Табиғат неше түрлі жан жаратты,
Не үлкен, не кішкентай тән жаратты.
Керексіз, жансыз нәрсе жаратқан жоқ,
Есепсіз қанша мың мен сан жаратты.
Бұл сөзге біреу мәңгүрт, біреу нанды,
Ақылмен білген адам әбден қанды.
Жел мен су, тас, топырақ, шөп пен ағаш…
Ғаламда не бар болса, бәрі — жанды.
Өледі кейбіреулер қаза жетіп,
Кесесің, бүлдіресің, бір нәрсе етіп,
О да өлі, бұ да өлі деп адыраймай,
Көзіңді байқап қара төмендетіп.
(Шәкәрім әулие)
*** ****
Жан деген табиғатпен бір деп ойла,
Сезіммен түрлі қуат күшін байқа.
Зайыр деп атайды ішкі сырын,
Хикметін жаратушы тас та болса.
Зайыры мен қайырын жанмен өлшеп,
Әр нәрсеге тән берген бөлек-бөлек.
Жаратылыстың тағдырын жазған еді,
Жан деген құдіретпен өніп, өлмек.
(Б.Т.К)
**** ****
Қарасаң көрінбей ме таста қына,
Оны кім сүйтіп қойды, ойла да ұна.
Шөп қураса, тамыры қурамайды.
Сондайлармен дүниенің бәрін сына.
Бірақ, жанның әлдісі, әлсізі бар,
Кейі дәнді кейінің дәнсізі бар.
Дәндісінде өсім бар, үлкеймек бар,
Оның да дәмдісі бар, дәмсізі бар.
Өсімді, ең күшті жан адамда тұр,
Алдында жақсы да тұр, жаман да тұр.
Өзгенің бәрі — жалғыз адам үшін,
Жаралып орны-орнымен ғаламда тұр.
(Шәкәрім әулие)
**** ****
Жан мен рұқта ойласаң айырма бар,
Надан дінші және ұқпас қазақтар бар.
Құранда жаннан аз мәлімет берді деген,
Араптың жұртына аяттың үкімі бар.
Тура жол жан сырынан хабар қылар,
Ондай елде сөз ғылымы нақылы бар.
Абай-Шәкәрімдей мұны ұқтырар,
Исламда қандай елде ғылымы бар?
Жанның тоғыз түрлі сипаты бар,
Бес қуат қозғалысқа қуаты бар.
Төрт түрлі тектілікпен жалғанатын,
Қасиеті тағдырға жазуы бар.
Мықты болса тағдыры дәнді болар,
Өмірде ұрпақ сүйіп тұқым қалар.
Дәндінің де дәмдісі нәзіктер жаны,
Қылығы, дәстүрімен сәнді болар.
(Б.Т.К)
*** ****
Несін сүй, несін сүйме, ерік өзіңде,
Нәпсің де, ақылың да тұр көзіңде.
Сынау үшін жаратқан бір Иең бар,
Тексерілмей қалмайсың бір кезіңде.
Хайуандар ақылы аздау, бізден төмен,
Айласы бірдей емес адамменен.
Шөп пен ағаш, суларды өлі дейміз,
Білімі, сезімі жоқ ештемеден.
Ал енді осы сөзді ұмытпай сақта,
Керекті бір іс келер артқы жақта.
Ақымақ пен хайуанның қайсысы артық?-
Білінер салыстырып байқасақ та.
Таппай қалған хайуандық — жатқан өлі,
Осы болды тегінде сөздің жөні.
Кейінгі сөздерімнен байқап отыр,
Адамзат қыла ма екен тегі соны?
(Шәкәрім әулие)
*** ***
Табиғат жанды түрлентіп көбейтеді,
Судан, шөптен, жәндік боп жан өседі.
Бір өліп, бір тіріліп тән тауып, өзгереді
Хайуаннан жан қуаты ақылы жетіледі.
Жанның бар сезімдісі, білімдісі,
Ақыл, білім жанның ерік күші.
Төрт сипатты ақылмен адам жаны,
Ең үлкен жанның тегі өсімдісі.
Жанды нәрсе жанның дәнін өсіреді,
Адамзаттың жаны рұққа түр береді.
Тозақтағы адам жаны табиғатпен,
Және рұқы тіршілік боп жетіледі.
Өлі атаймыз жандарды тозақтағы,
Сезімсіз, білімсіз пендені азаптағы.
Адамның жаны хайуан, жәндік болған,
Төмен түсіп жанға сезім, ақыл алды.
(Б.Т.К)
*** ***
Жалқаулық, көрсе қызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа-
Есер, есірік, ынжықтық солар жақтан.
Еріншектің несі артық өліктен де,
Өзің сына оларды көріп кел де.
Байқарсың еріншектің төмендігін,
Көп мініп шабан тартқан көліктен де.
Хайуаннан несі артық қудың-дағы,
Бір антұрған залалкес тудың-дағы.
Қораға үрмес бір төбет тышқан аңдып,
Адамдықты сонымен жудың дағы.
Мақтаншақтың бұқадан артық жері-
Бұқа қойса, қоймайды біздің сері.
Жуан мойын, ала көз, мүйізі алай,
Менен артық кім бар деп жүргендері.
(Шәкәрім әулие)
*** ****
Жан өлтірген мақтаншақ, көрсе қызар,
Есіріп текті болмақ, ақылсыз білім қуар.
Құдай ісін тастаған дінші «намазхандар»
Ит болады қораға үрмес тышқан аулар.
Күшіне сенген адамдықтан алыс тұрар,
Байлығына, ішіп-жемге мас болғандар.
Жанына алған таза ақылдан естілік жоқ,
Түбінде тозақ барып, хайуан болар.
(Б.Т.К)
**** ****
Көрсеқызар маймылдан ілгері ме,
Түбін көрмей қызықпақ білгені ме?
Адам қайтсе, сүйтемін дейді маймыл,
Мен де маймыл болам деп жүргені ме?
Ызақорды байқалық енді мақтап,
Қабатұғұн төбетпен бір салмақтап:
Кей төбеттен жеңіліп, кейде жеңіп,
Әбден көзі қызарсын арсалақтап.
Бет түзетіп сәнденгіш әтеш болсын,
Қоқиып, қодырайып, ұшып-қонсын.
Іш түземей, сыланып сыртын түзеп,
Тауықтың айғыры боп, бейне солсың.
Жоғарғы мұтпа деген сөзім бар ғой,
Байқайсың ба, ақыл, ой көзің бар ғой?
Қылығына қара да сөзімді ойла,
Бұларға бір жолығар кезің бар ғой.
(Шәкәрім әулие)
**** ****
Жаратқан неше түрлі жан жаратты,
Есепсіз қанша мың мен сан жаратты.
Қанның буы сан болған, сөздің тегі,
Түрленген сегіз сипат дін сипатты.
Мен-жанның екі түрлі болмысы бар,
Өлетін өлмейтін жан көрінісі бар.
Менікі өлсе өлсін «Мен» өлмейді,
Атамыз Абай сөзін сен есіңе ал.
Намаздың уақытын біліп шақыратын,
Пайғамбарға ескерткенді біл аятын.
Намаз оқып, сыртын түзеп, іш түземей,
Масһабшы денесі тозаққа тасталатын.
Маймылға айналған қыз, қатының,
Маймыл бар көрсетіп артын қызартатын.
Ызақор төбет, қаншық тозақтықтар,
Орыс ұлтынан кек алуға шақыратын.
Қорқақтар көп халықты азғыратын,
Құдайдың сынынан қашып тығылатын.
Таңба мен «ов» -ыңнан орыс боласың деп,
Есек болып, біліміне мас, ақыратын.
Білімді зиялы, ақын, философ көп аталған,
Жан мен рұқты, иман сенімді бір атаған.
Жастар мен үлкендерге қарап тұрсаң,
Ақылдары жындылықтан босанбаған.
Абай-Шәкәрім, Ясауидей ғұламадан,
Әлемнің барлық діні орын алған.
Үлкендерде жете жоқ сана түгіл,
Ертегідей бұл насихатты ұғынбаған.
(Б.Т.К)
*** ****