XI-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 100

  Түпкі жаратушы Алла барлық қуаттардың сипаты Тәңір болып, ал енді өзінің бізге әшкере жария болатын  «Өзі» сипатын, жарықтық қуатын Алла тағала болып жаралды да, ол жалғыз деп атаймыз. Алла тағала жеті қанатты періште болып жанның барлық түпкі бастауы болып саналады. Сонымен Абай атамыз 38-ші қара сөзінде; 1.Өмір, 2.Ғылым, 3.Құдірет, 4. Түсінуші, 5.Естуші, 6.Қалаушы, 7.Сөйлеуші, 8.Тудырушы-бар қылушы сипаттарын баяндап және бұл сегіз сипатынан туындайтыны, яғни Алла тағаланың ғылымы, құдіреті және Рахметі бірге болады дейді Абай атамыз. Ал біздер үшін Рахмет сипаты; өзіміздің құлшылығымызбен Аланың досына айналумен, жоғарғы дәрежелі періштелік шапағатшылықпен байланысты болып, «Бір Алла –Мен» болып; 1.Рахман, 2.Рахим, 3.Ғафур-кешіруші,4.Уадуд-сүйікті, сүюші, 5.Хафиз-қорғаушы, араша түсуші, 6.Сәттар-кешіруші, араша түсуші, 7.Рәззақ-несібе беруші, ризық беруші, 8.Нафиғ-қосымша несібе беруші, 9.Уәкил-уәкіл, кепілдікте тұрушы, басқарушы, 10.Латиф-жақсылық жасаушы, шапағат етуші болып бұлар Алла тағаланың көркем 99-есімен байланысты екенін ескертеді. Яғни бұл 10-сипатының төртеуі Алланың өзі сипаты ал қалған алтауы Алла досы болған әулие-әмбилердің жандарымен, рұқымен кісілік ақыл  парасатылығымен тікелей байланысты екенін білгеніңіз де жөн. Мұны; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп ескерткен даналар.

  Біздердің 18-мың ғаламның адамзаттың мәңгілік өмірмен байланысты жағдайын, осы 8+10=18-сипаттарының бірлігі, шындық болып бейнелеуінен, яғни Алла тағаланың бізге жер мен көк арасындағы 1000 жылдық өмірімізбен дәрежеленуден пайда болатын да естен шығармаңыз. Сонымен Алла тағаланың  сегіз сипаты мен 99-көркем есемінде қарсылығы жоқ болып, ал біздің өмірімізбен байланысты жер бетіне түсірілген 8-түрмен, 10-көктік несібеміздің қарсылығы болатынын, және бұл ібілістік аяқ, қолдағы 20-тырнақпен әшкере болып тұрғанын алдыңғы тарауларда баяндап кетік. Енді ел басымыздың бес жүйемен 100 қадам және мәңгілік ел жобасының негізі де, осы жаратылыстық қуаттарды білімнен туған өнер арқылы меңгеруден пайда болған ойшылдықтан шықанын да аңғаруға болады. Адамзаттың мәңгілік өмірге жетуі үшін, сегіз сипатың соңынан алға қарай; 1. Туылу,тудырушы 2.Сөйлеуші, 3. Қалаушы, 4.Естуші, 5.Түсінуші сипаттарын меңгеруді бес қуаттық тәңірлік негіз деп атаймыз.  Абай атамыз; «Бес қуатың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп насихаттаған.  Қазіргі исламдағы бес парыздың, шариғаттың негіздері  де осы бес қуатты меңгерумен бес парыз атап, оның ішкі сандық мәні 120 болып негізінде Мұхаммед пайғамбарымызға оқылған кітаптардың рухани қуат, деректердің саны болады. Бірақ негізінде мұндай негізігі қуаттардың саны үш түрлі ғылымның бастауымен; Қызыл, Сары, Көк болып үш жүзді, Алланың  негізгі үш жүзіне байланысты болады.

Қазақтың үш жүзге бөлініп, жеті атамен есептелген туылу, тудыру… тектілікті меңгерумен байланысты сипаттарымен осы 5-негізді меңгеруге біздің әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз бекігенді. «Төртеу; «туылу, сөйлеу, қалау, есту» түгел болса, төбеден түсінік келеді» деп қарапайым ғана нақылмен белгілеп өткен.  Біздер осы бес қуатты меңгеруді, түсінумен, нанымен, сенімен ақылдың қуатымен байланыстырып, бекітіп; «Жетесізге жеті айтаса да түсінбес, сансызға сан айтқамен түсінбес» деп нақыл қалдырған. Біздің қазіргі кездегі масһаб ұстанымының негізі де орта топтық араптардың құранның үнін бұзбай ұстап тұруға арналағанны да хақ. Ал енді қандайда бір жаратылыстың себептерін 3-ғылымның негізінен тарқатып жұп, пар қылып жаратқанын ескерсек, бұл бес қуаттың да жұбы, пары болып 3х5=15 сандық мәні барын неге біз ұмытуымыз керек? Сондықтан үш жүздік қуаттық жүйені толық меңгеру үшін де шариғат, тарихат, мағрипат болып және оның ғылымын таспихта белігілеп те қойғанды. Егер 99-санды таспихқа мұқият зер салсаңыз, 3-бөліктен және таспихтың жоғарғы бөлігінде 3-тастың болуымен де ерекешеленеді.  Яғни 99-санды құлшылықтың үш рет қайталануын ескертеді.

Сонымен мұны Ясауи бабамыз мұны сәни дәптерде ашып хикметтердің (кереметтердің) санымен белгілеп көрсеткен. Бұл 15-сүренің 99-санды аяттардан тұратыны да, осы құлшылық негізін көрсетіп тұрғаны деп біліңіз. Біз ешқашан жұпты таба алмаймыз, жұпты жарату, қосу, көбейту жаратқанның үкімен ғана болады. Ал өз еркімізбен жұптасқаның өзінде бақытты болып немесе текті ұрпақты өмірге әкеле алмаймыз. Олай болса,  біздердің рухани өнімдеріміз тақпен  тақуа болуымен, яғни ұқсастықпен, жақындықпен қосылумен, жүктелумен немесе берген несібе қуатты азайтумен  ғана байланысты.  Біздер қандай заманда өмір сүрсек те жаратқанға жақындау үшін, толық адам болып, жеті жанымызды жетілдіру үшін де бұрынғы өткен жеті тармақты ата-аналарымыздың рұқтық өнімдерімен, тазарған, тазармаған қуттарымен жүктеліп, яғни қосылып қана тақуалықты меңгере аламыз. Осы тұрғыда өз ата-бабаларының жаны жетілмей, кісілігі жындарға айналаған жүктерінен бас тартқызған исламдық надандықтан, арап және ислам елдерінде мәңгүтіктің,  қиялға негізделген «экстремизімнің» пайда болуына соқтырғаны да хақ. Осы тұрғыда қазақ елі де бұл қасіреттен надандықтан айналып өте алғаны жоқ.

Сонымен қазақ ел билеушілернің мұндай дін шартынан бас таруында да, тектік тұрғыда жанмен берілген кітаптың қайшылығынан да деп түсінген дұрыс. Яғни сананы былай қойғанда, әрбір жетелі адам баласы жанында берілген кітабындағы ақпараттарға қайшы деректерді жиркенішпен, қарсылықпен қабылдайды да. Ал керісінше жетесі жоқ, жүрегі жабық, қарсылық кітаппен яғни құранның қарсысымен жүктелгендер өз ата-бабасының дәстүрін жек көрушілікпен қабылдап, қиялға байланған, адасқан шайтанның жамағаттарының ізіне еруді мақұл көреді. Абай атамыз бұл сырды да философиялық тұрғыда баяндап өткен. Алла тағалада барлық сипаттарында ғылыммен құдіретті және рахметі де болып және әрбір сипаты жеке-жеке әрекет етуші емес, бір тұтастық тұрғыда болады дейді. Мұны біз өз ақылымызбен пайымдасақ, онда табиғатың әрекеті барлық жер әлемінде бірдей онда жаратқанның ғылымы да құдыреті, рахметі де бірге жүреді. Ал күн, ай, жұлдыз жер әлемінің барлық жаратылысына ортақ әсер әрекет ете алады. Ал адамзаттың жаратылысында рухани жетістігінен байланысты бұл сипаттардың шамасы да қасиеті де құдіреті де алуан түрлі болады. «Бес саусақ бірдей емес» деген мақалмен.

Енді ел басының мәңгілік ел боламыз деген халыққа үндеуінің негізін қалау үшін; 1. Рахмет, 2.Құдірет, 3. Ғылым, 4. Өмір-мәңгілік ел сипатын меңгере аламыз. Ал мәңгілік Өмірді-Жанды Алланың өзі біледі кімге қалай берерін. Ал біздер үшін Рахметін, Құдіретін, Ғылымын меңгеруіміз керек. Сондықтан да Алланың құдіреті түсірген білімінде, өркениетілік шаруашылық әдістерімен, әл ауқаттылық қуттарды меңгеріп, өнерге айналдырып, қызметке қойумен байланысты болып, ел басымыздың «иновация» деген бес бағдарын алуға болады. Бірақ оның ішкі қадамы 100-емес, құранмен сәйкес  енді120-қадамға толығуы да керек. Сонда барлық қуаттық өлшемі де тақпен 125 (8) санға толып, болашақ сандық ғылымды меңгеретін жастарымыздың алдында да қателікпен,  айыпты болмайды. Сонымен бірге Алла тағаланың рахметімен,ғылымын меңгеру үшін азаматтық ғылым мектебі ашылып, оның екі бағытта тәжірибелік, және ториялық тұрғыда болып қалыптасуы шарт. Теориялық тұрғыда дін муфтияты мен философия, психология мектебі бірігіп әрекет етесе, ал тәжірибелік тұрғыда, ата жолы мен дін істері  және екеуінің де арасында білім, мәдениет, спорт сияқты мекемелер тұруы керек. Енді біз дінді, құлшылықты тек мешіттердегі жалбарыну намаздарымен емес жалпы түркілік дәстүрмен қайта қалыптастыруымыз керек. Мұндай жағдайда дінге бөлніу немес тарихат, мағрипат дегенде болмай тек қана адамзат өркениетінің, мәдениетілігі мен парсатылықты меңгеру құлшылығы болып; 3,5,7,9,11 санды намаздары, қызметік негіздері де пайда болады. Мұның 5-санын ел билігі меңгеруге қадам басса ал 7;9;11 санды белгілерін түсіндіру, меңгеру мәңігіл ел болудың жарғы үлгісін қалыптастыру азаматық ғылым мектебінің үлесінде болып, соңғы нәтиже 3-санды құлшылыққа; Құдырет, Ғылым, Мәңгілік өмір дәстүрі болып қалыптасуы керек…(жалғасы бар. Мамыр 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *