VII-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 123

Біздердің ұғымымызша ғылым мен білімнің айырмасы жоқ деп түсінеміз. Білімді көп жинағанды ғалым, ғылымды меңгерген деп атаймыз. Ал Абай атамызға жүгінсек; «Алла тағалаға ұқсамақ-дәл бірдейлік дауғасымен емес, соның соңында болмақ. Ол үшін алла тағаланың сипаттары; Өмір, Ғылым, Құдірет,  Түсінуші, Естуші, Қалаушы, Сөйлеуші, Тудырушы-бар қылушы. Бұл сегізінен алла тағаладай күрделі жетілгендік болмаса да, пендесіне әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты…» Олай болса біздердің естіп, көріп, қалап, сөйлеп, өмірде бар болу үшін көбеюіміздің бәрі адамдық білімімізден, өмір сүру тәжірибемізден, ақылымыздан болады екен. Ал енді ғылым мен құдіретті  тапқан ақылымыздың шамасына қарай ғылымның белгісін танып, хикметіне жалғанып, іздеп тауып меңгере аламыз. Себебі Алла тағаланың барлық сипаты ғылым мен құдіретінен туындайды да, растық, бірлік сипатында ғылым құдіреті болып, мұны бірлігі яғни барлық жағдайда да бірдейлігі деп түсінген жөн. Осы жерде біздердің өмірімізде Алла тағаланың алты сипаты кірпіш –білім болып, Алла тағаланың ғылымы мен құдіретін тануға қызметке құлшылыққа жұмсаймыз да, бұл алты сипатымызға ғылым мен құдіреттің жаратушының екі сипатты нұрын зейнеттеп, жүктеп жалғанамыз да «Бір» сипатына айналамыз.

Сонымен ғылым, құдірет-шындық барлық қуаттардың бірлігінің көрінісі болып, барлық әлем шындықтан ғана жаралып, шындықпен ғана басқарылатынын ескертеді. Сондықтан шындық ғайыптан-көмеске,  көместен-көрнеуге яғни қарсылықтарды меңгеру арқылы шынға айналып отырады. Біздің біліміміз айқын болған шынмен байланысты болса, ал ғылым көмеспен, ғайыппен байланысты болмақ. Олай болса біздердің ақылымыз Алла тағаланың ғылымын түсінуге қуаты, шамасы жетпейді, біз мұны иманымыз арқылы ғана қабылдап амалға айналдырумыз шартты. Немесе ата-бабаларымыздың тәжірибесінде қалыптасқан дін сеніміміз  арқылы мойынсұнып, намаздарын орындауды міндетті деп ақылмен түсінеміз. Барлық жаратылыс жұп, пар болып жаратылғаны да хақ. Енді Алла тағала ғылымы, шындығы біздің ақылымызбен қабылданбайтын, өлшенбейтін хикметті, кереметті ғайып болса, ал бізге мәлім барлығы сипаты көмес болып, мұны ақылдың даналығымен анықтап өлшеуін де меңгере алуға тиістіміз. Көместі — рұқты меңгеру арқылы, ғайыптан ғылымды шамамызға, тақуалығымызға қарай  жанға жүктеп аламыз.

Сондықтан біздерге белгілі болған бұрынғы даналардан қалған білім арқылы біз көместік ғылымның сипатын меңгере алсақ, ал дін құлшылығын жетік меңгеру арқылы Алла тағаладан ғайып ғылымнан хабар аятын, шындығын заман оқиға, тағдырына байланысты құпия ғылымын да меңгеруге тиістіміз. Олай болса, ғылымды меңгеру әлемнің жаратылысын, құпия сырларын, хикметін түсінумен байланысты әлемдік қуаттарға, тұтастыққа жалғанумен, жаратылыспен келісімде өмір сүруді меңгерумен нәтижелі болмақ. Мұндай құдаймен адамзаттың біртұтас келісімде өмір сүре білуінен жер бетінде алтын ғасырдың, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тіршіліктің жағдайын қалыптастырады. Ал біздің меңгерген біліміміз ғылымнан, өмірдің шындығынан алшақтаған сайын жер бетінде азғындық, бүлікшілдік, адамзаттық азапты тіршілігі мен тек дүние байлығымен өлшенетін заманды қалыптастырады. Мұндай жағдайда ақпараттық алмасудың, қияметтік оқиғалардың кезеңі болады.

Сонымен қазіргі таңда әлемде білім арқылы ғылымның құпиясын шешумен бірге, шаруашылықтың озық үлгілерін қалыптастыру европа, америка елдеріне берілсе, ал негізінде ислам дінін меңгеруші елдердің ғылым қуаты арқылы адамдық құндылықтарды сақтап жетілдіруді сынақ қылып қойғанды. Ал бұл екі бағытты да қосып бір тұтастыққа айналдыратын  «Ілім мен білім ортасын таппасаң бүлін» деген үшінші құлшылықтың негіздерін тура жол атап, түркі еліне тиісті аманат болып табылады. Олай болса Ясауи бабамыздың сәни дәптерімен бұл ғылымның тұтастығын, хикметтерін ашып көрсетіп, европа мен ислам елдерінің арасының көпірін қалыптастыруды діннің бірлігін меңгеру де қазақ атты елге берліген бақ және сынақ деп біліңіз. Сондықтан да қазақтың дәстүрінде құдайдан берілетін ғылымның ақ бұлағын меңгеру, даналық арқылы парасатты меңгеру дәстүрі сақталған. Біздің аталарымыз қойды да ғылым арқылы баққан.  Ешқандай білімсіз қойдың арқасында қалай өсіп өніп азықтануын да таиғатпен сырласып меңгергенді. Және жаратылыс әлемімен тұтас үйлесімділікте болудың қазақтың даналығында нақылдармен баяндалып, жаратылыс ғылымының барлық құндылығы сақталған. Әлемді, жаратылысты, табиғатты қазақ даналары өзін тану яғни ақирет білімін меңгеру арқылы оңай түсініп меңгерген.

Әлемнің жаратылысын түсінбей, дінді меңгеріп, Алланы тану деген надандықты, бүлікшілік, фанаттық «экстремизмді»  ғана туындатады. Ал әлем адамның жаратылысынан әлде қайда күрделі деп түсіндіреді құранда. Адам өзі тану үшін жанын, рұхын, оған берілетін малдық-ақша қуат күштердің себепшілерін және  ақылдың құпия күштерін меңгере білумен ғана нәтижесін береді. Қандай да бір ғылым негіздерін меңгеру үшін жоғарғы 6 сипатты толық меңгеру керек. Сондықтан қазақ даналығында; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деп ескерткен. Біздер білімді меңгеру арқылы ақылды боламыз, даналыққа жалғана аламыз, бірақ жетінші сатыдағы ойшылдықты, данышпандықты яғни жоғарғы дәрежелі парасаттылықты меңгере алмаймыз. Енді білімді ақылды қандайда бір адам баласының ойшылдықтан, ұлттық негіздегі жанын жетілдіретін, құпия ғылымға жалғанатын кітабынан, дін дәстүрінен  бас тартқанда, білімді наданға, яғни ғылымға қарсы әркет қылатын тажалға айналып шыға келеді де дүние байлықтың құлдығына түседі.

Қазақ еліндегі білімді қауымның ел басқарудың тұтқасын ұстап, бірақ ғылымнан бас тартып, жүректерінің көздері жабылып, халықты перғауындық басшылардай суға жұтылуға алып келе жатқанын білеміз бе? Құдай ай құрғатпай от апаты, су апатымен, жол апатымен, түрлі жазылмайтын індеттермен ескертіп жатса да, ел басшыларының мұны түсінбей, керісінше осындай азапталып, ескертіліп жатқан елдерге ұқсауға жан таласып жатқанын, санаулы естілер ғана ғылым арқылы түсіне алады. Білім арқылы ғылымның сырын меңгеріп, адамзатты әлемдік бір қуаттық жүйеге, бірлікте келісімде өмір сүруге жеткізуге тиісті дамыған аталған елдер керісінше жаратылысқа, жанды жоғалтуға қарсы зиянды қуаттарды өндіруші ел болып, зұлымдыққа ғана түсіп жатқанын түсіну үшін бір ақылдың да қажеті жоқ. Ересек білімдіге тән қарекеттік ақылдың қуаты да жетеді. Ал жоғарғы ел басшыларымыздың үш тілді меңгеру, білім арқылы ғана ғылымды елге айналамыз деген сандырағын қалай түсінеміз? Немесе латын таңбасымен жаза білсек, ғылымды болып жанымыз жетіле ме? Сол сияқты орыстан құтылмақ болып әкемізбен, атамызбен құрдас болып аталғаннан ғылымға жалғанып тегіміз тазара ма?

Ал енді мұнан дін ғылым құтқарады десек; Шариғат, масһаб жетілген адамзаттың барлық жанының өркениетін қиямет-қайымға дейін түсіндіретін болса, онда Алла тағала дегеніміз Ханафи Имам Ағзам болып шығады. Егер бүгінгі таңда ислам дінінде ғылым кітабы ашылса, әлемде мұндай дінде бүлік болмайды. Себебі ғылым тура жолдың жол-жобасы болып, мұндай ұстанымға жеткен елде құдайдың да патшалығы орнап, бейбіт  өмірмен елдің тұрғындары ғылымды, өмірі шындығын меңгеріп, бақытты елдің тұрғындарына айналады. Мұндай заманның болатынын, ондай елдің өлілермен тікелей тілдесіп өмір сүре алатынын пайғамбарымыз да болжап, құранда ашық аятпен түсіндіріп тұр. Сонымен ғылым Алла тағаланың құдыреті, хикмет болып; «Өлі риза болмай, тірі байымас», «Жаңбырмен жер, батамен ер көгерер» деген нақылдың білімімен қазақ еліне бақ болып келген де еді. Бірақ білімді, ақылды қауым ел басына келіп парасаттылықтан, оны меңгеруге жол көрсететін діннен ашық бас тартумен, керісінше ғылымның хикметінің білімсіз бұқара халықтың арасында пайда болғанмен, оған білімді қауымның ашық соғыс ашумен қияметтіқ сын сағатының соғыуына себеп болды. Қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі тұнған ғылым деректерімен негізделгенмен, оны ырымға айналдырып, өзге елдің білімін ғылымға санауға біздерді мәжбүрлеп жүргендер кімдер дейсіз?…(жалғасы бар. Мамыр 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *