(жалғасы, басы 1-13 тарауларда)
Қазіргі таңдағы әлемдегі барлық қияметтік оқиғалардың, жер бетіндегі азаптардың, індеттердің және экономикалық дағдарыстардың барлық негізі, адамзатқа өмір сүруіне керекті жылу және пайдалы жарық қуаттарының жетпіспеушілігінен, керісінше зиянды қара қуаттардың артуынан деп түсінген жөн. Мұның негізінде адамзаттың әлемдік қуаттардың жүйесіне пайдалы қуаттарды өндіріп қоса алмай, керісінше зиянды қуаттармен табиғатты, жаратылыстық әлемді бүлдірумен байланысты екені де хақ. Абай атамызда бұл туралы өз насихатында ескертіп өткенді. Адам баласының ақылы азып, қара түнектердің азғыруына түсіп, тек қана дүниелік қызықтармен жақсы тұрмыс, байлықты құндылық деп алға қоюдан өз жаратылысының сырын түсінігін жоғалтудан пайда болғаны да сөзсіз.
Әлемге келген қандайда дін кітаптарында, пайғамбарлар жазбаларында, әлемді сөзден бастап жаратқанын баяндайды. Сөз дегеніміз даналық, ақыл, рұқ деп ұғынатын болсақ, әлемнің барлық нәрселері Алла тағаланың даналығымен белгілі бір ақылға,тәртіпке бағынған және қарсылығы да болуынан түрлену мезгілі, тағдыры алдын-ала жазылып қойылған. Тағдыр дегеніміз белгілі бір қозғалыстың, уақиғалардың орындалу уақыты мен бейнеленуі болмақ. Олай болса, әлемдік тағдырдың жаны- уақыт, дәуір,заман Алла тағаланың өзі сипаты деп түсінген жөн. Жерді 2 күнде, адамзат несібесін 4 күнде, жер әлемін 6күнде6 ал бүкіл әлем 7 күн уақыт-тағдырда, жарықтың бейнесінде, ақылдың жоғарғы сапасы ақыл-парасаттылықпен жаратылған. Олай болса барлық жарықтық несібе қуат, қозғалыс негізі; 2; 4; 6; 7; сандық өлшемдер сипатында Алланың өзі, құдіретті қолынан болмақ. Бұл жарықтық негізге; 2+4+6+7=19 сандық ібілістік білім қарсылықты меңгерумен, дін ісі шариғаттың 5 күндік жалғанмен байланысты исламдық бес парызды жол атап адасудың да сыры шығады.
Тура жол дегеніміз бүкіл қозғалыстың сыр сипаты жарықтың негіздері болып; Алланың өзі- Алла тағалалық сипаты 7-санымен яғни жеті қанатты періштелікпен көрінісін табады. Алла тағала –Ақ, жанның негізі болып, оның жеті түсті қанаты барын да білген жөн. Қанат ұғымы түс, түрлермен байланысты болып, әрбір түрдің өзара түрленуі де 7кезеңмен, алмасумен нәтижеленіп отырады. Уақыт-тағдыр; сөз қуатынан яғни даналық ақылдан, парасаттылық ой қуатынан, жарықтың сапасынан, қозғалыстан, әлемдік жаннан, жаннаттан құралады. Жер анамызды жаратқанда білімге негізделген даналықпен және таза ақыл-ой қуаты парасаттылық бір болып, парасаттылық қуатты кейінен жарық қылып, көкті безендіріп, екі араны бөліп, шектеп (жеті қарақшыға бағындырып) мықты қорған салып қойғаны да хақ. Себебі қандайда да бір даналықтың, ақыл білімнің қарсылығы болып, ақ пен қараның, су мен оттың өзара шарпысуынан ғана әлемнің қым-қуыт тіршілігінің қозғалысы өзара қосылуымен көбеюі жаңа қуаттық сапалардың пайда болуын қамтамасыз етеді де.
Адамзаттың бүкіл әлемдік жаратылыс егелерінен артық және құдайдың өзі сипаттарына ұқсас болуы да; Жан деген құдіретті жаратылыс егесі болуынан деп білген жөн. Адамзаттың жер бетіндегі барлық тіршілігі, құлшылығы жанды өсіріп, көбейту үшін түрлі сападағы рұқты ата-аналарымыздан, жалпы адамзаттан шыққан тазармаған жүктерді меңгерумен ғана нәтижесін береді яғни әрбір заман адамзаттың ұрпақтары жаңа сапалы жандарды, рұқтық кісіліктерді өндіріп отырамыз. Жан-жаннаттық қуат жарық негізі болып; «Мұсылмандар жанын жаннатпен айырбастап алдым» деген Алла тағаламыз. Олай болса, барлық тіршіліктің бастауы жаннат болып, біздердің жанымыз жаннаттан түсіп, күнәлі, күнәсіз болмыстағы барлық жер бетінің қуаттардың жүйесіне жалғанып, өсіп-өніп, ақталғаннан кейін ғана аманат жанды орнына тапсыруымен бірге, өзімізге алған алты жанды өсіріп, жаннат бақшасын өсірумен де жаннаттық жандарды көбейтумен ғана біздің жер бетіндегі ұжмақтық, бақытты өміріміз нәтижелі болмақ.
Адам баласы табиғатпен, жануарлар әлемімен тұтастықта болып, қорегімізде рухани байлық қуаттарымызда табиғатпен байланысты меңгере алғанда ғана; өсіп, өніп тағдырымызды тазартып, жақсылық жарықтық амалдармен, игіліктермен жүктеп жазып, жанымызды да көбейте аламыз. Әлемдік уақыт-тағдырдан әлемнің барлық ішкі қозғалысы тағдыры пайда болатыны да хақ. Олай болса қандайда бір тағдыр уақыт өзінен жоғары тұрған тағдырға, онан келетін игіліктерге тәуелді. Әрбір адам баласының тағдыры, уақыты аруақ-ғұмыр кітабы, есебі болып жазылады да және адамзаттың өсіп өніп көбеюі осындай әрбір ата-ананың аруақтық кітабынан, игілікті қол істерінен ғана келесі тағдырлар кітабы яғни жер бетіндегі бұл істі жалғастырушы рухани тұрғыдағы ұрпақтары (аруағы, иман серігі) көбейіп отырады. «Бастарыңа қайғы-қасірет келсе, ол екі қол істеріңнен (аруақтық қуаттарыңнан) деп біліңдер» деген Раббымыз. Олай болса, баспен қолды бір тұтас ғұмырлық жүйе деп түсінген жөн.
Сонымен адамзаттың тағдыры да; 18мың ғаламдық уақытпен, қозғалыспен, жаратылыспен толық жалғанумен нәтижеленеді. Енді бұл санды жіктесек 5 күн жалғандықпен, 6 күн әлемдік ішкі қозғалыс даналықпен, 7 күн әлемдік қуатқа жалғанумен 5+6+7=18 және Алла тағаланың үнемі жер бетінің тіршілігін басқарып, түсіріп тұратын нығметі (2;4), рахметі (6) болып және мың (1000) санымен, құран аяттарымен (әліф лам мим) дәрежеленіп тұрады. Әлемді шындық бойынша жаратқан деп ескертеді киелі кітаптарда. Ал шындық дегеніміз ғылымнан пайда болады. Енді ғылымның үш түрлі қуаттық негізден жарықтан басталатын, Алланың өзі сипаты да осы негізгі үш түрден және бұл үшеуінен пайда болатын сегіз түрдің бәрін өзіне алатын ақ түстің негізіндегі жанды айтамыз. Және ақ түске қарама-қарсылық барлық түр-түсті де өзіне сіңіре алатын қара түстен жынның жаратылғаны, ал жыннан ібілістің жаратылғанын да естен шығармаған жөн. Адамзаттың есебі, тағдырлық кітабы қызыл түспен аруақ болып бейнеленсе, ал қара түсті жындық қуаттың негізінде киімі ар сауыты, денесі және иман серігінің кісілігі қалыптасатынын да білген жөн.
Барлық жаратылыс қозғалыс негіздері 3түрлі сипатта (қатты, сұйық, бу) болатынын да естен шығармасаңыз, адамзаттың қуаттық өлшемі, жаратылысы да 3сипаттан тұратыны; Жан, рұқ, аруақ деп атап мұндай қуаттар жүйесінен кісілігі мен періштелігі қалыптасып жаннатта тұтастыққа бірігетінін де жадыңызға тоқып алыңыз. Қазақта құдайға сыйынғанда; «Өліге иман тіріге береке бер, ата-баба аруағының жанын жаннатта ете көр!» деп жалбарынудың негізінде жан ғылымының тұрғаны да хақ. Әрине мұндай жан ғылымының арап еліне берілмегенін; «Мұхаммед олар сенен жан туралы сұрайды; «Ол, Раббымының әмірінен. Сендерге аз мәлімет берілді» де.» (17-85) Ал Раббымыздың сипаты от негізі сары түспен, нұрмен байланысты болып; әмірі нәсілдік сипаттарды, ұлттық сөз байлығын меңгерумен байланысты «Он саулық» байлығы болып беріледі. Адамзатқа екі тіл берілген; бірі оттың, бірі судың тілі болып оны ағашпен, тектілікті меңгерумен ғана жалғай алады. Олай болса, ұлттық сөз ғылымының Адам атадан бері жалғасты келе жатқан ұғымдардан, нақылдардан жан ғылымының сырын іздемей, тек аз мәлімет берілген құран аяттарынан ғана және тек қана арап тілінен іздеуден де ислам ғалымдарының адасуына, ібілістің ұрпағына айналып алуына да апарып соқтырғаны да хақ. «Бір тілің от, бір тілің су, байқамай діліңді бұзып алма адам.» деген аталарымыз.
Олай болса, біздің діліміздің Адам атамыздың қауымынан бастап, үзілмей жалғанып келе жатқан,пайғамбарларға, елшілерге құпия оқылған ғылымхалы кітабымен байланысты болып аятта; «Әрине қаласақ,саған уахи еткен Құранды алып алар едік. Кейн бізге қарсы жар таба алмас едің.» (17-86) Енді бұл жерде адамзатқа ортақ оқылған арап тіліндегі құран кітабы мен пайғамбарымызға құпия берілген жан ғылымнан, жар (жан ананы) табу мен көк тәңірісі болған біздерге жалғанудың, нұрландырушы кітаптың сыры болып табылады. Бұл кітап әр елге келген сөз ғылымын үйреткен пайғамбарлары, елшілерімен байланысты және ұлттық тарихпен, шежіремен, гендік, қандық тегімізбен яғни сөз, тіл ғылымымызбен байланып тұрған Алланың иіріп берген жібі болып, оны кез келген жерден үзіп; «…сөзді парсыдан, араптан алдық» деп, өзге елдердің діліне, дін салтына, ғұрпына жалғап жүрген исламдық барлық діншілер тажалдар ғана болып саналады.
Ата жолы дегеніміздің өзі Алланың жібі, дін дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, сөз өнеріміз, тіл байлығымыздың шежіре ағашы деп түсінген жөн. Енді мұндай жағдайда жер ана рұқы, өлілер әлемі арқылы ғана біз өз тегімізді танып, жалғануға мүмкіндік болатын қызыл қуаттың жүйесі, мәңгі жоғалмайтын адамзаттың есеп кітабы, аруағы арқылы ғана мүмкін болатыны және оның құлшылығының сыры, ғылымы қазақ халқының мирасы болып қалғаны да хақ. Жанын тазартып, көбейтуін ұмытқанын былай қойғанда, аруақтық сипат-қызыл мен жындық-қара қуаттық бейнені шатастырып жүрген діншілерді ғылым, имам, хазірет атап ел басқаруға, халыққа ақыл беруге қойған ел билеушілерді кім деп атайды болашақ ұрпақтарымыз?
Сонымен ақ, сары, қызыл, көкпен байланысты «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп, 9- кісіліктің нұры болған, (4+9=13) Алланың өзі сипатының бірлігін айтатын болсақ, ал енді қалған 5 түрдің қараның әсері әрекетімен байланысты болып 5күн жалған деп атаймыз. Және негізгі 3 түрді қасиетін меңгерумен байланысты үш байлық болып; 1.Денсаулық көк түсті тазартып меңгерумен; Көк тонды, көк атты, көк тәңірісін тану, көк нәсілді меңгеру, көйлегі көктік-тамағы тоқтық… көктен түскен көк қошқар.. т.б. Көк тәңірісінің үні, ойдың қуаты барлық жаратылыс нәрселерінде және мал қуаты болып жасырылған. Малын түгелдей алмаған, ой жорушы, ұрысқақ қатындарды, еркекті де көк езу, көктігі ұстады дейміз. Негізінде денсаулық, саналықпен байланысты болып; «О құдай бала бер, бала берсең санасын қоса бер, сана бермесең ала бер» деген аталарымыз. Ой қуатын саналықты меңгеру, көк тонды яғни көк нәсілді меңгерумен бұл қасиеттілікті аламыз. 2.Ақ жаулық байлығы, қанның тазалығы, ұяттылықтың қырық үй, қызыл –ошақтың тазалығы, ақ білекті, қаны қызыл арулық яғни аруақтың қуаты; «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деген мақалмен, қандық текті сақтаумен байланысты болмақ. 3. Он саулық байлық болып; Төбеден келетін нұр кісіліктің сары түспен байланысты Сары қарын бәйбіше, Сары оғлан, Сары тісті, Сары арқа т.б. ұғымдардың пайда болуы қасиетімен де байланысты. Қызыл, көк, сары түсті ғылымдық қуаттарды меңгеру арқылы денемізді ақ түсті ар сауытымен қорғап, «кебенек кию» арқылы жаннатқа да ене аламыз.
Адам баласына малдық, жындық және арлық қуаттарды меңгерумен бір қуат шындық-аруағын, дене кісілігін қалыптастыру арқылы ғана жер мен көктің шегінен өтіп жаннаттық тұрғындарына жалғана аламыз. Сондықтанда; «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деп түсінген аталарымыз. Малымыз-тән саулығымыз, жан саулығымен ғана қуатты, таза және жанмен жынның үйі болып табылады. Жындық бір текті саулығымыз денсаулық, естілік болып, есітілікке, ар-ұятылыққа қайшы істерді жасап немесе дұрыс сөз сөйлемегенде; «Денің сау ма өзіңнің» деп ескерткен қазақта. Бұл тектіліктің еркектік сипатын «сауаттылық» деп атаған да, ал қазір мұны жазу, сызу бімділікпен байланысты атайтын болдық. Демек деніміз сау емес. Және «Мал-жаның аман ба?» деп жүз қойының, әл-қуатының түгелдігі мен адамдығының жағдайын сұрап отырған.
Олай болса, сөз ұғымдарының мәні, қуаты жоғалған заманда, қазіргі таңда білімді пенденің бәрін ақылды деп, оның естілігінің жағдайының қалай немен анықтауға болады деген ұғымының да мүлде жоғалғанынан арлылық түгіл қарапайым ұяттың да шартын меңгермеген кез келген денсаулығы жетілмеген, ақылы толмаған немесе арсызды ел билеуге, іс басына қойып ақыл айтуға тағайындайтын болдық. Мысалы тәнін жабық ұстап басын жалаңабас ұстау әдетінен, баста қорған дуылғасы жоқ, яғни ар сауыты жетілмеген қандайда бір білімді ғұлама, дана ел билеушілер болсын, парасаттылығы аз болады. Яғни бастағы 4жын қуатының Арға бағынуы болмай, санасы жетілмей, әлемдік түнек күштерінің орындаушысы болған жындардың ықпалында болады.
Біздің ел басшымыздың жындық қуаты арыстан болғанымен, аруағы өсіп-өркендей алмай, ата-бабасының аруағын бастарын көтеріп түгелдей алмай жүргендіктен, бүкіл қазақ халқының және оның тұрғындарының жынды елге айналып, әлемдік жын-ойнақтың да ордасын аз ғана жылдың өзінде қалыптастырып үлгірдік. Мұндай жағдайда адамдықтың, естіліктің үлгісі болатын дін масһабымызда, дін істері агенттігімізде, философ, психолог ғалымдарымыздың да денсаулықтары жетімсіз, 70топты жындылықтардың бір тобының мүшесі немесе оның жеті сипаттағы жоғарғы қара жындар қауымына, басқарушыларына айналып алған. Дін ісінің басқару қызметінде шашын жайған қатынның жүруі мен жоғарғы лауазымды қызметтерде шалбар киіп шайтаннан болған қауіпті жынға қатындардың жүруінен-ақ, қазақ елінің ел билеу, дінді меңгеру саясатының ар-ұятсыз жындылыққа негізделіп алғанына ашық дәлел болады.
«Жетесізге жеті айтсаңда, санасызға сан айтсаңда түсінбес» деген қазақтың нақылы, аталы сөзді түсінбейтін, шариғатты, дәстүр-салтын ескертіп, сөзбен ұялту мүмкін емес, білімді жынды қауым өкілдеріне арналғаны да сөзсіз. Егер жан ғылымы тұрғысында қарастырсақ, жанында үміті-шырағы яғни иман қуаты бар пенденің алдымен төрт ақылы түгел болып, бір еске бағынып жетелі аталуы да сөзсіз. Ал жетелі жанда қызылдық аруақтық қуаты басым болып, қара бет болудан, ұятын жоғалтудан сақтана да біледі. Абай атамыздың ескерткеніндей ұяла да біледі. Еркек болса, әйел затының шалбар киіп жүргені түгіл, оның жаулықсыз жүргенінен де ұялып, жиіркеніп, қалайда оны түзеуге амал, әрекет жасайды. Ал әйел заты еркектің балтырын, кеудесін жалаңаштап жүргенін былай тұрсын, қолы, басын ашық ұстауының өзін ұяты, иманы қаламайды, жиіркеніп тұрады. Мұндайларда жанның жарығынан, иманынан хабар болып және сөз түсіну қабілеті де жоғары болады. Олай болса, жетесіздік, жындылықты қолдау біздің ел билеу саясатымыздан бастап, барлық қоғамның саласын түгел қамтитыны да, әлемдік «Армагеддондық» тажалдықтың қолдаушысы, жынды ел болғанымызға да ашық дәлел болады.
Қазіргі таңда қазақ еліне құдайдың патшалығынан үкім түсіп, көркем сөзден аруақтардан бата беріліп, яғни өлілердің рұқы жаппай тіріліп, бастары көтеріліп, аманаттарын ұрпақтарына ескертіп жатқаны да хақ. Бірақ мұндай хабарды жеткізушілердің өзі құс тілімен жалғанған жынын тазартып, жетеден де жоғары саналықты меңгерген, бір қуатын алған аруағы қорғап тұрған адам баласына ғана лайық болуы керек еді. Ата жолының да үлгісін қалыптастыра алмай, енді мұндай пенделердің шайтаннан болған жындарға айналып алғандықтан, жынсыз хабар келтіретін, дені сау аққу, сұңқар дегенді табудың өзі қиынның қиыны болғаны да хақ. Ал енді мұның басты себебі мен кінәлі пенделерін талқылап, жындылық туралы тергеп көрейік… (жалғасы бар. Қазан айы 2015 жыл).
Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/