XXII- Ел биліктің дін саясаты және экстремистік пиғылдар                         Қазаққа қасірет қайдан келген?

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 105

Сонымен қазақ елінің бүгінгі ұлттық болмысымыз, ата-бабадан алған аманатымыз, құдай алдында берген уәдеміз, болашақ ұрпақ алдындағы абыройымыз, шежіреден алатын бағамыз қандай? Әрине қазіргі ақпараттық басылымдар мен телеарнаға қарасақ біздің мәңгілік ел болатынымызға және өндірісті дамыту, жаңа кәсіптерді меңгеріп жер ана байлығын өңдеу арқылы біз әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналатынымызға сенімдіміз. Сонымен бірге масһаб деген құдаймен арадағы кепілдікке тұратын дін ұстанымымыздың да қиямет-қайымға дейінгі барлық ғылым-білімге, рухани даму жолымызға пәтуа беріп, жол көрсетуге де шамасы жетеді деп насихаттап жатырмыз. Осы жерде сенім мен иманның да сырын, маңызын білу арқылы ғана біз таңдаған жолымыздың, болашаққа жасаған жобамыздың айқындығын аңғаруға шамамыз келмек. Бірақ қазақ елінің рухани көшін алға сүйреуші философия мектебі мен діни мектебіміздің рұқ пен жан, Алла тағаланың біздерге мәлім болған тиісті көркем сипаттары мен жаратылыстың себептерін, өмірлік тіршілік қуаттарының, шежірелік жер, көктік тектерді қалай меңгеруге байланысты пайда зиянын, шектерін белгіленген ғылымдық жүйесі түгіл барлық білім мен ілімнің негізгі кілті өзара сенім мен иманның негіздері туралы да ілімдік тұрғыда насихаты да жоқ десек өтірікші бола қоймаспыз. Бірақ бұл құндылықтар ұлтымызда мүлде жоқ деген де надандық болар. Қазақ елінде әлемде теңдесі жоқ жан ғылымының туындылары сақталған тура жолдың негізін бекіткен мирасы бар елге жатамыз. Оған дәлел Ясауи баба сәни–ақыл дәптері мен Абай-Шәкәрім әулиелеріміздің еңбектері мен артында қалдырған тектілікті, әулиелікті, ғаламмен бірігу тұтастықты меңгеру үлгілері де жеткілікті. Бірақ біздер осындай асыл тектердің нәсілі бола тұра бұл құндылықтарды меңгеруге құлықсыздық танытумен, біздің қазіргі рухани өмірімізде сенімнің мыңдаған түрі болып және соған байланысты діндік намаздарының да  алуан түрлі іс-шараларының барын біле тұра, мұның белгілі бір адамзат бойында өрісін және сенімділік мінез, ақылды да қалыптастыратын діні болып табылатынын білмейміз. Ел билігі діннен бөлек деген ұстаныммен «Зайырлы мемлекетпіз» деген сенімділік негізде заңның құдіретіне негізделген «зайыр» атты діннің  түрін ел билеушілер ұстанатыны да хақ. Сол сияқты көптеген партиялар құрып, жер қазына байлықты халыққа тең үлестіріп беріп және мұны тек қазақ елінің өзі ғана пайдаланса бақытты елге айналамыз дейтін сенімділік дін топтары да баршылық. Қазақты орыстан алшақтап, атыңды қазақшала, таңбаңды өзгерт, ел билеушілерге қарсы тұрып қырғыздан, украина елінен қалмай қазақ екенімізді біз де дәлелдейік, сосын байлықты халыққа үлестіруші өзіміз болайық, сол арқылы бақытты қоғам құрамыз дейдін жындылықты дәріптейтін сенімді дін топтары да барын білесіз. Осылай санай берсек әлемдегі барлық сенімнің де түрі «экстремистік» дін білімнің де қазақ жерінен табылып, ал сенімнің дұрыс бұрыс бағытын анықтайтын иман деген нәрсенің қалай өсіп, қалай жетілетінінен мүлде бейхабармыз. Ғаламдық тұтастықтан, бірліктен қандайда бір амалмен бас тартуды тажалдық деп атап біз Ханафи масһабын ұстанамыз дегеннің өзінде қазақ дәстүріне қарсылық, құранның үкімдерін терістеу және өзге масһабтарды төмен, қатесі бар деп мұндай тұжырымының астарында  исламның бірлігіне қарсылық болып саналады. Міне осындай сенімдерді және оның білім, ғылымдарын ақиқат деп қабылдаудан иманның маңызы мүлде ескерілмей жалпы замандық оқиғаларға, ғылым-білімнің дамуына қарай иманның да өркениетін, даму ерекшелігін құдайдың өзі хикметімен белгілерін түсіріп жол көрсетеді деген ұғымды мүлде жоғалтып алғанбыз. Себебі біз ғылымға күмәнсіз сенеміз, оны тексеретін ақ-қарасын, пайда-зиянын анықтап беретін иман арқылы парасат деген ақыл қуаты болатынын мойындаудан бас тартамыз. Және жаңа заман ғылымына күмәнсіз сенгеніміз сондай, енді адамзаттың бір-біріне ағзасын ауыстыру арқылы қандай бір тәндік ауруды да дәрі-дәрмекпен емдей білу арқылы діннің шектерін, парыздарын орындамай-ақ бар жаратылыстың егесі құдайдың өзіне жүгінбей-ақ дені сау, бақытты қоғам құратынымызға да шексіз сенеміз. Бүгінгі ғылымның тек пайда ғана келтіретінін меңгерген біліміміздің құдіретіне де ешқандай күмән келтіруді де қойдық. Егер ғылымға күмән келтірмесе, иман қуаты арқылы парасаттылықпен тексере білмеген жағдайда, онда азғындықтың да аяқ астынан пайда болатынын да ескере алмаймыз. Сенімнің сүйеніші иманды былай қойғанда білімге сүйеніп меңгерген ақылымыздың қуаты да жетпейді. Сондықтан күнә жасауды «жұлдыздық» деп түсініп, арсыздықтан да алдымызға жан салмайтын елге айналып алдық. Егер сіздің іштен ата-бабадан алған аманат иманыңыз «Мендігіңіз» оянып, іштен түртіп, бұған қарсылық білдірсеңіз болғаны онда жағдайыңыз қиын. Бүкіл сот, прокуротура жүйесі тек заңның құдіретіне ғана шоқынғандықтан, құдайдың өзі көрсетті деп алған аяныңызды, естіген уахиңызды айтып сендіргенмен, оны түсініп тексеретін ел билеуші, зиялы атты қауымның өкілдерінің парасаттылығы, иманы жоқ, ақылдары шолақ, жетелері өлген, сондықтан айыпты болып шығуыңызға де күмәнданбай-ақ қоюыңызға болады. Олай болса ел билеушілердің шығарған заңдарынның құдіреттілігіне, әділеттілігіне, олардың «зайырлы» екеніне, яғни ұстанған діндеріне сенуіңіз керек міндетті түрде. Сонымен мұнан не шықты? Бағзы замандағы перғауын басқарған елде Мұса пайғамбарымыз құдайдың жүздеген белгісін алдын–ала ескертіп, мұғжизасын көрсеткенмен сол мезгілде ел билеушілері құдайдан сескеніп нанғандай болғанмен, артынан дүние ісімен араласып тез ұмытып, берген уәдесін де орындамай бүкіл елін суға батырып қырылғандай уақиға қазақ елінде де қайталанып жатыр десек жалған емес. Сонымен бірге Ғиса пайғамбарымызға пайғамбарлық, елшілік істерді атқаруға  бұрынғы түскен діндердің бәрінің басын қосып халықты тазаруға, ақталуға, рухани қасиеттерді меңгерумен бірін-біріне қуаттық алмасулармен, көріпкелдік қасиеттерді меңгеріп, Раббымыздың хикметтеріне жалғанып, өзара бірлікке, татулыққа, тектілікті меңгеруге шақырып, ал ең соңында ел билеуші мен дін ғалымдарының қудалауымен қалай аяқталғанына да тарихтан хабары барлар сенеді. Сенбейтіндер ертегі деп, бүгінгі ғалымдардың ой жорумен тапқан дініне «зайырлыққа, зиялылыққа», заңның құдіретіне ғана сеніп әрекет етеді. Сонымен бұл жағдайда жоғарғы ойшылдықты және ақылдың өркениетін қалыптастыруға тиісті философия, психология, дін масһаб мектебі не бітіріп отыр деген ғана сауал туындайды. Бұл екі мектептің сөз құрлысшылары да ел биліктін дүние байлықтың қызметшілері ғана болып, екі жүзділіктің мектебіне айналған десек жалған емес. Қазіргі таңда ел билеушілердің шығарған қандай заңдарын, масһаб білімдегі пәтуаларын жазған кітаптарын да алып қарасаңыз қазақтың ата дәстүрімен салыстырғанда екі жүзділік қарама-қайшылыққа толы екені де хақ. Қазақ дәстүрінің негізі;  Яссы, Мұхаммед, Інжілден пайда болғаны да хақиқат. Жаратылыс қозғалыс, баста Раббымыздың нұрынан, сосын сөзден пайда болғаны да хақ. Сөздің негізі ой еді. Ой білімнің үні болатын. Сондықтан нұр шексіз ілім көзі болып онан білім, білімнен ой пайда болып, ойдан біз сөзді танимыз немесе ойды сөзбен белгілейміз. Мұның енді қарама-қарсылық бейнесін яғни теріс ойды —  ібілісті жаратумен жын, шайтандық қуаттардың біздің әйел, еркек жыныстық гормондарымыздың негізін құрайтынын білсеңіз және еркек жын қуатын қайратты өндіруіш, меңгеруші болса, әйел шайтан-сезімді өндіріп меңгеруші, жанды қалыптастырушы болып табалады. Олай болса дін масһабшылардың ертегіге айналдарған жын да, шайтан да өзіміз болып саналамыз. Сондықтан да біздер осы екі түрлі қозғалыс негізін ақылмен меңгеру барысында қашанда екі жүзді, екі есті болып сонан кейін ғана толық бір қуаттық жүйемен Адамға айналамыз. Нәсілдік белгіміздің өзі үш қуаттан ойлау, көру, естуден тұрып және жын, шайтандық белгімізде сақталатын болса онда біздің толық адамға айналу үшін де осындай нәсілдік қуаттарды да меңгерумен маңызды болатыны да сөзсіз. Бұл белгіні масһаб діншілері «шерік» деп атаумен ұлттық тұрғыда ата-бабаларымыздан қалған нәсілдермен және әлемдік тектік нәсілдермен  жүктелуді «шерік қосу» деп намаздарына тиым салумен қазақ дәстүріне қарсы соғыс ашқаны, оған ел билігіміздің жәрдемге тұрғаны да жалған емес. Қазақ даналғында; «Атаның баласы емес Адамның баласы бол» деген. Сондықтан да Адамдық болмысымыздың өзі сан алуан түрлі, яғни ұлттық тіліміз нәсілдік ерекшелік белгімізді меңгеру арқылы әлемдік тұтастыққа да жалғана білуіміз шарт. Бірақ біздің шаруашылық, білім, ғылым, өнер тұрғысында әлемдік нарыққа да қадам басқанымызбен оның жұбы рухани қозғалысымызды ақылымыздың өркениетін, имандылық қуаттарымызды, тектілік дамуымызды керісінше шектеумен айналысып кеттік. Әлемдік тұтастықты қалыптастыратын ұлттық дәстүрімізді тастап, имам Ағзам Ханафи атаның ғана үлгісін тура жол деп атаның ұрпағы болып, Адам болудан бас тарттық. Бірақ қай атаның, ұлттың нәсілінен болсақ та біздер әлемдік тұрғыдағы тұтастық ойға жалғанып қана парасаттылық қуатты меңгере аламыз. Жалпы көк пен жердің арасы теріс ойларды, эфирлік жаратылысты құрайды. Олай болса біздің тіршіліктік қуатымыз тыныс алуымыз да теріс ойды меңгеруге тәуелді. Сондықтан да біздің тәніміз матариалдық тұрғыда күнәдан, яғни теріс қуаттарды қабылдауға, өңдеуге, қозғалысқа айналдыруға нәпсілік бейім тұрғыда жаратылады. Сонымен қозғалыстың, қуаттардың негізін яғни ойды жарата алмаймыз, бейнеленген мейлі теріс, оң ой сапасының тектік немесе қарсылық белгілерін алып меңгерумен теріс қуаттарды жұмысқа айналдырумен оң  қуатқа, жарықтық, иістік сапаға, қозғалысқа түрлендірумен ғана ерекшеленеміз. Ал парасаттылық дегеніміздің өзі таза ой қуаты жарықтық, иістік жоғарғы сапасы деп түсінген дұрыс. Сондықтан бұл қуаттарды жүктеп, тектік жалғану үшін де біз тәніміздегі күнәлық болмысымызды тазартып, қара қуаттарды жұмысқа қозғалысқа  яғни қайрат, жынға айналдырсақ, қандағы теріс сезім қуатын шайтанды жандық қуатқа айналдыра білуіміз керек. Осындай ақталу, тазарудан яғни үш түрлі масіхтік жағдайдан; Яссы, Мұхаммед, Інжілден өтуіміз шартты.  Мұндай жағдайда тіл білімі де маңызды болып, Адамдық қасиеттілік көркем сөзді меңгерумен байланысты; сөзді қате сөйлемеу, ой мен тілдің арасын қоса білумен тікелей байланысты. Сондықтан әр ұлттың ойлау ерекшелігін, таза ой қуаттарын меңгеруді қалыптастыратын дәстүрі болып табылады. Дәстүрдің ішінде құранның ғылымы, діннің бар салты мен құлшылық негіздері және философиялық сөз ғылымы да кіреді. Енді қазіргі қазақтың түсінігінде дәстүрді бәріміз мадақтап және дәстүрлі діндер жиналысын ұйымдастырып, ал шынында қазақ дәстүріне қарсылық білдіріп, әлемді де алдап, екі жүзділік жасап жүргенімізді мүлде аңғарудан қалдық. Масһаб деген қазақ дәстүрінің 50-намазының 4-уі ғана болып құлшылықтық намаздық ауқымын былай қойғанда, олардың  қазіргі тәпсірлік білімінің қазақ дәстүріне қайшылықтары, қателігі де көп болса да қалайда масһабты дәстүрмен бір деп халықты көз бояушылықпен ел билік пен зиялы қауымның алдап жатқандары да хақ. Және «намазхан» деп аталған қауымның арасында ата жолын, дәстүрін талай мыңдаған жылдар шежірелік дінін «секта» деп атауды кімдер қалыптастыра білді? Шәкәрім атамыздың; «Пілге үрген қанден» деген мысалы осыған келеді де. Енді қазақтың дәстүрі масһабтық құлшылық қана емес; Яссы, Мұхаммед, Інжілден тұрса және әрбір сөз атауының ішкі сыры, ой болуы да шартты жағдай. Яссы-Қажырлық, жігер деген ұғымды береді. Егер біз Ясауи десек, онда Қожалық деген ұғым шығады. Ал Йассауй-Илану деген ұғымды береді. Сол сияқты Мұхаммед-Сүйіспеншілік болып, мұның ішіне исламның барлық намаздары және 4 масһаб та, сопылық ілімдер де кіріп кетсе ал; Інжіл-Қайырымдылық, ақиқат деген ұғымды береді. Бұл үш түрлі кезеңдік толық намаз орындаумен байланысты белгілер 11-санды басқарушы жұлдыздармен де тікелей байланысты болмақ. Яғни 11-санды құлшылық негіздерін 3 рет қайталау арқылы ғана 33 санды барлық деректердің көзіне жалғана аламыз. Бірақ бұл дерек көздерінің де шариғат, тарихат, мағрипат болып кезеңдерден тұрып Ясауи бабамыз оның хикметті белгілерін құран аяттарымен табыстырып кеткенін дәлелдеген бір де дін ғалымы да философ ойшыл да жоқ қазақ елінде. Сонымен қазақ дәстүрі; Қажырлық, жігерлікті яғни имандылық, тектілік, адамгершілік негіздерін меңгеру арқылы Мұхаммед пайғамбарымыздың сенімділік жолын жаратушыға махаббатпен адамзатқа сүйспеншілікті болумен және інжіл қағидалары Ғиса пайғамбарымызға баспен жалғанумен, бас қуаттарын толық меңгерумен, артық қайырымдылық жасау арқылы ақиқатқа жете аламыз. Сондықтанда аятта; «Мұхаммед оларға айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Енді қазақ халқының мейлі масһаб, мейлі сопылық топтары болсын; дінін, ұстанған салтын алып қана қарасаңыз інжіл, тәурат түгіл Раббымыздан бүгінгі заманда оқылып жатқан аян, уахи, батаға қарсы ашық соғыс ашып, ата жолын жек көрінішті «серік қосушы» деп, халыққа «секта» елді тонаушы қылып 10-жылдан бері ұлттың рухани дамуын, жандық көбею өркениетін артқа қарай шегеріп тастап сөз жүзінде ел билеушілердің жоғарыда отырып алып; «біз текті, рухани құндылығын сақтаған елміз деген екіжүзділіктің де бары тажалдық емес пе? Мысалға жүгінсек; Осыдан 9-10 жыл бұрын Қызылорда облысына Құлмұхаммед мырза әкім болып барып барлық ақпараттық орындарына тапсырма беріп, ата жол ордаларын қудалап әрбір ордаға қауіпсіздік органның қызметкерлері келіп, құранды лақтырып, ордаға келетін адамдардан енді мұнымен айналыспаймын деген қол хат алып, айыппұлдар салып, ал менің жазған «Ақиқат бастауы» деген қазақтың салт-дәстүрін дәріптеген кітабыма тиым шектеу салынған болатын. Сонымен Құлмұхаммед мырзаға құдайдан пәрмен келіп 40 метр жерден тік ұшақтан құлап бес адамның қанын мойнына жүктеп өзі аман қалды. Сонан бері бұл оқиғалар үнемі ұшақ апаттарының кезекті жалғасуымен 27 адамның ажалына соқтырса да ел билік те, зиялы қауым да құдайдың мұндай ашық белгілеріне иман келтірмек түгіл, яғни хикметінің сырын зерттеп,  ақылмен түсінудің орнына керісінше қалайда білім мен заңның үстемділігін қалыптастыру арқылы қарсылық білдіріп күресумен, бұған себепші деген пенделерді айыптап жазалаудан тайынар емес. Қараши, «Березовка» ауылдарындағы болып жатқан оқиғалар бастың азуынан, өмірлік қуаттардың күнәмен жүктеліп қаралануынан пайда болып жатқаны сөзсіз. Ал мұны қарапайым түрде ата жолы ордаларын ашып тазартуға болатынын жазғанмен,  түсіне алатын іс жүзінде сынақ тәжірибеден өткізуге қажырлығы, жігері жетілген қазақтық тектік «Яссылығы» жететін қазіргі таңда жетесі бар ел билеуші, білімді қауым өкілдерін таба алмайсың. Жалпы қазақ елінде мұндай замандық өзгерістерді ғылымдық тұрғыда тәжірибеден өткізу, сараптау ақиқатын анықтап халық игілігіне ұсынатын бірде бір мекеме жоқ. Тек шет елдің өздерінің табиғатына, тұрмысына лайықталған сараптауларын, тәжірибесін дереу көшіріп алып заң шығарып мақтауға ғана шебер ақылсыз, жетесіз билеушілер қоғамы қалыптасқаны да жалған емес. «Экстремизммен» күрес деп заң жүзінде ақылы жетпей, дәстүрін түсінбей адасқандарды қудалаумен айналасып және насихат тұрғысында қазақ руханиятына, құранға, сөз ғылымына, ұлттың шежірелік, жандық сырына жат дәстүріне қайшы білімдерді дәріптеп, тықпалап керісінше халықты, жастарды мәңгүрттенуге ғана күресіп жатқандарын қалай түсінуге болады? Себебі біздің ділдік болмысымызда жан ғылымнан, рұқтық кітап білімінен әулиелер мен қожалықты меңгерген бақсылармен байланысты белгілер рұқтық жаратылысымызда жанымызда да бар. Бұл белгілерді тазартып өз туыстық тегіне жалғануға мүмкіндік бермей, керісінше төменгі дәрежелі теріс ақпараттармен жүктегеннен рұқы,жаны мұны місе тұтпай, бәрібір масһабтан биік жоғары тұрған кез келген сопылық топтар мен дін амалдарының  ерекшелігін іздеп, құдайдың хикметіне жолығуды аңсап адасуға ғана себеп болады. Әлемдік тарихта да, жалпы дін ғылымында да заңның күшімен немесе насихатпен мұндай төменгі күнәлі ақпараттармен негізделіп қалған, шайтанан болған жындылыққа айналып үлгірген, ақылдың азуын тоқтату мүмкін болмаған. Мұндай жағдайда өзге діні таза мемлекеттер тарапынан соғыс басталып өзара жаулап алумен, қан төгістермен немесе  құдайдың жәрдемімен халық арасынан таңдаулы ескертушілер, тақуалар, ерекше ескертуші қасиеттілердің шығуымен көңіл айнасы арқылы, яғни ұждан соғысымен, қара түнек ақпараттарды ақиқаттық ақпараттармен жағып, босаған орындарды шындықпен толтыру арқылы халықтың рухани оянуын қалыптастырған. Мұндай істердің басында үлкендік жасқа жеткен ақсақалдар, абыздар, билер, даналар, ғалымдар тұруы тиісті. Мұндай  жағдайда Ел ұғымы, елдікті сақтау білімі  маңызды болып табылады. Ел –деген Отан, Бірлік ұғымдарын беріп, Бірлік-«Бір» яғни сандық жүйемен байланысты ұғым деп түсінген жөн. Иман санға тәуелді, санмен анықталатын болса, Ел ұғымы да иманмен байланысты екен хақ. Біздердің «Бір Аллаға» құлшылық ұғымымыз отанмен, елдікті сақтаумен, имандылықты меңгерумен байланысты екені сөзсіз. Енді Ел дегеніміз сандарға тәуелді жарықтық сапасының аспандағы көрінбейтін жұлдыздармен байланысты жер көк аралық мекен, орындары да болып, «Біз» деген тұрақты жарық шырақтарына да тәуелді екенін біле бермейміз. Ел қуатының, парасаттылықтың жер бетіндегі бейнесі, дәрежелері болмақ. Елдіксіз ешқандай бірлік және ұлт болып ұйысып өмір сүре алмаймыз да. Қазақта тамақтанғанда; «Ішіңе ел қонды ма?» деп сұрайды. Біздер тамақты да сандар, сандық қуаттар арқылы қорытып ақпаратқа айналдыра аламыз. Егер арам араласса, онда теріс сандардың күнәнің бейнеленуі болып, таза адал тамақтан оң сандық қуаттардың пайда болуымен иманды өсіріп, бұл өндірген  қуаттар текті меңгеруге жұмсалады. Сонымен қандайда халық болсын елдігі, бірлігі, отаншылық қасиеттілігі де әйелдерге ақ жаулық қуаттылыққа, екі босаға жандық қуатқа да байланысты болу да хақ. Жалпы екі аяқтың, табанның, жыныстың, бастың тазалығынан ғана ұлттық төменгі сана қалыптасады. Ал енді қазақтың қазіргі саясатында мәңгілік тұтастықта, бірліктегі отанын сақтайтын ел болу болғанымен, ал заң жүзінде тұрмыста, ғылымдық, рухани тұрғыда керісінше жағдай қалыптасқан. Және мұндай қарсылықты екіжүзділікпен қорғаймыз да. Білім министірлігінің жастарға, қыздарға оқу орындарында орамалға тиым салуында да осындай тажалдық саясат елдікті, бірлікті ыдырату, алты ауыздың араздығын қалыптастыру ғана тұрғаны да хақ. Және барлық мекемелерде де бас киіммен жүруге тиым салынып, мұндай іспен айналысқандарды «вахаб, сектант» атау да үрдіс алған. Мұны да экстремизммен, тероризмен күрес деген желеу келтіріп, ал шынында тажалдық біліммен байланысты бастың масіхін терістеп бодырмау, інжілдік негізге жалғанбаумен иманды жоюмен, елдікті, бірлікті жоғалтуға, текті аздыруға күресіп жатқан елдердің қатарынынан табыламыз. Ал бұған Құдайдың тарапынан Қараши, «Березовка» елді мекендерінде сынақ түсіп және балалардың, жастардың бас ауруларының артуымен де белгілі болғанымен, мұны ақылмен қабылдату, түсіндіру қазіргі таңда мүмкін емес. Себебі ел билеуші, білімді қоғам басшыларында жете жоқ, өздерінің жазған заңына, кітабына, біліміне және әлемдік тұрғыдағы жындылыққа байланған, кезбелік білімді ақыл деп бағалап оған сеніп дінге айналдырып, яғни негізделіп алып, сондықтан  мұндай ақылдың кемістік жағдайында иманның болуы да мүмкін емес. Ал жоғарғы саналық туралы сөз қозғаудың және қазақ елінде саналы елбасқарушы, зиялы бар деп айтуға болмайды да. Егер ондай адам баласы болса саналық түрде жазылған Абай-Шәкәрім шығармаларын өз бетінше тақуалықпен меңгеруге, санмен құран аяттарымен салыстырып оқуға шамасы жетіп, халыққа да үлгі көрсетер әулиелік дәрежемен байланысты мұндай халықтың жаппай мәңгүрттенуімен, ұжымдық ақылға негізделуімен мал, жанымен соғыс ашқан да болар еді. Қазір көптеген жоғарғы ел билеушілер зейнет жасынан өтіп кеткендерді жастармен ауыстыру керек деген сияқты әңгімелер де шығып жатыр. Бірақ бұл ең үлкен қателік. Керісінше жоғарғы басқару орындарына пайғамбар жасына жетпегендерді мүлде жақындатуға да болмайды. Сонымен бірге тура жол- дегеніміз әрбір адам баласының жеке-жеке «шығара» жұдыздарымен, яғни тәңірлік қуатпен әлемдіқ қозғалысқа 11-жұлдыздары арқылы жеті қарақшы, шолпан, темуршин жұлдыздарына жалғанумен ғана белгілі болмақ. Ғиса пайғамбарымыз қырық күн ораза тұтып сынақтан өтіп жатқан кезде оған шайтан келіп; «Бұл ісіңді доғарсаң мен саған бар әлемнің байлықтарын сыйлар едім» дегенде; «Адам баласы тек дүние байлықпен ғана өмір сүрмейді, Құдайдың сөзімен де азықтанады» деген екен. Олай болса дүние байлықтың соңына түсіп, шектен шығып, құдайдың рухани азығын ұмытуға шайтан жәрдемші болатыны да хақ. Қазақ елінің рухани жайылымы, өрісі қара түнекпен, жалған ақпараттармен құранға қарсы пәтуалармен ұлттың жаның аздырып, дәстүрін жоғалтуға негізделіп алғаны да сөзсіз. Тазалық болмаған жерде иман да жоқ, сенімге де жалғандық еніп жоғарғы ақыл-парасаттан мүлде ажырауы да хақ. Қияметтік сын сағатының сынақтары деген жазбада; Ержан Малғажар ұлын, Қайрат Жолдыбай ұлын, Махмуд Фахмит Хижази, Шамшудин Керім Тұрсын ұлы, Амангелді Еренғайып ұлдарының тура жолда ма екенін тексеру үшін ішкі ақыл, имандық қуат сарайларының тазалығын аруақ арқылы тексеріп, олардың мүлде ағзаларының ауру екенін, мұндай жағдайда тура жол түгіл ақылдарының да толық болмайтынына, иман қуаттарымен, тектермен  жалғанып, сенімдерін де тазарта алмайтынына, теріс пәтуа берумен адасуға түсудің қаупі зор екеніне дәлелдер келтіргенбіз. Сол деректерден аз ғана хабар бере кетсек; «Қайрат Жолдыбай ұлы. Аруақтан ақ бата; «Бас сақинасы бар. Белден төмен табанға дейін жансызданады. Қарақұстан тартады. Омыртқа бойында 3-омыртқа арасында су толған. Сабырлық бар бойында. 7 жаста аянмен жетекке алған. Көріпкелдік қасиет бар; 3-ші әжесі мен нағашы да осындай қасиетті болған. Асқазан тек дәрілік шөппен ғана жұмыс істеп тұр. Көп шөлдейді. Болжамдық қасиет бар. Құл Қожа Ахмет Ясауи баба аянмен бата берген. Шеше алмады. Жан ұяда өсіп-өнген тұқымнан. Ұлының, шырайының басы қатты ауырады. Екі қуыққа дем салу керек.  Түйін бар.». Ержан Малғажарұлының; Сопылық, тақуалық болмысына үңіліп көрсек; « Басы ауырады. Өңештен көп мазалайды. Екі табан сыздайды. Оң жақ бүйрекке суық тиген. Өт жолы арқылы келетін сұйық жүрек қалқанша безін кеңейткен (ісініп тұр). Көк тамыры ісінген. Асқазан қышқылы көбейген. Тырысқақ ауруынан жазылған. Көк түсті ұнатады. Қол-аяқ сырқырайды. Қуықта түйін бар. Бауыр перделері ыдыраған. Халық назасынан абай болу керек!. 42 әулие басына зиярат, 3 рет қажылық 17-жылда. 7 рет аянмен ескерту алған. Сәжде түрін жетілдіру ілімінде іздену абзал. Қосағының жатырында кеселі бар.» МАХМУД   ФАХМИ   ХИЖАЗ«Желке тартады. Қуық бездеріне дем. Бауырын, өт жолын тазарту керек. Көз әйнегін ауыстыру керек. Кеңсірікке дем. Сол жақтан кейде ұстайды, қиналады. Жүректе шаншу бар. Қолы ұйып қалады. Жамбыл ата қолдап тұр. Шешендік қасиет бар. Парсы тілін меңгеру керек. Асқазанға дем.Саясатқа бейім. Оң жақ білекте ауыртпалық бар (Яғни інжілге қарсы болған) Қызының бойында өнері бар. Екі иықта ауыр жүк тұр». ШАМШУДИН КЕРІМ ТҰРСЫН ҰЛЫ;«Ұйқы безіне дем. Сол жақ бүйрекке дем. Шаншу қадалады кейде. Сол жауырында  (тіл, көз) қадалып тұр. Алқым тұсқа дем. Ауыз құрғаған, шөлдейді. Бақсылық қасиет бар бойда, ашуға салмау керек. Басы ауырады. Екі бүйректен кейде қысады. Діл мен діннің айырмашылығын анықтау керек. Тура жолың бақ жол болар. Екі шеке қысады. Кеңсірікке дем. Майлықожа атаның қолдауы бар. Ішкі құрылысты тазарту керек. Сабырлық бойға. Омыртқа бойында (қаралық) тұр. Сол жақ шекеге қандай зақым болған? Бел ауырады. 4 аймақта болған. Табиғатты жақсы көреді. Болжампаздық қасиет бар, табиғат сырлары туралы. Сол жақ қолға не болған? Екі құлақ кейде шыңылдайды.» Бұл ақпараттар осыдан бір жыл бұрын алынғанымен, қазіргі таңда емшіліксіз, тылсымнан аруақтардың көмегінсіз, туған жер отанының ойпаттарын аралап зияраттаусыз  өзінен-өзі ақталып, тазарып кетуі мүмкін емес. Ал емдеуді, дем салуды қажет ететін ауру бар жерде тағдырында ақталмаған  күнә да бар, жүректе тазармаған  жын қуаты да болмақ. Ал күнә бар жерде қанның таза болып иманның да қатар тұруы мүмкін емес. Қазақтың осындай дін ғалымдарын, пәтуа беруші халықтың рухани өміріне жауапты ел билеуші , дін ғалымдарының мұндай ішкі сарайларының ауруымен иман да, жете де қалыптасып құранды түсініп, Раббымыздан хабар алулары мүлде мүмкін емес. Сондықтан да бұлар аян туралы насихаттан, аяттардан Раббымызға жолығып тілдесуді мүлде жоққа шығарып, құшылығынан бас тартып керісінше пәтуа береді. Демек сенімділік шапандары, сыртқы бой өрістері де жамау-жамау екені де хақ. Олай болса саналықтың және ар өрістерінің болуы да мүмкін емес.   Енді елбасшымыздың тұрақты, өзгермеген жәрдемшісі және осындай рухани сынақтың барлық кезеңдерінде кеңесші және қазақ елінің қауіпсіздік істерін басқарған;  Нұртай Абықаев мырзаның мұндай ақпараттарды меңгеруге байланысты рухани қабілеттілігімен салыстырып көрейік; «Қара құсқа дем. Оң жақ құлаққа дем. Алқымға дем. Құлақ шыңылдайды. Аяқ-қол сырқырайды. Бақсы аталары қолдайды. Аянмен жетелейді. Бекет атаға бару керек. Екі шеке қысады. Жауырында қадалып тұр. Тілерсек тұсқа не болған. Сол жақ бүйрекке дем. Бойда әлсіздік бар. Екі жанарға дем. Тізе ауырады. Омыртқа бойында тұр. Сол жақ қолына не болған? Төбесі кейде қақ жарып ауырғандай болады. Ұйқы безіне дем 21 күн ем алу керек ордадан!» Нұртай мырзаның дендік саулығы жоғарғы дін мамандарының ахуалынан он есе жоғары десек қате емес. Тек ата жолына, қазақ дәстүріне сенімі болмай осындай сыртқы сенім шапанын тестіріп қара жын қуаттармен жүктеліп алған. Бас киімді кимеуден төбенің ауруы да сана қуатына байланысты екені сөзсіз. Және тез арада тылсымнан хабар алатын ақпараттар жүйесіне жалғап, ұжданын қалыптастырып мал, жанымен соғыса алатын дәрежеге жетуіне де және мұндай өтпелі кезеңге лайық дұрыс шешімдер қабылдауына, өзінің бұл салада жіберген қателіктерін түзетуіне де мүмкіндігі бар. Ел билеушілер арасындағы жетелері жоғалмағандарды осындай  тазару, ақталудан міндетті түрде өткізіп, аруақтың батасына, аянына жалғау елімізге төнген мұндай бүліншіліктен, ақылдың азуынан, надандық түнектен құтқаруға жол ашары да сөзсіз. Бірақ ата жолында қамшы ұстауға, ордаларда емшілік істерін меңгеруге тиым салып қудаланудан қазіргі таңда қазақ елінде ата жолы деген аты ғана қалғаны да сөзсіз. Бұл да ел биліктің қолдан ұйымдастырған әлемдік тұтастық түгіл, туыстық тұрғыда елдің өзара қуат алмасуын, жер ана ақ бұлақ ошақтарының көзін жауып халықты жер ана емшегінен, рухани кіндігінен, елдігінен ажыратуға себеп болғаны да хақ….(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихатын, кітаптарын және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен,  қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *