I-Ашу мен ынсап  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 111

Білгенімді жазушы ем

Бекем буып белімді.

Мінін айтып қазушы ем

Түзетпек боп елімді.

Бұлдарлық ой менде жоқ,

Бұған шыққан терімді.

Ұқтырарлық пенде жоқ,

Қате басқан жерімді.

Күні-түні ойланып,

Жазудан да жалықтым.

Газет, кітап қолға алып,

Оқудан да талықтым.

Ел тіліме көнбеді,

Жыладым да қамықтым.

Үмітсіздік дендеді,

Зорықтым да шалықтым.

Бағасы бір халқыма

Жабағы мен мамықтың.

Нанбайды, рас, антыма

Қадірі мол танықтың.

Айырмайды арасын

Бұлдыр менен анықтың.

Енді қайда барасың,

Түрі мынау халықтың?

(Шәкәрім әулие)

****  ***

Ендігі заман халықтың,

Арманы болған алыс тым.

Қолы жетіп қазақтың,

Туды деп елге жарық күн.

Білімді кезіп іздеумен,

Надан елмен жарыстық.

Кім білімді кім надан,

Түсіне алмай жалықтық.

Намазын алып араптан,

Жол деп тура анықтық

Даналар берген антына,

Мойынсұнбай алыстық.

Білімді көп білгенді,

Ақылды деп осы жабыстық.

Бұлдыр болған жындарды,

Жүктелеуден бас тартыстық.

Жыным келді дей тұрып,

Ашуды жыннан алыс қып.

(Б.Т.К)

****  ****

Айла таппай адастым,

Қайғы артылып мойныма.

Ақылымнан шатастым,

Жас төгілді қойныма.

Ойландым да сандалдым,

У жайылды бойыма.

Мұңдасуға қамдандым

Қайратым мен Ойыма.

Үміт үзген қорқақ Ой

Дірілдеді қалшылдап.

«Мүмкін емес, мұны қой»-

Деп жалынды жалпылдап.

Бір жағынан Еріншек

Тағы келді салпылдап.

Болмаймын деп келіншек

Ашу келді арсылдап.

«Елді сөк те жаманда-

Деп ұрысты Ашуым,-

Жамандықтан аман ба,

Шыннан қалай қашуың?»

Қиын болды баяндап,

Аяқты қалай басуым.

Сабыр келді аяңдап,

«Жарамас –деп, -сасуың.

Бәріне де хабар сал,

Рахым, ұят, ар қайда?

Қаруыңды жиып ал,

Құр ашудан не пайда?

Қайратың мен Сақтығың

Көріне ме маңайда?

Өлше істің ақтығын,

Ынсап бар ма ондайда».

(Шәкәрім әулие)

****   ****

Шайтан сезім қорқақ Ой,

Сезіммен білім ақыл деп,

Бойға бермек таза ой,

Қанға қуат ендірмек.

Қайрат деген кісің ғой,

Жын қылығың тазартпақ.

Бой жарығың киім ғой,

Ар, ұятпен салыссақ.

Ашу арақ ақыл ғой,

Жындылық болып алыспақ.

Намысыңда жалған ой,

Кекшілдікпен жарыспақ.

Жан, сезімің келіншек,

Шайтан қылған еріншек.

Жыныңмен ара қосылса,

Ызақор, кекшіл иттен тек.

Бәрінен артық сезім деп,

Қыз мінезді еркек көп.

Әлде шайтан, бірде жын,

Өз елінде келімсек.

Сабыр деген иман ғой,

Жақсылыққа, іске жарыспақ.

Жаныңа келер аян ғой,

Сабырлық қуат алыспақ.

Киімің жарық дене ғой,

Рахым, ұят ардан бой.

Ар сауытын тоқыған,

Ғылым мен кітап, таза ой.

Іш пен сыртты дұрыстап,

Бір ақыл- Ынсап тұр ұстап.

Қайратың қару ғой,

Сақтықпен жанға болыспақ.

(Б.Т.К)

***  ***

Өңкей асау, мас халық,

Бәрін бойдан қашырған.

Көп наданнан жасқанып,

Сорлың елге бас ұрған.

Рахым, ұят, арыңның

Бетін топырақ жасырған.

Қайраты қайтып кәрінің,

Қайғысын сүйтіп асырған.

Сабыр айтты:«мына сөз

Сабырымды қайнатты.

Өңкей ақымақ шелді көз

Ақты қайтып жайратты?

Мені ұстауға шыдай көр,

Сүйтіп жұмса Қайратты.

Ынсабыңа хабар бер»-,

Деп ақылды сайратты.

Қайратымнан қайтқанмын,

Ол жуырда келсін бе?

Келме деп те айтқанмын,

Дедім: «Мені менсінбе!»

Біреу шықты қабірден:

«Баяғы сорлым сенсің бе?

Айырылмасаң Сабырдан,

Мен келмейді дейсің бе?»

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Қазақ бүгін мас болған,

Дүние мен қызық сауыққа.

Арсыз, ұятсыз нәзік жан,

Бойдан бәрін қашырған.

Еркектер қанға жала алған,

Етексіз жүрген қатыннан.

Рахым, ұят, арлы кісінің,

Аруағын алмай ұсынған.

Білімді қауым шөп салған,

Көзіне ұлттың ашылған.

Дәстүр мен ақ бұлағың,

Масһабпен жауып жасырған.

Кісілігін- қайрат алдырмай,

Ел билік заң шығарған.

Дәстүрін дінін менсінбей,

Тажалдар шықты осыдан.

Салтын алып кәпірден,

Бас тартып елің қабірден.

Ризалық болмай өліден,

Ынсабың қашты еліңнен.

(Б.Т.К)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *