Қалжыңшыл қылжақпас  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 120

Жайдары күлдіргіш, қалқам,

Ұятсыз, әдепсіз, салқам.

Күлгенім бір сенің арқаң,

Ыржақта, қылжақта, әйдә!

Мазақ қыл көрінген жанды,

Өнер қыл қылжақтағанды.

Сөзіңе құмарым қанды,

Жыртақта, бұлғақта, әйдә!

Жолыққан кісіге соқтық,

Қалжыңға қосып айт боқтық.

Осы ғой сәулесі жоқтық,

Сен күлдің, мен білдім, әйдә!

Ішің у, сыртыңды майла,

Есердің бәрін жайла.

Күлкіңмен көздерін байла,

Сенделдің, жөнделдің, әйдә!

Сөзіңе күлгенді ұна,

Күлмесе жалынып сұра.

Сөйлесең аузыңды бұра,

Жедің боқ, әбден соқ, әйдә!

Бай өліп, баласы қалса,

Қасына сені ертіп алса.

Қылжақ пен күлкіге салса,

Тамақ тоқ, қайғы жоқ, әйдә!

Жағасың күлкімен жүріп,

Шығасың ішіне, кіріп.

Аласың аузынан жырып,

Бұлтылда, жылпылда, әйдә!

Маймыл боп есерге сондай,

Арсылда адамға болмай.

Ит болып өтесің оңбай,

Жырқылда, тырқылда, әйдә!

(Шәкәрім ата)

***  ***

Күлкінің қадірі тойда

Күлдіру өнер бүгін, әйдә!

Профессор болу қайда,

Күлдіріп жұртты жәйда?

Жұлдыздық сәуле ойла,

Теңдестік қылып құдайға.

Үлкендік жоқ бойда,

Қарқылда, жырқылда, ойна!

Күлдіру өнер қалайда,

Мастық қой бұл алайда.

Ақылын саудың ұрлаған,

Шайтан жын шықпай ма?

Ессіздік дертің мұндайда,

Қарсылық дінге Құдайға.

Ит болар жын қуатың,

Мәңгүрттік тарап бойға!

Маймылдық қылық әйдә!

Жын қылық ал бойға.

Тегіңді аздыр қанда,

Жұғатын боқтай мұндайда.

Қолдаңдар билер, әйда!

«Тәңірсің» елге алайда.

Аздырып жанды таңда,

Апармақсыңдар елді қайда?

(Б.Т.К)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *