Біздің қазақ әркімді қылар мазақ,
Деп жүрме екен өзім бойым таза-ақ.
Осы жұрттың байқаңыз, беті қалай,
Қайда қаңғып барады осы қазақ?
Ауыз дәмін кіргізер дәмі бар ма,
Маған десе, бұл елдің бәрі бар ма?
Қалай кетіп барамыз деп ойлаған
Есті жас пен ескерген кәрі бар ма?
Қай қазақ ойдан орып, қырдан қырды,
Білмейді деп жүрме деп ішкі сырды.
Қазақтың қайратының түбі мәлім,
Алты бақан алауыз иттей үрді.
Бұл қазақ уәдеде қашан тұрды,
Алдаумен күн өтіп құдай ұрды.
Бірін-бірі құтырған итше қауып,
Өңкей төбет шуылдап ұлып жүрді.
Бетін байқап қарасаң бұл қазақтың,
Соқпағына түсті ғой дәл дозақтың.
Ақыл айтсаң, алады бір жеріңнен,
Белгісіз есі шыққан сандалақтың.
(Шәкәрім әулие)
*** ****
Раббыңның алдында антың берген,
Әлмисақтың уәдесі нәсіл деген.
Кітап алған даналар ғибратын,
Абай дана санменен түсіндірген.
Сөз түзелді қазағым сен де түзел,
Ұзын сөзді жан ғылымын деген меңгер.
Нақылдарын құпия шеше білген,
Хакім болсын, ел билігін тізгінін бер.
Бұл күнді білімді көп шешен тілді,
Майда сөйлеп алдап елді сендіреді.
Бірі таңба өзгертіп, бірі сөзін,
Өзге елдің нәсіліне таңбақ елді.
Дінмен салтын араптың алдық бірге,
Ұлт дәстүрін телумен төмен ділге.
Жастар кетті ит болып ұлтына үріп,
Шерік атап, Алла досын деген «өзге».
Дозаққа билер білмей бастағанын,
Арсыздықты теңдік деп алдағанын.
Арсыз, ұятсыз қауымды жұлдыз атап,
Хайуандықты болмай ма қолдағаның.
Алты бақан, араз болған жаны елдің,
Алты ауыз жетесіздік, дәмі өлген.
Арам мен ұятты аңғармайтын,
Дәстүр деп бөлшектеген арын елдің.
Айырмай ақ-қараны жалғанменен,
Заңмен бағып, түрмеге қамауменен.
Еркін рұқын ел билік тартып алған,
Дүние, ақша күнкөріске байлауменен.
Тәрбиесін білмеген рұқ пен жанның,
Аманатын қорғай алмай ата заңың
Өмірдің шындығынан шежіремен,
Дәстүрді бөлшектеп арсыздандың.
(Б.Т.К)
**** ****
……… ………… …………..
Ар қайда, ақыл қайда, намыс қайда,
Өңкей итке жалындың, табыс қайда?
Ана байға ит кетсе-күнің қараң,
Онда қашып тығылар қамыс қайда?
Тек отырмай, атыңды алысқа айда,
Партия жағаласқан жарысқа айда.
Жердің жүзін жеңіп ал жанды салып,
Дос қайда, құда қайда, таныс қайда?…
…Ант ішіп, алдамасқа жаныңды бер,
Жалаңаш, жалмауызға малыңды бер.
Жауды жеңіп аласың, жанды аяма,
Жүзің түгіл, іркілмей саныңды бер….
Япыр-ау, бұл не деген наданшылық,
Осынша жайылар ма жаманшылық.
Есі шығып елірген бәрі де мас,
Ар қайда, ақыл қайда, адамшылық?
(Шәкәрім әулие)
*** ***
Шет елдің мақтанына мәз боламыз,
Арсыз салтқа ел жынданып мас боламыз.
Қыз, қатынның еркін қолға беріп,
Әйел азған, рұқы бодан ел болғанбыз.
Жалаңаш арсыздықты теңдік деген,
Екі жүзді ата заңымен билік жүрген.
Дәстүрді қолдаған боп арға тыйым,
Бұл не деген заман болды тек өлтірген.
Дәулеттілер біліміне болғандар мас,
Һарұндай құдай ісімен болғаны қас.
Қазақтың басына қонған бағын заңмен,
Қудалап өз аруағына жалғандырмас.
Бұрынғы білімсіздік наданшылық,
Бүгін шықты білімдіден тажал қылық.
Отыз түрлі сипаты қазақта бар,
Ойын-сауық өнерің болды адамшылық.
(Б.Т.К)
**** ***
Қазақтың бәрі бірдей құтырған ба,
Іс қылмақ артын ойлап ұмтылған ба?
Алланың кәрі тиіп адасты ма,
Кеткені мұнша неге шытырманға?
Адал десе тік тұрар төбе шашы,
Жиған малы бәрі арам, ішкен асы.
Қылып жүрген ісі анау, күші мынау,
Ағайынға ұқсайды қай арасы?
«Қайтелік, заман солай» деген болып,
Алдаумен бірін-бірі жеген болып,
«Менен емес, анадан» деп суылдап,
Тап-таза, бәрі бірдей неге болып….
(Шәкәрім әулие)
*** ****
Бұрынғылар білместіктен құтырғанда,
Жазу, сызу қазақта білім аз болғанда.
Ендігі құтырғандық мүлде бөлек,
Қияметтің сағаты елдің соғылғанда.
Білімді ендігі қазақ, жұрттың дені,
Ақылын тастап артқа, ес кеміді.
Бір ақылға жүгінген үлкендер аз,
Арсыздықтан жоғалған ұлттың тегі.
Япырмау, билеп жүрген бүгін елді,
Қазақтың нәсілінен жоқ қой белгі.
Араммен араласып салтың келді,
Дәстүрі текті бабаң арсыз ба еді?
Үш байлықтың сауыты Ар білімі,
Аяқ асты қылған серкелер қай нәсілді?
Өз ұлтының дәстүрін жақтырмайды,
Өз ойларына шоқынып тәңір қылды.
Ата заң тірі емес сақтауға әділдікті,
Екі жүзді заң жазғандар болды мықты.
Қазақтың намысы деп ардан күсіп,
Төбет көп қаламайтын тыныштықты.
(Б.ТК)
**** ****
Онымен мені алдай ма, кімді алдайды,
Жалған сөзін құлағым тіпті алмайды.
Тәңірінің таразысы тартылса әділ,
Азап көрмей айламен сау қалмайды.
Сен мұні айтқаныңмен не табасың,
Алса алады өз арын, өз бағасын.
«Елің қайда барады, көш жөніңе»-деп,
Оятқаным дейсің ғой жұрт ағасын.
Өзің кімсің, біреуге сын тағасың,
Айтқаныңмен оларға қай жағасың.
Қайраттан да, қамдан да босатып ал,
Сонда тура шындыққа жол табасың.
Бұл елдің күн көргені-өтірік ант,
Қазаққа алдау деген болды ғой салт.
Не түзеліп, не бұзыл, ылажым жоқ,
Қақсап, зарлап, айтты да өтті ғой қарт.
(Шәкәрім әулие)
*** ****
Бола алмаймын деме ғалым көрсең,
Ұқсауға тырыс деген Абай көсем.
Мен де әулиелерден бата алып,
Тарқатып жазып көрдім сөзін көркем.
Құдайдан уақи келіп, ел ағасын,
Екі күнін қайтар деген дәстүр салтын.
Қорқытып екі өкпеден атады деп,
Баяндап ниет қылдым, жол бастасын.
Ақылды дегендей артық жан баласын,
Біліммен ел билеуші білген өз бағасын.
Құранды теріске алған өзге елден,
Имансыздық біліммен «У» алғасын.
Философ, психолог, ақын да көп,
Қазақтың сөз ғылымы санада жоқ.
Сан білмеген санасызды ғалым деген,
Ар түгіл, ақыл, иман мұндайда жоқ.
Ата жол, дәстүрінен сын тағатын,
Шерік, серік деп елді қорқытатын,
Надан дінші түсіне алмай адастырған,
Теріске алып аяттардың насихатын.
Құранға кітапсыз надан жалғанатын,
Ескі ақыл, қуат болмас ақталатын.
Бір есті шықпай қойды зиялы боп,
Түсінген әулие, сопы аманатын.
(Б.Т.К)
**** ****