Ызақорлар  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 129

Ашу келсе, тұрғызбас,

Артыңа мойын бұрғызбас.

Көрінеу отқа салады,

Орынды жұмыс қылғызбас.

Ыза керсе бойыңды,

Ойлатпайды ойыңды.

Басқызып алсаң, пайда жоқ,

Батпаннан ауыр шойынды.

Ашумен қылған іс емес,

Қайрат та емес, күш емес.

Ашуына билеткен,

Ақылы түзу кісі емес.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Күнәдан тәндер жаралған,

Дәстүрің, антың және алған.

Тегіңді алып қарсыдан,

Ет-малды, қанды тазартқан.

Жүгің бар келер тозақтан,

Жын болып өткен азаптан.

Ашу мен мінез қылығың,

Тәрбиесін ардың алмасаң.

Сынықтан басқа жұғады,

Болмаса киім-зейнет қорғаны.

Ашытып ылғал қандағы,

Қылған көп елде зинаны.

Миларын сәнмен ашытқан,

Қорғалмай бас иіс сасықтан.

Түтінсіз отпен жалғанып,

Ызақорлық ақыл жоғалтқан.

(Б.ТК)

***  ***

Пішінің кетер қуарып,

Аузың, ернің ұзарып.

Тышатұғұн баладай

Екі көзің қызарып.

Қабаған иттей арсылдап,

Дуанадай қалшылдап.

Ыза қылған кісінің,

Соңынан қалмай жалпылдап…

Осыдан пайда не шықты?

Мас күнінде нені ұқты?

Ақылға салып ойлашы,

Мұнымен болар кім мықты?

Буындырмай өзіңді,

Бұлтитпай-ақ көзіңді,

Ойланып айтсаң болмай ма

Керекті ғана сөзіңді?

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Шөп болып сезім жаралған,

Сөзінен пенде нәр алған.

Жәндік боп сезім өнеді,

Нәсілің адам бұл алған.

Кет деген баста сөз алған,

Жаннаттан ағаш дәм алған.

Сынағың барлық адамзат,

Тегің бар итпен жалғанған.

Жынысың баста жаралған,

Иттікпен сезім жалғанған.

Бастағы жының төртеуді,

Тазартып итті басқарған.

Әйелге тектік жыланнан,

Улы тіл сезім жалғанған.

Тазарса мұндай қуаттан,

Мысыққа малы айналған.

Ызақор, ашу хайуаннан,

Немесе жәндік жыланнан.

Мінезі ұқсас пенде көп,

Ит болып жүр қабаған.

Қуаты жоқ ар, ұяттан,

Бойға жоқ жарық жинаған.

Жыландай суық ызадан,

Кем болса есі бір ақылдан.

(Б.Т.К)

****  ****

Бойды ашуға билетпе,

Басынан жаман үйретпе.

Адырайып, аптығып,

Бір жеріңді күйретпе.

Билеп алсаң ашуды,

Пайдасыз істен қашуды,-

Сонда әдемі байқарсың

Аяқты қалай басуды.

Ашусыз адам болмайды,

Ескеру керек ондайды.

Қапы өткізбей қайырып

Алмағандар оңбайды.

Еріншек, ашу, құмарлық-

Бұларды істен шығардық.

Жамандықтың басы осы,

Кісі болса ұғарлық…

(Шәкәрім әулие)

****  ****

Ашуың -жының шақырсаң,

Шайтансың босқа бақырсаң.

Ақылда қуат болмаса,

Шайтан мен жының қосылған.

Шайтаның қанда келімсек,

Еретін арттан келіншек.

Ішіңнің сыры қандайды,

Көлеңкеңе соны жалғайды.

Еріншек, ашу құмарлық,

Мінез ғой жынды қыларлық.

Еріншек, шайтан сезімнен,

Жыныңа құмар қосарлық.

Сақтанған өлім кебінмен,

Жарығын дене өсірген.

Шариғаттан алып үлгісін,

Пайғамбардан қалған дін ісін.

Ақылсыз иман болмайды,

Жындыда иман тұрмайды.

Жын менен шайтан арасын,

Нұрымен Алла қорғайды.

Малыңды бақсаң қайырып,

Арасын тұрсаң айырып.

Жасынан тәрбие үйретіп,

Дәстүрін тектің зайырлық.

(Б.Т.К)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *