Бір жас жігіт бір Әулиеге келіп:
-Мен Хақтың жолына түссем деп едім, көмектесіңізші!, — деді.
Әулие болса:
-Сен алдымен маған мынаны айтшы. Өміріңде біреуді сүйіп көрдің бе?-деді.
-Мен махаббат және т.б. дүние істерімен айналыспаймын. Маған Құдай керек, — деді жігіт.
Әулие оған:
-Өтінемін, ойланып көрші. Өз өміріңде бір қызды, жас сәбиді немесе тағы басқа біреуді жақсы көріп пе едің? – деді.
-Мен жаңа айттым ғой сізге. Мен дін адамымын, көптің бірі-дүние адамы емеспін деп, — деді. — Мен ешкімді сүйіп көрмеппін.
Ғұлама ғалым терең күрсініп алды да көзінен жасы парлап былай деді:
-Онда сенің Құдайға жетуің мүмкін емес. Сен алдымен біреуді жақсы көруің керек. Бұл Құдайға деген алғашқы қадам болады. Ал сен болсаң бірінші табалдырықтан аттамас бұрын ең соңғы баспалдақ жайлы сұрап отырсың. Бар, алдымен біреуді сүйіп көр, сосын келерсің!