(Ақ ұлға)
Жаралыс басы қозғалыс,
Қозғалысқа керек қолғабыс,
Қалдырған екен насихат
Ақ ұл болып келіп еліңе
Көтердің туын Айша ана
Ата жолын бақ туын
Бастадың ақ жол қозғалыс,
Міржақыптай данадан,
Таза бұлақ, ақ бастау,
Өсиет нахыл, сөз қалған,
Жалғанып әулие сөзіне,
Аруақтан алып ақ бата
Ақ бастауын Алланың
Болдың Нұр ағаңа қолғабыс,
Алмадың бірақ сыбаға
Иманасыздық кіріп араға.
Салғызған елді томаға,
Қызылбастан қалған ескі жол.
Әулиесі, досы Алланың,
Жаннан өзге басқа деп,
Құдайдың басқа салғанын,
Қосылды ойбай шерік деп.
Ата-баба аманатын,
Терістеп қазақ дәстүрін,
Масһабты атап тура жол,
Қарсы жинап саған қол,
Халыққа қайғы болды сол.
Өзіңнен шықан шәкірттер,
Меңгермей ислам, тәртіптер.
Батаның алмай тазасын,
Ой түземей бой түзеп,
Аруақтың алды назасын.
Бұлақтың лайлап бастауын.
Шайтанның салып айласын,
Батыр аңғал, ел саңғал
Масһабшы қазған орына,
Итеруге септік, себепші
Елді билеген ағалар,
Кітап жазған даналар
Жағадан өзіңді алғанда,
Өсірген талай күшігің
Түзеліп жағдай ісінің,
Етегіңнен тартып қалғанда,
Қалмады жерің сағалар.
Үкім түсіп Алладан,
Жаннатан орын дайын боп,
Жатырсың ба ендігі,
Кезегің тосып бағалар!