III-Ақырзаман уақиғалары мен ел билеуші зиялы қауымға ашық хат

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 101

     Бүкіл әлемде қорқыныш тудырып жатқан исламдық «экстремизмнің» және барлық елдерді түрлі табиғи апаттар мен орасан зор шығынға ұшыратып жатқан уақиғалардың желісін, сипатын қияметтік сағат деп атаған дұрыс. Қандайда бір әлемдік уақиғалардың тағдырлық белгісі, құран және оның негізгі насихаттық кітаптары тәурат, зәбур, інжілмен де тығыз байланысты болмақ. Арап елдеріне қияметтік зобалаңның болатын аятта; «Бәдеуилерден, Алла жолында бергенін (аруақтық кітаптарын) зиян есебіне алатын кісілер бар. Сендерге жаман дәуірлер күтеді. Дәуірлердің жаманы өздеріне (араптарға) болсын..» (9-98) деп ескерткен. Қиямет сағатының арап елдерінен басталып, бірақ оның жамандығы өзге елдерге тимейтінін де астарлы ескерткен. Олай болса, қазақ елінде болып жатқан дінге ұлттық тағдырына, жеке пенделерге байланысты болсын, қандайда бір қияметтік сынақтардың өзіміздің ниетімізден, дін ұстанымыздан, қылықтарымыздан, ел билеушілердің ұстанған саясатынан деп түсіну керек. Исламдық дін ұстанымы тұрғысындағы «экстремизмнің» әлемге де әсерін беріп жатқанын, әрбір елдің өзінің ішкі саясатынан, құдайға қарсылығынан, ібіліске қызметке тұрып бұл індетті жұқтыруға талпынысынан деп түсінген жөн.

Ал енді мұндай рухани тұрғыдағы діндегі қарсылық, азғындықтан қалған барлық табиғи апаттардан бастап адамзатты қамысқа тиген өрттей жалмайтын барлық індеттердің таралуы болатыны да хақ. Мұндай қияметтік сағаттың сынынан белгілі бір елдің, халықтың  аз шығынмен өтіп,  әлемге де діннің үлгісін көрсетуі де тарихи заңдылық болуы дін шарты. Мұндай жағдайда түрлі қарсылық білім, ілім, дін салттарының да пайда болып, әр халық өз ұлтының ерекшелік, тектілігін білдіретін салттарын алға шығаруға тырысып, саясатта үстемділік жүргізуге де әрекет ете бастайды. Және әлемдер тарихына терең үңіліп, зерделеп көрген, білімді адам баласына қандайда бір қияметтік уақиға, соғыс азаптардың соңы; белгілі бір ұлттардың, халық қауымдастықтарының ғылымның ақ бұлағынан сусындап, рухани өркениеті мен әлемдегі барлық ақпараттық білім жетістіктерінің, діннің де үстемдігін, тура жол үлгісін қалыптастыруымен немесе күйреп жойылуымен аяқталатыны да хақ. Кешегі соңғы өткен неміс фашистерінің зұлымдық, қияметтік уақиғасының да нәтижесі осылай аяқталды. Ал бұл соғыстың да немістердің тарапынан белгілі бір ғылымы, яғни философиялық мақсаты, яғни діндік қағидасы болды да. Гитлердің «мононация» құрамыз, неміс ұлтын әлемдегі ең таза қанды халыққа нәсілге айналдырамыз деген мақсаты болғаны хақ. Осы жолда тибет елімен келісім шартқа отырып; «Арилық» текті қалыптастыруға үлкен күш жұмсап, алдын-ала зерттеп дайындық жүргізгені де құпия мәліметтерден белгілі болып отыр.

    Осындай саясатпен Гитлердің құдаймен бәсекеге түскені де хақ. Сонымен қандайда бір әлемдік тарихтағы уақиғалардың негізгі шарты дін ғылымының үстемдігін орнатумен байланысты екені де хақ.  Шыңғысхан бабамыздың да негізгі мақсаты қазақ ұлтының тектілігін жетілдірумен аяқталғанын да өзіміз түгіл әлемнің де мойындауы да керек. Ескендір деген атпен әйгілі болған Александр Македонскийдің де құдай патшалығында екі өмірді жалғап өмір сүре білген халықты іздеп, ақырында қазақ елінен келіп тауып, соғысын да аяқтағанын неге мойындамасқа? Інжілде; болашақта құдай патшалығында яғни тылсыммен арадағы есіктен өте білген халықтың болатынын, тек солардың ғана алтын ғасырда өмір сүре алатынын насихаттайды. Ғиса пайғамбарымыздың рұқы көктен аруаққа бейнеленіп, яғни жұлдыздан бұлтқа мініп түсетінін, ондай елде әлемнің барлық құзғындық (әдеттері, салты-әдептері) қылықтары жемтікке жиналғандай болатынын ашық ескерткенді. Ғиса пайғамбарымыз ғылымның қызыл түрімен; таза рұқтық, аруақтық қуатпен байланысты, әлемде қызылдың үстемдігі, қан төгіс, құрбандық беру, алумен қияметтік сын сағаты соғылады.

     Мұхаммед пайғамбарымыз да өсиеттермен мұндай мезгілдің келетінін және ол уақытта соңғы өзі насихаттаған ислам дінінің ең төменгі сатыға түсетінін де ашық ескертіп кеткен. Құранда да мұндай «параллельдік»-тылсымдық өмірдің адамзаттың өмірінде пайда болатынын және ол халықтың дәстүрлік намымы-иманы жоғалып қарсылық білдіретінін аятта; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені (хикметті ашық белгілерді,  мұғжизаларды, апат, азаптарды, індеттерді) жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Олай болса, әлемдегі өз дәстүрін екі жүзділік тұрғысында ғана мойындайтын, заң тұрғысында ашық қарсылық білдіріп тыйым салған, нанымы, имандық біліміне қарсы қазақ елінен басқа ел жоқ десе де болады. Себебі  түркілік халықтардың ішінде қазақтан басқа елде жан ғылымын терең меңгерген, Алланың ерекше ардақты қылып мирас мұғжиза берген, әулиелікке жеткен елшілер елі болған қазақтан артық белгісі көп әлемде ел де жоқ. Сонымен осындай елге барлық елшіліктің істерінің хикметтері берілетінін, көзге шұқығандай Раббымыздың ашық үкімін түсінбейтін біздің ел билеуші, дінші ғалымдарға не себеп болды? Әлде біздің ата-бабамыз, даналарымыз бізге жол көрсетіп үлгісін, нақылдарын, жан ғылымын қалдырмады ма? Тылсымға мың бір есікті (ғылымдық ақпараттық портал) ашып көрсеткен Ясауи бабамыздың ақыл дәптерін құранның қиямет-қайымға дейінге санмен берілген насихатын, тәпсірін былай қойғанда; Әл-Фараби, Абай-Шәкірім, Жүсіп Баласағұн, Мәшһүр Жүсіп сияқты ғұлама әулиелер жан ғылымын бізге қарапайым ана тілімізбен насихаттап, аманат қалдырғанын неге мойындай алмаймыз?

    Он бес жылдан бері бұл әлемдегі құны жоқ асыл мұрамызды сандық ғылым тұрғысында түсіндіруге тырысып, бабалар аруағының үнімен ата жолы жазбаларында баяндап, жалпы халыққа жеткізе алмасақ та білімді, ел билеуші қауымға құлақтарына жетпеді деген жалған да болар. Сонымен көрсе де көрмегендей, естісе де естімегендей болып жүрекпен мұндай ақпараттардың қабылданбай, керісінше қудаланып, бұқара халыққа жеткізбеуге тырысып жатқаны да хақ. Бұл істің басында дін муфтияты, дін істері агенттігі мен ел басшымыздың өзі қолдап бағдар беріп отырған заң орындарының атқарушылары болады. Өз басым да қазіргі Нұртай Абықаев басқарып отырған мемлекеттік қауіпсіздік орындарымен көп жылдар аңдуда, қадағалауында болып, жазбаларымды Абай-Шәкәрім насихатын, аруақтардың аманатын, жан ғылымын таратқандардың жазаланып, сотталғанын да баяндағанмын. Тек ел басшымыздың пәрменімен ғана бұл жазбалардың кейінге кезде ақпараттық бостандық алуына ғана мүмкіндік болғаны да жасырын емес. Сонда да бұқаралық ақпараттық орындар қабылдамайды, кітап болып шығарылмайды, тек қана бір-екі сайттар бетінде жариялауға мүмкіндік туып отырғаны да растық. Бұл жағдайдың жоғарыдағы аяттың; «…алдына әр нәрсені (хикметті ашық белгілерді,  мұғжизаларды, апат, азаптарды, індеттерді) жинасақ та олар нанушы емес…» Сонда да болса; «… Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» деген үкімінің ақырзаман уақиғасына айналып, оларды иманға шақыруға, мәңгілік жоғалаудан ажалдарынан құтқаруға  тағы да ашық хатпен насихаттап, иманға шақырып көрейік.

      Қандайда бір болашаққа бағыт беретін халықтың рухани өркениетін жетілдіруге және ғылымның жаңадан ашылған құрия сырларын меңгеруге, сол арқылы замандық білімді еркін меңгере алатын жеке адам баласының тұлғалық қалыптасуына; тәрбиесін, ұлттық үлгісін қалыптастыруға да үнемі қарсылықтың, қиыншылықтың болуы хақ. Ол қарсылықты ібілістің әрекетімен және бұл жоғарғы дәрежелі білімнің қуатын меңгерумен, ілім мен білімінің арасында қайшылықтарға байланысты болып, егер мұндай нәзік жолға бағыт алған адам баласының тазалығын былай қойғанда, құдайлық таза ақылға, ғылымдық ой қуатына жалғана алмағанда, артында тек жеңіліспен адасумен аяқталатыны; тарихта талай әулиелердің тура жолдың қисығына түсіп алып, соңына ергендері де, халықты да адастырғаны мәлім жағдай.

Сонымен жаратушы иеміз қандайда бір заманда болсын, әлемнің адамдықтан шығып, жаны жетілмей, жануарланып, ақылдық  сапасының мүлде төмен түсіп кетпеуіне де жағдай жасап, исламның негізгі үйінің ірге тасын, орта топтық үлгісін; Мұхаммед пайғамбарымыздың пайғамбарлық міндетін атқаруымен қазығын қаққаны да, сондықтан араптардың құранның үнін бұзбай сақтауға бұйырылған орта топтық үммет болып саналатынын да құранда ашық ескерткен. Және арап елдері әлемдік жанды, рұқты бір қалыпты ұстап тұруға, тазартып отыруға негізділгенін де білген жөн. Рұқтық қуаттар мен жанның өрісі, қуаты замандық тағдырға, уақиғаларға, білімнің жетістігіне байланысты жоғарғы сатыға қарай даму заңдылығы болатынын да естен шығармаңыз. Сондықтан мұндай жан өркениетін қалыптастыруға да олардың арасынан пайғамбарымызға ерген сахабалар үлгісін жалғастырумен ғана діннің ғылымын дамытатын топтың шығуы да, оны Укаша ата мен Арыстан бабаның соңынан ергендердің атқарғаны да хақ. Бұл уақиғаны құранда; «…Сендерге Кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді..» (5-15) Сонымен дін шариғаттың тура жол болуға жетімсіз болып, тура жолдың құпиясы, ғылымы еленбей қалып, бұл елшілікті әрі қарай жалғастыратын елдің болатынын да (4-104) аятпен ескерткенді Раббымыз.

Сондықтан да пайғамбарымыздың сүннеттерін сол қалпында өзгеріссіз қабылдап, шариғаттан тарихаттық, мағрипаттық кезеңдерге өтіп, әлемдік барлық діннің бірлігін ақиқатты толық меңгерген Ясауи бабамыз ғана болғаны да хақ. Бұл тарихи оқиғаны да терістеп, тарих, шежіре тағдыры мен Алланың иіріп берген дін жібін ұмыттыруға тырысып, исламдық бірленген дінді шариғат тұрғысында ғана алып және әрі қарай масхабтарға бөлшектеп, үзіп жүрген өз отандастарымыз ібілістің ұрпақтары яғни іс басындағы ел билеуші, дінші, ғалымдарымыз  болып саналады. Оған ең басты ашық белгі, қарсылығы; жан мен рұқтың, иман мен сенімнің, елшілік пен пайғамбарлықтың және Алланың; Алла тағалалық, Раббылық, Тәңірлік, Алаланың өзі, Раббысының өзі, Алла тағаланың өзі сипаттарын бейнелейтін жан, рұқ ұлықтық белгі иелерін және киелі періштелік үш, төрт, бес, алты, жеті қанаттық сипаттарын аруақ деп атайтынын ұмыттырумен, терістеумен уахи алуға, пайғамбарымыздың шапағатына жалғануға да ашық қарсылық білдіріп жүрген өз бауырларымыз ібілістің ұрпақтары, тажал емес деп жетелі қазақ баласы айта қоймас. Кезінде исламның жоғарғы өркениетін, ғылымын меңгерген тура жолдың үлгісін кейінгі ұрпақтарға дәстүр қылып қалдырған бабалар аманатын артқа тастаған қазақ еліне ақырзаман үкімінің түсуі де заңдылық….(жалғасы бар. Тамыз айы 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *