Құрғақ сөз, ойсыз ұғым сөз саптаған

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 49

Мүміндік дәстүрін сақтаушы еді,

Мұсылман деп мұндайды атаушы еді.

Ақылды, пайымды, сабырмен ізеттіні

Иманды жанды құдай өзі жақтаушы еді.

Ақылдылық ендігі елде білім болған,

Біліммен ессіз салтты әдеп қылған.

Ана тілін заңменен өркендетпек,

Санасыздық тіліңде кімнен қалған?

Ұғымсыз сөзін қазақ тілі қылдың,

Пәтуасыз, ойсыз надан ғалым болдың.

Ана тілін арсыздарды сөйлеткенмен,

Жаның өлі, өнбейді ділдік тегің.

Абай мен Шәкірімді кім ұғынған?

Ал ғалымсың, санаң жоқ ойын алған.

Даналықтан үлгісін көрсетпеген,

Жансыз тілде сөйлеп жүр талай надан.

Иман мен сенімді дінші ажыратпаған,

Тән мен жаннан ұжданың өсе алмаған.

Зиялы мен ел билеуші санаң өлі,

Ана тілдің қадірін жоқ сақтаған.

Әулиелік үлкендерде бар ма бүгін,

Сөз қуатын көрсеткен ойы бүтін.

Жалаңбаста санасы қайдан болмақ?

Екі естілер зиялы мен ел басқарған.

(қараша 2014 жыл)

***   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *