Тіршіліктің тамыры!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 2

Кім білмейді Ескендірдей жаһан кезді?

Қанішер, қаһарлы хан ашуы көп,

Жаулаған жарты әлемді, қырды жойды

Сонда да көңілі тоқтап тоймай қойды.

Жаулаған екен, күтінбеген бір уәлятты,

Басқартпақ болды елді, патша сайлап

Табыңдар деп, ел қамын жүрген ойлап,

Терегемек болды ақыл-ойын  өзі болжап.

Бар деді ондай дәуріш түзде жатқан,

Паналап көп моланы, тұрып жатқан.

Жұмсатып жасауылдарға әкелдірді

Тұрғызып алдына әкеп, сауал қатқан.

Боласың осы сарай патшасы деп

Нең бар деді қу молада түнеп жатқан?

«Тіршілік жолы молаларға тірелмей ме»?

Дәуріште осылайша жауаб айтқан.

Көрсеті және екі сүйек,  білші депті,

Болғанын  біреуі хан, бірі кедейдікі.

Патша айтты; есуасың,  күлкі қылма,

Сүйекте бай, кедейлік  жазу бар ма?

Онда айтты дуанада қарап тұрмай;

Айырмасы болмаса егер  кедей мен хан.

Керегі не кедейден ханға айналып,

Маған жол ма, мәңгілікті іздеген жан.

Ескендір қайсар патша таң қалады,

Сені есер, ақымақ деп кім айта алады?

Өкімет билігін ал, жарлығын бермін мен

Зорлады, боласың осы елдің патшасы сен.

Диуана патшаға айты  төрт сауалым бар,

Таптырып бере бере алсаң болам патша

Әміріме қарсы тұрмақ кімнің амалы бар?

Сұра- деді қажетіңді, беремін болсын қанша.

Әуелі, деді дәуріш өлмес  маған өмірді бер,

Онан кейін қартаймайтын жастықты бер.

Өмірдің ең қызығыз қайғысыз қуаныш бер.

Және айтты сарқылмайтын байлықты бер,

Ескендір әлемді жаулап жаһан кезген,

Күшіне тосқауыл жоқ қарсы келген.

Сасыпты сөз таба алмай бұл сауалға,

Дәуріштің  намазын түсініпті дала кезген

Түсініп қателігін, алғанмен жаһан жаулап,

Шарқ ұрып, іздеп келдім өлмейтін өмір қайда?

Таппай жүрмін өмір нәрін, өскен қаулап,

Жинасам байлығын әлемнің болмад  пайда?

Пұтарға шоқынған талай елден бездім,

Ағызып қандарымен, жудым арам сөзін.

Даналықтың мәңгілік өмір сырын көрген,

Құдайға жақын елді іздеп, жиһан кездім.

Осы ма екен мен іздеген өмірім, өшіп, жанбақ?

Аруақтар жер бесікте, тербеліп қайта тұрмақ,

Ұрығы  тіршіліктің, жер анамыз болған құрсақ,

Ақ бастауы  мәңгіліктің, жастығы аруақ болмақ?

Құдайдың мәңгілік тамырын іздеп жүрген,

Пенде едім мен де өзіңдей жерді кезген,

Мен саған бұндай байлықты қайдан берем?

Кедеймін мен де өлмес өмір, іздеп жүрген.

***    ****    ****

Адамзат арманы екен осы төртті,

Іздеумен талай ғасыр заман өтті.

Тауыпты оны қазақ даналары,

Тасқа да салып кетті, өмір текті.

Ертеден қалған нахыл ма екен?

Өсер ел өз тарихын таспен жазған.

Ата-баба аманатын орындамай,

Өшер ел өз тарихын жаспен жазған.

Қазақтың елінде көп таста жазу,

Әулиелер мекені бар Маңғыстауда,

Таңбалы тастар емес, босқа жазу

Көрсеткен жолы ма екен тар қыстаудан?

Қалдырған бейне жазба біздер үшін,

Күнді көтерген  сипаты  дар ағаштың

Тамыры қабір болып, тірепті күнге ұшын

Сұрағын тергеп көрсем бұл ағаштың.

Тіршілік қайдан, қалай басталды?

Ақиретте тіршілік қалай жасалады?

Отпен судың арасы қалай жалғанады?

Ағаштың тіршілікте бар ма мәні?

Кім сызды  тура жолдың бұл сипатын?

Баяндап исламның бірлігін мен ар қуатын

Дәлдеп Құран сырын,  жан суатын

Қандай дана, ұрпақтарға жазған хатын.

Құранда үкіммен жазылған бар аяты,

Көркем сөзбен өсіріңдер дар ағашты!

Тамырын жерден жайып көкке өрлесе

Адамзаттың намазы, тілегінің ол жалғасы.

Пайғамбар рассулла өсиеті, аманаты,

Тапасаңдар дәл ортасын намаз емес,

Екі жолын әр пендеге болған белес.

Ағашын және өсір болған көмес!

Атамыз анамызбен жанат кезген,

Ағаштан талай жеміс теріп жеген.

Жолама бұл ағашқа десе дағы,

Жемісін майлы шырша жеді көрген.

Төрт ағаш осылайша, төрт тек болған,

Адамзат қаны, төртке бұл сеп болған.

Үшеуі нәзік жандылар меншігі екен,

Бір ағашты еркектер ат қылып мініп алған.

Осылай даналардан нақыл болған,

Үш ағаштан анамыз дәмін алып,

Байталдық жаяу жалпы тұзын алған.

Сондықтан еркек атты болған сонан.

Байталды шаптырғанмен бәйге алмасың,

Аты да «байтал»  болған  үш ағаштың.

Үш ағашқа атын байлау ер азаматқа,

Киізден қазық болған әйел затқа.

Бір ағаш итте болған, шөп те болған,

Талай аспап үндеріне сеп те болған.

Жан үйінің керегесіне арқау болған,

Иті ме әлде нағашының қорқау болған?

Нағашы атын байлап үш ағашқа,

Жиендер қасиетіне сеп те болған.

От пен су арашасы бұл ағаштар

Іштен жанып, киімің зейнет болған.

Бұл ағаш суға еріп буда болған,

Отқа еріп, жалын иіс жын да болған.

Жарықпен, адамзатқа қызу болып,

Жүйкенің қозғаушысы тін де болған.

Нәзіктің жыныстарын жермен жалғап,

Киізден қазық болып, етек бойға.

Табанымен жанатына тұрса жалғап,

Рухы да жер ананың  сіңер  бойға.

Адамзат арманы екен ай астында,

Төрт текті тауып өсір, салып жолды.

Күміс саты  өмірдің және сөздің жолы,

Жасырылған тамыры бар жер астында.

Жиырма екі санмен көкке тіреу болған,

Мүміндерге болған намаз және сүнет.

Ашықанға азық, қорықанға сүйеу болған

Раббыңның қолы  болған, берген хикмет.

Тарихтан тамыр алып, ағаш болған

Бұтағын көкке жайып жеміс салған.

Көктегі иман жемісін жинап теру,

Пайғамбар намазы екен жаннат кезу.

Рассулдан қалған сопылық сүнет болған,

Ойпаттардан  ағаш текті іздеп тауып

Арамдардан тазару жаныңа қылған қауіп,

Тектеріне табыну ежелден түрік діні болған.

Дін ізденген жастарды,

Жол көрсетіп бас болмай.

Қапасқа қамап итжекен

Айдатып неге тастадың?

Заңгерлер болып бүлікші,

Өз еркімен халықтың

Садақа берген мүлікті,

Көреалмас ішкі пайдамен,

Шайтаннан салған айламен,

«Маркетші» қылдың, сүлікші.

Пайғамбар көркем есімін,

Тербелген күннің бесігін,

Хижра аймен есептеп,

Айдан айға көшумен,

Мәуліті кетті неге секектеп?

Тәуліктің іші екеу боп,

Мезгілдің іші үшеу боп,

Көрмедіңдер неге есептеп,

Төртеумен жылға толғанын?

Сәзжденің намаз жұмасы

Күнтізбеде неге тұрағы?

Адамзаттың Ахмет жұмасы,

Намазы қалып күнтізбе,

Құлшылық істер сауабы,

Хижрамен қалай сұралды?

Білмесең құран есебін,

Пәтуа бермей тезінен,

Сұрамадың неге өзінен?

Мәдинеге неге бармадың,

Түйені құрбан шалмадың,

Орындап пайғамбар намазын,

Шапағатын сұрап алмадың?

Намаздың да пары жұбы бар,

Құранның да жұптық сыры бар,

Жұп қылып бәрін жаратқан,

Тажалдар ғана бас тартқан.

Тәңірлік себеп, бу қуаттың

Бейне болып аруақ суатпен,

Оқылған кітап тылсымнан?

Менсінбей, аруақ салтыңа,

Тастадың, тарих артыңа.

Құдайдың қолын шірік деп,

Мешітке ғана байлатып,

Тура жол, дәстүр иманды,

Мыңдаған жыл жиғанды,

Ғұрпымыз, әдеб сатылды,

Тура жол содан шатылды.

Шақырып аруақ лағнетін,

Көрсетсін деп бейнетін.

Белгісі түсіп  жаратқан,

Құдайдың оғы атылды.

Аруағымен соғысқан,

Ел қорғаны жауынгер,

Аруағын білмей саудагер

Жай оғымен атылды.

Мешіте намаз оқумен,

Артыңнан ерген имамадар,

Оқумен сенім жиғандар.

Дәстүрі дінінің салты бар.

Тура жолдың белгісі,

Иманды салып саудаға,

Халыққа түскен қасірет,

Құдайдан сұрап тыйған бар.

Отырсыңдар неге омалып,

Көрсетпей діннің тура жол

Пайғамбардан сұрап қол алып,

Жұтынан келген құтқарып.

Құран оқып, қолға алып.

Қажылар қайда, алып қол,

Ханафи масһаб иманның,

Көрсетсін жолын шығар сол.

Қайда хазірет, абыздар?

Өтесін хикметін қарыздар,

Масһабың болса, тура жол.

Табынуға аруақ тиғаның,

Масһабта болмай бір әулие,

Құлшылықпен шейх боп,

Бәрі де өтірік жиғаның.

Мың «намазхан» ішінен,

Соңыңнан ерген жамағат.

Таңдап неге алмайсың,

Құранды білген қырағат.

Дұғасын жасап Раббыңа,

Жауап бер, сұрақ халқыңа.

Көтеріліп таразы мизанға,

Несібесі ұлттың жиғанға.

Атадан  аманат үлгілік,

Кітабын тылсым оқыған,

Көрсетер белгі хикмет

Алған бар ма мүміндік?

Тура жол болса шариғат?

Масһабқа дәлелел болар ед,

Пайғамбар берсе шапағат.

Кітап жазып осылай,

Іздеп барып қосыңай,

Берсемде қойдың оқымай.

Күзетші дінсіз иттерің,

Кіргізбей ішкі қосыңай,

Қосшылар қоса жабылып,

Желкеден түйіп итердің.

Сабыр сақтап сонда да,

Жеті жыл күтім осылай!

Енді менде тұрыс жоқ,

Ата жол қайта айналды.

Қазақтың биік көгіне,

Ақ туы аруақ байланды.

Істейтін бүгін жұмыс көп.

Ақ бата алған сөзбенен,

Мұсадан алған таяқпен,

Сүлейменнің қамшысы.

Ғиса берді ғаршысын,

Мұхамед берген батасын,

Арыстан баба пірім бар.

Ясауиден алған тілім бар.

Айша анам болып айнасы,

Бес ата созған қолы бар.

Алаш қаһан найзасы,

Із бөрі болып анасы,

Қазақ, Созақ бір болған,

Әлемге үлгі пір болған.

Ыбрайымнан қалған жол,

Тектіден қалған үлгі ол.

Ер Дәуіт баба қайласы.

Өнер- білім, пайдасы

Бақсылық мақам және бар.

Әулиелер берер айласын,

Ұстаған шәкірт және бар.

Көптігім бар, көнген бар,

Аруақтың қолдық растығын,

Хикмет көріп сенген бар.

Тектіден қалаған тұяқтар,

Жабылып енді көрсетер,

Дәлел де бар, іс те бар.

Аруақ шақырып, ататын,

Керемет, хикмет іс те бар.

Амал да бар, намаз бар,

Қиямет дабыл қағылды,

Жолдарың Масһаб жабылды.

Сенебесеңдер үш ұйықтап,

Естіңдер қаққан дабылды.

Білмесеңдер оқыңдар,

Құранын оқып қазақша,

Кітабын көріп тоқыңдар!

Құранда тұр, хадис бар,

Құдайды өзі көрсетіп,

Жазылып қойған сөзі бар.

Осылай ұлтым жамағат,

Майдан аштым Ғазаббат.

Надандарға масһабтық,

Қазып жатқан көрім бар!

*   *   *    *   *

Ескертуі болған Құдайдың

Бәрі  бір жауап сұрайды.

Құлақтарға барып жетпей-ақ,

Ауысты Масһаб дін басшы.

Ел билігі мен жақсылар,

Осымен тыныш болмақшы.

Тағы да болмай дін басшы,

Атағын алған хазірет,

Тығылып қайда қашпақшы?

Ауысса да дін басшы,

Жеті жылда жеті рет.

Соғылған сағат қиямет,

Қазаққа болар дін тапшы.

Әзірет Әлі айдаһар,

Айтатын әлі сөзім бар.

Сенбесеңдер боп қарсы,

Сынағыңды іздеп сатып ал!

Масһабтың туып зауалы,

Құдайдан келді жауабы.

Атылмақ ол оқ қай күні?

Көрсетіп елге қайғыны,

Қазақта  әдет қапы бар,

Ескертусіз болған қаза деп,

Қалмаңдар игі жақсылар!

One thought on “Тіршіліктің тамыры!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.