Ойым көлік басымнан

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 176

Мен бір – тілсіз көлікпін,

Басыма соқпа дауың жоқ.

Тепкілеме, өлікпін,

Шайтаннан басқа жауым жоқ.

Қызығып сендер ұмтылар

Қасыма ерген қауым жоқ.

Жазады кекшіл мұтыңдар,

Жазадан, сірә, сауың жоқ.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Бүгінгі заман жасынан,

Басынан қадір қашырған.

Тағдырлық ой жеті үні

Маңдайда жоқ ашылған.

Сегіз жынын оймен басқарған,

Басқа түгел табынған.

Ой көлік жының мінетін,

Ақылға тізгін ұстатсаң.

Талаптың мінген тұлпарын,

Меңгермек бір қуатын

Әулиелік қасиет қазақта,

Дәрежесі болар сұлтанның.

Меңгермес жан ғылымын,

Ақталмай ақ сүт, қан, ділің.

Қызыл, сары, көк түспен,

Кітабын- құран сан білімін.

Білімді ғалым үлкен көп,

Ғылымнан алған белгі жоқ.

Атадан қалған серттерін,

Тастаған артқа тажал боп.

Бақ қарар, дуылға сауыт жоқ,

Алты ауызың қауым жоқ.

Бес қуатпен жүктелмей,

Ақ сауыт, ардан жарық жоқ.

Кекшілдік жынды ұмытпас,

Тағдырына құдай болды қас.

Тәңірсіп жасты азғырған,

Ақылсыз білім қылды мас.

Жазадан қауым құтылмас,

Гүл қойып мазақ қылдырмас.

Аруағыңнан жауап келеді,

Тегіңді жойып, бас қылмас!

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *