XVIII- Ел биліктің дін саясаты және экстремистік пиғылдар                         Қазаққа қасірет қайдан келген?

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 99

      Қазіргі әлемдегі болып жатқан негізгі қауіптің ошақтары неге ислам әлемінен пайда болып отыр деген сауалға жауапты іздеп көрдіңіз бе? Егер мұның астарына терең үңілсек, мұның бәрі құранда ашық аяттармен сол түскен заманда-ақ осындай бүліктердің құранды теріске алудан пайда болатыны және мұны пайғамбарымыз да; қияметтік сын сағатында 30 түрлі тажалдар пайда болады, деген екен. Жалпы тажал ұғымын қазір дінсіз, намаз оқымайтын білімсіз, надан деп түсіндіреді. Сонымен бірге иман деген киенің барын барлық адамзат мойындауы да хақ. Бірақ сол иманды меңгеруді біздер исламдық бес парызбен шариғаттан ғана пайда болады және намаз оқымағанда иманы болмайды дегенді мойындағандар; діншіл, оразашыл болып, ал мойындамағандар; исламды да, дінді де осындай пәтуалары кемсітулері үшін жек көретіні де, мұндай діннен аулақ жүруді қалауы да сөзсіз.  Ал шынында имандылық пен сенімділік және мұнан да жоғары тұратын естілікті меңгеруді ол үшін де ақылмен пайдалану қабілеті- саналық қуаттың болуына; ана тілін, ұлттық сөз қуатын меңгеріп және ой мен тілдің арасын бұзбай қатесіз сөйлеу мен ұлттық дәстүрді ұстанған адам баласы ғана толық мұсылман, мүмін және иманды аталатынын да білген жөн. Сондықтан мұндай ұғымдарды бөлшектеп жоғалтуға тырысатын тажалдық білімді қалыптастыратындар да ұлттың өз ішінен пайда болатын, түрлі қауымның арасынан шығатын ел билеушілер мен түрлі салада ғалым болғандар мен дін ғалымдарының тарапынан адамзаттың руханиятына, ақыл-ойдың өркениетіне қарсылықтың, яғни теріс білімнің пайда болатынына қаратылып айтылғанын білген де жөн. Қазақтың даналығында; «Елді  дүмше арамза молда мен залым ғалым бүлдіреді» деп бұл жағдайға қысқа ғана баға беріп сипаттап кеткен. Сонымен дүмшелік, арамзалық, залымдықтың негізінен имансыздақтан пайда болатынын білсек, жалпы иман деген ұғымның; дінсіз, қарсылықсыз адамзаттың тағдырына құдайдың еркі болып жазылған нұрлық, жарықтық, жақсылықтан белгі болып, мұнсыз ешқандай адамның өмірге келмейтінін де білген жөн. Бұл тағдырға жазылған; Иман-жақсылықты тәрбиенің, тіл сөздің тазалығына, шамасына қарай меңгерумен; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті , 5.Сабырлы болуды қалыптастырады. Сондықтан бұндай адамгершілік қасиетті меңгерудің де өз ұлтына сай дәстүрі, ғұрпы, өмір сүру ерекешелігі мен әдет-ғұрыптық қағидаларымен өзі өмір сүрген ортасынан жер ана рұқымен (рух емес), жаратылыспен біртұтастықта болуымен пайда болатын адам жанының ішкі дүниесінің жарығын, қуаттылығын білдіреді.

Қандай жағдайда болсын адам баласы мұсылман болып жаратылады да тағдырмен бірге жақсылық жасау махаббатын, яғни имандылық, 3-түрлі «МАН»-дық белгісін де (екі қол, төбе таңбасы) сыйға алады. Сондықтан Абай атамыз; «Махаббатпен жаратқан адамзатты..» деп иманды яғни тағдырдағы сүйіспеншілік, жақсылықты ескерткен. Біздің хайуаннан айырмашылығымыз да осындай махаббатың бөлшегінің жаратылысымызда кісілік тегімізде болып, аманат жанымызбен бірге берілуінде болмақ. Бұл жерде имандылықтың адамгершіліктің негізінің белгілі бір дін ұстанымдарға, құлшылық әрекеттеріне, дін сеніміне, алған біліміне ешқандайда да қатысы болуы да мүмкін емес. Имандылықты ұлтына сай әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен сақтап өсіреді жетілдіреді де.   Олай болса иманды болу мен белгілі бір дін ұстанымға байланысты сенімді болудың екеуі екі түрлі ұғым болмақ.  Сондықтан дінде  иманды болуды діннің құлшылығымен ғана қалыптастырады деп және дінге байланысты сенімді бекітуді иман келтіру, жетілдіру деп атап, атаулық сөздің қарапайым ұғымын өзгерту арқылы дінді, құранды, кітаптарды теріске алып, бүкіл әлемді де рухани ақыл-ойдың дамуын тежейтін дағдарысқа, бүлікшілікке апаруға болатын адамзат қауымы әлі анықтай алмай келеді. Біз жаратылыстан тағдырмызға алған иманымызды, жақсылығымызды ғана белгілі бір дін сеніміне арнап; «Иман келтірдік», имандылығымызды, адамгершілік қабілетімізді осы дінге сенген бағытымызға, жолымызға арнадық деп уәде берміз.

Қазақ халқының да талай жылдар орыс халқымен бірге рухани тұтастыққта өмір сүруден тіліміз де, сөзіміздің құндылығы да әлсірегені де сөзсіз. Ал жеке дербес ел болып егемендік алысымен түрлі діндердің бағыттарының шабуылына ұшырап, біздің бұған қарсы тұратын насихаттарын електен өткізетін зиялы атты қауымның да біліксіздігі, қазаққа тән еліктегіштігі де кесірін тигізбей қоймады және жалпы ұлтымыз бұрын  дінсіз, имансыз болдық деген қате пікірмен тағдырымызда жаратушыдан жанымызға сыйға  берілетін  бар иманымыздың маңызын, салт-дәстүріміздің қадірін ұмытуға да, сөз байлығымызды зерттеп меңгеруге де құлықсыздықты қалыптастыруға негізінен дінші қауымының, ғалымдарының жалған пәтулары себепші болғаны да хақ. Дінді қиындатуға болмайды, яғни ұлттық наным-сенімді, ана тілінің қадірін, қасиетін арттыру арқылы насихатталу керек болса, қазақ дін ғалымдары керісінше бұрын болған ұғымдарды  немесе замандық сөз байлығына, үндік жетілуге байланысты аударуға болатын сөз атауларын керісінше қайтадан санамен қабылданбайтын, жалпыға түсініксіз атау сөзге айналдырумен арап тілінен аударылған қалыптасқан ұлттық саналық ұғымдарды да жоғалтуды әдетке айналдырып алғанымыз да сөзсіз. Арап тілінде құранды басынан аяғына дейін жаттатып намаз оқымаса; дінсіз атап, қажылықты парыз қылып, қадірін, қасиеттілігін меңгеруді ақылсыз жас баланың әрекетіне дейін түсіріп те үлгірді. Ал құранды тек білімді адам баласына өте қиын болатын, арап тілінен тікелей оқыса ғана ғұлама ғалым болады деп сонымен діннің не екенін, иманың қандай сый екенін шынында ұмытып қалған елге айналдық.  Мұндай жағдайда барлық сенімнің негізі имандылық деп аталып, ал иман мен сенімнен пайда болатын наным арқылы саналықты меңгеруді, тылсымнан уахимен кітап алуды, ғылымды болуды мүлде дін құлшылығынан да философиялық мектептің білімінен де шығарып тастаған елге айналдық.  Енді мұндай жағдайда барлық намаз орындау, тағдырмен берілген имандылықты сақтау, жетілдіру әрекеттердің бәрі  діннің  тәпсірлік білімімен ғана орындалатын сенімділікті меңгерудің біліміне ғана жүйеленіп, имандылықты мешіттен, діншілерден ғана сұрап іздейтін жағдайға жеттік. Сәжде деген жанның еркін, мәңгілік жанды қалыптастыруға, ақылды жетілдіруге арналған болса, енді бұл еріксіздік және ақылды қажет етпейтін құлшылық түріне айналғасын ақылды аталғандар  мұндай исламның сәждесінен  бас тартумен, ел билеушілерінің; «Ел биілігі діннен бөлек» деген шет елдік салтты алудың да өз себебі бар еді.

Жалпы имандылық қағидасы, адамгершілік негіздері; ақылды болу, ізгілікті болу, ізетті, әдепті болу деген сияқты құдайлық парыз, қарыздар барлық адамзатқа ортақ болып, әрбір халықтар мен дін топтары имандылықты онан әрі қарай жетілдіру үшін де,  саналықты меңгеру арқылы даналыққа, данышпандыққа жетілдіруге, әрбір ұлттар, үмметер, дін топтары бірімен- бірі ақылмен жақсылыққа жарысу арқылы, иман қуатының нәтижесі, өнімі тектілік ағашын жетілдіруде, даналық арқылы ғылымды меңгеруде кімнің дұрыс жолда екенін дәлелдеу керек еді. Бірақ арап жұртынан пайда болған надандықпен уланған, жаратушысын  тәпсір білімімен намаз оқу арқылы тануға негізделген  шариғат ісі болған сенімділікті дінде тура жол дәстүрі деп алдық. Ал тура жолға  Алланың өзі түрлі себеп хикметі арқылы құдай ісі мен достары арқылы жүретін хикметті мұғжизасымен әрбір адам баласына, тағдырына байланысты аянмен жобасын алып, намазын орындау арқылы  меңгеретін;  имандылық, ізгілікті мүлде құлшылықтан шығарып тастадық. Яғни; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген алты ақылды бір ақылға, саналық қуатқа, естілікке айналдыруды  бұрын кем дегенде  50 жастағы адам баласына сай меңгеру керек болса, енді кез келген намаз оқыған 40-қа келіп 4 ақылы түгелденбеген жас баланың да даналық түгіл танымдылық ақыл тұрғысында есті, имандылықтан жетілген саналы аталуына жол берілді. Сонымен кәмелетке толмаған жас баланың намаз оқып, шариғаттың амалдарын меңгерсе болғаны енді өмірдің ыстық- суығынан, құдайдың тағдырға жазған сынақтарынан, ұлтымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрмен орындалатын амалдарды шамасы келгенше иманы арқылы орындап, елге қызмет қылып, бала өсіріп, тәрбиесін беріп, дін құлшылығын, намазын орындап тағдырлық  иманын өсірмесе де еңбегіне қарай зейнетін алған кәріден, енді түк бітірмеген құранды жаттап алып, намазды мешіттен шықпай көбірек оқитын сенімін ғана бекітіп, тазартып, бірақ ақылы толмаған, маңдайынан тер ағып халыққа қызмет қылмаған, тіптен әлі отау құрып, жар сүйіп жыныстық міндетін де, аманатын атқармағандар тағдырлық иманының міндетін, жобасын алып орындай білмегендер  жоғарғы лауазымды дін ғалымы, имам болып халыққа жөн сілтеуге лайық болды. «Бастық қойсаң тырнадан қиқу кетпес басыңнан» дегендей халыққа ақыл беру орындарында кітаптан алған біліміне мас болған, ұлттық дәстүрінен бас тартқан, иманын жоғалтып алған шала мұсылмандар отырса, онда мұндай «экстремизмді» қолдап  дәріптеп отырғандар кім аталмақ?

Олардың арасында үлкен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, оларды қолдаушы әлемдік тұрғыдағы философ ғалым, психолог, шейх, хазіреттер бар емес пе, олар не бітіреді деп сұраңыз енді. Бұл жерде тағдырлық иман дәнін өсіріп жетілдіруге белгілі бір сенімнің дін білімінің иманның күзетшісінің керегі сөзсіз. Сол біздің сеніміміз бойынша орындаған қосымша амалдарымыз арқылы да иман қуатын жетілдіріп, боймен, ар сауытымен қорғап бұзылудан, жоғалудан сақтап тек ағашына айналдыру да керек.  Сонымен иман біздің іштегі жарығымыз болса, сенім сырттағы бойлық күзетші қорғаны болары да хақ. Жалпы дін құлшылығы сырттан екі аралықтан, жерден, көктен табиғаттағы барлық жаратылыс егелерінен адамзаттың рухани, малдық, жандық өркендеуіне түрлі өрістік, иістік, қарсылық қуаттарды шамасына қарай өлшемді жүктеліп, меңгеруді қалыптастыру керек. Және бұл бір тұтас әлемдік тәңірлік сипатпен, бірліктермен адамзатың тәнінде, денесінде толық белгілері болып байланыста тұрумен де өзінің нәтижесін береді. Бір Алла дегеніміздің жалпы әлемдік өзара тығыз байланыста болатын, Алланың Өзі сипаты болатын бейнеленген барлық таза, пайдалы қуаттардың періштелік, кісіліктердің адамзаттың болмысына сай өлшемді жиынтығын айтады. Бірақ мұндай Алланың сипаттарының ғылымын тарқату кейінгі замандарда келген әулиелерге тиісті болып, мұның тарихат, мағрипат деген шариғаттан да жоғары тұрған және мұны философиялық мектептер арқылы халықтың дәстүріне, тұрмыстық  мәдениетіне, руханиятына  қарапайым тұрғыда қойшыдан патшаға дейін ортақ амал болатын құлшылық істеріне айналдыратын заман келетінін де болжаған және ашық аяттармен түсіндіргеніне қарамастан қазақ деген халықтың бұл сынақтан өте білген Ясауидей ғұламасы болғанын дін шежіресінің өркениетін ұмытқаннан ислам әлемі түгіл бүкіл жер әлемінің адасуына себеп болған десек қате емес.

Әлемге қазақ халқының мұндай дәстүрлі дінінің қандай қатысы бар деген сауал туындайтыны да сөзсіз. Мәселе де мұндай әлемдік сынақтық, жаңа өркениеттің үнемі қазақ халқынан басталып  және  оған қарсы зұлымдықтар мен тажалдық білім де қазақ ұлтынан басталатынын, бұл әлемдік жағдайға да қалыптасқан әдет екенін біздер тарихтан, шежіреден аянмен салыстырып үлгі алып болжауды да ұмытып қалдық. Мұндай жағдайда әрине арамыздан иманды меңгерудің тазалығын көрсете білетін де, оны қарсылықтармен аздыратын да қауымның шығуы да сөзсіз. Имандылықпен, ақылдылықпен, саналық қуатқа тән көргендікпен елдің шаруасын қалыптастыруға, Астана деген бас қаланы салуға да Нұрсұлтан мырзаға осындай тағдырмен берген иман қуаты және саналықтың қасиеті болып, оны ол кісі иманның білдіргенін, көрсеткенін орындап қазақ халқын бұл тұрғыда әлемге паш еткені де сөзсіз. Бұл тұрғыда ізгілік, игілікке ақылын жұмсауда яғни имандылық тұрғысында ел басшымыз қандайда бір ғұлама дін ғалымы, хазірет, шейхтардан да иманы, саналығы артық екені де хақ. Бірақ барлық нәрсенің жұп болып жаратылып, білім мен шаруашылықтың дамуын меңгерумен бірге, елдің рухани өркениетін де қалыптастыратын  имандылық, саналық қуатының жалпы халық арасынан шыққан қарапайым адамдарға берілгенін және ұлттық дәстүрімізден құдайдың ісін, көрсеткен белгілерін, хикметтерін мойындаудан бас тарттық.  Осындай надандықтың  нәтижесінде ел басшымыздың  сенім артып ғалым деп мойындаған және ел басқарушылық, уәзірлік қызметке тағайындалған иманды, саналы аталған пенделердің керісінше саналық түгіл тағдырлық иманын да меңгере алмай құр біліммен, ой жорумен ақырында тажалдық білімді насихаттаушыға айналып алғаны да хақ. Сондықтан ойдан шыққан пәтуаларға, масһабтық білімге сүйеніп  өз ұлтына, дәстүріне қарсы шешімдерге қол қойып жинаған имандық қуатын жоғалтуға мәжбүр еткені де хақ. Иман таусылуға, жоғалуға тән болғандықтан, сана қуаты жинаған өсірген иман ағашына, тегіне байланысты жемісі болып, иманға қарсылықпен саналық та жоғалып отыруы да сөзсіз. Және мұны қайта жинауға да ұзақ уақыт ілімде ізденуді, қайта сауап, ізігілік жасауды, еңбекті де қажет етеді.  Бұндай ұлттық текке, имандық қуатты жоғалтуға, сананы аздыруға, дәстүрлік екі күнімізді ел билігінің заң жүзінде тартып алуға байланысты қазақ халқының басына да қасірет болып келіп, қияметтің сын сағатының соғылуына да себеп болды. Енді әрбір есті адам баласына түсінікті болу үшін; Имандылық дегеніміз; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті , 5.Сабырлы болуды қалыптастыратын болса, онда осындай шариғатпен масһабпен, түрлі сопылық жолдармен жетілдірген қазақ ұлтының қандайда бір білімді азаматы, азаматшасы өз ұлтының мыңдаған жылдан бері қалыптасқан, түрлі хикметтермен бекіген ата-бабамыздан мирас болған ұлттық рухани құндылығымыз ар білімі аруақтарынан жансыз шерік атап, неге шошып бас тартып және иманды аталған жастарымыз қолына қару алып, өзге елдің мүддесін қорғауға құштар болып зұлымдыққа түсіп кетті? Ал иманды кітап жүзіндегі біліммен жетілдіруге болатын  болса, онда жоғары  білімді, ақылды аталған кейбір үлкендеріміз де өзге діннің жетегінде неге кетіп,  өзін тану арқылы жаратушысын тануға құштарлық танытып жатыр?  Олай болса, бүгінгі таңдағы исламдық дін ұстанымында, масһаб білімінде де, иманды жетілдірудің ең маңызды қуаты;  2.Пайымдаулық (ойлана білу) сапасы, саналығын жоғалтып алған десек жалған емес.

Сенім қуатын шариғат ісімен меңгеріп, тазартып, иманды суарып өсіретін саналық қуатын меңгеруді; тарихтан, шежіремен жалғану арқылы және дінде де тарихат арқылы жинайтынын және сенім мен иманды бірлеп ұлттық нанымды қалыптастыру арқылы ғана шексіздікке жолдарға жалғанатын қуаттылық тұрғыда шектеусіз сананың жоғарғы сапаларын меңгере алатын діннің құлшылығына қарсы шығып, шариғатты шексіз-жол қылып, тарихтың үлгі, ғибраттарын  исламның бастауынан алып, уахиды терістеп, өлілерді, қабірдегілерді тастап қойған кәпір елге айналып алдық. Сеніміміз, шариғатымыз бен түрлі дүние тіршілігіне байланысты тірі адамдарға қызмет қылу арқылы жинаған сауаптар арқылы біздер рұқтан жүктеліп, оны намаздарымызбан тазартып отырып, бойымызға зейнетімізді киімімізді алып сенім қуатын жетілдірсек, ал ақиретке сауаппен дүние жіберу арқылы яғни Алла жолында мал жұмсау арқылы иманымызға нұр  алып, жүрегімізді қуаттандырамыз, иманымызды өсіреміз яғни жанымызды сана қуатымен де кеңітіп, көбейте алады екенбіз. Мұндай қасиеттілікті; «Жас кезіңде тасқа жазасың, орта жаста құмға жазасың, үлкейгенде суға жазасың» деп рұқтың сүйекті қалыптастырумен, білімді меңгеру арқылы, ет малды тазартумен, ілімділікпен, тақуалықты меңгеру арқылы жанды өсірумен үлкендік жасқа тәндігін ескертіп кетіпті аталарымыз. Ақыл толмай ет малды өсіріп қырықтан аспай тақуа болу да мүмкін емес. Сондықтанда үлкендерге, ақсақалдарға, ғалымдарға, даналарға лайық сана қуатынан нәр алатын көңіл айнасының ұлттың жанының тазартушысы бағыт беруші сипатын жоғалтумен тажалдық білімнің үстемдігі орнап, түрлі ағымдармен  жастар түгіл үлкен зиялы қауымның ессіздікке бой ұруларына, жалпы исламдық экстремизмді, тажалдық білімді қазақ елі де сол қалпымен меңгеруге себеп болғаны да сөзсіз.

Бірақ әрбір ұлттың иман мен саналыққа жол ашатын дәстүрімен бекіген екі түрлі жолы барын мұны құранда; «Расында адамзатты әбігер (санасыз қылып) жараттық. (4) Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма? (Сырттан енетін рұқтан, тәңірлік қуаттар)(5)  «Толып жатқан мал ысырап еттім»дейді. (сауаппенен иман келтірдім дейді) (6) Оны біреу көрмеді деп ойлай ма? (7) Оған екі көз жаратпадық па?(8) Әрі бір тіл екі екін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда ол кедергіні асуға тырыспады. (11) Ол; құл азат ету, (13)..Немесе шаң топырақтағы сорлыны..»  (90-16) Біздер санасыз, әбігер, жанжалшыл, жынды болып өмірге келгенмен өзіміздің ұлтымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүр тәрбиесін көріп, көзіміздің қасиеттілігін (жынды) тазартып қалыптастырсақ, екі ерін мен бір тіліміз ата сөзі, ана тілі, үнімен өзінің жан қасиеттілігін меңгеріп жүрегін де тазарта алады. Және жүрегімізге жарық қуатын алып яғни иман келтіріп, жаратушымызды тануға құлшылығымызды арнап түрлі сауаптар дүние тірлігінде мал, дүние жұмсаумен бірге екі жолды меңгеруіміз міндетті екен. Біріншісі; дүние тірлігімен байланысты; отанға, ұлтымызға, жерімізге, дін қандастарымызға мейіріммен, ізігілікпен құлшылығымыз, азаматтық боршымыз, мұсылмандық әрекетіміз болса; Екіншісі; Ақиртке арналған құлшылығымыз; «Өлі риза болмай тірі байымас» деген дәстүріміз болған; өлілерді, шаң топырақ астында жатқандарды яғни тозақтағы құлдарды, әке-шеше, жақын туыс, ағайындарымыздың аруақтарын азаптан құтқарып азат етіп, бастарын жаннатқа көтерумен байланысты деп ескертеді аятта. Бірақ бұндай аяттарды түсіну үшін де біздің өз ұлтымызға тән дәстүрімізге байланысты мұсылмандық қарыздарымызды, аманаттарымызды орындауға арамыздан шыққан Алланың достары, әулиелері, жіберген елшілері арқасында Құдайдың жобасымен айқындалған тарихи, әдеби ойшылдық, шығармашылығы ақылдың мизаны-нанымымыз рухани несібеміз болуы да шарт. Арап еліне орта топты құранның үнін өзгеріссіз сақтап тұру үшін шариғатпен байланысты шығармашылық болса, қазақ елінің үндік дамушы, үнемі өзгерістермен рухани тұрғыда ілгерлеуші ел болғандықтан біздің рухани тұрғыдағы шығармашылығымыз нанымымыздың, саналығымыздың  ерекшелігін қалыптастырып тарихат, мағрипат, ақиқатпен нәтижеленіп отырғаны да хақ. Ал шариғаттың қағидалары болса  біздің күнделікті өмір сүру салтымыз, әдетіміз және ғұрпымызға да сіңген әдеттік, салттық ұстаным әдебінің белгілері болмақ. Сонымен шариғаттың сенімдік амалдарын меңгеріп, сенімді бекітіп, имандық қуатты өсіруге және екеуінің арасын естілікпен, наныммен жалғап танымдық ақылмен өсіріп және даналықты меңгеруге арналған тарихаттық дін құлшылығы барлық діндердің ұстанымына да лайық болса, жоғарғы саналықты меңгерудің амалы болған исламдағы Мұхаммед пайғамбарымыздың  қабырғасын қалап, оның аманатын алған  Ясауи бабамыздың  төбесін жауып, жетілдірген ақиқатқа жетудің дәстүрлі құлшылығы арқылы ғана біздер саналыққа яғни сана қуатының жоғарғы сатысына шыға аламыз. Саналықтың да 3 түрлі дәрежесі болып; Төменгі сана; Аяқпен, некемен, ұрпақпен, Ортаңғы сана; ұждан, көңілмен, Жағарғы сана; Баспен, мимен, қолмен (Қолмен істегенді мойынмен көтеру) байланысты қалыптасатынын да білген жөн. Бірақ ол үшін де заманының өзгерісіне, уақыттың алмасуына қарай құранның насихатын  меңгерген ата-бабаларымыздың дәстүрлік шығармашылығының да маңызы зор екені сөзсіз. Сонымен бұл салада үлгі болуға, яғни өздерінің құлшылығы арқылы имандылығын жетілдіріп жоғарғы саналы қауым өкілдері аталған ғалымдарымыздың, философтардың қазақ сөз байлығын жетілдіруге, санасын ашуға қосып жатқан үлесіне тоқтала кетсек. Жақында баспасөз беттерінде қазақ ғалымдарының құранның Халифа Алтай атамыздың аударғанының қателіктерін түзеп, үлкен еңбек еткені мақтана дәріптелді. Яғни бұл ғалымдарымыз саналық тұрғыда қазақ руханиятының бүгінгі таңдағы шамшырағы, көңіл айнасы болу керек деп түсінсек, онда қайғы-қасіреттің, экстремизімнің де себебін қалай жеңе алатынымызды яғни ұлтымызды түрлі әбігершіліктен құтқаратын ілімнің насихатын меңгеруге мүмкіндіктің ашылуы деп түсіну де керек.

Олай болса иманды өсіріп, жүрек көзінің ашылуымен, ана сүтінен енген қасиеттің діл білімінің бақшасының өнім беруімен байланысты саналықтың жоғарғы сатысы; даналыққа жетіп ғылымды болу, кітап алу арқылы құранды тәпсірлеуге немесе аударуға да жол ашатын қасиеттіліктің белгісі-сан ғылымы болмақ. Бүкіл киелі кітаптар санмен белгіленіп, пайғамбар жазбалары мен інжіл жазбаларында сандар аяттың алдына тұруымен, ал құранда сандар сүренің басында және аяттың соңында берілген. Құдайдың сөзінің әрбір аятының алдынан да, артынан да бос ойлар, сөздер, ұғымдар келмейді, белгілі бір қуаттық өлшем және иманды өсіруге берілетін қуаттық шамалары да болмақ.Тылсымнан берілген уахиға жүгінсек; Егер сандар аяттың алдында берілсе; Онда; ми қабыршақтарына қоғалыс қуатын беріп, жүрек тамырларына әсері, ішкі ағзаларға да белгілі бір тазалығына, құлшылығының шамасына да қарай әсері де болмақ. Олай болса; інжіл, пайғамбарлар жазбалары ішкі рухани дүниені нұрландыруға және адамзатың логикалық ақыл-ой қуатын тазартып қуаттандырмақ. Ал егер сандар аяттардың соңында болса, онда; Ой түйіндеу, сабырлық,  толқу, тұжырымға кенелу, ақирет білімін сипаттау арқылы аянға жүгіну, жалғану мүмкіндігіне жол ашады. Олай болса әрбір саның аяттың ішіндегі сөз ұғымымен тікелей байланысты да және рухани қуаттардың алмасуына да белгілі бір сүремен байланысты тәртібі, өз заңдылығы бар екені хақ. Енді қазақтың 13 ғалымының ізденісімен құранның аудармасын қайта жазып және барлық аяттың санын басына қойып,  сан ғылымын теріске, құранды мазаққа алуға не себеп болған? Бұл аудармада «6236» аят болса, соншама қате бары да хақ. Себебі құранның рухани қуаттылық тұрғысында дәрежесі де бөлек және құран сүрелері адамзаттың ішкі дүниесімен байланысты болса, аяттары сырттан енетін ақпараттардың жүйесін құрайды. Сонда қарсылық теріс ақпараттарды ішке зорлап енгізуге тырысқан, ұлттық сананы жабуға, жалпы сан ғылымының қағидасына ашық қарсы шыққан, ұлтымыздың санасын аздырумен айналысып жатқан бұл ғалымдарымыз тажалдық білімді  дәріптеушілер болмағанда кім болмақ? Және Халифа Алтай атамыздың неге Алла деп атағаны ал «Аллаһ» деген сөздің «Лә илләһ» деген атаумен беріліп, оның сандық мәндерін де көрсеткенін қаперге де алмай «Аллаһ –шүкір» ұғымын жаратушының сипаты қылып алыпты. Абай атамыз 4-ші қара сөзімен «Ілімділік» атты пайғамбарлық қасиеттіліктің  маңызын ашып көрсете отыра 4-ші өлеңде әрбір таңбаның тылсымдық байланысын ашып беріпті. «1.А-Әлифтек ай жүзіңе ғибрат еттім», «23 Л- Ләм, ләбіңнен ем қылсаң мен дерттіге» екі рет қайталарын «Алла» ұғымын беруіне де хикмет, жұптық белгі тұрған жоқ па? Олай болса; «27.ҺИ еш пайдаң тимесе өлді ойлаңыз..» деген өсиетпен «Һ»-таңбасының өліммен, өліктермен яғни адамзаттық жаратылыспен, шүкірлікпен байланысты екенін неге  көрсеткен?

Енді мейлі имамдар, діншілер, ғалымдар немесе ел билеушілер болсын ешқайсысы да әдейі халықты осылай аздырамыз, санасыздық әбігерге (экстремизмге) түсіреміз деп амал қылып жүрген жоқ, бәрі де ізгілік имандылықты қалыптастыруға ат салысып, еңбек етіп жатқандар болады. Оларды имансыз деуге де аузымыз бармайды. Бірақ бұндай рухани қасіретті туындатуға негізгі себепші де, осындай ақылды қауымның пайымдау қабілетін, жүрек көздерінің жабылуына да себепші тылсымдық қарсылық күштердің ықпалы болмақ. Және бұндай сынақ арап елдерінде бүліктермен, өз ара қантөгіспен көрінісін берсе, қазақ елінде ауру, азап, өлім, табиғи апаттармен, ай сайын еселеп артып жатқан қайғы-қасіреттермен, рұқтан жүктелумен көрінісін беріп жатқанын түсіну үшін де ел билеуші мен зиялы қауым өкілдеріне құдайдың өзінен ғана берілетін сана қуаты жетіспей жатқаны да хақ. Сондықтан да аталарымыз; «Құдай бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер» деген ендігі аруақ болған аталар аманатын, саналық мирасын меңгеру үшін де  қазақтың ата дәстүрлі намаз оқу, намаздарды орындаудың өз жолымен ғана бұл қателіктерді түзеуге және әлемдік бұл рухани дағдарыстан қазақ халқының аз шығынмен кедергіден өтуіне де болатын жолы да бар. Масһаб білімімен болсын, басқа қандайда бір дін топтары болсын, сопылық топтары болсын,әлі кезге дейін  жалпы халықтың санасын ашатын мұндай рухани кедергіден шығудың жолын, үлгісін, хикметін көрсететін бірде бір әулие, шейх, хазірет сопы дайындай алған жоқ. Керісінше өздерінің де ізгілікпен жинаған иман қуатын ұрлатып, санасын жауып әбірге «экстремистік» пайымдауға, ақылын қазаққа байлап, өздеріне құл қылуға ғана дайындап жатқандары да хақ….(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *