Қонақ кәде

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 268

Қонақты қазақ сыйлар Құдайындай,

Кәдесі және деп көп сыйлайтындай.

Ұлтыңның салты өзге елмен араласты,

Сондықтан бұл дәстүрден құты қашты.

Енді қонақ жайлау болды салтың,

Мақтан, атақ іздеумен азды халқың.

Түрлі-түрлі қонақ кәде ойлап таптың,

Және алып европалық арсыз салтын.

Жазғанмен бұл қылықтар еш түзелмес,

Көргенмен соқыр жүрек сезбек емес.

Жанашыр ағайындық дінің салты,

Бір мысал келтірсем беріп кеңес.

Жақында ағайынға барып едім,

Бата оқу мақсаты еді өлім, жітім.

Жаназасына жақының бара алмай,

Қырқына зияратымен келіп жетім.

Дастархан ас төк пен жайылғанын,

Көрдім халық бұл асқа жиналғанын.

Тамағын жеп болғасын молда келіп,

Құранын оқып және ас қайырғанын.

Жалданған жалғыз молда үлгіре ме,

Осы заман салты ма әлде үлгісі ме?

Дегені ағайының маған қарап,

Оқып бер құранды сенде енді бізге.

Қарасам бәрі жас, қыз бен жігіт

Осы заман жастары өңкей білгіш.

Ішіңде бір сүрені жатап білген,

Сұрадым бар ма мүмін дәстүр көрген.

Бәрі де момақан боп бас тартқанды,

Дегендей не үшін жайдың дастарханды?

Япырмау бұл аруақ менің туған келім ед,

Ас беріп, оқымай құран бас тартам ба?

Жасы кіші үлкені де салмақ салды,

Қазағым неге келді, қайда барды?

Асын ішіп, өзіне  құранын оқытатын,

Мұндай кәде қазаққа кімнен қалды?

Кеңестің заманын дінші боқтар,

Қазақта дін болмады деп дәстүр сақтар.

Үлгісін кешігі өткен қара шалдар,

Көргенмін талай өлім, қаза жоқтар.

Осындай құдайы асқа келуші еді,

Тамағын ішіп болып ас қайырып,

Білгеніше және құранын да оқушы еді,

Арты той болсын деп батасын беруші еді.

Енді халық өлімге той сияқты жиналады,

Қаралы қалай күтсем деп қиналады.

Асып тамақ, дастарханды тойша жасап,

Құранды оқып бер деп молданы жалданады.

Жалаңбас, жалаң аяқ көтін ашқан,

Қонақ боп отырар төрде талай шайтан.

Сонда да жалданған молда құран оқып,

Имансыз қаралы үйдің құты қашқан.

Таста деп бұл салтыңды арзымайтын,

Бір мысал ғибраттан сөз қозғайын.

Өліні риза қылмай тірі байымас,

Бұрынғы дәстүрің ед білсең жайын.

Бай екен жинаған мал өсіп-өнген,

Қонағын Құдайындай сыйлай білген.

Төрінен көрпе жайып, малын сойып,

Сыйлаған қонағын да күнде келген.

Қоштасқанда қонағына асын берген,

Әдеті бар екен жаман сабай берген.

Осылай дақпырты талай жерге жеткен,

Сенбей іздеп келгендер көзбен көрген.

Бір жігіт бұл жағдайды қалды естіп,

Машықтанған  төбелеске  әбден жетік.

Сынамақ болып байды келді жетіп,

Ұят деп бермесем сәлем  аттап өтіп.

Қонаққа төрін беріп жайлағанды,

Мал сойып, басын тартып сыйлағанды.

Ертесіне қонағын ауылдан шығарғанда,

Бай оны сабамай қол алысып тарқағанды.

Тентек жігіт біраз жүріп қайта келді,

Байға неге сабамадың деп сұрау берді.

Естідім талайлар үйіңде қонақ болды,

Артынан неге өзіңнен жәбір көрді.

Бай айты қалай сені сабамақпын,

Қой сойып алдыңа басын тарттым.

Ақысын да асымның бата беріп,

Тілегін мал-жаныма қайтарғансың.

Және өлі риза боламай тірі байымас,

Аруаққа құран оқып қылдың ықылас.

Өзгелер асымды ішім бата сұрап,

Құранды да аруаққа өзіме оқытты рас.

Қалайша сені мен енді сабамақпын,

Қазақтың дәстүрін білген азаматсың.

Өркенің осылайша өсін қаулап,

Кәдесін жасап жүрсің адал астың!

Абай дана неге имансыздық деп атапты,

Қызылбастық масһабтық намазды айтты?

Қазақтың әдет-ғұрып, дәстүр салтын,

Қазаққа келетін жамандықты болжап айтты.

Масһабтық білім келді, деген серік,

Кәпір елдей қабірдегілер болып ұмыт.

Біртұтас адамдардың, сипатын аруақтың,

«Басқа» атап Алладан қылды сұмдық.

Мазақ қылған Құранды, ғалым атап,

Төрге шығарып, бересің шен мен атақ.

Тажалдар ақирет біліміңе құрып тұзақ,

Ата жолын сотатып болдың мазақ.

Өлі разы болмай тірілер байымасты,

Айтқан емес қу дүниемен ішкен асты.

Шаруамыз, дүние малы көбейгенмен

Қазақтың жан дүниесінің құты қашты.

Дәстүрін өліге құрмет кел сақтайық,

Қаралы үйдің дастарханын сынамайық.

Жаназасыз ондай үйдін отын жақпай,

Ас суын сырттан берген болар лайық.

Шақырса құдайы тамаққа біз барайық,

Молданы  біздер үшін жалдатпайық.

Асымен дастарханың батасын беріп лайық,

Құранды аруаққа өзіміз бағыштайық.

Және тазалық пен тәртібің болсын лайық,

Дәретсіз, әурет ашып аруақты мазаламайық.

Әке-шешең көзін көрген бар таныстарға,

Зияратап аруағымзға шүкірлікті біз қылайық!

(Мамыр айы 2013 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *