Дүние мен өмір

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 148

Білімділер насихат көп жазады,

Адам үшін уайым жеп жазады.

Байқап оқып отырсам, соның бәрі.

«Дүние сұм, алдамшы» деп жазады.

Мен-дағы тіршілікке қадам бастым,

Рахат, бейнет, әр іске араластым.

Өмір бойы қуанбақ жынды ісі ғой,

Кейде асып, кейде қашып, кейде састым.

Рахат көрсем сыйдырып мақтаныма,

Таласы бар кімнің деп тапқаныма.

Қарсы жалдап, қайраңнан шыға бердім,

Көнбедім деп жалғанның қаққанына.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Дүние жалған опасыз деп айтады,

Бес күніңнің бұл күнәмен араласы.

Тағдырын Алла берген тазартуға,

Тазартып қайта жазу дін парасы.

Мастықпен қысқа ақыл өмір басы,

Жындылықпен байланған ең ортасы.

Қырық қожа, жылдармен бар қуаты,

Қырқа асырып, иман кісі ал жолдасты.

Көңілдің көп дүниемен сырластары,

Ашу, ысырап, ер қоспақ сөз наласы.

Ынсапсызға, құмарлығы әдет болар,

Дүние қумақ, араммен ішкен асы.

(Б.Т.К)

****  ****

Қайғы көрсем: «дүниенің жалғандығы,-

Дедім-алдап, мінеки алғандығы».

Ол не десең, бұрынғы жазғандардың,

Сөзі орнығып көңілде қалғандығы.

«Менде соққы жедім-деп-сұм дүниеден»

Көп жазып ем, оныма өкіндім мен.

Ойласам, көрген бейнет, тартқан қайғы

Болыпты не біреуден, не өзімнен.

Бұл дүниенің ол туралы жазасы жоқ,

Біз сөкті деп тоқтайма алла атқан оқ.

Пәрменімен айналған шархи фәлақ-

Күн мен ай, жұлдыз, әуе, жер менен көк.

Кімде-кім қайғы тартып, бейнет көрсе,

Сұм жалғаның қылғаны бұл дей берсе,

Әлбетте,- бұл тағдырға наразылық,

Түбі аллаға қарсылық, ондайға ерсе.

(Шәкәрім әулие)

****  ****

Дәстүрі текті қазақ ұмыт қалды,

Ендігі салтың жат жұрттық болды.

Дүниемен бақытты боламыз деп,

Шайтанның жамағаты азғырғанды.

Сөгеміз қайғы көрсек, ел билікті,

Заң жазып, құдай сынын түземекші.

Көктен түсіріп, жерден өндіретін,

Құдай болмақ, білімді жынды шықты.

Тағдырының алды-артын ісін көрмей,

Аруағын «шерік» деген дінді білмей.

Надандық қызылбастан алған елің,

Құранды мазаққа алып, сөз түсінбей.

(Б.Т.К)

***  ****

Кім үйретті дүниені жамандатып,

Оны сөгіп, өзіңді амандатып?

Мұны үйреткен-білімсіз шала молда,

Қу қазыққа байлаған табандатып.

Кейбіреулер жазады «қу өмір» деп,

«Тұрағы жоқ, алдамшы, су өмір» деп.

«Көрген қызық, қылған іс-бәрі де ұмыт,

Иә, көлеңке, яки түс, у өмір» деп.

Бұған де еріп көп жаздым түшіркеніп,

Білімділер сөзі деп ентеленіп.

Өмір емес, алдаған өзіңді өзің,

Пәленшекем айтты деп қалма сеніп.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Ақыл, есің біліммен арқандалып,

Надан ғалым, шала молда ой жоғалтып,

Білімдіден дінсіздік әдет болды,

Ескі ақылдың қайғысын тағдырға алып.

Көрген түсін жаман, жақсыға алып,

Жаманға түкір, есіңнен ал шығарып.

Жақсы түске қуанасың шүкірлік жоқ,

Тағдырларын алмай жүр ел тазартып.

Жақсы, жаман тағдырдың ісін көрсең,

Жамандықтан сақтанбақ дәстүр білсең.

Құрбан шалып, шелпегін пісіретін,

Ата-анаң  өлі аруағын сыйлап жүрген.

Жақсылыққа рахметін амал қылған,

Зияраттап әулие-әмби құрбан шалған.

Алланың досымен сұқбаттасып,

Жол-жоба тағдырына аян алған.

(Б.Т.К)

***  ***

Бұл екі сөз айтуға, тым орайлы,

Жүрекке әсер берер сонша жайлы.

Терісті де дұрыс деп сендіретін

Шешендердің келеді тілі ыңғайлы.

Дүние деген қызыққан ісің болса,

Қызықтырған кім сені оған онша?

Пайдасыз, баянсызын біле тұра,

Қуа бердің ойланбай неге сонша?

Өмір деген жастықтан қартаймақ па,

Бейнет, рахат, байлықпен мал таймақ па.

Боларға ұмтыл, болмаққа қанағат қыл,

Жала жауып, салынба жантаймаққа.

Өмір, дүние, жер мен көк, өткен заман,

Ажал алмай қоймайды ешкімді аман.

Өлмей, өшпей, қартаймай жүргің келсе,

Ол-болмай ма тағдырды жамандаған?

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Атайды неге дүние бес күн жалған,

Бес күнің, бес қуатпен көңілге алған.

Көңілің құмар болса баянсызға,

Бар өмірің көрген түстей болар жалған.

Шындықты  текті қазақ шынға айналдырған,

Мың өліп, мың тіріліп жаннат барған.

Жүгіңді ата-анаңның қалған аманаты,

Жыннан нәсіл, тазарту уәдең болған.

Дінші, тілші сөзі майда шешен болған,

Дәстүріңді, тура жолды теріске алған.

Масһабтың шариғатын биік қойып,

Тарихат, мағрипатқа шектеу қойған.

(Б.Т.К)

****  ****

Тумақ, өлмек, қартаймақ болмай қоймас,

Қанша қызық көрсе де, пенде тоймас.

Сол тоймастық-дүниені жамандатқан

Сен сөкті деп тағдырды қайта жоймас.

Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,

Дүние-алдамшы, өмір-қу деп елірме.

Қамдан, сақтан, қағып бақ, бәле келсе,

Бәрін құдай қылады дегенге ерме.

Қаза келсе, өзіңнен, иә біреуден,

Немесе бір нәрсенің себебінен.

Дауың дұрыс бола ма, ойласаңшы,

Өмір-қу, дүние-алдамшы дегеніңмен?

Дүние алдамшы, өмір қу есерлерге,

Есерлікпен жолығар кеселдерге.

Ол екеуі мінді емес, мін өзіңде,

Сөзің бөлек өзгеден десеңдер де.

(Шәкәрім әулие)

* **  ***

Айна аруағың қарасаң көлеңкеңе,

Көлеңкеңді көріп жүрсің сен түсіңде.

Өз қауымың, себепшің болар тағдыр,

Алды- артыңнан күзетшің хабар берсе.

Өлімің өзіңде тұр Алладан өзге деме,

Себепші екі қолың іс меңгерсе.

Тозақта ауыз емес қол сөйлейді,

Бар іске есеп бермек  көлеңкең де.

Құранда аяты бар үкім жазған,

Лат пен Ғұзза періште тағдыр болған.

Адамның екі ұлы бар иман жолдас,

Оң солың екі өмірге хабар алған.

Жан ғылымы, иманнан сыры алған,

Кітабын жанға жазып тағдыр болған.

Басыңа қайғы келсе өзіңнен көр,

Екі қол аруағың бар сенен туған.

Адал еңбек,  ақ жүрекпен, арын білсе,

Өртеп жерін, жарына егін ексе.

Болашақтың нәсілін дәнін жинап,

Жаннаттың мәңгілік өмір кілті өзіңде!

Жақсы- жаманды құдай жаратқан,

Ібіліс сынақ болып, тегің алған.

Жақсы болсаң құдайдан сыйың болар,

Жаман қылған Ол емес, нәпсі күнәң!

(Б.Т.К)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *