XVII-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 0

   «Ей, жүрегімнің қуаты, перзенттерім (ұрпақтарым)! Сіздерге адам ұғымының мінездері туралы бір сөз жазып естелік қалдырайын. Ықыласпен оқып, ұғып алыңыздар, ол үшін махаббаттың төлеуі-махаббат; -Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның табылмағы әуелі хауас сәлим (денсаулық) һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалған өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады..» (Абай ата;38-сөз) Олай болса, адамзатты Адам деген ұғымға лайық болсын, деп адамзатты махаббатпен жаратқан, яғни  Адам-жан мен тәннен тұратын қуатарының негізі ғылым мен ақылдан жараламыз. Сонымен біздердің адамдық мінезіміз, бізге құдайдың тарапынан берілген жан қуатымен яғни махаббаттық шамамыз бен ата-аналарымыздың тектілігі, бізге аманаттап артына қалдырған жүректерінің қуаты-ғұмыр кітабына жалғанумен және әке шешеміздің ақылдық шамасынан, қан тазалығынан тәніміздің де сапасы пайда болады. Сол тәніміздің қызметшісін біз жеті ата-анамыздан,  ұлттық негізімізден баспен есту, көру, ойлау сезімдеріміздің ерекешелігімен маңдай тағдырлық белгімен бірге аламыз. «Өзін тусам да мінезін тумадым» деген аналарымыз. Сонымен біздің  аманатқа берілген жанымыз, тағдырымыздың да бастауы болып, жеті атамыздан немесе онан да жоғары тұрған тарихта өткен ата-бабаларымыздың, аналарымыздың сол өздерінің замандарында да меңгерген ғылымы мен ақылдан негізгі тағдырымыз періштелегіміз айқындалса, ал  оның  рұқты меңгеру тұрғысындағы амалдары, істерінің бейнесі қол аруағынан, қол ісінен дүние тіршілгімен байланысты қалыптасатын тағдырынан, махаббатынан тұрады.

Сондықтан пайғамбарымыз; «Алла тағала махаббатың 100 сипатын жаратып оның бірі ғана адамзатқа көрсетіп беріп қойған» деген өсиетін ескерсек, біздің адамдық сипатымыз, махаббатымыз әке-шешенің тегінен пайда болып, ол тегіміз біздің жаратылысымыздағы денсаулық, тән саулығымыз бен  Алла тағаланың ғылымынан алған үлесіміздің әшкере жария болып тұрғаны да сөзсіз.  Сондықтан біздің махаббатымыздың өзі жұптықтан; «Екі жарты бір бүтін болудан», «Ұлдың тегінің жақсы болуы нағашыдан, жан үйінің жақсы болуы ағашынан» яғни анасынан деп ескерткенді.  Мұны аталарымыз; «Бірінші байлық денсаулық» деп атаған.

Енді біздерде өмірден өткен ата-аналарымыздың аманатын жалғастырып, өмірге дені (ақылы) сау, және ғылым мен ақылға талапты болатын ұрпақтың келуіне де себепші боламыз.  Біздердің өмірі сүру барысындағы негізгі аманат жанымызға төрт ақылдық қуатты бір естілікке түгелдеумен; «Тоғыз төрені төбеден алып», «Әйелдеріміздің қырық қожасын қырқадан асырып» барып, мұндай жағдайда «Бесті беріп, алтыны алып», «Алты ауыз-жанды араз қылмай, бір ақылға бағындырумен» өзіміздің адамдық құлшылығымызбен меңгере алған 99-сипатты махаббаттың сипатына, көркем есімдерге, яғни ғылым мен ақылдың күшіне тәуелді екені де хақ. Бұл қуаттарды меңгерудің сырын жанның талаптылығы, яғни қарекеттік ақылдың таланты деп те атаймыз. «Талап ұғымы махаббаттан шығады. Ғылым білімге махаббатандырмақ әлгі айтылған үшеуінен (ата-ана, құрбы, ұстаз) болады..(38-сөз) Демек біздің ата-бабамыздан қалған мирас аманатымыз, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз ақылдың төрт қуатын (сезімді, ақыл, сезімдік ақылдың аңғарымпаздығы, қаракеттік ақыл, ақылдың талабы) меңгеруге негізделгені сөзсіз. Мұны; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп бір ақылдың естіліктің пайда болуын ескерткен дангөйлер.  Ал енді біздердің ел билеушілерміздің, зиялы қауымымыздың, дін имамдарымыздың ғылым-білімді өзге елдерден алып, олардың талабымен, махаббатымен жүктеліп, текті елге айналамыз, дені сау ұрпақтарды өсіре аламыз деген ұғымнан, шежіре ағашымыздан, тегімізден бізге өріліп берілген, ұлттық тұрғыдағы Алланың жібінен (днк, рнк) ажырап, екі естіліктің жағдайында бір тұтас ақылдың жетілмеуі мен белгілі бір білімге негізделуінен надандық пайда болатыны да хақ. Мұндай надандықтың да негізі ана тілімізге, діл мінезімізге махаббатымыздың әлсіреуінен, кез келген сөзді өмірдің шартары, заңымызға ұстанымға айналдарып аламыз.

Мысалы ; «Біз зайырлы мемлекетпіз» деген ұғымды жиі пайдаланып, осы ұғым арқылы Алланың дініне де жалпы ақпратық жүйеге де өзгеріс енгізуге тырысамыз. Зайыр- дегенің өзі осы тағдырлық ерекешелігіміз, қасиеттілігіміз біздің махаббатымыздың сипатын айтады. Мұндай жан, діл қуатын және жартылған нәрсенің ішкі сырын  сипатайтын мемлектің тұрғысында бөлек ұғым қылып нанымның орнына пайдалудың өзі надандықтан туындаған тажалдық деп түсінген дұрыс. Ал кімде махаббатты, тектілігі әлсіз болса онда мұндай сындарды мүлде қабылдап, өзін түзеп ізденуге тырыспайды керісінше алған бетінен қайтпайды. Онда ол пенде жындылықпен белгілі бір топтық қылықпен негізделген болып табылады. Қазақ дәстүрі ата-баларымыздың меңгере алған ұлттық махаббатымыздың айнасы болып табылады. Сондықтан дәстүріміздің құндылықтарын сақтауға құштарлықтың өзі қазақтың тегін, әр пенденің тектік ағашының жағдайын қазақшылығымызды айқындайды. Бұл ұғымды да тажалдық білімен атыңды қазақшала деп керісінше өз әке, атасының есімін атқа, жындық қуатқа айналдырып мініп алуды, немесе қолдық аруағымыздың, дүниелік күнәміздің ісіне ортақ қылуды әдетке айналдырып алдық. Және мұны тұрақты амалға айналдырып, орыс ұлтын құдай қылып өздері ойлап тапқандай және ұлтшылдық қарсылықты ұйымдастырушылар ібілстің ұрпақатры деп аталады да. Нанымын, арын жоғалтып адамзатты жақсы көру махбабатын қалптасытра алмағандар. Аруағын өсіріп, жетілдіре алмағандар тобынан болады.

Себебі біздердің махаббатымыз өз ана тілімізбен, әкенің рұқы аруағымен байланып тұрады яғни жанның жетілуі де негізгі үш ақылдық қуатқа байланысты болатынын Абай атамыз арнаулы 43-қара сөзінде ескертіп кетіпті. «…Жан қуаты дейтұғын қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сыйғызбайды. Бірақ әрбір өнердің тыстан тауып алып, ішке салғанын, соның тамырын берік ұстатап тұруға жараушы еді. Көп заман ескермеген адамнан ол бағанағы өнердің өзінің ең қызықты, қымбатты жерлерің жоғала бастайды. Сонан соң көп заман өтсе, сол өнерді сақтайтығұн қуаттың өзі де жоғалады. Онан соң кәсіп қылуға болмайды…» (43-сөз)  Адам баласының есте сақтау қабілеті мен өнерді меңгерудегі таланттылығы да, жанның біздерге бастан ата-анамыздан және олардың өз заманында тарихтағы  қандай бір нәсілік қуаттармен, өнер, білім, кәсіптермен жалғанған, тек болып берілген қасиеттер мен махаббатымен яғни ғылым мен ақылдың күшіне тәуелді болып, ал сырттан өнерді іздеп тауып, ішке салатын талап деп түсінген жөн.  Біздің мемлекетміз тарихымызда тек қана қазақ ұлтынан тұрмай көптген ұлтармен ортақ ас ішіп, өмір сүруден енді біздірдің талабымыз сол ұлттың нәсілдермен бірлікте тұратыны да хақ. Ал олардан ажрауға тырысудың өзі жанның өсіп жетлмеуіне азуына соқтырады.Сонымен біздің ұлттық тұрғыдағы үш байлығымызға тәуелді болатын негізгі үш жанның қуаты болмақ. «…Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар, зинһар, соны жоғалтып алу жарамас, ол жоғалса, адам ұғылы (адамзат баласы) хайуан болды, адамдықтан шықты…» (43-сөз)  Бұл қуаттарды Абай атамыз; «Подвижной элемент» -қарекетті ақыл қуаты; «Сила притягательная однородного» -сезімнің аңғарымпаздығы яғни жүректегі тектілік, иман дәні, кітабымызбен байланысты жан қуаты болып табылады. Үшіншісі; «Впечатлительность сердца» -сезімдік ақыл болып, ол әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық раушан болып бейнеленуін қамтамсыз етіп, оның жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық деген төрт жауынан сақтамаса, онда жүректің айнасы бұзылып, көңілдің, ұждандылықтың жоғалуын ескерткен екен.

Бұл үш қуаттың адамзаттың ұлттық тегімен, тарихымен, ата-бабалардан қалған салт-дәстүрі, шежіресі және ана тілін жетік меңгерумен, сөз байлығымен байланысты ғана махаббат болып қалыптасатынын жадыңызға тоқып алыңыз. Бұл үш қуаттан үш байлықтың негізі қалыптасып,  махабаттың танымы да тек қана өз ұлтымызды, тегімізді, тарихымызды, дәстүрімізді толық меңгерумен ғана, бір ұлтымызды жүзге, руға, туған жеріне бөлмей, бәрін бауырдай сүйе білумен нәтижелі болуға тиісті. Ал мұндай сүйспеншілігі  жоқ пенденің мейлі қандай ілімді, талапты болса да махаббатсыз жындылықтың бір тобынан болып табылады. Сонымен бұл махаббаттың ақ бастаулық танымының қалыптасуын; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деп толық ғылымнан белгі алуды да ескерткен данагөйлер.  Ал енді жас балаларға алғашқы мүшел 13 жасқа дейін сөз байлығының 13 белгісін толық алмай және өз ана тілін толық меңгеріп, талабы қалыптаспай жатып, үш тілді зорлап үйретіп, өзге елдің әдет, салттарын меңгеріп ғылымды, махаббатты боламыз деген ақымақтық қана болады. Және  ұрпақтарымыздың алты ауыз – жандарын (сезімдік қуатық қылықтарын) жетілдірмей араз қылуға жасалып жатқан ашық қиянат екені де хақ.  Яғни ұлтымыздың ден саулығы ақыл қуатының да азғындалуына төте жол болмақ. Сондықтан да қазақ халқына мирас болған; Ясауи, Абай, Шәкәрім және абыз, би шешен, ақындардан қалған мұндай жан ғылымына махаббатпен құмарланбайтын бүгінгі ел билеуші, зиялы, дінші аталған қауым өкілдерін парасатты, саналы деп атауға бола ма? Жоқ әрине. Неге десеңіз қазақ халқының ел билеу мен ұлттық мәдениетемізді меңгерудің саясатымыздың талаптылығы шет жұрттың салты мен біліміне, дін саясатына да негізделіп қалғанды….(жалғасы бар. Маусым 2015 жыл)

  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.