Ақ тек, қан тек және ман тек.

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 132

Естімеген елде көп,

Есек мінген сартар көп.

Текті мен тексіз сипатты

Өлшемін мұның кім тапты?

Қазақ –қазақ болғалы,

Қолында болған құраны.

Құран емес демей көр,

Шежірені тарих толғамы.

Талайда-талай кезеңдер,

Сөзбенен көркем өлшенер.

Қабірден алып тамырын,

Күнге қарай ентелер.

Жалғаған көкпен арасын,

Жеті жолға бұтақ жалғасып.

Шежіре ағаш, тек деген,

Кітаптың он парасын.

Тек болар жалғасып,

Аруақпен тектер жалғасып.

Төрт кітапты тең көріп,

Меңгерсең түгел парасын.

Інжілсіз құран бола ма?

Ғисасыз рух қона ма?

Туратты алып теңгермей,

Мұсасыз тек тола ма?

Япырмай қазақ кім болдың?

Құдайдан демей сөз сырын,

Орыстан қашқан құл болдың,

Ов-тардан неге түңілдің?

Жұмаш атты Көкбөрі,

Аталса, келді ақ тегі

Тегің сонда ит бе еді?

Бірі күшік, кім бөрі?

Махамбет шықты Ерғали,

Бірі батыр және Әли.

Кемісі жоқ екі атыңның,

Ал қайда сыны затыңның?

Затсыз пенде бола ма?

Құрдасың әкең тана ма?

Жолдасың ба, еріп жүр

Әлде жетім бала ма?

Қазақтан туды түркілер,

Бір ұрпағы төркілер,

Енді бірі түкті боп,

Тектіге бәрі төркіндер.

Текті деген номадты,

Әлемді сөзбен қаратты.

Санды білген Сансыз бап,

Ер Дәуіт баба Ар атты.

Ман тегің сенің Адамды,

Хау ана онан жаралды.

Қан тегің енді анаң боп,

Тектерің солай таралды.

Адам деп бәрін атайсың,

Әкеге «ов»-ты жалғайтын,

«Во» деген, жүрек бас бармақ

Аруағың  текке жалғайтын.

«Ева»десең Хау ана,

Қазақта ана басқа ма?

«Ев» десең, еврей тегі еді,

Оны да туды Алдай ана!

Жұрнақтың бәрі ишара,

Орыс па сонда бишара?

Жүнін жұлған тауықтай,

Орыстан қылдың қаупті ай

Өз әкесімен құрдас боп,

Қай қазақ тегін тауыпты ай?

Тек деген құр сөз бе екен?

Шақырсаң ит пе келетін?

Ал алдың атын Махамбет

Көрсетші тегін қасиет?

Тағы атың сенің Ерғали,

Қандай тектен бұл Қали?

Әкесін атап көргенсіз,

Сөз түсінбей жүгенсіз.

Өңкей надан затсыздар,

Жетіден қашқан жетесіз!

(Жалғасы бар.)

Төртсіз болар некесіз

Рухтан неге қаштыңдар!

Тектіден қалған салты бар

Әуелі арлы әдетті ал,

Аманат болған ғұрпың бар.

Замана болар салтың бар,

Дәстүрлі дінің оны да ал.

Әдет-ғұрып, салт-дәстүр,

Орындап жүрсең жобаң бар.

Жол шығып жоба алып,

Жанға қожа досыңды ал.

Құдайдан көріп хикмет,

Майданға түсіп шыңдалмай,

Етек жауып ес жимай,

Жалаңабас өңкей бөріксіз,

Жынды бас, жүрек көңілсіз.

Өзеуреген даңғой мақтаншақ,

«Ов»-ын сызсаң текті боп,

Дейсің бе рухың ақталамақ?

Арсыз, ұятсыз қызыңның,

«Евасын» жойдың сызумен.

Оянып ұяты қайтадан,

Деймісің қан- ділі түзелді?

Құранды алдың мазаққа,

«Ов-ыңмен, мейлі «Ов-сызда»

Түсерсің бәрібір тозаққа.

Ов-деген жаның тегі ғой,

Тәңірдің екі сөзі ғой,

Бастапқы иман негізі ол.

Болғанмен қазақ тегінен,

Жаның келер түп негізден.

Ай да ортақ, күн де  ортақ,

Болғамен орыс не қазақ,

Жаннат, тозақ бәрі ортақ.

Жаның келді домалап,

Білімін алып, жат жерден

Жалғанып бармақ, баспенен.

Исламда жоқ әдетті,

Құдайға қарсы салтпенен

Сыңар езу мастықпен

Арандатып жастарды,

Орысқа майдан ашпақшы.

Өңкей дінсіз құдайсыз,

Алмаған кітап құрансыз,

Ырымдап ұран тастады,

Құтыл деп мына құлдықтан,

Сайтандық істі бастады.

Ал құтылдың, басқа атың,

Өзгерді ме шын затың?

Әлде қонып, құт береке,

Көрсетші бар ма аруағың?

Меңгеріп жүктің салмағын

Қылмасаң жанға қожалық,

Хикметін құдай және алып,

Көрсетпесең ісін Ғисаның

Өтірік текке жиғаның.

Азғырған онда шайтансың,

Құр атың алған мақтаның

Кәпірлік жынды бұл ісің,

Арқалап жүрген кітапты

Есекке де ұқсап жүрсің.

МАХАМБЕТ   ЕРҒАЛИҒА

Менде сопы Шәкәрім шәкіртімін,

Уахимен жетеленіп, атқан түнім.

Оғанда кәпір деген атты таңып,

Жазыпты оңашада жауап сөзін

«Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың,

Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың.

Жанымен сүйді әділет ардың жолын,

Сондықтан ол иесі терең ойдың

Толстой кәпір емес, кәпір өзің,

Дін емес, бәрі алдау айтқан сөзің.

Көңілің соқыр, надансың, бейлің қара,

Нұр, жарғын қалайша көрсін көзің.

Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа,

Сопының бара қойман құбанына.

Ақиқат сырымды айтсам-Толстойдың

Мың сомыңды алмаймын тырнағына.

Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең,

Жолай көрме жылмыйлы сопы көрсең.

Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың

Алданбайсың артынан ере берсең.»

Менің пірім Шәкәрім аса алмаймын,

Ғисаны да зияртап талай жағаладым.

Мұсаменен бірге жүрдім сейіл құрып,

Еврей десеңде мен пір деп бағалаймын.

Әулие айтты десе де сөзге тоқтамайсың,

Кәпір жынды жүктелген арсыз надандайсың.

Құранды да, құдайдыда оразада мазақ қылып,

Қандай текті болсаңда, азаптан құтылмайсың!

Сен мазақтап, құдайды, халқын кәпір атап,

Болдың сенде өзің кәпір, алдың сынақ.

Ораза өтпей жатып, азапқа ұшырарсың,

Тектілігің болса сонда құтыларсың.

Маған берген жолдамаңды Каблуковаңа

Жоғалалтпашы, керегіңе  жаратарсың!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *