. Салт-дәстүр және әдет-ғұрып

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 69

Қазақтың әр сөзінің мәндер бар,

Даналар және болған жөнге салар.

Салт-дәстүр бірге аталып  сөйлемдерде,

Ал, кейде жеке атаудан қандай мән бар?

Салт деген жеке-жеке адамдықа,

Өлшемі әрекеттің шаруалыққа,

Кім қалай өзін ұстау мәдениетің

Көрнісі әрекеттің ұқсар салтқа.

Бұл сөздің мағынасын кәсіп деген,

Замана шаруа-намазын меңгер деген,

Құдайдан әр пендеге болған тарту.

Салтыңмен өлшенеді нәсіп деген.

Дәстүрге бұрмалаймыз кейде салтты,

Тарихаттың ісін неге дінші бұрмалатты?

Салт пен дәстүр арасына сызық салып,

Ойласаңшы неге бұлай жалғамақты?

Дәстүрің ол шежіресі тарихаттың,

Құдай ісі, жетілген намаз шариғаттың.

Ескі салтың тарихыңнан тезден өткен,

Көпірі ол тылсымына мағрипаттың.

Бүгінгі заман салты талай әлі өзгереді,

Пайдасы зияны қатар бірге түрленеді.

Шариғатпен бар салты түзеп болмас,

Құдай ісін аянмен айқындап меңгереді.

Бүгінгі салтың ертеңгі ұрпақ аманатың,

Дәстүр болар жалғанса ісіне тарихаттың.

Ертеңгі ұрпақтың ол қазығы байланатын,

Ата жолың жалғанумен болмақ салтың.

Қазақтың ендігі сөздің даналары,

Бүгінгі замандық салттық саларды,

Дәстүр деп атайтын қылық ашты,

Осылай сөз қуаты санадан жоғалады.

Ойының барлық түрі болды дәстүр,

Ән салса қаңқылдаса ол да дәстүр,

Жиналып кеңес құрып, той жасса,

Атайды атамыздан қалған дәстүр.

Кимі бұрынғы қазақ болды дәстүр,

Ыстық суық, сұқтардан денді сақтар.

Ендігі тек сыртқы пішімі ұқсап тұрса,

Дейді қазақ бұл біздің еді дәстүр.

Оқысаң Абай дана ескіліктің киім салтын,

Білер ең салт пен дәстүр бірлеу парқын.

Өзіңнің ой нәпсіңмен күрес деген,

Арыңның сайманы деп білсең нарқын.

Меңгермей ар білімін, бүгінгі енді салтың,

Дәстүр болып рух, нәпсіні тазартпасың.

Салтыңмен дәстүріңе  шерік қосып,

Ой жорып тілің азса, тозар халқың.

Европаға еліктеп алған арсыз салтың,

Емес ол, Құдайдан болған дәстүр.

Қызылбастан үйренген иман салтың,

Бола алмас қазағыңа тағы дәстүр.

Абайдай дана да қанша ескерткенді,

Дәстүрін қара сөзбен өрнектеді.

Жол көріп жоба білмей деді қазақ,

Замана шариғат, салтың ержетпейді.

Әр сөздің білу керек өлшемдерін,

Атау сөздің меңгер деген  мекендерін.

Сатып алып өзге елден не қыласың,

Екі сөзбен тәңір сені көркемдеген.

Дәстүрің ұлтыңа келген ашық дәлел,

Жаратқан сегіз түрді бол деп кемел.

Меңгеру сегіз түрлі қозғалысты,

Өнерге ақыл-айла, әрекет болар демеу.

Бұл сегіз дәуірлік сындарын заман дейді,

Дәстүрің ата жолың меңгерген амал дейді.

Жамандыққа сындарға қарсы тұрған,

Ата баба тәжрибесінен намаз дейді.

Бұл сегіздің Алла тағала сипаты бар,

Сегіз түрлі есімдер тұрпаты бар.

Сегіз қырлы бір сырлы болған қазақ,

Ер азаматтарда дәстүрдің ұстасы бар.

Бүгінгі талабы рас, салтары бар,

Бірі зиян, енді бірін мақтары бар.

Құдайдан уахименен білім біліп,

Дәстүрдің де тозғанын тастары бар.

Қазақтың дәстүрі негізі аруақ білім,

Дін сырын, төртеуін түгел меңгеумен,

Төбеден түгелдесең иман, білім келер

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді теңгеруден.

Діншілері шариғатты араптан үлгі деген,

Жоқ дейді шариғаттан өзге ел үлгі білген.

Қазақта шариғатты әдет пен әдеп деген,

Кітабын және Адамнан бері тізіп келген.

Қызыңа қырық үйден тиымды, ұлға отыз,

Келінді ізеп, жеті судан және өткіз.

Қан тек пен, ақ тектің тәрбие әдетерін,

Меңгеру тектіліктің әдетін бұл бір негіз.

Әдетпен, әдепсіз боп үш кітап қалай түсті?

Арамза ғалым, дінші, сөздері де екі ұшты.

Атаңа келген сөздің білімін зертеңдер деп

Құранмен мүмінге мұндай аят неге түсті?

Әдетпен, ғұрып неге бірге кейде аталады?

Бұл  неге ескіліктің ырымы деп бағаланды?

Ғұрыпың таза ақылдан болып нақыл,

Әдетің шариғат боп мақалдан нәр алады.

Ғұрыпың жер анаңның рухы болар,

Тіршіліктің тамыры ұлтыңның үні толар.

Ғұрыпсыз ділің де жоқ тілің де жоқ,

Жалғанабасаң жер анаңмен жаның тозар.

Ғұрыпың тәурат, кітап берген білім,

Дәстүрің інжілден  Ғиса рухтан ілім.

Әдетің шариғатың Зәбурмен келген,

Исламдық салтың болды армен, сенім.

Расулден болды хадис міндет деген,

Ата бабаң ғұрпын меңгер ғибратпенен.

Кірсе атаң жер тесігін іздеп тауып,

Кіріңдер кесірткенің іні деп қылмай қауіп.

Аят бар құраныңды масһабпен мүмкін болмас,

Меңгермей Інжіл, Таурат және кітаптардың,

Тақуалық, мүміндікпен білім болмас,

Тіл білімінсіз, ақирет себебінсіз иман толмас.

Салтың сенім біліммен бірге келді,

Ораза, намаз, зекет хажбен бірленеді.

Және ұлтың, ділің несібең алты алашпен

Он күн саулық, байлық боп түрленеді.

Діншілер шектеп сәзжде, құлшылықты,

Сенімді иман атап, мешітке қуып тықты.

Ғылымен, білімі сыры сыртта қалып,

Надандық, қызылбастық жолға түсті.

Үшіңді сүйсең әдет, ғұрпың және дәстүр,

Ата жолын енді ұстансаң болдың кәпір.

Салтымен бес парыздық жалған тәпсір,

Надан ғалым, арамазалар болды тақсыр.

Надандық қазаққа бұл қайдан келді?

Бұрын соңды болмаған арап жұртта

Араптың үнін алып, қалай атау берді,

Сөздерді пайғамбарымыз қайдан білді?

Атаулар бұрын болмай тек арап білсе,

Құранмен алғашқы боп кітап түссе.

Қалайша соңғы пайғамбар боп аталады?

Кітабын бұл сөздердің тек қана арап білсе!

Бір сөзге көп сөздерді сыйғыздым деп,

Құпиясын сөздің ішкі сырын біл деп.

Ғылымсыз, кітапсыз құран оқыма деп,

Хадиспен, аяттар бар ескерткен  көп.

Игі- жақсы, ғалымдар неге надан болдың?

Құранды алып, кітаптарды тастап қойдың.

Дінсіз діл,  ділсіз масһаб тура жол деп,

Сөзіне арап шоқын деп мақсат қойдың.

Сөз жаралып араппен бірге Құдай болды,

Әдетін арап білген, «намазхан» ығай болды.

Әдет-ғұрып, дәстүр кітабыңды артқа тастап,

Арап білсе, оқып құран, тәпсірші ғалым болды.

Философ, жазушылар адам аулап аю болды,

Өз сөзіңде өз ұлтыңа түсіндірмей өгей қылды.

Ал, замананың түлкі дүниесін ұстай  білген,

Әкімдер бұйрықпен жүретін  «құмай» болды.

Жабылып ендігі қазақ басшылары,

Дін бөлек деп, өздерінен заң шығарды.

Сыйғызбақа қайта Құдай кереметін,

Мешітке діннің салтын тыққылады.

Ел билік дінді заңменен күзет деді,

Әдетің ұятсыздық, гендірлік әдеп болды.

Ғұрпыңды дінен тағы бөлшектеді,

Құдайды да болды осылай түзетпекші.

Жын-шайтан мешіттерге кірмей қойды,

Еркін ой, жүктеріңде масһабқа енбей қойды.

Жүксіз-ойсыз босқа намаз оқуменен,

Құдай ісін дін жұбын тастап қойды.

Меңгертпей ұлттың жоба ғұрыптарын,

Қарсы боп жынды дінші ырымдадың.

Араптар көрдің жындарын ұмытқанын,

Жүктелмей қанмен жумай қаңғытқанын.

Жындары шайтанменен шерік болып,

Өздерін енді қайта келіп іздеп тауып.

Төртеуі түгел болмай мастық жайлап,

Арап елі жүктеліп жынмен, соғысқанын.

Ата жолмен  аруағына жалғану ғұрып еді,

Ойпатарда жиналған шеріктер өз ұлтың еді.

Құран оқып, құрбанмен жанын жалғап,

Серік қылып жамағат артынан ертіп еді.

Тажалдар көп өз ғұрпына қарсы шыққан,

Ескі білім масһабтық болып мақтан.

Ұяласын талайтын төбетердей сүйек көрсе,

Ұлтыңды дүниемен азғырды дінші шайтан.

Аруақсыз  бұл дүниеге келдің қайдан?

Жынсыз, шеріксіз, серіксізді көрдің қайдан?

Шайтаның -нәпсі, жан болып көрсетпесе,

Ащщы, тұщы рахат сезімін  білдің қайдан?

Адамзат серіксіз еш болған емес,

Серігің саған ерген ол бір елес.

Жыныңды тазартпасаң соңыңа ерген,

Азғындап шайтанға еріп берер кеңес.

Даналар аруақ деп денеге айдар тақты,

Жетімен бір тұтастық сырын тапты.

Ішкен, жеген, сезімің, білім, тағлым,

Жын, шайтан қайдан шықты білсең тапшы?

Қазағым надандық бізге керек емес,

Дін-жаның себептерден бөлек емес.

Жанды жансыз нәрсенің діндері бар,

Әдет-ғұрып, дәстүрің ұлтыңа діннен үлес.

Масһабтың төртін алда, салтын алма,

Ораза,  тұт зекет, намаз оқып хажын алда.

Өз еліңде жер кезіп, ағарып табан тозбай,

Өзіңді алдап құр босқа қажы болма.

Ата жол әдет-ғұрпың, дәстүр салтың,

Аянмен жорып кітаптың білген парқын.

Шақырған әулие бабаң кел, деп халқын,

Иманның ағашынан ал деп жан жарығын.

Қазақтың сөз бейнесі, таңбасы бар,

Әрбір таңба санмен құраннан аяты бар.

Дін қазанына пісіріп азығыңды ал,

Бұл ошақтың үш түрлі маңызы бар.

Аманат ол ғұрпыңнан жер анадан,

Жер есігін аманатың іздеп тауып,

Мойнына бұршақ салып, ақтық жауып,

Ақтаған құрбан шалып ата бабаң.

Уәдең бар әке-шешең дәстүр қылған,

Нәсілдік тілмен шекті сызып алған.

Тіл шек деп белгі қойып шек араға,

Беліне қанжар байлап ел қорғаған.

Үшінші дін қазығың құран болар,

Заманға сай әдетіңмен, салтың болар.

Ғұрпыңмен, дәстүріңнің некесі боп,

Замана білімімен жалғап тұрар.

Пайғамбардан болған намаздар ғибраты,

Ортасын ұстаныңдар,- деген хадис ұлағаты.

Ілімен білім ортасын іздеп таба аламасаң,

Бүлінесің!-  депті қазақтың аталар аманты.

Ғұрпыңды бейнеленген ілім дейді,

Дәстүрің салттан туған білім еді.

Ортасын бұл екеуін қосып тұрған,

Кітабың құраннан алған ақирет ілім еді.

Кітабын бұл ілімнің жер мен көктің,

Жалғаған ағашын іздеп жер кезесің.

Жол тапай қиналғанда пайғамбарға,

Ал деген мұғжизаны түс көретін.

Мұғжиза хикмететті кітаптан білім еді,

Бұл кітаптарды Ясауи бабаң түгелдеді.

Санменен барлық хикметке белгі тағып,

Меңгерген ата-бабаң тура жол ғылымы еді.

Әдет-ғұрып, салт-дәстүріңді берік ұстап,

Жеті әулие діл-жаныңа болсын тұрақ.

Жер есігі, көк сатысын ізде кезіп,

Кітап, аян батасын бабаңның алсаң сұрап.

Аралап өз жеріңнің тау мен тасын,

Құрбандық қаныменен келер асың.

Жүктердің жатқан інін іздеп барып,

Аруақтың көтер деген жандық басын.

Болмаса аруағың енді тыныш жатпас,

Жының тұр екі жүзді қанжар алмас.

Шеріктерің оқымасаң құранды өзіңе қас,

Қайда қашып тығылсаң да қосылар рас.

Іздеп барып, құранмен алсаңшы аруағыңды,

Арамнан тазартсаңшы  мал-жаныңды.

Құдай сенің жұмсаған дүниеніңді көрмейді деп,

Шайтандар дүниемен  қорқытып азғырғанды.

Тажалдар баққан иттерін ата жолыңа айдап салды,

Құдайдың ісіне, дін ісі және заңменен тиым болды.

Алланың жолына шығып, туысқа хайыр жасап,

Жолды көрмей, жоба білмей бермес Алла иманыңды.

(Мамыр айы 2013 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *