II- МАХАББАТПЕН ПЕН ҒАШЫҚТЫҚТЫҢ АЙЫРМАСЫ

Бөлім: Махаббаттың ұғымдары 157

Пайғамбарымыз; «Алла тағала адамзатқа   махаббаттың 100-сипатын жартып, оның бір сипатын ғана әшкере көрсетіп қойған» ден ескерткен екен. Ал Абай атамыз; «Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса тәңір үшін…Махаббат- өмір көркі рас, Өлген соң, ол да үндемес. Махаббатсыз дүние дос-Хайуанға оны қосыңдар…Жүрегі жұмсақ білген құл Шын дос тапай тыншымас. ..»

Сонымен махаббат деген шынай достық-шын досыңды табумен ғана нәтижеленетін білген абазал. Ал енді пайғамбарымыздың ескерткен адамзатқа көрсетіп қойған әшкер махаббаттың сипаты қандай?,-деп сұраңыз. Ол-махаббатты аналық махаббат, деп атап бұл шынайы әсем махаббаттан ғана барлық махаббатың сипатары да өз жемісін беретіні және Құдайдан сый ретінде болатыны да хақ. Ал ананың балаға деген махаббатын дәлелдеп, бейнелеудің түке де қажеті жоқ, анасының ақ сүтін еміп өскен жер шарының бар тұрғыны жақсы білуі де керек.

Бірақ бұл махаббат, бір жақты ғана. Неге десеңіз бұл құдайдан келген ғана сый болып, құдай бала бермесе махаббат қайдан болсын? Ал, баланың өз анасына деген сүйіспеншілігі, ғашықтығы махаббат емес. Себебі анасындай қандай да бір қиныдығына төзіп, ешқандай ақы төлем қажет етпей қабағын шытпай жақсылық жасау тек ер жеткен есті адамзатың мыңнан бірінің ғана қолынан келеді. Діннің де негізгі қағидасы анаға деген, құлшылық-шүкіршілік арқылы ғана әкеге жақсылықпен, сосын ғана қалған жаратылыс себептеріне шүкіршілік жасау маңызды екенін де білген жөн.

Ананың балаға деген махаббаты- құдайға шүкірлік жасау, құлшылығының адамзат үшін ең биік шыңы болып, бұл махаббатың сипаты ананың ақ сүтімен қызға- діл болып, ал ұлға- қан тек болып беріледі. Анасының уызынан қанып емген және текті тәрбиелі ғана анадан туған ұрпақ қана осы асыл қасиетті жетілдіріп, ғашықтық егінін өсіріп махаббатқа айналдыруға шамасы келмек. Қазіргі таңдағы жастарымыздың отау құра сала, қайта ажырасып жатқан тұрақсыздығы, әлем халқының да некеде азуы да, аналар қанының азуынан, құдайлық махаббат негізінің әлсіздігінен пайда болып, ұрпақтан ұрпаққа өтіп, қанмен егіліп жатыр десек жалған емес. Халық арсында түсік тастау, баласын далға тастап кету сияқты әйелдер қатігездіген жалпы қоғамдағы өз ара туысқандық, сүйспеншіліп, ғашықтық сипатары да әлсірей беретіні сөзсіз.

Ал енді біздің жалпы ақынымыз бар, жазушымыз бар, жастарымыздың да махаббат деп, әндетіп жүрген ғашықтықты қалай түсінеміз? Мысалы мен білетін махабатқа ер азаматардан гөрі, қыз жүрегі тез бейімделіп, махаббатың дәмін де ерден көрі бұрын сезетін де нәзіктер қауымы, яғни әйелдеріміз. Ақылға, сабырға махаббат тікелей тәуелді. Ал ғашықтықта ақыл да, сабыр да болмайды. Ердің ақылы тек қырқа толуымен 41-жастап бастап қан шынайы махабат сезіміне бөлене алады.  Осындай ерте жетілетін бір нәзіктердің ер азаматқа қоятын талаптарынан үзінді беріп, ғашықтық ұғымын талқылып көрсек; «Абайдай дана бола аласыз ба? Махаббат сырын ұға аласыз ба? Тоғжан деп мені сүйе аласыз ба?»  дейді бір нәзік. Жарайды Абайдан дана болмағаныңмен оған ұқсауға тырысуға болады. Бірақ менің шешем Абайдың шешесіндей дәретсіз мені емізе алған жоқ. Өтер іс өтті. Сондықтан махаббат сырын енді екеуміз бірге ұғынуға, тағдыр сынағына бірге түсіп көруге келісер ме еді? Және мен Тоғжандай қылып сүю үшін, сол анамыздай бола алады ма екен? Тоғжан анамыз, білегін де бөтен еркеке көрсетпегенін біле ме екен нәзік жандылар? Және қаны таза әйелдің ерінің де санасын тазартып, шын махббат құруға жағдай әйелдерден болатынын білесіңдер ме әйелдер қауымы? Басты жабуға да, кешеге дейін ерініп, қандарың азып, енді күйеуге тигесін ғана амал жоқ қымтанғаннан, тазаруға, тақуалық құруға, тәубеге келуге құлқың жоқ болса, қалай таза махаббат сырыны ұғынуға болады?.

«Жібегім деп мені сүйе аласың ба? Төлгендей ерлік қыла аласың ба?» дейді нәзіктер. Жоқ бола алмаймын дейді, ақылы бар еркек, Неге? Төлеген ғашықтықтың құрбаны болып, жарына  жете алмай өліп кетті. Маған ондай ерліктің не қажеті бар? Мен ондай дұшпанды алдасам да, айналып өтсемде қалайда тірі қалып, сенен ұрпақ көргім келеді. Сол арқылы ғана махаббатың бақшасын өсіргім келеді, десе не айтасың?

« Қозы мен Баяндай бола аламыз ба? Барша ғашықтарға үлгі болар, шынайы махаббат құра аламыз ба?» дейді ғашығың. Жоқ деңіз тағы да. Олар ғашықтықтың құрбаны болып, ұрпақсыз тоғай ішінде оққа ұшырады. Онан қандай махаббат үлгісі? Мүмкін олар да бала сүйіп өмір тауқыметін тартып, бірге тірлік етсе, ұрысып, аяқ табақ шылдырлап, ғашықтықтары өліп, қайта өз ара келісімге келіп, бір-бірінен қайта ғашық болмас дейсің бе? Қозыдай ендігі аруақ, ата дәстүрін ұстап, Баян сұлу үстіне тоқал алмайтына кім кепіл?  Құдайдың әр пендесіне сынағы да бар емес пе?

«Кебек деп мен Еңлігің болсам, мен сені солай сүйсем, менсіз өмір сүре аласың ба?» дейді тағы ғашығың. Жоқ, деңіз, екуі некені де дәстүрді де атап өткесін, қоғамға ашық қарсы болғасын, сол заманның да қатал заңымен жазаланды олар. Ажалдан аман қала алмады. Олай болса, құдайда бұндай ғашық болуды қаламады. Мен оны істей алмаймын, ардан атамаймын деңіз. Өмірді ақылмен, болжап, қайғы-қасіртке ұшыратын ғашықтыққа бармаймын дейсіз әрине.

«Мүжнүн өзіңсің десем, мені Ләйлім дей аласың ба? Солардай бола аламыз ба?» дейді тағы нәзігің. Әрине ақылың болса жоқ дейсің. Өлгенде қабірде ғана бірге жатқаның кімге, қай еркекке кергі бар?. Махаббатың тәтті уын іше алмай ғашықтықтың ащщы уын жұтып өлудің де керегі қанша?

«Мыны жалған дүниеде, шынайы өмір сүре аламыз ба?» дейді ғашық болған нәзіктер. Міне бұл енді жөнге келеді. Шынайы өмір дегенің өзі біздің өз ұлттық сипатымызбен ғана көрнісін табатын аталарымыз, аналарымыз салып кеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрі ғана. Ал енді сенде осымен ғана жүргенде бақытты болтыныңды білсең және әйелдердің азғырылуға, жаман әдетті тез қабылдауға әлсіздігі барын білсең, онда бар сынақта осындайдан пайда болтынын тағы ұғасың.

Сондықтан ғашық бола білу де керек және тез өлетінін, көңілмен қатысты екенін, көңіл қалс ағышықтық та жоғалып, көңілді алсаң қайта пайда болуын және оны тірілтудің тәсілін де меңгеру керек. Неге десеңіз таңертең ғашық болып шыққан жарың, кешке келгенде алдыңнан,  бір ұрыс-керісті дайындап тұрмасына қандай кепілдік бар?. Мен білетін осындай талай ғашықтардың тек жұбайы өлгенен кейін ғана жарына деген  махаббаты пайда болғанына талай куә де болдым. Өз басымнан өмір тәжрибемнен өтіп енді елуді еңсергенде ғана махаббатың тәтті уын ішкен жағдайым бар. Қалай?- дейсіз әрине.

Бізде бір-бірімізге ғашық болдық, сүйдік сағындық, басымыз бір жастықта қосылдық, өмірге ортақ бала келді. Баяғы күйіп жанудың орнын енді бір қалыпты тіршілік үшін күрес алмастырды. Ал ондай жағдайда өза келіспеу, жек көру, тағы-тағы, қызғаныш деген сиқты түрлі өмірдің себептерінен айналу өту қандай Ләйлімен, Мәжнүндей болғанымен әрине мүмкін емес. Ұрыстың ба, бір-біріңе деген ыза пайда болды ма, ақылсыз сөз айтып көңідін жарын қалдырдың ба, сол мезетте онда ғашықтық сезімі де бірден өлді. Бірақ оны тірілтетін не әйел жағынан жұмсақтық, көргенділік, не болмаса ер жағынан ақылдылық, айла да керек.

Менің жастық шағымда, қызметімде көбіне сырта жүрумен үй көрмей қаңғумен өтті. Осындай жағдай бір жағына ғашықтық сезімді сақтауға, екінші жағынан араға от салуға да бірден-бірі себепші болтынан өз тәжірибемнен жақсы білемін. Сондықтан үйдегі ғашығыңды аңсап, сағынып шаршап-шалдығып жетсең сенен бұрын шайтанның сыбыр қаңқу сөздері жұбайыңның құлағынан кіріп, жүрегінен ғашық болып сепкен дәніңді сыртқа шығарып та үлгіреді. Ал енді жарыңды қайта ғашық қылып көр?. Ақыл, айла  еркеке осындай да керек. Орыстардың мұндай жағдайда үйіне гүл алып келіп, айыбын жасыратыны тәрбиесі, қазақтық болған қазақ әйелдеріне ғашықтық сезімін оятуға мүлде келмейді. Керісінше «Бәсе жұрт, бекер айтпайды, сен бұрын мұндай емес едің?» деген сияқты ғашықтығыңды мүлде келмеске қарай сапарға атандыртын немесе тәрбиесі аз болса,  төркіне тұра қашатын жағдайға тап боларың сөзсіз. Сондықтан ғашық болдың ба, әйеліңе бастан хайуан сияқты шөп беріп, алдап үйретпе, мұны өз тәжрибемнен ескертемін ерлер. Ал өзің не істедің?-дейсіз ғой. Әрине әуелі бәрін тыңдап, әйелдің мұндай жағдайда пайда болатын шабытын да мүлде қайтармай, әбден босағанын күту керек. Сонан менің ең оңай тәсілім, әйелің жақсы сыйлайтын біреумен алдын-ала келісіп, үйіне қонаққа шықырту ал ең оңайы базарға апару ғашығыңды.    Осындай жағдайларда шамалы сабасына түсті ау, дегенде, әйтеуір бір нәрсені сылтау қылып дүкендері көп жерге апарып, қалтасына молдау қаражат салып жіберіп, алдынан күтіп алсаңыз, қызыл дүние бәрін ұмытырып қайтадан дым болмағандай әйеліңіз өзіңізге бұрынғыдан бетер ғашық болып шыға келері сөзсіз. Бірақ ол үшін ер азамат асыраушы, табыскер болмаса қазіргі мал тапқыш қатындарға бұл тәсіл кедмейді. Мен білетін басқа да жолыдары да бар, бірақ оны жазбаймын. Керісінше ғашығын тірілтуге, осындайды пайдалантын ерлерге зияным тиіп кетер.

Осындай неше түрлі тек әйелдер қауымы біліп, естімесін дейтін тәсілдер көп, ақылды ерлерге оңаша айтатын. Құдайға шүкір жемісі беріп, талай өлген ғашықтық сезімдерді қайта тірілтіп, бастарын қосуға себепші де болып жатқан жайымыз бар. «Көпті көргенен сұра» деген осындай жағдайға байланысты.

Сонымен бұл жас кездегі сүйдім, күйдімнің бәрі, жас келіп ақыл тоқтағысын не өледі не қайта басқаша болып түрге енеді. «Қырықа келгенде қатын қылық шығар» деген осындай ғашықтықтың құпиясына байланысты. Осындай қырықтың қырқысына шығып, бір өзгеше күйге түскен, қатының қылығы да, істеген тамғы да, күлкісі де жақпайтын жағдайды мен де өткердім. Әйел жүрегі сезімтал; «Махаббат қайда кетті?» деп менен сұрайды. Мен; «Өзімде соны таба алмай жүрмін», деген екі ұшты жауап беремін. Сонан әйтеуір дінді, шариғаты меңгеріп тазалықты үйреніп, ата жолында аруақтан бата алып, санам ашылып, араммен суғара берсе, ғашықтық емес тек хайуандық қажетікке айналып алады екен бұндай сезімің. Ал, енді мұндай өзің де себепші болған арамнан тазаруға, ғашықтықты тірілтуге деген баяғы сағыс, айла тәсіл тактикасы және бұл шайтанмен соғыс дегенің жас кездегі ғашықтықты тірілту амалынан жүздеген есе қиын. Оңай болса әйелдер қауымы мұнай азғындықты жақсы көрер ме еді…Бұл жағдайдағы жеңіске жеткізетін сырларды да ерлерге оңаша айтпаса талай шайтан естіп, қарсы амалдарды ойлап тауып қойуы да сөзсіз. Қойшы әйтеуір Құдайға жалбарынып жүріп, үйдегі қойныма кіріп алған шайтанды адамға айналдырып, енді адамдық бейнеге, онда да әйелзатты періштеге ғашық болу мүлде басқа екен ерлер. Сендердің көбің бұл жағдайға, сопылық, тақуалық ахуалға жете алмай, алдың арғы дүниеге шайтанмен жолдас болып өтіп жатқандарыңды қайдан білесіңдер?

Енді мұндай тәрбиеден өткен әйелдің де бала сияқты, кейде періштелігі аңқау риясыз тазалығы болса, кейде бала сияқты қысқа пайымдай салатын аңғарып, баяғы жас кезеіңдегі ойын, енді естіліктің қалай да баланы, қызыңды тәрбилегендей еркек өз әйелінің әкесіндей болып қамқоршы тәрбиешіге  айналса ғана махаббат деген құдіреттің мағынасын айқын түсінеді екен.  Бірақ ол үшін әйелдің еркеке деген сенімін бекітіу үшін де құдайына да қашық болуды үйрте біліу керек. Ал, құдайға ғашық бола алмаған әйеден, бәрібір артының жалғандығы құр ғашықтық қана сезім болары даусыз. Сондықтан енді осындай тәжрибеңді бастан өткен қателіктерді жаныңнан, тағдырыңнан мүлде алып тастау үшін тағы да, тоқал алып оған да махаббатың дәмін ертерек татқыза білу керек. Бұл да тектегі махаббаттың ділдік қуатын қалптастыруға, қан тазалығын жетілдіруге бірден-бір таптырмас ата салт-дәстүріміз. Және осындай жолмен жетілген махаббаттан ғана текті ұрпақ тарайтыны хақ. Сондықтан қазіргі араммен аралысып, ғашық болып өмірге әкеліп жатқан ұрпақтарды да қайта тәрбилеп, қателіктерді түзеуге жаратушымыз ата жолы дәстүрін жаңғыртуға «өліктерді сөйлестіруге» , өмірлік тәжрибесімне, тағдырымен бөлісуге қазақ еліне жағдай жасап қойғанымен оны мойындағандар, өз мәнінде мен сияқты пайдасына асырғандар санаулы ғана…..

Махаббат тәрбиесінң ата жолында қалай жүріп жатқанын шынайы өмір тәжірибесінен, құдай ісінен хабардар болғыңыз келе ме? …Онда ата жолы хикметері атты мақаламен талай қызық оқиғаларды, нақты аруақтық өмірден болып жатқан тәжрибелерді баяндауға тырысамыз… (жалғасы бар!)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *