Нишан ақынға

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 46

Бақытқа бiздi апарар,
Тiледiм Алла шапағат.
Құлдарың болсын бауырмал,
Бергейсiң елге қанағат.
Қазақтың бағы ашылсын,
Мерейi өсiп тасысын.
Бабалардың қолдап әруағы,
Дұшпанның рухы жасысын…

*** ****

Жақсы сөз жарым ырысты,

Тілегің бұл дұрысты.

Тілекке де сеп ерек,

Жеткізетін Құдайға,

Аруаққа да қан- көп керек.

Құрбандықсыз еш аруақ,

Тілекті қалай меңгермек?

Алды-артыңнан күзетші,

Ерітпесең қауым өзгермес.

Көрмесең тағдыр аянды,

Жаның қалай жөнделмек?

Араптардан кім асар,

Намазбен тілеп кім озар?

Дұғасы жетпей Құдайға,

Бүлікші, әрі ең нашар.

Әулиесі қайда мұндайда

Тілегі қалды әр сайда.

Қазағым да қылды әдетті,

Амалсыз сұрап қажетті,

Қызылбастық намазбен,

Тілмен сұрап немкетті.

Ал, оқы намаз сұрай бер,

Көзді жаспен сулай көр.

Иманың іздеп келер деп,

Тоңқаңда да құлай бер.

Әулиеңді «басқа» деп,

Дәстүріңді таста кеп,

Ханафи тәңір баста, деп

Өзгесін түгел таста, деп

Жын деген, жаман ырым деп,

Дұғадан басқа іс қылмай

Атаңның жолын тастадың.

Батасын алмай Қыдырдың,

Қолын алмай Қызырдың

Меңгермей ісін мүмінің,

Бес парызбен не бітірдің?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *