Қай заман?  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 134

 Мына заман қай заман,-

Қаскүнемге жай заман.

Араздық пен өсекке

Өлшеуі жоқ бай заман.

Бай заманда байынға,

Ақ жүректі айнытпа.

Ел қанатын қайырылтпа,

Қалжың деме мұнымды.

Бұл тілімді алмасаң,

Байыбына бармасаң,

Нәпсіге тоқтау салмасаң,

Айта алам ба шынымды?

(Шәкәрім әулие)

***  *****

Мына заман бай заман,

Жалғандыққа жай заман.

Ақымақтың туып күндері,

Ақылдыға болды тар заман.

Нәпсіге құл қыз заман,

Мақтанға болған құл заман.

Тағдырын ұлттың біліммен,

Надандар шықты болжаған.

Ақылсыз білім кер заман,

Ой жорыған заң жазған

Іздесең ақыл қудалап,

Ел билеген көп надан.

Аяла мен күшке бай заман,

Сауықшыл, күлкі той заман.

Қадірі бастың жоғалып,

Ар, ұятың, дәстүр жоғалған.

Діншілер шықты жынданған,

Періште болып «мен аман».

Өз-өзін  жүр мазақ қып,

Болғандай жынсыз жаралған.

Дін ісін тура жол қылған,

Құдайдың ісін алмаған.

Ханафи болды құдайы,

Ортағы болып Алладан.

Наданға болды зор заман,

Біліміне ел мас болған.

Сана түгіл жете жоқ,

Философ, ғалым аталған.

Ар, ынсапсыз бұл заман,

Жындылықпен дос болған.

Қиямет сағат соққанмен,

Белгісін құдай жоқ алған.

Ойласаң бұл қай заман,

Естіге болды тар заман.

Суық ми, ақыл аздырған,

Тірі өлік қыздар сасыған.

Еркек шора, шаш қиған,

Жын-пері болып шаш жайған.

Қанда қуат берер жоқ,

Санасына ері жала алған.

Құйрықта май жанбаған,

Мал қуаты болған хайуаннан.

Өсірмей аруақ қолынан,

Тегі азды бүгін ұлтыңнан.

Дінсіз тілді қорлаған,

Сөзді алдық деп араптан.

Аллаға ортақ қосқаннан,

Қазаққа келді зар заман!

Дінші қорқып жынынан,

Халықты алдап қашырған.

Жын соқты болып талайлар,

Иманнан тағдыр айырылған.

Сөз ұғымын алмаған,

Ақылмен ісі болмаған.

Жетесіздік бұл заман

Тегін қазақ аздырған.

(наурыз 2015 жыл)

***  ***

Дүниемен елді азғырған,

Ел билікті сөз қылған.

Тажалдар жүр арада,

Құдайды араға қыстырған.

Құдай мұны қалай ма?

Ел тағдыры оңай ма,

Аштық, апат, жоқшылық,

Сабырға сынақ алайда.

Елдер көп бұған көнбеген,

Ел билікті болмақ жөндеген.

Қару алып қолына,

Бірін-бірі өлтірген.

Арсыздар көп қуанған,

Еркіндік алды деп жұбатқан.

Бізге де осы керек деп,

Тұтастыққа жік салған.

Құдайым мұны қалай ма,

Жала ғой бұл құдайға.

Бәрің бірдей би болып,

Басқармақ елді алайда.

Қиямет сыны бұл елге,

Құдайсыздықты білуге.

Жазасы жақын төніп тұр,

Ажалдан үкім өлімге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *