ШЫН-МЕН-ҚҰДАЙ  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 70

Шыннан өзге құдай жоқ,

Анық құдай –шын құдай.

Ұқпай қалма алаң боп,

Шын болмаса кім құдай.

Бұрын шын бар, бүгін шын,

Ертең шын бар – үш бөлек.

Керегі жоқ бұлардың,

Бұзылмайтын шын керек!

Шын махаббат қылуға,

Шын сабырың жетер ме?

Көрінген әрбір сұлуға

Көңілің толқып кетер ме?

Олай болса таза ақыл,

Әулиелік сенде жоқ.

Баянсызға бәрі құл,

Жынданбаған пенде жоқ.

Әулиедей асықтың

Қасиетін былғайсың.

Қылығын қылып жастықтың

Бір қалыпта тұрмайсың.

Әлде сайтан, әлде жын,

Бірін тастап, бірін мін.

Адам емес, айуансың,

Неге тұрсын, сенде шын!

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Бүгінде болды дін құдай,

Шежіре, тарих шын болмай.

Масһаб  болды нағыз шын,

Әулие жалғыз болғандай.

Әулиелік асық қасиеттің,

Бейнесі болған шындықтың.

Бөлек-бөлек дін болды,

Терістеп ислам бірліктің.

Дін биік деп ақылдан,

Есектік болды ақырған.

Дінсіз таза ақылды,

Құдайдың ісі ұмтылған.

Бұзылмайтын шын қайда?

Дәстүрің қазақ жүр сайда.

Екі жүзді салт, әдетің,

Еске алатын тек тойда.

Бас-басына би болған,

Жол-жобасыз ойланған.

Ескіден қалған қайғыны,

Кек қайтару тажалдан.

Ел билеуші надандар,

Сасық ми ойы арамдар.

Шайтаннан жын жалаңбас,

Арсыздық сана жоғалар.

Ақиреттен хабар баянсыз,

Шын болмас жолдан аянсыз.

Ұғатын мұны кісі жоқ,

Өлілерің қалды қараусыз.

Өлісіз тіріге иман жоқ,

Риза боп аруақ тұрған жоқ.

Тектімін деп азған көп,

Іріткі салған шайтан боп!

(Б.ТК)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *