Бес қымбатың берік болсын!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 120

Бес қымбатты адамзаттың болады екен,

Сол қымбатпен иман жүрекке толады екен.

Иманың шартын білмей, құр сенімен,

Иланғанмен амал білмей болар бекер.

Жүрекке иман суы бес арықпен

Нәрі боп махаббатың құяды екен.

Бірінші арығың боп көзден келер,

Сұқтану кез-келгенге болар бекер.

Әдептің  негізіне көз себеп деген,

Кәпірлік әдепсіздің, өзі ме екен?

Нәзіктің қырық үйі, көзбен көрген,

Тиымды тәрбиемен берер білген.

Екінші арығың да аузың болар,

Ораза, намаз оқу парыз болып,

Екі  ерінге де төрт елі қақпақ болып,

Жүректің сөз азығы  таза болар.

Көркем сөз екі дүниеге көпір деген,

Ана тіл, әке аманат ақтай білсең,

Раббысын дәріптеумен, мақтай білген,

Жарының алтын түсті жүзін көрген.

Бұл арықтың амалы бар шүкір деген,

Шүкірсіздің бар ісі күпір деген.

Намаз оқып, құр Құдай кешір деген,

Күнәні де амаламенен өшір деген.

Үшінші арығың да ақыл-ойың,

Тәрбие дәстүрменен болған бойың,

Арыңның сауытының дулығасы

Басыңның бар мүшесін қорға, бойдың.

Таза ой, таза ақыл іздеп лайым,

Дәретің киіміңмен, абыройың

Ұлтыңның сақтап жүрсең, әдет-ғұрпын

Сақтасаң  ат-ұятты салып құлпын.

Ақыл-ой нәтижесі сабыр деген,

Сабырлықтың қуаты ілімен, білім білген

Сабырсыздың тәубесі босқа кетер,

Білімсіз намазын  алма ілімді елден.

Төртінші арығың да аяқ болар

Теріс жолға жүргізбей, тиым салсаң,

Табаның ағарса егер, жолды кезіп

Таңбасы  мағлұм оның, жанат болар.

Аяққа байланысты мінез деген

Иманың қорғалады мінезбенен

Қалмасын десең арық сұмға толып.

Аз іске ашуланба, ділді бұзып,

Нәпсіңмен мұндай қарсы соғыс ашып,

Аралап тау мен тасын, жер, отанның

Жалғанып, әулие-әмби, аруақ көріп,

Жерді кез, ағартып табан, есік ашып.

Бесінші арығың да құлақ болар,

Өтірік ғайбат, өсек сөзді жадқа құймай

Қуана біл біреу сені ғайбат қылса,

Күнәмді өртеді деп тұрған солмай.

Жақсы сөз, жарым ырыс ұлттың салты,

Даналар нахылымен сана болар,

Сөзін ал іші күміс,  сырты алтын

Жүрекке сөз нұрымен, иман толар.

Және бесеу, бұл арыққа таласы бар

Өтірік, өсек, мақтанның іштегі аласы бар.

Еріншектік пайда болып осы үшеуден

Мал шашатын адамзаттың  парасы бар.

Бесеудің белгісі де баста болған,

Еріңмен, тіл, құлағың, көзбен шолған.

Мұрынды бесінші қып ортасына

Жаратқан ерекше қып жан басына.

Расулден өсиет қалып, қорға деген,

Дененің бұл мүшелерін басқа берген.

Басыңды жауып ұстап масіх тарту,

Мұсылманның белгісі қорғаны екен.

Және бес кеудеменен болар бекем,

Ұжданың, ар намысың болар көркем,

Аяқтан бес саусақтан қуаты толып

Табанның ағарғаны , толған жетең.

Екі бес қуатың бар өнер қуат,

Екі Мен аруағыңнан алар суат.

Маған ғана құлшылық қыл дегені

Парыз қып меңгеруді тектік қуат.

Ата жолы ақ бастау болған бұлақ,

Надандық, зұлымдықтан қалған құлап.

Ел билеген жақсымен, масһаб ұстап,

Дін ба әлде секта ма болған сұрақ.

Хақиқатқа жүгінген құран ұстап,

Оқумен сани дәптер, дәстүр-салтың

Жалғанып  Раббыңа қойсаң сұрақ,

Мағрипат білімінен болар жауап.

Бес ата бұл істердің басы болған,

Түктібай ата жолы ем шипаның,

Қадалған сол жаурынан сәуле болып

Қорғаушы, тазартушы бақсы болған.

Жамбылдай атамыз бар жыр дүлділі,

Сөздердің қазынасы ойдың нұры.

Желкеден белгісі бар беретұғын,

Жөл сілтеп, адасқанға жолдың пірі.

Сүйінбайдай ақын бар ол атаңыз,

Тазалық иманыңның сарайын сап,

Жүректен белгі берсе, қалауыңды тап

Дегені аруағыңнан алатын бар батаңыз.

Сарыбай атаңыз бар билік құрған,

Шен алып орыстан да білімді боп,

Сабырдың қазынасы білек болған.

Меңгер деп қасиетін «бірді тұрған».

Қайназар қатулы атаң көш бастаушы,

Ақыл-ой, санаға да болған басшы.

Екі шеке бұл қуатың орын ма екен,

Аңдаусыз қапы қалма болшы бекем.

Бес ата бес қуаттың сипаты бар,

Ақ ұлға түскен мөрмен жүрек ашып

Аруақтан жүректерден  ақ бата боп

Құдайдың бұл хикметінің сұрағы бар.

Зияраты бұл әулилер мекені боп

Ұзынағаш елді мекен тұрағы бар.

«Басқа» деп дінішілер азғырғанмен,

Ақ батамен  өсіп, өнген қазағым көп.

Тура Алла жолы осы болсын,

Батамен қазақ елі өсіп өнсін!

Бес қымбатқа жалғану парыз болып,

Іздеп бар, құран оқы иман қонсын!

Ясауи баба өткен тура жол осы болсын,

Бес шеріктен қашық боп, бес досыңа асық боп

Талап, еңбек, қанағат, рахым терең оймен,

Әулилікпен, Абайдан даналық сөзі қонсын!

****      ****        ****

Артық білім керек тас,

Ер жеткен соң болар ас,

Бұлақтың ілім көзін аш,

Іліммен, білім ортасын,

Іздесең зейнет, иманды

Арамнан тазарт жиғанды,

Жолға шығып, дәуріш бол,

Қазынасын іздеп Құдайдың,

Құрбан шалып ылайым,

Иманың аруақ кісі боп,

Жүрекке енсін толайым!

ageL�>�0�P��қа алар иман жоқ,

Бергенмен пір қып қолыңды      

 

Отырмай  мәз боп тамаша,

Түспедіңдер неге араша?

Исматулла бақсының,

Аз екен ісі мақсымның.

Исламдық үлгі жол ма екен?

Атаңа қастық қылғандай,

Бүлікші, сатқын болғандай,

Соттатырған қол ма екен?

Дін ізденген жастарды,

Жол көрсетіп бас болмай.

Қапасқа қамап итжекен

Айдатып неге тастадың?

Заңгерлер болып бүлікші,

Өз еркімен халықтың

Садақа берген мүлікті,

Көреалмас ішкі пайдамен,

Шайтаннан салған айламен,

«Маркетші» қылдың, сүлікші.

Пайғамбар көркем есімін,

Тербелген күннің бесігін,

Хижра аймен есептеп,

Айдан айға көшумен,

Мәуліті кетті неге секектеп?

Тәуліктің іші екеу боп,

Мезгілдің іші үшеу боп,

Көрмедіңдер неге есептеп,

Төртеумен жылға толғанын?

Сәзжденің намаз жұмасы

Күнтізбеде неге тұрағы?

Адамзаттың Ахмет жұмасы,

Намазы қалып күнтізбе,

Құлшылық істер сауабы,

Хижрамен қалай сұралды?

Білмесең құран есебін,

Пәтуа бермей тезінен,

Сұрамадың неге өзінен?

Мәдинеге неге бармадың,

Түйені құрбан шалмадың,

Орындап пайғамбар намазын,

Шапағатын сұрап алмадың?

Намаздың да пары жұбы бар,

Құранның да жұптық сыры бар,

Жұп қылып бәрін жаратқан,

Тажалдар ғана бас тартқан.

Тәңірлік себеп, бу қуаттың

Бейне болып аруақ суатпен,

Оқылған кітап тылсымнан?

Менсінбей, аруақ салтыңа,

Тастадың, тарих артыңа.

Құдайдың қолын шірік деп,

Мешітке ғана байлатып,

Тура жол, дәстүр иманды,

Мыңдаған жыл жиғанды,

Ғұрпымыз, әдеб сатылды,

Тура жол содан шатылды.

Шақырып аруақ лағнетін,

Көрсетсін деп бейнетін.

Белгісі түсіп  жаратқан,

Құдайдың оғы атылды.

Аруағымен соғысқан,

Ел қорғаны жауынгер,

Аруағын білмей саудагер

Жай оғымен атылды.

Мешіте намаз оқумен,

Артыңнан ерген имамадар,

Оқумен сенім жиғандар.

Дәстүрі дінінің салты бар.

Тура жолдың белгісі,

Иманды салып саудаға,

Халыққа түскен қасірет,

Құдайдан сұрап тыйған бар.

Отырсыңдар неге омалып,

Көрсетпей діннің тура жол

Пайғамбардан сұрап қол алып,

Жұтынан келген құтқарып.

Құран оқып, қолға алып.

Қажылар қайда, алып қол,

Ханафи масһаб иманның,

Көрсетсін жолын шығар сол.

Қайда хазірет, абыздар?

Өтесін хикметін қарыздар,

Масһабың болса, тура жол.

Табынуға аруақ тиғаның,

Масһабта болмай бір әулие,

Құлшылықпен шейх боп,

Бәрі де өтірік жиғаның.

Мың «намазхан» ішінен,

Соңыңнан ерген жамағат.

Таңдап неге алмайсың,

Құранды білген қырағат.

Дұғасын жасап Раббыңа,

Жауап бер, сұрақ халқыңа.

Көтеріліп таразы мизанға,

Несібесі ұлттың жиғанға.

Атадан  аманат үлгілік,

Кітабын тылсым оқыған,

Көрсетер белгі хикмет

Алған бар ма мүміндік?

Тура жол болса шариғат?

Масһабқа дәлелел болар ед,

Пайғамбар берсе шапағат.

Кітап жазып осылай,

Іздеп барып қосыңай,

Берсемде қойдың оқымай.

Күзетші дінсіз иттерің,

Кіргізбей ішкі қосыңай,

Қосшылар қоса жабылып,

Желкеден түйіп итердің.

Сабыр сақтап сонда да,

Жеті жыл күтім осылай!

Енді менде тұрыс жоқ,

Ата жол қайта айналды.

Қазақтың биік көгіне,

Ақ туы аруақ байланды.

Істейтін бүгін жұмыс көп.

Ақ бата алған сөзбенен,

Мұсадан алған таяқпен,

Сүлейменнің қамшысы.

Ғиса берді ғаршысын,

Мұхамед берген батасын,

Арыстан баба пірім бар.

Ясауиден алған тілім бар.

Айша анам болып айнасы,

Бес ата созған қолы бар.

Алаш қаһан найзасы,

Із бөрі болып анасы,

Қазақ, Созақ бір болған,

Әлемге үлгі пір болған.

Ыбрайымнан қалған жол,

Тектіден қалған үлгі ол.

Ер Дәуіт баба қайласы.

Өнер- білім, пайдасы

Бақсылық мақам және бар.

Әулиелер берер айласын,

Ұстаған шәкірт және бар.

Көптігім бар, көнген бар,

Аруақтың қолдық растығын,

Хикмет көріп сенген бар.

Тектіден қалаған тұяқтар,

Жабылып енді көрсетер,

Дәлел де бар, іс те бар.

Аруақ шақырып, ататын,

Керемет, хикмет іс те бар.

Амал да бар, намаз бар,

Қиямет дабыл қағылды,

Жолдарың Масһаб жабылды.

Сенебесеңдер үш ұйықтап,

Естіңдер қаққан дабылды.

Білмесеңдер оқыңдар,

Құранын оқып қазақша,

Кітабын көріп тоқыңдар!

Құранда тұр, хадис бар,

Құдайды өзі көрсетіп,

Жазылып қойған сөзі бар.

Осылай ұлтым жамағат,

Майдан аштым Ғазаббат.

Надандарға масһабтық,

Қазып жатқан көрім бар!

*   *   *    *   *

Ескертуі болған Құдайдың

Бәрі  бір жауап сұрайды.

Құлақтарға барып жетпей-ақ,

Ауысты Масһаб дін басшы.

Ел билігі мен жақсылар,

Осымен тыныш болмақшы.

Тағы да болмай дін басшы,

Атағын алған хазірет,

Тығылып қайда қашпақшы?

Ауысса да дін басшы,

Жеті жылда жеті рет.

Соғылған сағат қиямет,

Қазаққа болар дін тапшы.

Әзірет Әлі айдаһар,

Айтатын әлі сөзім бар.

Сенбесеңдер боп қарсы,

Сынағыңды іздеп сатып ал!

Масһабтың туып зауалы,

Құдайдан келді жауабы.

Атылмақ ол оқ қай күні?

Көрсетіп елге қайғыны,

Қазақта  әдет қапы бар,

Ескертусіз болған қаза деп,

Қалмаңдар игі жақсылар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *