Сәнқойлар  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 65

Шедірейіп, шекиіп,

Қасын керіп кекиіп.

Қолдан пішін жасаған,

Біреу келер секиіп.

Шырт түкіріп шынтақтап,

Жүз құбылып, қылтақтап.

Сұлуын-ай шіркіннің

Дегізбекші жұрт мақтап.

Мұнымен мақтау алмақ па?-

Шамалап өзің салмақта.

Мұнша әдемі көрініп,

Көңілі қызға бармақ па?

Мен қыз емес, өзің қыз,

Осы күнде сындасыз.

Өз бетіңді өзің бұз,

Үйте алмаймыз, жаным, біз.

Боянған пішін бола ма,

Оны қылған оңа ма.

Ерте бастан айтқаным-

Сол пішінге жолама…

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Сәнқойлық сезім қыз,

Қысқа ақылдан білсеңіз.

Қанымен әйел өнетін,

Сезімдіқ ақыл тегіңіз.

Ендігі бүгін күніміз,

Сән шықты киімсіз.

Арманы еркек болумен,

Қатыннан алған геніңіз.

Жалаңаш қатын, қызымыз,

Шаш жайып ерген жынымыз.

Төменгі етек — сана жоқ,

Жан — өлі, кәпір — жынымыз.

Жануарлық — енді сәніміз,

Мақтаның — арсыз заңымыз.

Ұнатса шет ел қатыны,

Қуанып шығар жанымыз.

Қысқарып мүлде есіміз,

Жиіркеніш деген сезімсіз.

Ар, ұяттан қуат жоғалып,

Маймылға ұқсас кейпіміз.

Сәнқойды қара киімсіз,

Жәндіктей кейбір қызымыз.

Арты шаян қайқиған,

Ер, әйел азған тегіміз.

(Б.Т.К)

****  ****

Бір салмойын сал келер,

Омырауы дал келер.

Бақайынан келмес-ақ,

Өзінен басқа пенделер.

Құлағын киер тымақтың,

Мойны бостау шырақтың.

Мас кісідей талтақтар,

Осыны қайтып ұнаттың?

Жүрсе, тұрса, бұлықсып,

Мұнысы тапқан қылықсып.

Өнер қылар, ат мінер,

Жығыла жаздап толықсып.

Осындай салғырт салымыз,

Көтеріп аттан алыңыз.

Аяғын жерге анықтап

Баса алмайды, наныңыз.

Өзіне-өзі өң берген,

Терісін түзеп жөндеген.

Осындай шебер елде көп,

Өз қылығын жөн көрген.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Осындай арсыз күн келер,

Шет елдің салтын меңгерер.

Ойына да бабалар кірмеген,

Нәсілі қазақ өзгерер.

Бөріктің құны жоқ бүгін,

Сән болды қырған бас түгін.

Түсінбес ендігі «кемеңгер»

Қадірін бастың дәстүрін.

Сезімге еркек берілген,

Бас тартып тектік киімнен.

Салдығы бүгін заманның,

Шайтаннан жынды өсірген.

Ашылған балтыр қиямет,

Ұрығы өлі, нәсіл тек.

Қыз теке болған еркектер,

Шайтан дамбал — сәнім деп.

«Жұлдызға»  жаны жалғанды,

Болмаса да санадан хабары.

Ән салып, күші тасыған,

Әулиедей атап ессіз наданды.

Аруағын қолын — кітабын,

Мағфуздан кітап алғанын.

Шайтанға сезім жалғаған,

Ер, қатын тексіз қазағың.

Қылығын мұндай жөн деген,

Жалғанып кәпір жынменен.

Салдығы әдет қылар мас,

Өзіне-өзі өң берген.

Мисызды болмас емдеген,

Ессіз көп ел билеген.

Ақылды сөзге болар қас,

Бас тартып тектік тәрбиеден.

(Б.Т.К)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *