XXIII- Ел биліктің дін саясаты және экстремистік пиғылдар                         Қазаққа қасірет қайдан келген?

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 52

«Біз – тегіміз түрік, дініміз – ислам екенін ұмытпауымыз керек. Олүшін, қасиетті кітап – Құран Кәрімді насихатауды естен шығармауымыз керек.». Н.Ә.Назарбаев.

Ел басшымыз мұны қазақ зиялы қауымына, ғалымдарға, дін ғалымдары мен имамдарға, заң шығарушы лауазымдыларға, құқық қорғау мекемелеріне арнаған жолдауы деп түсінуміз де керек. Ал енді қазақ қоғамында ел билеушілер, заңгерлер, зиялы қауым өкілдері ұлттың бірлігін қалыптастыруға жұмылған болса, онда ел басшысының әрбір айтқан жолдауын насихатын талқылап мұны заман талабына сай деп тапса, дереу орындау үшін заңмен бекітіп іс-әрекет  амалға да айналдыра білу керек. Ел басшысының дәрежесін, абыройын құрметтеп көтере білген елде татулық, бірлік, рухани өркениет те болмақ. Бірақ іс жүзінде қазақ елінде қоғамның тұрмысында неге исламның құлшылықтары түгіл құранның ашық аяттарына, жаратушы берген үкім парыздарына қарсы заңымыз, гендірлік саясатымыз, салтымыз, дін  ғаламдарының қарсылық пәтуалары барын ақылмен түсініп білмейміз. Кейбіреулеріміз жетелігіміз жетіп білсек те мұндай надандыққа тиым салуға, ата дәстүрін қолдауға егемендік алғаннан бері бірде-бір заң қабылданбағанын, ата заңымыздың мазаққа тек сөз жүзінде ғана бар екенін қалай түсінеміз? Өз басым тегіміз түрік, қанымыз қазақ ретінде өз елімде еркін өмір сүрмек түгіл дәстүрімді ұстану үшін үнемі қарсылықтарға кезедесумен, заң тұрғысынан  дәстүрімді дәріптеп шығармашылықпен айналысқаным үшін қудаланумен дінші жастардың тарапынан «сектант» аталып, мұндай зұлымдықты  зиялы қауым ақпарат өкілдері тарапынан да қолдау тапқанын қалай түсіндіреді ел билеушілер?  Және мен бұндай ата дәстүріме, оған негізделген ата заңыма сүйеніп, өзімнің азаматтық құқымды да ешкімге шағым айтпай неліктен қорғай алмаймын? Егер ата заңымыз өз дәрежесінде жұмыс істейді десеңіз, онда біздер тегіміздің түрік болып, қасиетті құранмен тура жолды меңгерген әулиелеріміздің еңбегін халыққа таратқаным үшін тылсымнан Раббымыздың халыққа ескертуге берілген түрлі дерттердің себебін таратқан көмекшілерімді, шәкірттерімді соттап айыппұл салып, түрмеге неге қамайды? Сол сияқты халықты арамнан тазартуға, арақ, темекісін қойдыруға, дәрігерлерлік медицина тарапынан  емделе алмаған ауруларын, рухани емделмеген дерттерін ақысыз емдеуге неге тиым салып,  Құдайдың берген нығметін, қасиетін пенделердің алдында қорғап олардан ұлықсат қағаз алуға мәжбүрлейді?

«Өлі риза болмай тірі байымас» деген бабалар аманатын, құранның үкімін, парасат қуатының жұлдыз сәулелерінің жер бетіне түсетін ошақтарына зияраттап, құрбан шалып, қуат алмасуды, әлемдік қозғалысқа үлес қосуға тиым салып; «сектант» аталып, өз елімізде жапа шегіп жүргенімізді кім көріп кім қорғайды? Ата заң бар ма қазақтың ұлттық сипаттағы меншігінде? Жоқ, себебі дәстүріміз сөз жүзінде айтылғанмен оны іс жүзінде ұстану мүлде мүмкін емес. Ақпараттық орындардан арсыздық, ұятсыздық ашық көрсетіліп, ең үлкен байлығымыз нәзік жандыларға ақ жаулық қуатын меңгеруге заңмен тиым салып және заң тұрғысында қудалуға ұлықсат берілсе мұндай елді Ар білімі мүлде болмайды. Ар, ұяттылықты жоғарғы ел биліктің тарапынан, ақпараттық орындардан міндетті деп заңмен қорғалып сақталмаған жағдайда, онда біздер тұтастай түнек күштерінің ықпалындағы ел екенімізге дәлел де болмақ.  Ал Алла тағаланың құдіретті сипатын, жарығын,  ар сауытын, өлмейтін денені  қалыптастыру үшін  саналық өрісті жетілдіріп, тылсыммен байланыс қуатын меңгеру керек. Сондықтан да 4 ақылды меңгеріп, бір ақылға жүйеленген есітілікті қалыптастыру үшін де яғни жетелік ақылды толық меңгеруге, саналық өріске  жалғануға, ата-баба аманатын ұлттық дәстүрін сақтауға, әйелдерге міндетті ақ жаулық, етек, ерлерге қазақ дәстүріне  сай киіну де керек. Бас киім болмаған жерде Сана жоқ, екі күн (чакра) өз мәнін жоғалтады. Мұндай жағдайда 6-шы күнге (чакраға) байланысты маңдай тағдырлық қуаттың тазармауынан түрлі қайғы-қасіреттердің себепшісі болатын қаралық, түнек күштердің үстемдігін қалыптастыратын өрістік бейненің пайда болуына соқтыратын; яғни жалаңабас әйел, еркектің басында сегіз аяқты қаралықтан шаяны (осминог) киімі болады. Мұны саналық пайымдауға, нұрға қарсы тұратын ібілістің кигізген тәжі деп түсіну керек. Және мұндайлар қулықпен, дүние істерін жетік меңгеріп, байлықтың соңына ерітіп қоюмен баю жолында қандайда бір арсыздықтан, зұлымдықтан тайынбайтын әрекетті меңгеруге «шапка монамаха» деген қара түнектің бас киімін киіп, ақыл-ойы тажалдық басқаруда тұрумен белгілі болмақ. Мұндай жағдайда ақылдың маңыздылығы жоғалып, сөзді түсіну қабілеті де болмай  және бастың тазалығы сақталмаған жағдайда барлық тәннің ағзалары өз міндетін қалыпты орындауы да мүмкін емес.  Қазақ дәстүрінде бас киімге қарап үлкендіктің қоғамдағы алатын орнын, ақылдылғын білетін болған және солай киіну де дәстүріміздің бұлжымас заңдылығы болғаны да хақ. Ел билеушінің арнаулы киімі де болғаны хақ. Жалаңбас хан, патша тарихта мүлде болмағаны да сөзсіз. Сонымен біздің қазіргі таңда ең басты байлығымыз, түркілік бірліктің, әлеммен үндестікте тұтастықта болумен махаббат қуатын меңгеретін ақылымыз бен иманымызды шет елдің салтына айырбастап жіберген, білімге ғана табынып ойдан шығарған заңның құдіретіне шоқынған мисыз, ойсыз, парасатсыз елге айналып алдық.

Сонымен ел басымыздың жолдауын құранды насихаттау үшін де алдымен біздің тіршілігіміздің адамгершілік негізде өмір сүрумізді қалыптастыратын даналықтың негіздерін, тектік өмір ағашымыздың қағидасын да біліп амалын, намаздарын орындай білуіміз де керек. Ақылдылықтың басты белгісі қатесіз, тіл мен ойдың арасын бөлмей көркем сөйлеу білумен ерекшеленбек. Ал мұндай тұрақты қалыптасқан қасиеттердің тұрағына айналған тектілікті меңгеру үшін де әрбір жаратылыс нәрсесінің қасиетін, ішкі зайырын, сапасын анықтайтын, бейнелеп сипаттайтын сөз атаулары ұғымдарын замандық қозғалысқа, білімге қарай бейімдеп тазартып, ұғымы ескірген атауларға жаңадан аттар қойып отыратын философиялық мектебіміз болу керек. Жалпы біздер сөз өнері, тіл білімі арқылы ғана қандайда бір замандық құбылыстарға өз көзқарасымызды айқындап, ізгіліктің жолын таңдап, онымен амал қыла аламыз. Ел басымыздың мәңгілік ел болудың жолдауының маңыздылығы да тек қазақ ұлты ғана емес, бүкіл мемлекет тұрғыдарының ұлтына, руына, жыныстық, кәсіптік, салттық ерекшеліктеріне қарамай бірлікте тұтастықта болуымен айқын болмақ. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол, атаның баласы – дұшпаның, адамның баласы – досың болар» деген қазақ даналығында. Адам денесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін барлық ағзалардың, дене мүшелерінің бір-бірімен тығыз байланыста тұруы да табиғи қажеттілік. Сондықтан қазақ елі түрлі ұлттардан тұратын қауым, халық болып, ортақ мақсатымыз болып, елдікті сақтау, бірлікте, тұтастықта болу мемлекетіміздің даму жолындағы өмірлік сұранысы болып табылады. Ал мұндай сұранысын өтейтін қоғамдық, әлеуметтік мектебі бар ел ғана шексіз бақыттылықтың жолына өздерін бағыттай алады. Мұндай жағдайда біздерге бүгінгі күннің дүниелік жетістіктерінен бұрын ата-бабаларымыздан қалған аманат мирастар, рухани құндылықтар ерік жігерімізді қалыптастыратын, ақылдың дамуына жол ашатын шынайы әдеміліктің, ізгіліктің, игіліктің қайнар бұлағынан сусындай алатын адамзаттық ғылымымыз болу керек.

Біздің қоғамда өкінішке орай мұндай шынайы өмір қағидасына қарама-қарсы сипатта дүниелік қуаныштарға бейімделген, қысқа сезімдік ақылға негізделген, белгілі бір мезгілдік сырт көзге ізгілікті және әдемі болып көрінетін қылықтармен әрекеттерді заң жүзінде қолдап, белгілі бір күндерде мерекелік немесе көңіл аулаушылық, өзге елдердің алдында көрсетуге мақтан үшін, бір-бірімізге жағымпаздық тұрғыда көрінісін беріп, шын мәнінде ішкі зайырлығынан жұрдай істерді игілік деп қабылдайтын болдық. Жоғарғы дәрежелі ел билеуші ақылдылықтың, даналықтың, парасаттылықтың үлгісі болып, осы игілікті меңгерудің саясатын жетік білу қажет. Және жоғарғы ел билеушінің қасында шынайы өмірдің үлгісі болып ғасырлар бойы сыннан өткен салт-дәстүрдің құндылықтарын көздің қарашығындай сақтауға жол сала білетін және мұны халықтардың арасында насихаттап орнықтыра білетін қаракеттерді жүзеге асырушы уәзірлері де болуы керек. Саясат ақылды жетілдіру мақсатында болса ғана, елдің бірлігін қалыптастыруға негізделеді. Мұндай жағдайда өткен тарихтан, шежіреден ғибрат алып, халықты шексіз бақытқа жеткізуге тура жолын табуға мұрындық болып, заманға қарай өмір салтын қалыптастыруға құдайдын беріліп жатқан хикметті белгілерінің мәнін түсініп, амалын, әрекетін жасай білетін билік қана-ізгілікті билік болып саналады. Мұнымен айналысқан барлық қызметшілер де ізгіліктің қызметшісі санатына жатады.

Бірақ қазақ елінің билігінің саясаты ең басты мақсаты ұлттық шежірелік құндылықты шексіз бақытқа жетудің жолын ұстана алмай, сырттай қарағанда халықтың тұрмысын, әл-ауқатын, дүние байлығын арттырумен шаруашылығы дамыған елдердің өнеркәсіптік өнерін меңгерумен бірге мәдениетсіз қылықтары мен түрлі ар-ұяттан жұрдай қабілеттерді меңгеруге жол беретін құдайдың үкіміне де қарсы гендірлік, шексіз еркіндік «демократия» деген саясатты қабылдап, заң жүзінде халыққа орындатумен; мәдениетсіз, арсыз, бақытсыз қоғамды қалыптастырғаны да хақ.  Сырттай қарағанда осындай арсыз мәдениетіміз ұқсас елдердің сарапшыларының пайымдауымен және мұндай жағдайда тобырлық ақылға негізделген халықтың да алдында игілікті болып мәңгілік ел, шексіз бақытқа жетудің жолын таңдадық дегенмен, мұны жүзеге асыруда зұлымдықтарға түсіп, ақыл-ойымыз шектеліп, тек заңмен ғана өмір сүрген халықта ішкі рухани еркіндіктің, ойлау қабілетінің жоғалып, жануарланып алып, шектелуге түсуді ғана қалыптастырумен айналысып жатқанымызды аңғарудан да қалдық. Сондықтан мұндай ел билеушілер мен зиялы деп аталған қоғам мүшелерін; көргенсіз, білімсіз, жетесіз, имансыз саясатты ұстанушылар деп атасақ жалған емес. Демек біздің ел билеушілердің қалыптастырған ұстанған саясаты мәдениетсіздік пен арсыз қылықтарға жол беретін болса, азаматтық, адамгершілік ғылымның жоғалғанын білдіреді. Мұндай жағдайда ел басымыздың; «Біз – тегіміз түрік, дініміз – ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап – Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек» деген жолдауының іске асырылуы мүмкін де емес. Себебі мұны іске асыруға тиісті дін ғылымы мен философия мектебінің дәстүрмізбен бекіген ізгілікті әрекеттерді өздері мойындап, намаз амалын орындамағанын былай қойғанда,  исламдық тұтастықты қалыптастыратын дін шариғатымыздың пайғамбар сүннеттерін орындаудың ізгілікке толы айқындалған көзқарастарының көбінен масһаб біліміне сүйеніп бас тартқанымызды да аңғармаймыз. Дін ғылымының екі негізден тұрып; 1. Адамзаттық, адамгершілік негіздегі көзқарастарды қалыптастыру; 2. Адамзаттың заманға қарай бейімделуін, қылықтарын айқындау білімі болу керек. Бірінші жағдайда масһаб,шариғат білімін жетілдіру арқылы діннің мән-мағынасының аясын кеңітіп түсіндірумен адамгершілік әрекеттерді дәлелдеп, құлышлық амалына енгізумен айқын болмақ. Ал екінші жағдайда; Дін жолын қуушылардың қылықтарын, іс-әрекеттерін, қылықтарының шынайы өмірге, бақыттылыққа апаратындығына, шындықтың жағдайын айқындауға мүмкіндік алуымыз керек.

Қазақ ел билігінің саясатында бұл мектептердің негізінде бірінші жағдайда масһабтық дін муфтиятымыз болса, екінші адамзаттық ғылымды қалыптастыруға философия мектебі мен ұлтымыздың шежірелік тарихи құндылықтарымен бірге басын қосып, ұлтымыздың табиғи қасиеттерін қалыптастыруға, әлемдік бірлікке тұтастықа жол ашатын ізгілікті дінді қалыптастырып, заманның ақиқатын айқындап беретін дін істері мекемесі құрылған болатын. Дін істерінің мекемесі арқылы ізгілікті діннің теориялық және тәжірибелік мектебі қалыптасуы керек еді. Теориялық тұрғыда дін ғылымы мен философия мектебінің тұтастығын қалыптастыру арқылы мешіт имамдары, дін ғалымдарын дайындауды философия мектебі қолға алып, халқымыздың руханиятының тұтастығын, сөз ғылымының да бірлігін қалыптастыру керек еді. Мұндай жағдайда дін муфтиятымыз өз мәнінде халыққа еліміздің философиялық құндылығы мен дін құлшылығын үйретуші мектебі болып қалыптасуы керек.  Бірақ қазіргі таңда дін масаһабымыз шет елдің салттарын ұстанып, дәріптеп, діни топтарының біліміне жүгінумен өзінше бөлек саясат ұстанып,  жартылай дәстүрді мойындап, қазақ сөз ғылымына қайшы, ақылдың жетілуіне кедергі, тосқауыл болатын сөз атауларын, түсініктерін енгізетін мекемеге айналып, мұндай екіжүзді руханият қызметшілерінің заңға шоқынған ел билеушілердің мүддесімен ғана әрекет ететін қол жаулығы болғаны да сөзсіз. Сондықтан да қазақтың бүгінгі ел билеу, білім беру саясатында ақылдың маңызы мүлде жоғалып, тобырлық ақылға негізделген қоғамға айналып алып, өзімізді мәңгілік елдің тұрғынындай сезінгенмен, іс жүзінде иман, ақыл тұрғысында мүлде басқашамыз. Қоғамдағы ел тұрғындарының өзін-өзі тану ақылын еркіндікке шығарып басқарылуын қамтамасыз етпек түгіл, ішкі дүниеміздің иманымыздың қалай пайда болып, қандай жағдайда жоғалатыны туралы дайын білімді Абай-Шәкәрімдей ғұламаларын тікелей оқып түсіне алатын саналы ел билеуші, ғалым мүлде жоқ деп айтсақ жалған емес. Мұндай тәжірибелік философия мектебінің негізі қазақ елінде ата жолы болып қалыптаса бастаған да еді. Мұны Абай атамыз; Құдай ісі деп атаса, Ясауи бабамыз құранның аяттарымен әрбір заманда ашылатын хикметтерін ғылыммен байланысты санмен белгіліп, дәлелдеп те кеткен еді. Енді бұл теориялық білімді біздер тәжірибелік философияға айналдыратын әлемдегі алғашқы ел болып құдайдың нығметіне бөленгенмен, дүние тіршіліктік игіліктің соңына түскен ел билеушілердің ақылының қабылдауға шамасы да жетпей қалды. Халықтың артық хайыр жасап, рухани сүннеттелуден өтуін, кітаптарына жалғануын «секталық» деп атап, дүние байлықпен өлшеп, құдайға қарсы шығып, кітаптарына, хикметтеріне ашық жала жапқан елге де айналғанымыз сөзсіз.

Мұндай жағдайда философия мектебінің және оның шәкіртерінің қоғамдағы барлық ақпарат орындарын басқарғанмен, сөз құндылығын қазақ дәстүрін меңгермей, дін ғылымын меңгеріп зертеуге шамалары келмей бәсеке, бақастық туғызып, құранның насихаты сұқбат арқылы бірігуді қалыптастыра алмай, ілімге ғана негізделген ақылсыз жастардың жалған даналығына жол берілді. Қазақтың рухани білімінің тұтастығының бөлшектелуіне жол ашып қойғаны да сөзсіз. Мұндай жағдайда білімге ғана негізделген даналықтың, ғалымдықтың пайда болуымен ақыл-ойдың бірлігін қуатын қалыптастыратын парасаттылықтың мәнін жоғалтып алдық. Парасаттылық ұғымы және оны меңгеру үлкендікке жеткен ақсақалдардың меншігі болып, діннің ізгілікті айқындалған көзқарастарын, шариғат қағидаларын меңгеруінсіз мүмкін болмайтыны ескерілмеді. Сондықтан білімге ғана негізделген, парасатсыз  даналықтың ел билеуде, халыққа жол сілтейтін жоғарғы ақыл беруші орындарда құрметтеліп, дәрежеленіп керісінше тіл мен ойдың арасын қоса білген тұлғалық саналыққа жетудің маңызы мүлде болмай қалды. Парасатсыз  аспан мүліктернің қуатына жалғанбай ешқандайда ғылымның, діннің де заманның қозғалысына сай әлеммен біртұтастығын қалыптастыру мүмкін емес. Керісінше теріс білімді «экстремистік» пиғылдарды қалыптастыруға жол ашатыны да сөзсіз. Ондай мектебіміздің қалыптасқаны Серия мемлекетіне қашып барып соғысып жатқан ұл-қыздарымыз осы жағдайға, надандықтың жолын таңдағанымызға, ел билеудегі ізгілікті сипаттың екі жүзділігіне  ашық дәлел екені де хақ. Бұлай айтуға да ежелгі замандағы хандарымыз, билеріміз ешқандай хат таныған білімдері болмаса да адамгершілік негіздерді сақтаумен, ізгілікті биліктің жаршысы болып, мұндай замандағы елдің бірлігін, дәстүрін яғни отанын сатқан опасыздыққа жол бермеген.

Дін ғылымдарына да ел билеушілерге, зиялы қауымға, ғалымдарға ортақ ұлтты бір мақсатқа мүддеге тоғыстар алатын, парасаттылықты қалыптастыратын елімізде азаматтық ғылымның, яғни тәжірибелік философия мектебінің қалыптасуына кедергі болып қана қоймай, бүгінге таңға дейін заңмен тиым салып, құдайдың ай құрғатпай апаттармен, азаптармен, төтеннен келген ажалдармен ескерткен белгілеріне де мән бермей «Нұрлы жол» деген бағдарламаны қабылдап, енді осымен мәңгілік ел боламыз деген тамырсыз ұлт боламыз дегенмен бірдей екені де хақ. Ата дәстүрміз заң жүзінде жарғы болып бекімей, тәжірибелік философия мектебінің негізін қалап, патшалықпен бірге сұлтандық рухани басқаруды қалыптастырмай, бұл жобамыздың толық жүзеге асуы да мүмкін емес. Біздер парасаттылықты өзіміз қалыптастыра алмаймыз, мұны белгілі дәстүрлік амалдарды орындау арқылы күнәмыздан ақталу мен тағдырымызды да тазартып қайта бағдарлама жобасын алуға Құдайдың өзі қолы болған; «Біздерге» жалғанып, кітабымызды алып, әлемдік тұтастықты қалыптастыруға діндердің барлық саласының бірлігін исламды қалыптастыруға, адамзатты исламға топ-тобымен кіргізетін тура жолын тапқан мәңгілік елге айналу мүмкіндігімізді айдан-айға, жылдан-жылға шегеріп тажалдық білімнің ықпалынан шыға алмай отыруымызға кімдер кінәлі деп ойлайсыз?

«Мұхаммед саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларында Алланың өзіңе түсіргенмен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айрылып, олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларыңда сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48) Бұл аятпен шариғат, масһаб және философия мектебіміздің әлемнің құрлымы мен адамгершілік негіздерді сақтау білімі айқындалған тұрақты көзқарастар жүйесі болатын ескертеді. Және біздер ұлттық өзіміздің дәстүрлік дініміздің орнына масһаб білімін, өзге елдер намаз орындау салтын алатын болсақ, онда сол ұстанған елдермен біртұтас үмметке айналамыз. Бұл жаратылыстың себебіне заңына мүлде қайшы болады. Сондықтан әрбір адам баласына Раббысынан жол-жоба болып, кітабы оқылып, мұны шындық деп атап, осы арқылы біздің ақиқатты меңгеруміздің түсінігі қалыптасуы керек. Ал ақиқат дегеніміз әрбір адамның білімділігі мен табиғи қасиеттерінің, таланттарының арқасында Раббысынан шындық аянын, жол-жобасын алып көз жеткізген өмірдің шындығы деп түсіну керек. Сондықтан ел билеуші мен төменгі жұмысшының білімі, дін ұстаным шариғаты, сенімі, имандылығы бірдей болғаны мен парасаттылығы, ақиқатың негіздерін меңгерулері  бірдей болуы мүмкін емес.

Жерді даналықпен жаратып, онан парасаттылықты жарыққа айналдырып көкке шығарып ерекше қорғап есігін мықты күзеттіріп қойған. Мұны Алланың ғаршысы, аспан мүлкі деп атаймыз. Аятта; «Ол сондай Алла көктерді тірексіз көтерді; көріп тұрсыңдар. Сонсоң ғаршыны (парасатты) меңгеріп, күн мен айды іске қосты. Олардың әрбірі бір белгілі мерзім үшін жүреді. Бүкіл істерді Ол, жолға (жұлдыздарға) қойып, аяттарды ашық баян етеді (уахи, аянмен көрсетеді) Әрине Раббыларыңа кездесетіндеріңе нанарсыңдар.» (13-2) Олай болса масаһабшылардың, «Пайғамбарымыздан кейін Раббымыз адамдармен тілдесуді доғарып, шындық келлмейді, аруақтар хабар беріп Раббымыздың аятарын, кітаптарын оқымайды, парасаттылыққа жалғану тоқтады, мұны тек бізден үйренесіңдер» деген пәтуалары Аллаға, аяттарына ортақ қосып, құранды теріске алып дінді мазақтау емес пе? Ал қазақ дәстүріндегі ата жол аталып, аруақтармен тілдесуді меңгеруге, Раббымызбен кездесуге нанып, халыққа жол-жобасына жалғануға біздердің осындай даулы дін тұрғысында өзара таласқан нәрселерімізге Алла достарының батамен насихатын жеткізіп жатқан шындықты құран аяттары растамай ма? Аятта; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Шын жүзіне келсек біздердің ата жолында жазылып жатқан жазбалар, әулие бабаларымыздың аруақтардың батасымен жазылып жеті жарғының да жобасы берілгенмен, бұған нанушы ел билеуші, білімді қоғам өкілдері аз ғана.  Себебі жетелері жабылып, әлемдік тобырлық ақылға негізделіп, енді құдайдан қандай белгі түскенмен, ертеңіне дүниесін, байлығын түгелдеп еске алса болғаны, түбі өлетіндерін де ұмытып қалады. Сондықтан, «…Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» деген  үкімнің қазақ елінде қалай орындалып болашақта болатын уақиғаларды тарқатып көрейік…(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихатын, кітаптарын және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *