ТУРА ЖОЛ!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 66

Растық деген немене

Өлгендер қайтып келе ме?

Ұрпағына жол сілтеп,

Аянын пенде көре ме?

Қиямет деген немене?

Бір Алланың растығы,

Мөрі болып жалғанып,

Пенденің еніп жүрекке

Әулие рухы ене ме?

Сынақ деген немене?

Пендесін көріп Бір Алла,

Кітабын ашып бере ме?

Сана ашу деген немене?

Қандағы жағып шайтанды,

Тазалап тәнді қамшымен,

Иман болып жүрекке,

Зейнетін әулие бере ме?

Бір Алла жаннан басқа ма?

Әлде Масһаб діншінің

Ой жорыған ғалымның

Құдай ісін құлыптап

Тосқауыл мен қақпа ма?

Дін ісі болған шариғат,

Әрбір үммет ұлтына

Жобасы бар тарихат,

Шежіре тарих ақ бастау,

Бірлігі білім мағрипат.

Жолдар саны жетімен,

Үш сипатпен жетілген.

Жанның жарық нұры боп,

Болса басы қозғалыс,

Қозғалысқа болған қолқабыс

Екі аралық жаратылыс

Аруағы боп адамзат

Айналған кітап ақиқат.

Бейнеленер көрінер,

Құдайдан келген уахимен

Бұл Құдайдан хақиқат,

Жобасы пендеге берілер.

Жан негізі жарықпен,

Қосылып құран харіпен,

Жанатқа кіріп бір болған.

Алланың қолы құдірет,

Үш жетімен бірленіп

Өз сипаты нұр болған.

Бір Алла деген осы ма?

Жиырма және бір толған.

Қозғалыс басы  қолғабыс,

Аруағынан адамзат,

Ақылмен болған бұл табыс.

Сегіз жаннат періште,

Біздерге туыс жүз таныс.

Басшы болып бар іске,

Атқарушы кісі періште.

Жаңа заман басы боп,

Қиямет сағат тасы боп,

Ғисамен кеген ғаламның

Көктен жіберген асы боп,

Жерден оны өндірген,

Мұхаммедтің өзі білдірген,

Құдайсыз қурай сынбайтын,

Аруақпен тірі бірігіп,

Әулиелер діннің пірі боп,

Растығын Алла көрсеткен

Бірлігі де ислам осында!

(Ақпан 2013жыл)

0�»eh��]�o-ansi-language:KZ’>Жатырсың ба ендігі,

Кезегің тосып бағалар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *