XVIII-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 137

 

   Сонымен біздің ұлттық байлығымыз рухани қазынамызды; «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық –он саулық» деп атайтынымызды білеміз, бірақ оның маңызын жанның ғылымымен тәрбиесімен байланыстылығын білеміз бе? «…Әрнәшік тән қуатымен сырттан тауып, сырттан сақтайсыз, оны аты дәулет еді. Оның да неше түрлі кеселі, кесапаты бар нәрселерін білмесең, сақтай алмаушы едің ғой. Соған ұқсаған іштегі жан қуатымен жиған нәрсенің аты ақыл, ғылым еді ғой. Оның да неше түрлі кеселі, кеспаты, тиер нәрселері бар. Оны білмесең, бақпасаң-айырыласың. Және әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса-жарамайды. Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кетен кісі ойын байлай алмай, қияли болып кеткен болады….» (43-сөз)  Енді  біздің махаббатымыздың негізі ата-анамыздан алған денсаулық, тән саулықпен байланысты тегіміз әшкере жария болса, ал енді сырттан тауып ішке алатын екі байлық-дәулет болып, бұл дәулеттен ақыл-ғылым яғни махаббатымсыз толысады екен.  Бұл сырды; «Үш ағашқа ат байламаған еркек еркек емес» деп ескерткен аталарымыз. Ал енді бұндай ұлттық  тек, үш ағаштық дәулетіміздің өлшемін білмек түгіл, мүлде онан бас тартқан ел билеуші, зиялы қауым, дін ғалымдарының; «Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі (үш ағашына) ойын (талап атын)байлай алмай, қияли болып кеткен болады.» деген сипатқа түсіп алды десек қате емес. Сондықтан ел билеушілердің шет елдің салтына, біліміне ғана шоқынып, қияли болып алғанына, ата дәстүрімізді тек екі жүзділік тұрғысында ғана сөз жүзінде ғана айтып, іс жүзінде қарсы заңдары мен дәлелдерді жүздеп келтіруге де болады. Мұны осы ата жол жазбаларында дәлелдермен көрсетіп те жаздық. Бұндай адасуға да себеп ел билеуші, білімді,  іс басындағы қауымның  талап деген сырттан іздейтін қуаттың өлшемін, тәрбиесін мүлде меңгере алмауынан деп біліңіз. Мұндай жағдайда ұрпақтарымыздың да болашағы күңгірт және қалай адамдық махаббатқа лайық тәрбиелеуді де жоғалтып алғанымыз хақ.

    «…Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сона ғана алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана пайда көрмектік, зиянды, кеселді нәрселерді айырмақтық секілді ғылым-білімді үйренеді…» (38-сөз)  Сонымен ғылымдылықтың ірге тасы, ұлттық адамдық тұрғыдағы болмысының жанының жетіліп қалыптасуымен, махаббатының талабының (рұқының) дұрыс жетілуімен байланысты болады. Абай атамыз жанның үш қуатын бөліп алып қарастырып, ал талапты бөлек баяндағанның өзінде үлкен сыр бар. Себебі талап біздің меңгеретін рұқтан, кітаптан, имандық қуаттардан қуат болып, жанға ақыл болып енумен байланысты болады.  Ал олай болса рұқтық қуатты; талапты, талаптылықты қалай меңгере аламыз?  Шәкәрім атамызға жүгінсек; «Талап деген жүйрік тұлпар сынды, Бабын таппай мінгенді қылар жынды. Тауға ұра ма басыңды, тасқа ұра ма, Ал енді оған кісі қайтып мінді.  Талап шапса ақылға мініп алып, Жақсы жаман бәріне бірдей салып. Анық ақыл адымын аштырмайды, Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып. Талап деген ындынмен ентелемек, Ойға алып, қызыққанын қылсам демек. Ол ісі орайлы ма, орайсыз ба, Ойланып оны ақылға салса керек…» Сонымен талап-ой қуаты, ақылмен бір болғанда, ындын-жын нәпісімен бірге әрекет қылады. Талап сегіз қуатты ындынның-жынның және оған ықпал жасай алатын нәпсінің ықпалында кетпес үшін әр ұлттың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі яғни жан ғылымының тәрбиесі болып табылады. «Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы, Түбі-жүрек, болады мида басы. Орынсызға ұмтылмай тоқтатуға Талаптың алты түрлі бар ноқтасы.  Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық —  Талапқа алты түрлі ноқта тақпақ.  Алтауының ішінде ынсап әділ,  Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық….Оймен, талаппен болды сегіз, Айтылмай енді қалды неменеміз? Өзге жақсы мінездің бәрі-дағы Шығады осылардан түгел деңіз. Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан Анық төмен болмай ма хайуаннан. Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғағаннан.»

     Сонымен қазіргі таңдағы ел билеушілердің саясаты философиялық-ғылымдық  ұстанымы қазақтың сөз ғылымына қарсы және ұлттың махаббатын, парасаттылық еркін жоюға ғана негізделгені де хақ. Себебі шет елдің білімге ғана жүйеленген арсыз салтына, «гендерлік» саясатына, қарапайым шариғаттың ғылым-біліміне де қарсы, ақыл-ойдың үстемдігін емес , дүние байлық, өнерді меңгеретін білімнің үстемдігіне, заңның күшіне ғана бағынышты болумен; Сабыр, сақтық, ой, талаптың тәрбиесі түгіл; «Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғағаннан» деген ұлтымыздың жан дәулетіне; «Ақ жаулық пен он саулық байлықты» меңгеруге қарсы қиянатшылыққа байланған саясаттық ел билеушілік жүйемен өмір сүреміз. Мұндай жағадайда ата-бабамыздан алған байлығымыз ақыл-ғылымы, «Денсаулық»  махаббатылығымыз да қалыптасып, өркендеп жетілмейді. Ал енді тегіміз азып жатқанына қазіргі таңдағы әйелдеріміз бен олардың өмірге әкеліп жатқан әлжуаз, дертті ұрпақтарымыз дәлел бола алады. Мұндай жағдайда мәңгілік ел боламыз деген ұғым адамдықтан шыққан ел билеушілерінің адасқан ой қиялдарынан туындап жатқаны да хақ.  Себебі ар, ұяттылықты сақтайтын бірде-бір де заңымыз да жоқ, ата заңымыздың да оны қорғайтын ел басшымызда мұндай ықпалы, құқы да жоқ. Сондықтан ұлтымызда махаббаттың маңызы жоғалып, әлемнің барлық арсыздығы да қазақ елінде еркін дәріптеліп, ұрпақтарымыз да, халқымыз да түгелге жуық дертті және түрлі індеттермен,  құдайдың сынымен азапталып жатыр десек жалған емес. Болашақ ұрпақтардың тәрбиесінде талабын қалыптастыратын махаббат ғылымы қазақта мүлде жоғалғаны да, ұрпақтарымыздың кім болатыны белгіз жағдайда тәрбиелеп жатқанымызға да үлгі болатын  үлкендердің махаббатсыз, ғылымсыз қалуынан деп біліңіз.

«Оның үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылдыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады, я ол балалары өздері барған болады-ешбірі пайда, нәтижелі болмайды. Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, дін иманға да қиянатпен болады. Бұл қиянатшылар  — жарым адам, жарым молда, жарым мұсылман… Қиянат – хақиқат пен растықтың дұшпаны. Дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме? Көңілінде өзге махаббат тұрғанда, хақиқатты таппайды. …» (38-сөз) Әр ұлттың қан-діліне, өмір сүру ортасына, сөз ғылымын, ақылдың қуатын меңгеруге байланысты бір ақыл — естілік дәрежесі жинаған дәулеті, бой жарығы; тарихымен, үш ағаш шежіресімен жалғанған хақиқат пен растығы аруақтық ғұмыр кітабы болады. Бұл ғұмыр кітабы растықтың жолы Құдай ісіне жалғану, құдай патшалығына кіру, жол-жоба алумен байланысты насихатталған құран аяттарында. Әрбір пенденің ғұмыр кітабынан жанының мінезі болған ақыл-ғылымынан аруақтық қуаты (қызылы) болады. «…Рас болса, һәммаға бірдей раст болсын, алалаған раст бола ма, һәм (және) ғаділет (әділдік) бола ма? Олай болса жұртта ғұмыр (аруағы) жоқ болса керек. Ғұмыр өзі – хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кәмалат (кемелдік, естілік) жоқ…» (38-сөз) Алланы еске алу дегеніміз 99 сипатымен берілген қасиеттерін осы ғұмыр кітабымызға, аруағымызға жалғау болмақ. Ал енді бұл кітаптың тек 40 жастан асқанда толысатынын білсек, онда жастардың кемелдік дәрежеге жетіп халыққа дінші, имам, ғалым  болып ақыл айтуы да ақымақтық, надандықтың белгісі болмақ. Дәстүрімізге де қайшы; «Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без» деген.

Қазіргі ел билеуші мен дін ғалымдарының, білімді қоғам өкілдерінің ұстанған саясаты да заң, білім қуатын меңгеру арқылы әділетті қоғам құру.  Яғни қол астындағы елді қиянатшылдықтан сақтаудың жолы; қайырымды, саналы, парасатты, ойлана білетін қоғамды қалыптастыру. Мұндай жағдайда әлемдік саясатпен тұтастықта болғанда ғана әділдік жолы болып және қандайда бір ұлттың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі дініне айналған қайырымдылық әрекеттерінен,  махаббат тәрбиесінен жоғары тұру керек болады. Қазақтық дәстүрі бойынша; «Құдайсыз қурай сынбайды» сондықтан «Таспен атқанды аспен ат» деп «Құдайдан қайтар» деп жауласқанға керісінше қайырымдылықпен жауап бере білген және ешқандай есепсіз бұл ісі әділ ме әділетсіз бе қайырымдылық жасау басты міндет болған. Жақсылығына түбінде құдай өзі есебін береді деп түсінген. Ал енді қазір, шариғаттың қандайда бір біліміне қарсы немесе намазын оқымаған, орындамағандар кәпір, мұсылман емес, оларға қайырым түгіл адамдықпен қатынастың өзі әділетсіз деп насихаттайтын қиянатшылықтың өзі де дін исламнан шығып отырғаны да хақ.  «Имансыздық намазда, қызылбастың салған жол» деген Абай атамыздың әулиелігі де орындалып, масһабшылардың талабына сәйкес ел билігіміз де ата дәстүріне ашық қарсы саясатты ұстанып алғаны да сөзсіз. Сондықтан ата жолының Алла жолында артық хайыр жұмсап, өзара қарам-қатынаста болып, өлілердің ризалығын іздеуді, арамнан мал мүлкін, күнәлі рұқын жер ойпаттары арқылы шомылуден өтуді, ақталуды шариғатқа жат, әділетсіз деген ұстаныммен, ел билеушілері де садақадан салық салып алып, қудалап жатқанын да осындай ұлттық ғұмырға, ақыл, ғылымымызға, махаббатқа ашық қарсылықтан пайда болғаны да сөзсіз.

Және қандай да бір қайырымды ендігі заманда «Құдайдан қайтар» деп емес, белгілі әлемдік тұрғыда әділеттіліктің шектері мен дін істерінің бекіген  шарттары негізінде ғана орындау керек болады.  Ол шектерді бұзса, онда жазалану керек. Себебі мұндай білім тұрғысындағы пенделердің пәтуаларын, шығарған заңдарын бұзудан Алланы қорлаған немесе әлсіреткен болып саналады. Олай болса, қазақтың дәстүріне тән денсаулық пен тән саулықты сақтауға, күнәдан тазаруға, «Сақтансаң сақтаймын» деген қағидаға сәйкес емшілік, шипагерлік, көріпкелдік,  құрбандық қаны арқылы тазарумен өзара мал, жанымен саудаласып аруақтық қуат алмасуды, жаратылыспен табиғатпен тұтастықта бірлікте болуын да; «шерік қосу, серік қосу» деп өздеріне де беймәлім ұғымдармен қайырымдылықтан да жоғары деп түсінетін әділеттілікті сақтау үшін күресіп, шынында тажалдарға айналып алғандарын білмейді де. Мұндай әлемдегі бүліншіліктің  «экстремизмнің» бастауы болған қайырымдылық әділеттіліктің қарамағында болса, онда махаббат та болуы мүмкін емес. Ал  мұндай жағдайда ғұмыр хақиқаты, растықтың жолы болған адамдықтық кемелдігі, ақыл, парасаттылығы қалыптасуы да екі талай екенін ұғамыз ба? Себебі біз махаббатты жарата алмаймыз, біз оны тумысымыздан денсаулық, тәнсаулық тұрғысында негізін алып, оны көбейтуге қалған 99 сипатын талабымызды жетілдіру арқылы ғана меңгере аламыз. Бұл ғұмырлық махаббат негізін бастауын жүректегі иман дәні, кітабымыздың негізі, қанымыздағы 11 санды діліміз, кісілігіміз  болып бейнеленеді.

Ал талапты меңгеру үшін, « Ықыласпен оқып, ұғып алыңыздар, ол үшін махаббаттың төлеуі – махаббат;  Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның табылмағы әуелі хауас сәлим (денсаулық) һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалған өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады..» Сонымен ұлтымыздың жалпы мемлекетіміздің өркениеттілігі мен мәдениетін қалыптастыруға тиісті ел билеуші, зиялы, дін имамдары, шығармашылық өкілдерінің өздерінің талабы, махаббаты, адамдығы толық болғанда ғана халықтың да хақиқаттың-растықтың жолымен жүре алатынына кепіл бола алады да. Ол үшін де әуелі ұлттық үш ағашының, үш байлығының да толық қуатты болуы да керек. Бірақ қазіргі таңда; бір есті толық адаммын, құдайдың растығымен-хақиқатымен жалғанғанмын, әулиелігім де сол дәрежеде дейтін тақта отырған бір адам бар ма екен? Егер болса халықтың ақырзаманға келіп тірелгеніне, күнде болып жатқан апаттармен, түрлі дерттермен азапталып, далада жүрген киігіміз, қорадағы малымыз да белгісіз жағдайда қырылмас еді. Мұның себебін енді біліммен дәлелдесек болды, бір керемет жаңалық ашқандай қуанып, мұндай індеттің өзінен-өзі жойылып кететініндей жындылықпен қуанынамыз. Және оның себебін жоюға емес, керісінше ауруын емдеп аман алып қалумен шұғылданып кетеміз. Себебін анықтау үшін ғылым керек, ғылымды меңгеру үшін ақыл керек, оларды сырттан толықтырып тұратын дәулет байлық та керек. Ондай адам баласын бір есті, әулие десе болады.

       Ондай толық естіні, енді қазақта жоғарғы дәрежелі билеуші, зиялы аттылар арасынан таба алмайсыз. Бұқара халықтың арасынан мұндай естілердің сөзін олар тыңдап, ақылын алуы да мүмкін емес. Себебі олар сол орынға ақыл айтуға соншама қаражат жұмсап,  әлемнен білім жинап, талаптанып өздері әзер жеткендер де. Олардың ақылы, ғылымы, махаббаты да меңгерген білімдері мен арқалап жүретін кітаптары, әлемнен алған үлгілері ғана. Сондықтан біздердің ата-анамыз, қан тегіміз жақсы дұрыс болғанымен, ал алған тәрбиеміз, ортамыз, құрбымыз, ұстазымыз  біздерге; «Сабыр, сақтық, ой, талап , ынсап, рахым, ар, ұят» деген қуаттарды меңгеруді, онымен өмір сүруді үйрете алды ма, әлде біз өз еркімізбен бұларды толық меңгере алдық па? Әулие санаған, халқымыздың мақтанашы болған ел басшымыздың өзінде бұл қасиеттер толық па? Толық деп айта алмайсыз,  тектілік, төрелік, хандық дәстүрді сақтау түгіл, бір ғана себебіне тоқталсақ; бастағы төрт жын қуатын тазартып, басты қорғайтын ар сауытын қалыптастармай арда, санада, сабыр, талапта жетілгендік болмайды. Онда сақтықтан да (күзетшіден, ғұмыр аруағынан) ажырап қалған. Олай болса өз ұлтына, дәстүріне, ата-баба аманатына деген махаббаттың да қуаты шала, демек қазақта толық адамның, тұлғаның  парасаттылықтың үлгісі жоқ. Демек бір естілік парасатты  құдайдан хабар ала алатын абыздық, тұлғалық үлгілерміз жоқ, демек қиянатқа жол ашық, растықтың да жолына түсе алған мәңгілік ел бола алмаймыз. … (жалғасы бар. Маусым 2015.
Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *