Мал жимақ, ақылға қуат  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 130

Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,

Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.

Арың сатпа, терің сат,  адалды ізде,

Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи.

Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын,

Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайың.

Ойлансын деп ой берді, көруге көз,

Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын.

Үйде отырып салғанмен сары уайым,

Тілегенің тұра ма саған дайын.

Жүріп-тұрып, ойланып істеп көрсең,

Харакеттің білесің сонда жайын.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Ақыл — сөз, ал сөз құдайдан шыққаны бу,

Ақылсыз тіршіліктің артында У.

Төрт ақылды адамзаттың өмірінде,

Меңгерумен естіліктен көтерген ту.

Сезімдік ақыл жанның еркі, ішіңмен біл,

Қаракеттік — малың мен ақша бойыңда тұр.

Тәңір атқан екі сөзбен адамзатты,

Ақылдың бұл тағдырлық қуаты дүр.

Екі естің сипаты бар сезім, жының,

Қырыққа толмай бір естілік болар қиын.

Тер төгіп, ет ауыртып, өнер іздеп,

Бес қуатың және бар алар жүгің.

(Б.Т.К)

***  ***

Жатып ішкен жан-тыныш, салғырт-салақ,

Оған арам-харакет, ой ойламақ.

Іздемеген кісіге қайдан келсін

Таза киім, жылы орын, тәтті тамақ.

Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,

Білім білмек-әр іске шебер болмақ.

Қол өнерден пайда қыл үйреніп-ақ,

Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ.

Қол өнер-өзің өлсең-бірге өледі,

Сонда дағы қалғандар үйренеді.

Сен кетсең де өнерің елде қалып,

Талай жанға азық пен мал береді.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Қаракет ақылдың сегіз қыры болмақ,

Сегіз жынды бір бойға жарық қылмақ.

Басыңда төртеуі бар ең негізі,

Көріп, естіп, ойланып сөйлеп тұрмақ.

Анықтап алумен іске айналдырмақ,

Жын қуатың түбінде қайрат болмақ.

Масһабшы, дінші ғалым айтқанына,

Сеніп қалып, өзіңді-өзің қылма мазақ.

Тырнақ, саусақ, білек, қар, иық болмақ,

Алтауы алақанда бірленіп аруақ болмақ.

Қол аруағың — өнерің, кітап ғұмыр,

Жыннан қайрат қуатың кісі аталмақ.

Білім білмек, ақылмен пайдаланбақ,

Аруағың боп жазылып тағдыр қылмақ.

Қол бала, маңдайдан ашылар қуат болып,

Маңдай таным,  қол ісіңнен талап тумақ.

(Б.Т.К)

***  ****

Әрі ермек, әрі пайда, әрі дұрыс,

Демейді қол өнерді ешкім бұрыс.

Көрінгенге көз сатып жалынғанша,

Күндік өмір қалса да соған тырыс.

Деп ойлама бұйрықсыз дәулет қайда,

Жалықпай талап етсең-дайын пайда.

Адал қол аштан өлмес, құры қалмас,

«Жүрген алар»-деген ғой осындайды.

Талаппен адал істі істемекпіз,

Тапсырдық бір аллаға біз демекпіз.

Ындының таза болса, именбеңіз,

Дәулетті осылайша іздемекпіз.

Баста таза жаратты, сен таза бол,

Ұқсаң, ашық айттым ғой бұл-тура жол.

Мақтан күйлеп, арамнан мал жинасаң,

Орның-дозақ, сорлы-сен, айтқаным сол!

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Мал-ақша, жүз етіңнен бар қуатың,

Екі жүз қара кісі жүр аңдып артың.

Адал еңбек, қол өнері, білім, ілім,

Жүректегі сарайларды тазартатын,

Ындының жүректегі төрт сарайың,

Төрт ақылға орын болар жайың.

Адамзатты жаратқанды таза дінмен,

Тура жолға салатын ақыл-ойын.

Жүректе-сана, ойда-таным, білімді ақыл,

Ғылымға жүгіндірмек болған нақыл.

Төрт ақылдан екі есті өсірумен,

Дәстүріңмен таза ақылға жалғанатын.

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *