Өкінішті өмір; кеше және бүгін  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 117

Қайғылының ішінде жанар жалын,

Шалмай қоймас жалыны жолдастарын.

Өзімді ұрған мінезді сөгемін деп,

Тілім тисе сіздерге, кеш, достарым.

Тілі ащы деп, жігіттер, мені сөкпе,

Ашулының әр сөзі тиер көпке.

Өткен өмір-өкініш, ой жаралы,

Дерті қалың делбемін шірік өкпе.

Құр тілмен зарланып сайраулымын,

Қол-аяғым бос емес, байлаулымын.

Улы жүрек, долы тіл сөйлеп отыр,

Ыза қысып тісімді қайраулымын.

(Шәкәрім әулиеден)

****   ****

Бүгінгі күні қазақ мүлде бөлек,

Ол заман, бұл заманның ісі ерек.

Әулиелік түгіл, үлкендікті жоғалтты ел,

Қайғы өзгерген, дүниемен ар өлшемек.

Ақын көп үлкендік жасқа келген,

Дін ғалым, профессор, доктор деген.

Құр тілмен сайрағанда ой жорумен,

Құдай өлді бүгінде, аян берген.

Улы жүрек, долы тіл бұрынғы емес,

Ызақорлық, намыс деген көп кеңкелес.

Шайтан болып тыныш елді үркітеді,

Ақын, тілші, саясатшы жыннан елес.

(Б.Т.К)

****  ****

Ащы сөзім-достығым, маған нансаң,

Кемдігім-келістіріп айта алмасам.

Түпсіз суға байқамай түсіп алып,

«Аулақ жүр-деп доспын ғой-айғайласам».

Менің дертім жігіттер емес оңай,

Болып едің дейсің ғой қашан олай.

Басқа түссе байқарсыз бәріңіз де,

Ойланбаған өмірдің бәрі солай.

Ескерусіз бар өмір кетсе желге,

Ақыл, айла, қайратың ақса селге.

Мақтанқұмар партия күйлесеңіз,

Мен сықылды боласың сен де делбе.

Осыларды өнер деп өлсең сенбе,

Онан басқа өнер көп іздегенге.

Өкінішің өлімнен қиын болар,

Мақсатым не деп ойлар кез келгенге.

(Шәкәрім әулие)

***   ****

Кім сенеді қайран бабам бұл сөзіңе,

Ертерек өмір сүріп, жатсың жерде.

Қияметте өлгендерге қызығатын,

Күн туды ұрпағыңа осы кезде.

Партиясыз қазаққа жоқ өмір де,

Нұр отандай жарық бар теңдес күнге.

Дінсіз билік жердің тәңіріндей,

Иманымыз «жұлдыздық» басқа мүлде.

Ақыл, қайрат, айламыз бар білімдіде,

Ақ жаулықты тастаған қатын жерге.

Жалаңбас, жалаңаштық тектілік боп,

Заң шығарған арсыз би шықты төрге.

Ертегідей сөз жазып айттың кімге,

Түсінетін ақын бар ма осы күнде?

Шірік өкпе боласың деп қорқытады,

Зияратыңа жан жуытпай жүр діншілер де.

(Б.Т.К)

****   ****

Осы кезде кісі жоқ менен жаман,

Сөзім ащы тиген соң сізге таман.

Достығым ба, байқарсыз, қастығым ба,

Біздің ойды сіз де ойлар болса заман.

Тамам елді қорлаған мен ғой бүгін,

Ләйім, жылда солардың қылма түгін.

Менің биім-өзіңнің ақ жүрегің,

Сөзімді ұқ та дауыңды айт, соған жүгін.

Мақтан үшін іс қылып көрдім бе де,

Ашу мен құмарлыққа кірдім бе де.

Өнерсіз жалқаулықпен жанды сатып,

Ант ішіп партияда жүрдім бе де.

Ез, еріншек, қорғалақ, шабан болсаң,

Не мақтаншақ, дарақы, надан болсаң;

Есі-дертің-партия, ел билемек,

Залалкес хайуаннан жаман болсаң.

(Шәкәрім әулие)

****  ****

Насихат жазып өттің ертегідей,

Кім сенеді енді бұған азап көрмей?

Партия –дін, заң тәңірдей ой жорыған,

Шөп сыйлаймыз, гүлді жұлып кәпірлердей.

Ез, еріншек, қорғалық шабан мықты,

Құдай берген талантты сөзі уытты.

Кезіп жүріп, әр елден білім жинап,

Ел билемек заң жазғыш тажал шықты.

Мақтанбаса ел билік өлер мүлде,

Партиясыз бүгін ел күн көрер ме?

Есіміз де дертіміз де партиямен,

Шешіледі арыз айтып, есі кемге.

Тамам елді қорлаған сіз емес те,

Жетесізді би қылған біз емес пе?

Көшеден ұстап алып ел билетпек,

Арсыз саясат құлы болу осы емес пе?

(Б.Т.К)

****  ****

Бұлардың бәрі болсаң, өкпелеме,

Мінін айтса шын жақсы кектене ме?

Арам безден арылып әділ жүрсең,

Ақ жаратқан құдайың жек көре ме?

Таза болсаң, ондайға жоламай өт,

Ақ жүрегің ақтаса, құтылып кет.

Оған болмай құтырсаң, өз сазайың,

Итпен бірге ит болған сен де төбет!

Ащы тілмен мен айттым ел мінезін,

Сөздің теріс мақұлын салмақта өзің.

Өтірігін тап-тағы жүзқара қыл,

Ыза болсаң, кек алар сол ғой кезің.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Бәрі де бар, бұл заманда бәрі де бар,

Азған ұрпақ дәстүріне қастық қылар.

Әулиесін «шеріктер»- жүз қара деп,

Құтырған дінші қауым көп надандар.

Ұнамайсың о баба ұнамайсың,

Жетесіз көп сөзіңді қаламайтын.

Ит болған, ызақор, кекшіл елің,

Өзге ұлтқа төбеттей абалайтын.

Жалғанын өлілермен теңдес қылған,

Күнә ісін өлілермен байлап қойған.

Орыстан қашып текті қазақ болмақ,

Қорқақ иттей құйрығын қысып алған.

Ақ жүректі адамның ұлы болған,

Аз ғана ұрпақтарың сөз тыңдаған.

Бас-басына би болмақ өңшең қырттар,

Құдайсыз білімді көп ой жорыған.

Арам безден арылып әділ жүрмек,

Дәстүрін ата-баба қадірлемек.

Тектілік қасиетін дін меңгермек,

Өлі арыстаннан тірі тышқан артық

Үміті ояу арттағы жас жеткіндерге,

О құдай, бабалар сөзін соларға ек!

(Б.Т.К)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *