығын некемен,
Азығы еді нәпсінің өртеп жеген.
Ар, ұятсыз еркектер итке айналған,
Қатын мысық ит тектес ұқсас оған.
Ит пен мысық болған жұбайлар көп,
Бірі тырнап, бірі үріп қызғанғаннан.
Иттігі көп діншілер мазақ қылған,
Тәпсірмен білім алып имам болған.
Ата-баба дәстүр дінін түсіне алмай,
Ит мінезден жүрек көзі жабық тұрған.
Ел билігі дінсіз нағыз төбет болған,
Тілдері салақтап дүние малын қуған.
Майлы сүйек кеміре алмай ұлтшылдар да,
Ит болып елді үркітіп тажал болған.
Зиялы қауым да бар итке айналған,
Ар, ұят дәстүр салтын сақтамаған.
Сасық ми, жынды бастар заң шығарып,
Тозаққа Перғауындай жол бастаған.
«КӘ»-пірлер де ғалым дінші аталған,
Құдай санап өздерін білім сатқан.
Исламның бірлігін теріске алып,
Ендігі абыз бала-шаға үріп жатқан.
(қазан 2014 жыл)