XIX- Ел биліктің дін саясаты және экстремистік пиғылдар                         Қазаққа қасірет қайдан келген?

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 44

Қазір әлемдік тұрғыдағы «экстремизм» атты тажалмен күресуге қазақ елі де белсеніп кірісіп кеткені сөзсіз. Және тағы бұл тұрғыда біздің ел билеушілер, зиялы қауымдар тарапынан зерттеу мен  бағдар жасап, алдын-алу әрекеттерін шет елдің тәжірибелерінен заңмен қатты жазалап, үнемі ұйықтамай күндіз-түні бағып отырумен және масһаб атты діннің ең таңдаулы қаруы үгітімен ақпараттық тұрғыда жеңіске жетіп, халықтың санасын ашып, бейбітшілігін қамтасыз етеміз деп ақпаратық орталықтардан дәріптеліп жатқаны да халыққа белгілі жағдай. Сонымен экстремизіммен күрестің бір тәсілі де масһабтың — тура жол, шексіздік және оның басында тұрған бір ғана әулиенің ісіне табыну арқылы, оның «Ахмет» елші болып адамзатты құтқарушы құдайдың өзінен екенін мойындатпақ шара екені де сөзсіз. Және мұндай рухани байлықты таңдай білген ел билеушілердің, зиялы қауымның, дін ғалымдарының халық алдында құрметті аталуға да лайық екенін білдіретін жақында яғни 4-қараша күні Хабар телеарнасынан «Арнайы хабар» деген бағдарлама берілді. Сондықтан да Ата жолының басынан бастап бүгінгі күніне дейін белсенді мүшесі, зерттеушісі ретінде менің де бұл сұқбатқа бұқара халықтың атынан берер бағасын, халықтың назарына ұсынуға қақымның бары да сөзсіз. «Бас кеспек болғанмен тіл кеспек жоқ» дейді қазақта. 

Бұл хабарға негізінен баға беруші заң, дін тұрғысында білікті аталғандар; Дін танушы Тышқан Кеңшілік, масһаб білімнің дін насихатшысы Алтынбек Түсіпбеков және психология маманы мен дін зерттеушілері тарапынан Бақыт Дастан, Динара Камаш деген екі әйелзаты қатысыпты. Бұқара халық өкілінен Насредин Саранжапов деген үлкен ақсақалдың пікірін сұқбаттастық арасында келтіре отырып, негізінен бұған нақты тұжырымды жасаушы жүргізуші Асқарбек Қазанғап деген журналист жас жігіттің берген пәтуасымен аяқталған екен. Бұл бағдарламада жалпы философиялық бағыты да; ата жолының аққу, сұңқарларының келеңсіз істері талқыланып, бұған қатысқан қандайда бір жәбірленушілер барлық кінә ата жолының қағидасында, олардың алдаумен айналысып, халықты азғырып, сонан қазақ халқы күйзеліске түсіп, рухани тұрғыда «экстремизмге» ұшырауы болған, бұл елдің қаупсіздігіне де нұқсан келтірмек деген  байламға негізделген. Және ата жолының бір орта топтағы бата беріп тұрған, халыққа әлі беймәлім болған, осыдан 10 жыл бұрындары түсірген бейнежазбалармен аруақпен тілдесудің көріністерін, халықтың зияраттап жүргендерін қайта–қайта үзінділермен түсініксіз, анайы қылып көрсетіп, міне нағыз қайғы–қасірет осындайда ата–баба аруағына табынып кетуден басталып, халық ақшасын босқа шашып аққу, сұңқарларды байытып жатыр деген ұлт ішіндегі өзара араздастықты, көре алмастық пікірлерді ушықтыруға тырысыпты. Енді қандай да бір жаңадан пайда болған ағымның, қозғалыстың жақсылық жағынан жамандығы да мол болып, олардың арасына кіріп немесе сырттай атын жамылып пайда табудың көзіне айналдырып алатындарының болуы да қалыпты жағдай.

Мұндай жағдайда арасында әділетті, ізгілікті де топтары болып, олардың меңгерген бағыттарын рухани тұрғыда зерттеп халыққа түсіндіру арқылы айырмашылығын, жетімсіз кемшіліктерді көрсетіп ақпараттық тұрғыда мұндай жақсылықты да дәріптеп үлгі қылу дінде де, ел билеуде де әділеттілік, құдайдың да белгілеріне иман келтіріп мойынсұну болып мұсылмандыққа да, адамгершілікке де лайық болары сөзсіз. Және қандай да дін тұрғысындағы амалдардың құранмен аяттары бектілмесе онда оның тажалдық білім әрекет болып, ал егер құранда ашық аяттың болуымен және оған қарсы қандайда бір әрекеттердің, пәтуалардың да керісінше тажалдардың нақты бейнесі, әрекеті, пәтуасы болып саналу керек. Ал енді бұл; «Арнайы хабарда» әділеттілік немесе тажалдық  бар ма екен, мұны жеке–жеке баға беруші сарапшылардың пәтуасынан пайымдап көрейік.

Дін істері тарапынан дін танушы сарапшысы болған; Тышқан Кеңшілік; -«Ата жолы деген ешқандай дінде, құранда көрсетілмеген және мұны дәлелдеген жүйесі жоқ. Негізінен алдауға, дүние жинауға бағытталған, ата жолына тарту үшін әр түрлі қыспақтар көрсетіп.. немесе сол отбасына қыспақ көрсетіп өзіне бағынуға мәжбүр ету тактикасын пайдаланады.. деген сияқты пәтуалармен ата жолы «экстремизмнің, азғындықтың ошағы» екенін дәлелдеуге тырысыпты.  Ата жолының жүйесі, кітабы жоқ деген пәтуаның жалпы қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып аталған барлық мыңдаған жылдан бері жалғасып шежіремізде дәстүр болып бекіп, өз өркениетін жолын қалыптастырағыны жалған болып мұның негізгі дін насихатының кітабы Ясауи бабамыздың 3 түрлі сәни кітабымен, Абай-Шәкәрім және көптеген әулиелердің, пірлердің,  қожа-ишандардың артында қалдырған хикметті ғибраттары да, яғни құдайдың ісінің бекітілген жүйесі жоқ деп, қазақ халқының руханиятына ашық қарсылықты білдіріп отырғаны да хақ.   Осындай білім  тұрғысында менің өз басым аруақтардың батасы мен Құдайдан алған уахи, аяндармен жазылған 13 жылғы еңбектерді, қазақ философиясының құран аяттарымен дәлелдеп, өлшемдерін санмен бекітіп жазылған, әлі де жалғасты түрде жазылып жатқан 10-нан астам кітап түріндегі жазбаларды, оның арнаулы блок сайтта ашық жарияланып жатқанын да бұл мырза оқымаған, ал оқыса да онда түсінбеген. Сондықтан мұндай жағдайда осылай өз түсінігін жариялауға да құқы бар.

Бірақ қандайда да бір берген патуаның құран аятына қайшылығы болмауы міндетті болу да шарт. Тышқан мырза миллиондаған халықтың оқып, түсініп және құранда берілген мыңдаған аятқа ашық жала қойып отырғанын біле ме екен? Ясауи бабамыздың дәптерін былай қойғанда; Абай мен Шәкәрім, Мәсһүр Жүсіп әулиелерінің еңбектерін ата жолының кітабы құлшылық жүйесі сана мен жетені қалыптастыруға бағыт жоба екенін мойындаудан ашық бас тартқанымен тұрмай, халықты да надандыққа, ата дәстүрінен бас тартуға ашық насихаттауға кімдер мәжбүрледі екен? Ал енді Алтынбек Түсіпбеков мырзаның; «Ата жолында жүргендер жынмен тығыз байланысы бар адамдар…Олар аруақ кіреді деп, негізінен жын кіреді…Олардың өзінің алдына келген адамдарды көтеріп кетуі тағы басқа түрлі істерінің бәрі жынмен байланысты… Жынның бары ақиқат, бірақ жын кіргенде… Сол жолға беріліп кету арқылы үйіндегі малын дүние, пайда табуға салады…Ғайыптан хабар алу деген жоқ». Құрандағы тылсымнан көрнеуден, көместен, ғайыптан хабар алудың негізгі сүресі 42-52 аятпен 6-111 аяттарды мүлде жалған деп санағанның өзінде; 12-68,11-13;14-110;12-76;12-86;12-94;12-97;17-36;20-114…120;6-18;39-9,10;40-83;…тағы осындай жүздеген аяттар, аян арқылы білім алу болса, ал енді ата жолының аруақтар арқылы да бата алуды, өлілермен сөйлесуді; 27-80,81;23-62; 30-52,53;31-15;21-79;33-43;25-32;34-23;35-35;36-55..58;38-67…70;39-18,…осылай жалғастыра берсек талай жүздеген аяттарды ашық жалғанға шығарып, құранға ортақ қосып, құдайды хабар бермейтін, тілекке жауап бермейтін өліге санау кімге керек болған екен? Бұл да енді Жын-72 атты сүренің 28 аяттан тұрып негізінде 72+28=100 яғни Алланың жүзіне айналып, Бір атты белгі кісілікпен Раббымыздың міндеттерін жалғастырушы, бұл періштеліктің адамзаттың жартысы болатынына ашық жала қойып, адамзаттың өмірі түгіл  құраннан да шығарып тастап және мұндай хабарды таратып отырған Хабар арнасының басшыларын енді кім деп атау керек? Сонда олардың әке-шешесі, ағайындары, бағзы замандағы тектерін жалғап тұрған ата-аналарының бәрі өмірден пайғамбарлық дәрежеде яғни жынысыз періштелік жағдайда өткені ме? Сол сияқты өздерінде де жыныстық, жындық 8 түр  малдық қуаттарының кісілікке жетіп әулие, Алланың досы, елші аталғандарына куәліктері бар ма екен? Сонымен бірге мұндай құдайдың ісіне, жолына, ғылымына ашық   жала қастандықтан кейін 1991 жылғы жас бала Асқарбек Қазанғаппен қосылып ата-баба дәстүріне қайшы арсыздықтың ең шегі болған, төменгі де жоғарғы санасы жоғалған, жетесіз, шайтаны семірген жалаңбас қатындарды мұндай үлкендердің өзінің ақыл қуаты жете алмайтын, жоғарғы саналық дәрежедегі рухани байлығымызға, сезімдік ақылы жетілмеген жастарға баға беруге кімдер айдап салып, қазақ халқын надан, топас қылып кімдер мазақ қылып отыр? Халық өкілі болған төрт ақылын түгендей білген Насредин Саранжаповтың бір де бір сөзі ескерілмей, неге ақсақалымыз халық алдында мазаққа айналды?

Асқарбек журналистің қулыққа басып ата жолының ордасын тексреуге арналған қадамына нақты жауап беріліп, құдайдың бар екенін білдіріп оның арам ниетін байқап, орданың аққуы кіргізбей қойғанын да мақтанға айналдырғаны да сөзсіз. Олай болса ата жолының сол тексеруге тиісті ордасының бірі болып, оның өтірік ісін емес өзінің рухани жағдайын аруақтардан сұратып алдым да бұл аруақтың батасы болып енді мұнан босанып шығудың да мүмкін емес екенін ескертейік; «Басында 7-белгі бар. 7 сынақтан (түрлі апатты аурулардан) аруақтар алып қалған. Тек жаман ырымға сенеді. 7  жаста шүйдеге зақым келген, түйіршік көмегімен (дәрінің) жүр. Өңеште дақ бар, 3 жыл көлемінде емделген. Асқазан ашиды. Еңсесі биік, маңғаздық басым. Оң қанаты қайырылған. Бауыр сары суы басым, жүрекке сұйықтық жетпейді. Қуық жарасының қаупі бар. Табан ашиды, оң саусақта дақ. Шешендіктен алар алғысы бар. Пұшайман күй кешер кез келеді. Жеті атаға аманат, өзге ұлттың дәмі мен мәніне ынтазар. Асық сөзге құмар. Алдына келгенге маңғаз. 7 күнде іс қағаз көтеріледі, 90 күнде тобықтан алады. Ақ есікке жаяулайды. Шуылдақ атасына құран бағыштау керек. 7 айда 7 қағазға түртпек түседі, жетоқсанда жел солынан келеді. Шегірткеге шешім шешіледі. Кіндіктестің күні жақын алдыға түседі. Құрбандық ізденіс, тербеліс аманат. Кіндіктестен сонда сүйінші хабар. Шырайға ақ құрсаққа дем. 1 жыл 3 айда тал бесік. 7 күнде 7 аян, 7 атаға сәлем тағзым ету керек.» Құдайдың құдіретті қолы болған әулиелердің аруағын қанша мазақ қылса да, мұндай пендесіне арналған құдайдың өз заңы да әділетті. Ал журналшы қауым да осы бағдар жобадағы қарапайым сөздердің ұғымын ашып көрсін. Және бұл аурулардың біздердің оңай, аруақтың жәрдемімен емдей алатынымызды да білсін. Енді Асылбек пен Тышқан мырзаға аруақтардың қандай аманат бергенін де халық алдына арнаулы жариялаймыз. Сонымен ақпараттық тұрғыда да іс жүзінде де ата-бабасы болған, біртұтас адамдардан болған аруақпен ерегісіп кім пайда табар екен? Алда мұндай пенделеріне құдайдың қандай азабының дайындап қойғанын да ашық жариялап отыруға да тура келеді. Бұл бағдарламаға дем беріп отырғандарға да аруақтардың лағнетінің дайын тұрғанын, егер тәубеге келсе, кешірім ескертуі де барын білгендері жөн болар.

Осы бағдарлама шыққаннан кейін маған еліміздің жан-жағынан сауалдар келіп түсті. Неге ел билік мұндай ашық жаламен халықтың ызасына тиіп, арандатып отыр, халықтың сөзі қашан тыңдалады? Осындай ақпараттық орындарда отырғандар біздердің қарапайым тұрғыда оқып түсініп жатқан білімді оқымай ма, әлде түсінбей ме ? деген сипатты көптеген сауалдармен және бұған Нұрсұлтан мырзаны да тікелей айыптаған көптің аузына қақпақ қоя алмайсың, сондықтан «Таз ашуын тырнадан алады» дегендей түрлі қарғыстардың да жауып жатқаны да баршылық. Бұндай сауалдарға жауап берілмей іштей халық тына берсе, бұл түбінде ыза-кектен жарылатын, соғыстық жарылғыш себебіне айналып кез келген бүлікші, ел басқаруға қол созған немесе сырттан келіп халқымыздың бірлігін бұзуға тырысатындардың, ақылсыз жастардың да, жыны тазармаған кекшіл үлкендердің де, олардың қаруы және қол жаулығына айналуы да сөзсіз. Біздер мұны тек жоғарғы басшыдан көрудің надандық екенін, себебі қандай да бір мемлекеттің шаруашылық дүниелік істермен бірге рухани өмірі болып, мұны сол елдің, халықтың өкілдері болған жазушы, ғалымдары, ақындары, дін ғалым, имамдарының келісімінсіз, пәтуларынсыз өз бетімен шешім қабылдауға ел басшысының қол-аяғы да тұсаулы болатынын да ескертеміз әрине. Әрине мұндай жағдайда халықпен екі араны жалғаушы халық қалаулыларының да надандықтары себепші болар сөзсіз. Мен өзімнің тарапымнан, халыққа түскен мұндай жағдайда тылсымнан;  «Неге осындай ашық рухани байлығымызды,  халықтың руханиятын міндетіне алғандар, қарапайым ұғымдарды, құран аяттарын, ата-бабаларымыздың өлшемін, ойын тұрақтатып, санмен берілген насихаттарын  түсінгісі келмейді?» деген сауалды қойдым. Маған тылсымнан Ясауи бабамыздың; «Жалпы қазақ ұлты бойынша тегін жоғалтпаған, тұрақты жалғанған 10 мың ғана санасы ашық адам баласы бар. Сол 10 мың адам баласы бұл жазбаларды оқып түсіну арқылы 100 мың қазақ баласының жетелері қалыпқа келіп, ата жолы ақиқаты мәлім болады» деген уахи, бата келеді. Мұнан не ұқтыңыз оқушым? Демек, ел билікте осыған дейін де мәлімдегендей тек қана  жеті билеушінің санасы ашық, яғни ана сүтімен, ана тілінен алған ділі мықты болып, ал ел басшымыз әрине алдыңғы орында болып мыңдаған әкім, қаралардың ішінен сегіз ғана билеушінің толық адам екенін біліңіз. Қалғандары рухани тұрғыда жетілмеген, ақталмаған жынды немесе шайтанды деп аталатынын да білгеніңіз жөн. Ал енді жазушы атты қоғамның өзінің жасына, дәрежесіне қарамай ақсақалдығы, бөріктілігі жоқ, қатында ақ жаулығы жоқ, бастары жалаңбас және «Ғарифулла Есім, Қазбек Иса» деген сияқты атасының есімін «Ат», «Қашыр» жыннан көлік қып, өзінің есімсіз дүниелік болмысына айналдырғандарда қандай тектілік, құдайға мойынсұну, ата-баба аруағын қадірлеу жоқта қандай сана болмақ? Мұндай жағдайда «Жете» де қалыптаспайды. (жете мен сананың айырмашылығы неде екенін іздеп көріңіз) Бұған дәлел кешегі жазушылар қоғамының қалыптасқан күніне арналған жиында Абай атаның басына гүл шоғын қоюдан бастаған істерінен- ақ дінін бір мезетте тастап, кәпірге айналуларынан, бұлардың жаппай  санасыз екенін, бұқара халықтың өздері-ақ бағалап отырғаны сөзсіз. Ата дәстүрін бөлшектеп, өздерін құдайдан берген талантына мәз болып, дінді  жастардың еркіне тапсырып, ұлттың тегін аздыруға бірден бір себепші осы жазушылар болса, онда ел басшымызға ақыл кеңес беруге тағайындалған санасыздардан не үміт не қайыр болмақ? Олай болса, мұнан шығар жол бар ма деп сұраңыз? Әрине бар, оны құдай өзінің  қалауымен әлде қашан қазақ еліне түсіріп, көрсетіп, білдіріп, білімін де жетілдіріп, кітабы да жүйесі де қазіргі дәрігерлік ғылымда жазылмай, ажал құшып жатқан барлық аурулардың себебін және көптеген аурулардың емдеу тәсілдерін де үйретіп қойғанын, әлі де үйретіліп жатқанын да біліңіздер. Мұны халыққа ашық таратуға, ата дәстүрін дәріптеуге, халықты тазартуға шақыруға заңмен тиым салынып, ел билікпен қудаланып, айыппұлдар салынып, тіптен түрмеге қамап жатқаны да хақ.

Бірақ мұндай қасіреттің ішкі сырын  ұғыну үшін және ақыл-оймен қабылдау үшін де билеуші, зиялы қауым арасынан саналыларды ғана анықтап, соларға ғана зерттетіп, құдайдың хабарын алуды  меңгертіп, халыққа насихаттауды тапсыруға да ел билік пен зиялы қауымның арасынан мұндай іске жарамды жетелісін, жетесізін, саналы-санасызын ажыратып алу да  керек. Мұны қалай анықтайды десеңіз, ең оңай тәсілін жақында Абай атамыздың қара сөзін, өлеңдер насихатын құран аяттармен, 46 пайғамбарлық қасиеттермен, сандық белгісімен, қайта тәпсірлеп жазып шығуды міндеттеген тылсымнан. Мен оның біржақты көзқарасын жазып аяқтап та қалдым. Ал енді осындай жазбаны ғана түсіне білгендер жетелі болып, ал құран аяттарын өздігімен де оқып,  масһабтық тәпсірдегі қателіктерді анықтауға шамасы жетеді және аянға да жалғануы керек. Енді жоғарғы  саналылар құранның қазақша аудармасымен бірге ата жол жазбаларын жеті рет оқып шықса болғаны, өз беттерімен тылсымнан уахи, аян арқылы талай құпия есіктерді де ашып; философияда, психологияда ғылымның түрлі саласында да жаңалықтар ашуға қабілеті артып, мұны іс жүзінде де дәлелдей бастайтыны да хақ. Қазақта саналы мен сансыздарды анықтайтын қарапайым білімнің, философиялық мектептің барын да білген жөн. Бірақ қазақ елінде қалыптасқан тажалдық білімді яғни кім араптан тіл біліп, құранды тікелей оқи алса, сол құранды, дінді білуге тиіс ақылды, дана деген ұғымды мүлде заң жүзінде тиым салып алып тастату керек. Заң жүзінде болмаса мұндай ұжымдық ақылға негізделген тобырларға, жан мен рухты онан рұқты, иманнан сенімді, пайғамбарлықтан елшілікті, жаратушының өзіндік сипаттарын ақыл тұрғысында ғана ажырата білмейтіндерге ойшылдық туралы сөзді түсіндіріп насихаттау мүмкін емес. Тілмаштық өнермен ақылдың қуаттарын толық меңгеріп, дәстүрін білмей, рухани тұрғыда ұлттық діліне, ата–баба кітабына жалғанбай, пайғамбарымызға жалғануға яғни кәусардан өтіп бата алмай саналы, құранды тәпсірлеуге ұлықсат алған білікті болуы да мүмкін еместігін түсінетін де уақыт жеткені сөзсіз.

Дінде ілімді болудың тек масһабтық біліммен, тәпсірлерді меңгеру ғана емес негізінен иманды жетілдіру үшін ақылдық қуаттарды меңгеруге; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген қағидамен танымдық ақылға жалғану, 4 ақылды бірлеумен тылсымнан аян кітап алу, түрлі дарындылық, адамдық ізгілік, жақсылық қасиеттерді, емшіліктерді меңгерумен байланысты деген ұғымды да, имандылықтың сенімнен ерекше болатын басты қағидасына айналдыру керек. Мұндай жағдайда 40-қа келіп және онан кейін 9 жыл рухани сынақтан өтпей, адам баласының иманы толық болмайтынын да,  биологиялық, физикалық пайымдауды да ұмытпаған жөн. Жалпы барлық мейлі қандай ғылым, дін саласы болсын, бір ғана орталық философиялық мектептің құзырында сөз құндылығы сақталуының бақылауынан өтіп қана және ата дәстүрімен сәйкес болғанда ғана халыққа қызметін ұсынуға жарамды деп саналуы да керек. Кез келген арап тілін меңгерген ақылы толмаған жас баланың  пайғамбардың ізбасары аталып, даналыққа жеткен, бас имам болып қазақ дәстүрін бұрмалап, тәпсір білімін тықпалап, халыққа уағыз айтуына жол берілмеуі керек.  Бұл діннің де, құранның да, пайғамбарлық қасиеттің маңызының да беделін  көтеріп, экстремизмге бірден бір тосқауыл болары да хақ. Бас имамандар кемелдік жасқа жеткен, өмір тәжірибесінен өткен, бұрынғы ел басқарған, халық ағарту ісімен айналысқан, құқық, заң саласында істеген философтардан, ғалымдар мен зиялы, ақылы толған сөздері пәтуалы, дұғасы қабыл болатын үлкендерден қайта даярланып, арнаулы жалақылар тағайындап және халыққа ұсыну арқылы сайлануы керек.  Және мұның мектебі де философия мектебінің аясында болуы керек. Қазіргі масһаб білімін үйрететін имамдарды даярлау мектебі болса, рәсімдік мешіт қызметшілерін дайындауға ғана біліктілігі жететінін мойындау да керек. Солай болып аталып қалу да керек. Мұндай шаралар арқылы саналы мен санасыздырды өз орнымен әділдік тұрғысында бағалауға, ақылдың маңызын арттыруға ғана жағдай болса, негізінен ұлттың жоғалған екі күнін қайта қалыптастырудың маңызы мен қазақ халқының басына түскен, алдағы уақытта еселеп артатын қияметтік жағдайдан құтқаруға атқаратын ең жауапты істер мұнан әлде қайда күрделірек және мұндай қадамға басу да Астана қаласын салудан да әлде қайда жауапты, қиын болары нағыз ерлікті, саналықты қажет етері де сөзсіз…. Себебі…(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *