II-Ақырзаман уақиғалары мен ел билеуші зиялы қауымға ашық хат

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 0

II-Ақырзаман уақиғалары мен ел билеуші зиялы қауымға ашық хат

       Жаратылыста барлық нәрселер мейлі сөз ұғымы, атаулары, дін, діл, нәсіл, ұлт, тіл болсын оның жұбы пары болуы шарт. Мұндай жұптылық және парлық қарсылықсыз әлем тіршілігі де болмайды. Сондықтан айдың, күннің, жердің де жұбы, пары бары хақ. «Екі айға серт» деген Абай атамыз. Екі айдың барын Мұхаммед пайғамбарымыз мұғжизамен дәлелдеп берген. «Батыстан да күн шығады» деген Раббымыз. Жұптық, парлық тәңірлік қуаттармен, қарсылық қозғалыстармен байланысты деп түсіну керек. Қандайда бір замандарда болсын адамзаттың тағдыры ақыл-ойдың қуатының сол замандағы пайда болған жаңадан қуаттардың, яғни оттан пайда болатын білімнің дәрежесін меңгеруге жетіліп отыруы да шарт. Олай болса, біздердің ата-бабаларымыздың және әлемдегі ғұламалардың меңгерген ақылдары бүгінгі замандық қозғалысты меңгеруге жетімсіз болып, олардың қалдырған ойларын біз білімге айналдырумен және өз арамыздан шығатын ойшылдардың да шығармашылық еңбектерімен де ой қуатын арттырып яғни тіршіліктің мәнін терең ұғынуға талаптанып өмір сүруіміз керек.Ойшылдықтың да жұптық, парлық сипаттары болып мұны «Діл және сұқбат әдебі, парасаттылық негіздері» деген тарауда талқылап көреміз. Шәкәрім атамызға жүгінсек; «Адамзат ойды жаратып таппайды, алмайды, оны дайын күйінде алады, ой баста жаратылған.». «Терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді. Әулие дегені сол болса керек.». Сонымен ойдың кітабын сөз ғылымы деп атаймыз да, ондай кітабы бар елдерді кітап берілгендер деген құранда. Құран әлемге ақыл яғни үгіт болса, ал сөз ғылымы бар елдерге аударылғанда кітаптық сыры ғылымдық насихаты ашылуы керек. Сонда ғана шариғаттың жұбы, тарихаттың пары болған мағрипаттың кітаптарына ойшылдыққа жалғануы нәтижесін береді де. Олай болса; «Терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді.». Ал енді түзу тәжірибені жинау үшін де ұлттық сипаттағы әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінен жеткілікті түрде тәлім-тәрбие ала білу керек.

     Ел басқару ісі болсын, шығармашылық болсын, рухани тұрғыдағы тәлім-тәрбие болсын, біздер жалпы әлемнің қарекетінен, тәжірибесінен бөлініп кете алмаймыз. Сондықтан әлемнің дұрыс деп санаған тәжірибелерінен үлгі алып ортақ саясат жүргізуге де тиістіміз. Сонымен бірге әрбір елдің, ұлттың жаратаушы тарапынан берілген жобасы, тағдыры, ғұмырлық кітабы яғни аруақтық қуаттық қызыл кітабы (қандық, тектік) болуы шарт. Бұл кітап біздің ата-бабаларымыздың ақыл-ойларының, өмір тәжірибесінің бейнесі; ой қуаты рұқы болып, біздер осы кітаптық сипатқа байланысты белгілі бір тағдырлық жобаны алып жаратыламыз. Сондықтан біздің меңгерген діліміз алған кітабымыз болып, ана тілін меңгерумен байланысты да бұл кітабымыздың оқылуымен өмірден білімді, даналықты меңгере аламыз.
Даналықтың жұбы парасаттылық қуаттар болып, оны көктегі және екі аралықтағы көрінетін, көрінбейтін алты түрлі (6×2=12) жұлдыздармен жалғанып, біз сол жұлдыздардан қуат алумен ғана өміріміздегі, дүние тіршілігіндегі барлық қуаттық әл-ахуалымыздың шамасы мен тағдырымызға, әрекетімізге қарай қосымша несібе қуат беріліп басқарылып отырады. Сонымен қазіргі ел билеуші, іс басындағылар немесе түрлі шығармашылық өкілдері мен қасиетті адамдардың бәрі бұрынғы ата-аналарымыздың көкте жаққан жұлдыз (жүрек) орындарының қуатталығынан осындай жақсы тұрмысқа, атақ-дәрежеге, мансапқа еге болумен немесе дінді меңгерудің жолында жүрумен ерекшеленеміз. Және біз бұл жұлдыздарымыздан қанша қуат алсақ, оны орнына қайтарып отырмасақ немесе оны онан сайын қуаттандырып жақпасақ, онда ата-бабамыздан қалған мирастарды жеп тауысып жерге құлатып тынамыз. «Аспандағы жұлдыз сөнсе, бір жан өлді» деген қазақта. Олай болса; жеті әлемдік қуатпен байланысты ортақ жұлдызымыз және ата-бабаларымызға байланысты алты жұлдызымыз екі түрлі сипатта (гороскопқа жалғану 88-жұлдыз тобы) болса, барлығы 19 жұлдыздық қуатты меңгерумен ғана адамдық сипатқа ие боламыз. Болмаса тозақтық жағдайда өмір кешеміз. Қазір әлемде болып жатқан апаттар мен табиғаттағы түрлі сынақтардың да осындай бізге көрінбейтін белгісіз жағдайда жерге құлаған, сөнген жұлдыздардың әрекетінен пайда болатынын білеміз бе? Қазақ еліндегі ақырзаман үкімінің ашық түрде басталуы да осындай аманат жанды өсіріп көкке шығармай, меңгерген рұқымыздан өсіруге тиісті алты жанымыздың өне алмай өзара қайшылықта болуымен ажалдың үкімі басталғанына; қырылған дала аңдары мен малдардың жағдайы ашық белгі болып жатқаны да хақ. Ал мұны түсінуге қарсы шара қолданып, халықты құдайдың азабынан қорқуға, өлімді еске алып, күнәдан ақталып құтқарылуға шақыруға тиісті ел билеуші, зиялы, дінші қауымның өкілдері керісінше халықты азапқа, нәсілдік тұрғыда жоғалуға қарай бастап келе жатқанын аңғара алдық па?

      Әлемнің және тарихтағы бар дұрыс деген тәжірибелерді жинағанмен елдің білімін көтеріп, шаруашылықты меңгеріп, тұрмыста жетістіктерге жеткенімен, рухани тұрғыда ойды, ойшылдықты меңгеруге қорқып, керісінше ғайыптан хабар алуға кедергі болып, келген шындықты мойындап тәубеге келмей, қайта оның уақиғаға айналуына, даналықтың жоғарғы дәрежесін меңгерді деген әулиелік кітабы бар Нұрсұлтан мырзаның өзі неге ібілістің қызметшісіне айналып алды? Оған себеп даналықты меңгеруге, ел басқару тұлғалығын қалыптастыруға жәрдем беретін кітап берілгендер, тағдырында жеңілдікпен дәулетті болуға, іс басында жүруге жол ашылғандардың өз міндеттерін атқара алмағанынан емес пе? «Ел басшысы Алла тағаланың көлеңкесі» деген дін насихаттарында. Олай болса ел билеуші халықтың, іс басындағылардың ниетіне қарай шығарған заңдарын бекітіп амал жасаушы да.
Сонымен мұндай ақырзаманға себепші және бұқара халықтың да азғындыққа түсіп, жұлдыздарын сөндіріп, керісінше қара қуаттың, зұлымдықтың жәрдемшісіне айналуымен байланысты екені де хақ. Ал бұқара халық деген «мал» болып, оны бағушылардың қалай рухани тұрғыда немен азықтандыруына байланысты да малдық қуаттардың сапасы пайда болады. Адамзат тек тамақпен, азықпен емес құдайлық сөзбен, көмес қуаттармен де ақпараттық, метафизикалық тұрғыда азықтануы тиісті. Сонымен жаратылыс сөзден пайда болса, жаратылысқа сай өмір сүре білу үшін де сөз ұғымдарын, қуаттарын өз орнымен пайдалана білу керек. Дін құлшылығы дегеніміз де; ақылды, даналықты меңгерумен байланысты қалыптасуы да керек. Ал даналығын тәжірибеге айналдыра білгендер жоғарғы қуатты парасаттылықты меңгеріп шопан, бақташы яғни «текті аталық» аталуы да дәстүрімізге лайық болмақ. Сонымен шопандықты меңгергендер тұлға болып, ғайыптан хабар алушы әулиеліктің, тазалықтың үлгісі болуы шарт.

      Бірақ ібілістің де мақсаты адам баласына даналықты меңгеруге жәрдемші де болып, ал онан да жоғары парасаттылық жолына шығып тура жолын табуына кедергі қойып адастыруы да шарт. Сондықтан елге тұтқа, парасаттылыққа үлгі тұлға болу тек қажырлы, жігерлі, сабырлықтың яғни өзінің ғана емес, өз ұлтының да тағдырын, болашағын болжай білетін көріпкелдіктің жоғарғы сатысына көтеріле алған, әлемдік бір қуатты, шындықты (уахиды, кітапты) меңгере алғандардың үлесі ғана болады. Біздер мейлі қандай сенімде дана болайық жанымыз, рұқымыз ата-бабаларымыздың, аналарымыздың меңгерген дінімен, әдет-ғұрпы, дәстүрімен байланысты ғана парасаттылық қуаттарға, яғни көктегі несібе байлық; жұлдыз қуаттарына жалғанып, ерекше сабырлықты, көрегенділікті, тақуалықты меңгеріп тура жолда бола аламыз. Қазіргі таңдағы ел басшымыздан бастап ата дәстүрімізге, ана тіліміз, ділімізге немқұрайлы қарап меңгере алмаудан, дін шариғатының парыздарын сақтай алмаудан халыққа үлгі болатын бірде-бір толық тұлғалықтың үлгісін қалыптастыра алмадық десек жалған емес. Ал енді бұл кемістікті жасыру үшін және ақылды қазыққа байлап өсірмеу үшін де ібілістің ұрпақтары бұқара халықтың, әнші, спортшылардың ішінен тұлға шығаруды ойлап тапқаны да шайтандық амал болып саналады.

      Мұндай жағдайда ібілістің ұрпақтарының үстемдігі қалыптасып біліммен меңгерген даналықтың, іліммен меңгерген тазалықтың, тақуалықтың да ібілістің қызметшісіне айналып алатыны да хақ. Қазақтың ел билеушілері, шығармашылық зиялы қауымы, дін ғалымдары да түгелге жуық ібілістің еркін орындаушы болып алған десек қате емес. Сондықтан біздер өзімізге берілген несібе жұлдыздарымызды жерге құлатумен ғана айналысып, табиғатта да орасан зор қияметтік жағдайдың қалыптасуымен, халықтың өзіне ақырзаман үкімін түсіруімен және бұл жағдайды әрі қарай тереңдетуге жанталасып заңдар шығарумен айналысып кеттік. Мұндай зұлымдыққа нақты жауап беретін мезгіл туып; «Әрбір нәрсенің нәтижеленетін мезгілі бар!» деген құран аятында. Қазақ халқына есептесу мезгілінің келгенін білдіру үшін; елімізге келетін рухани сынақтарды әрбір жарты жылға алдын-ала хабарлап жазып таратып отырмыз.
Енді құдайға қарсылық жасап, мұндай түсірген ашық белгілерін терістеп, керісінше халықты өлімнен, азаптан қорықпауға өздерінің құтқаратындарымен сендіріп жүргендерге қандай азап, сынақ түсетінінен алдын-ала хабардар болыңыздар. Ел билеушілердің, ғалымдарымыздың Керейхан мен Жәнібек сұлтанның қазақ хандығын құрудың бастамасын атап өтумен дайындық жүргізіп, бірақ біздердің ескерткен зияраттарын тауып басын көтеруді ертегі ретінде қабылдауына; Сарыарқа төрінде су апатының Астанаға да келіп тірелгенін ұмытпаған шығарсыздар. Енді оған да қарамай тек қағазға түскен ақпараттарды меңгерген білімдіден артық әулие болмайтындай бұл шараны ұмыттырып, мүлде жауып тастауға тырысқандарға; Қазақ еліне жеті сынақтың түсу қаупі бар. Көктен найзағайдың ерекше белгі салуымен, жаңа туған балалардың көп шетінеуімен, құрт ауруының белең алуымен азапталуы болады. Және қазақ дәстүрінің «Өлі риза болмай тірі байымас» деген дін шартын мойсұнбағандарға жыныстық қуаттарына сынақ түсіп, ерлерде белсіздік, әйелдерде жатырдың кесілуі артуы болуы қаупі бар.

      Сонымен бірге бұл тойды бәрібір жасап, бұл ескертуді ел басшымызға жеткізбейді де жеткізгенмен тақуалықтың, қазақ дәстүрі әулиеліктің шартын орындай алмағандықтан ұрпақтары мен қатындарынан парыздарын орындамаудан, тектік аталықтағы ақ жаулықтық қуаттың жоғалуынан, қауымдық жұлдыздық қуатпен жәрдем ала алмағандықтан ел басшымыздың мұны ата дәстүрін орындауы әлсіз болғандықтан таза оймен саналық тұрғысында қабылдай алуы да мүмкін емес. Сондықтан ел билігіне ашық ескертуімен ел басшымыздың ең жақын деген екі ел билеушісі ажал құшуға қаупі бар. Сонымен бірге көптеген әулиелердің басын көтеру түгіл барының өзін жеке меншікке айналдырудың, қараусыз тастаудың салдарынан, халықтың жаппай құрбан шалып қуаттық алмасуды құран арқылы меңгертпеуден; Маңғыстау немесе Қызылорда өңірінде қара қуаттың шамадан тыс артып малдардың жаппай қырылуы басталуы мүмкін. Осындай қара қуаттың басымдылығынан қазақ елінде жесірлердің де саны да күрт арта береді.

     Әрине халықтың бәрі имансыз деуден аулақпыз, көрген түсін, аянын жорып амал қылып құтылушылар да жеткілікті. Сонымен мұның бәрі болмаса да жартылай болған жағдайда ел билігінің түрлі шаралармен халықтың ортақ қазынасынан қаражат жұмсап, халықты құдайдан болды дегенді ұмыттыруға тырысатындары да хақ. Осындай жағдай Калачи мен Батыс Қазақстанда болған хикметті жағдайды да тосын құбылыс деп шешім шығарып, елді көшіріп құтқаруға тырысып құдайға ашық қарсылық білдіріп жатқаны да жалған емес. Осы жағдайға енді құдайдан жауап келіп жеті ел билеушінің жүрек ауруымен кенеттен дүние салуымен аяқталады. Және осындай ақырзаманның азабының артуына үлес қосқандар; мейлі дінші, шығармашы, зиялы қауымның арасында да жүрек ауруы күрт өсіп, арты ажалмен аяқталатындары да көбейе бермек.

     Қандайда бір жаратылыстық қуаттардың, қозғалыстардың қарсылығы бар. Сол сияқты Алла тағала ескертпей алдын-ала білдірмей жазалаушы емес. Біздің мақсатымыз халықтың арасына алауыздық салу емес, керісінше өлімнен, құдайдың азабынан қорқып бір мақсатқа, амалдардың жүйесіне бірігіп, қалайда мұндай қияметтік жағдайдан аз шығынмен өтіп құдайдың нығметіне жету ғана. Бірақ ібіліс тек қана теріс ақпаратпен адастырушы емес, сонымен бірге қалай аз еңбек етіп көп байлық табуды да, құдайдың үкімдерін, аяттарын терістейтін, айналып өтуге болатын даналықты да үйретуші болмақ. Сондықтан ел билеушілер дүние қызығының, дүние байлығының, жеңіл тұрмыстың түрлі әдістерін ұсына бастайды, халыққа мұндай сынақтарды тез ұмыттыруға да тырысады.
Сонымен қазір көптеген тылсымнан хабар алушы қасиетті пенделер; Астана қаласының Бәйтерек кешенінен бастап өртеніп үлкен азаптың болатынын хабарлауда. Рас, ол сынақтың енді тоғыз айдың шамасында болуы да ғажап емес. Бұл Нұрсұлтан мырзаның ата жолын соттап қудалауға берген теріс үкімін қайтып алу, алмауына және жеке өз басына келетін ескерту сынақтарына қалай амал қылуына да байланысты болмақ. Осымен бірге ата жолына қарсылық қылған енді дін ғалымдары, шығармашылық өкілдері мен ел билеушілердің де арасынан таңдап алып, себебін де көрсетіп, қандай жаза алатыны және ата жолындамыз деп халыққа теріс үлгі көрсетіп жүрген аққу, сұңқарлардың да сынақтарымен таныстырып көрейік… (жалғасы бар. Тамыз айы 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.