XIII-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 44

(жалғасы, басы 1-12 тарауларда)

   Әр ұлттың ғылымқалды кітабы дін насихатының, сөз өнерінің, философиялық ойшылдықтың ұлттық үлгісі және жаратушымен арадағы ғылымхалына жалғайтын көпір, жоғарғы ақылдың дәрежелерін меңгеруге нұрландырушы кітабы болуы шарт. Мұндай кітаптың қоры, сөз байлығы қазақ халқында ғана өз дәрежесінде ғана тазалығын сақтай алған десек жалған емес. Бұл пәтуамызға дәлел болып; сандық тұрғыдағы әлемнің барлық ғылым дерегінен хабар беретін Ясауи бабамыздың сәни-ақыл дәптері негізінде қалыптасқан Абай-Шәкәрім, Жүсіп Баласұғұн, Мәшһүр Жүсіп сияқты даналарды, әулие-әмилер, би, абыздармен ақын-жыраулардың еңбектерін құран білімімен, пайғамбар сүнеттерімен ғана өлшемей, және інжіл, тәурат, пайғамбарлар жазбаларымен әлемдегі барлық ұлттардың философиялық құндылықтарыменде салыстыра отыра көз жеткізуге болады.

Бірақ, қазақ шығармашылығы мен азаматтық ғылым мектебінің өз мақсатын орындай алмауына да, жеткіліксіз өркендей алмауына да, қазақ тілінің қадірін ел билеуші мен білімді қауым өкілдерінің өзі жеткілікті меңгере алмауынан; ұлт руханиятының әлемнің барлық салттарымен байланған түрлі жындылық топтардың білімдерімен негізделіп қалғаны да хақ. Сонымен, мейлі қандай білім өркениеті болсын, адамзаттың жанын көбейтуге, қуаттандыруға, рұқын тазартып әлемдік қуатқа таза қуат қосуға, әлемдік қуаттарды адамның ақылымен, білімімен басқаруға, ешқандай бөлшектеніп бүліксіз, өзара араздықсыз, және құдайдың қаһарына түсіп азапты жағдайларды бастан өткізбей мамыражай тіршілікті, қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын алтын ғасырда өмір сүрумен ғана өз мақсатын, нәтижесін бермек.

Әрине, мұндай жағдайда білімді қауымға ертегі болып көрінгенмен, ілім болып аталатын ғылымның ата-бабаларымыздың тарихымен, меңгерген дәстүрімен және заманға қарай құдайдан түсіп оқылып тұратын ғылымнан құпия жан білімі, иманның қуатын меңгеруде дін ұстанымдарының маңызы зор екені де хақ. Сондықтан мұндай ілімге жол ашатын шариғат-бекіген дін істерінің білімі, масһабтық мектептің бағыт бағдары керек екені сөзсіз. Бірақ, бұл білімді үнемі тазартып тұруға, заманға қарай іліммен ашылатын жаңа қуаттық сапаларды меңгеруге, мұндай білімге пайда болатын қарсылықтарды да ақылмен пайымдап тазарта білуге, үнемі толықтырылып жетілдіріліп отырылуға тиісті ұлттық дәстүрге негізделген ғылымқал кітабын ойшылдық тұрғысында көркем сөз өркениеті негіздерінсіз жындылыққа, ібілістің жолына ғана қызмет қылуға мәжбүр боламыз.

Сонымен қазақ ұлтының ғылымқал кітабы тектілікті сақтаудың қағидасы, азаматтық ғылым мектебіміздің оқулығы болып, имандық қуатымыздың қазынасының кілті деп түсінген жөн. Бірақ, қазақ халқының сенімі меңгерген білімімізбен және сол білімді алған елдердің тілімен байланып қалғандықтан, біздердің сеніміміз орыс және арап жұртымен жындық тұрғыда байланып қалғаны да сөзсіз. Олай болса жындылықтың да екі белгісі болып, бірі білім тұрғысында европалық салтпен жындылықтарын, шайтандық арсыздықтарын әдеп деп қабылдауға да мәжбүрлендік. Ал ілім тұрғысында арап жұртының, қызылбастық елдердің көзсіз (аян, уахисыз), соқыр тек қана тәпсірге сеніп, әрекет қылатын шайтаннан болған жындылықтарын ілім негізіне, салтымызға да тез сіңіртуге арпалысып жатқан ел билеуші білімді қауымның өздеріне ұқсас жындылардың санын көбейтуге ғана тырысып жатқаны да жалған емес.

Мұндай жағдайда қазақ даналығының бабаларымыздың меңгерген жынды тазартумен, міндеттелген жүктерді меңгерумен байланысты жанды тазартып, өсіріп, көбейтуге бағытталған емшілік, ақталу, қанмен тазару және аруақтық кітабын көбейтіп меңгеруді терістеу үшінде ұлттық сөз байлығын меңгеруге, ақылды өсіруге кедергі болатын жындылық топтарды көбейтумен көрінісін береді. Әрбір жаратылыстың нәрселерін, атау сөз ұғымдарын да жұп, парымен жаратқаны да хақ. Мысалы иман сөзін арап тіліне байлап қойып, оның жұбы басқа ұғымы бар деп ойламаймыз да, басқа елдердің тілдеріне аударылмайды деп түсініп, сонымен иманды сенім, орысша «вера» деп орысша ойланып түсінуіміз шартты жағдай. Ал ілімде арапша ойлануға негізделумен  діншілердің ақылды шектеп негіздеуге, және жанды рұқ деп, пайғамбарлықпен елшілікті бір қасиет қылып, жынды адамзаттың өмірінен өзге қуат деп, т.б. Алланың «өзі»  сипаттарын да Адамдықтан, адам жанынан басқа дегендей, жалған ұғымдарды ақылға қақпан ретінде ең басты құрал ретінде пайдаланып жүргенін білеміз бе?

Енді бір ғана мысал; Иман дегеніміздің ұлттық балама ұғымы «Үміт» деп аталып, үмітсіз болып, яғни имансыз адам баласы тумайды. Орыстарда «надежда умираетпоследней» деген. Қазақтың үмітін, иманын кесу, өлтіру үшін де «гендерлік саясатпен» ар-ұяттан айырып, ана тілінің құндылығын меңгертпеуге, Абай-Шәкәрімдей даналарының қалдырған ғылымқал өсиеттерін халықтың түсініп оқуына жолын жапса болды; «Алтауы араз», «Төртеуі түгелденбейтін» жынды елге айналдыруға бүгін ел басшымыздың өзі неге мүдделі болып жүр? «Иманның жартысы әйелден» деген пайғамбарымыз. Сонымен ұлттың үміті, аналарымыздың ақ сүтін жоғалтуға жанын салып, әлемдік төрткүл дүниені бақылаушы; «Армагеддон» жындылық қара қуаттың басқаруына байлап беріп жүргендердің қандай топтарға жататынына деректер беріп көрейік. Ата жолының алғашқы Ақ ұлдың жүрек құлағындағы жер ана рұқымен жалғанушы, мөрді ашу мұғжизасын меңгерумен, тылсымнан әулиелер аруағы арқылы хабар келтірумен байланысты болып, бірақ бұл хақиқаттың ашылуының сырын зерттеп, ғылымқалдық білімін жазатын зиялы қауыммен дін ғалымдарының өресі жетпей, өздері де ібілістің жолына түсіп керісінше қудалаумен айналысқаны да хақ. Оған негізгі себеп ұлттық даналығымыз, адамзаттың рухани құпия білімін, жаратылыс сырларын жоғалтудан, аманат мирастарымызды, дәстүрімізді сақтап меңгере алмаудан пайда болды да.

Алғашқы кезде мұндай үміттің шырағының жануына әйел халқының қанындағы жоғала қоймаған діл қуаты, аналарымыздың ақ сүтінен, сөз байлығымызда себеп болғаны сөзсіз. Жалпы адам баласы туылғаннан жын мен шайтанды яғни еркектік, әйелдік гармондарын көбейтіп жетілдіруге және періштелік ақылдың қуатын меңгеру арқылы ғана жындылығы мен шайтандық қылықтарын тазартып меңгере алатыны Адам деген ұлы періштелік есімге лайық болатыны да хақ. Адам- жан мен тән деген Абай атамыз. Негізінде Адам жан және оның қабы дене жарығы, «кебенегі» болуы керек. Ал жын тән-малмен байланысты көбейіп өсетін рұқтық қуаты, қайраты болмақ.

Жанның ақылмен, иман-үмітімен, ниетімен байланысты жүректе ақылмен қосылатын негізгі сарайы болып қанның өрісінен кебенек киімі, аурасы, бой жарығы денесі қалыптасады. Жарық отпен байланысты болса, онда мұндай оттың жарық жалыны иіс тұрғысында бөлініп тұратын өрісіміз де жын қуатынсыз бола ма? Жын дегеніміз; анықтау, алу яғни таза нәпсімен байланысты қуат болып, Адам атамызды баста жаратқанда мұндай жын қуаты иман жарығының осындай екі сапасы түрінде болғаны да, жарықтық денесін қалыптастырғаны да хақ. Ібілісті оттың жалыны жыннан жаратқанда, мұндай екі қасиетпен бірге жаратуға деген құштарлық нәпсілік қабілет бар еді. Бұл ішкі тегіміз, ағашымызды біздер Адам атамыз бен Хау анымыздың жаннаттан алған қарағай тектес шырша ағашының жемісін (қара шайырын) жеумен байланысты қара қуаттың біздің тәндік негізімізді жынымызды жаратуға құштарлық жынысымызды бейнелейтінін де естен шығармаңыз. Сондықтан жынның үш түрлі нәпсілік тұрғыда белгісі болып; анықтау, алу,  жаратуболып, мұның тұтастығын қайрат, талап, ерік деп атаймыз.

Сонымен біздер кеңес заманынан енші алып, егемен ел болған кезде жындылығымыз, яғни қайрат, талап, еркіміз тек қана дүниемен, қалайда жақсы тұрмыс құрумен ғана ақылымыз негізделіп байланған қара жынды халық болдық. Мұндай жағдайда ақтың әрекетін, яғни діл біліміміздің аналарымыздан алған ақ сүтінің қуатын арттыруға, жер көк емшегін емуге құдайдан нұр түсіп, рухани өлімнен өтіп оянуға Ақ ұлдың бастаған ісі мен дін тұрғысындағы шариғаттыңда халыққа насихатталуына жол ашылғаны хақ. Және бұл арада қарама-қайшылықтың да пайда болуына, біздірдің әр түрлі аңдық, жындылық топтарда болуымызда себеп болып, сонымен бірге  білімді қауым өкілдері әрқайсысы белгілі бір білімнің бағытын ұстанып, өз топтарын көбейтумен қым-қуыт бәсекелестің пайда болуымен, кейде өзара жындылық топтардың мүддесі ұқсас болып, өзара білімде бірігіп, нәтижесінде адамдыққа жол ашатын, елдің үмітін, шырағын жағатын ата жолы дәстүрін жабылып қудалап, жоғалуға дейін апарып тынғаны да сөзсіз.

Әрине білім деген орасан зор қара қуатпен байланысты болып, ал білімді ілімсіз, ғылымсыз еркін меңгеріп, өз қажетіне нәпсінің қалуына жұмсауға байланысты мұны өркениеттілік атап, қазір әлем халқы өздерін жер тәңірісіндей сезініп кеткені де хақ. Олай болса, әлемнен бар үлгісін алған біздің елдің тұрғындарынан әлемнің барлық жындылық топтарының да үлгісі қалыптасып болғаны да хақ. Жанның әр адам баласында жеті сапасы болып, ал жанның қуаттылығы, өсіп-өнуі шайтандық қуттарды, сезімді жүктеп алып тазартып, пайдаға асырумен тікелей байланысты. Мұнсыз қанға қуат енбейді де. Ал шайтанды пайдалы таза қуатқа айналдырыру үшін ұят деген қызыл қуатты меңгеру шарт.  Иман жүзді, қызыл шырай,ұяттылығымыз ардың ірге тасы болып, біздің әуреттік жерлеріміз бен терімізді қалай сыртқы әсерден қорғап, тәндік иісімізді өзіміз қайта өңдей білумен теріміздің сапасын арттырып, жұмсақ иілгіштігін қалыптастырумен тікелей байланысты. Сонымен біздің адамдық періштелігіміз теріміздің жеті қабатын қалыптастырып, сыртқы жеті өрісті бой жарығын қалыңдатып өсірумен нәтижеленеді де, оның ақ сауытын Алла тағаладан алған жарық сый рахметі деп; «Сендерге сегіз түр жараттым» деген Раббымыз.

Олай болса, Ар сауытын алумен ғана кісілік, тұлғалық, бір естілікпен құдайдың сүйікті құлы және екі арадағы хабаршысы міндетін де атқара аламыз. Мұндай адам баласында бір қуаты –қызыл түсті шындығы, яғни аруағы-ғұмыр кітабы  да жетілген болып, би, абыз, ел билеуші хакім, патша болуға да лайық болмақ. Ал қазіргі таңдағы қыз, қатындардың ақ жаулық, етек-жеңді мүлде аяқ асты қылғандарын былай қойғанда, көргенді, текті аналарымыздың ақ сүтін еміп өскен жоғарғы дәрежелі ел билеуші, зиялы қауым өкілдерінің бас киімі дуылғасы жетілмегендіктен; жындылықтан, ақылдың негізделуінен аман болады дегеннің өзі құдайға ашық жала деп түсініңіз. Метафизикалық тұрғыда да бұл мүмкін де емес. Сондықтан үміттері жалғандықтың, дүние байлықты меңгерудің ғана ықпалында болып, түрлі адамдыққа, иманға қарсы заңдар мен ел билеу тәсілдерінің біліммен негізделген әлемнің жындылығы қазақ елінде еркін ықпалын жүргізіп жатқандары да хақ.

Болашақ ұрпақтарымызға да біздерден сабақ болып, қателеспеулеріне де ғылымқал білімі болып қалансын деген мақсатпен ата жолының жазбаларында аруақтардың хабарымен, аян, уахимен, батамен ескертумен және Раббымыздан құран, намаз арқылы сұраумен бабаларымыз құпиялап кеткен білімді ашық түрде баяндап жатқанымыз да хақ. Адамзаттың үш түрлі ақпараттық жиілігінде өмір сүруге жаратылғанын; «Сүлейменге аңдардан, құстардан, адамдардың әскерінен бағындырдық..» деген құранның аяты растап тұрғаны да хақ. Олай болса адамзатың үш түрлі мінездік, қылықтық әрекеті болып; Жындылық аңдармен, жанымыз аруақпен яғни құстармен, кісілік, періштелік денеміз адамдық қуаттармен жүрекпен байланысты болмақ. Ал бұл қуаттардың тылсымдық екі аралық тұрғыдағы бейнелерін; әскерлер-борыш, үміт артушы майда топтардың бірлігінен тұрады деп түсіну керек.

Сүлейменге даналықпен ғылым беріліп, әлемдік тұрғыда ел билеуші жер бетінің патшалығын меңгеруші үлгісін белгілегенінде естен шығармаңыз. Ел басқарушы, тұлға, төрелік, хакімдік қасиеттіліктер осындай үш түрлі ақпараттық жиілікті меңгеріп, және хабар алушы ғылымды толық меңгеруші болып қалыптасуы да керек. Бірақ жындық қуатын тазартумен құс тілін меңгеріп аянға жалғану және адамдар тобымен аруақтармен байланыста тұрудың білімін масһабтық діншілердің терістеп кедергі қоюымен, ата жолы болып басталған мұндай жолға түскендердің әрекеттерін зерттеп, дұрыс бағыт беріп тәрбиелеудің орнына, керісінше соттап, қудалануына да мұндай ел билеушілердің жануарлық жиіліктен, жындылықтан аса алмағанынан, үш түрлі жиілікті бірлеуді, яғни қайрат, ақыл, жүректі ғылыммен басқара білмегендіктен пайда болды да.

Сонымен ата жолының екінші кітабында ел биліктің Абай атамыз насихаттаған «Ала қойлар» деген өлеңіндегі аңдардың патшасы болған арыстанның түлкінің айтқанымен қасқырға ақ емес, не қара емес, ерекше қойларды баққызып, ақырында қорықаннан жайыла да алмай қырылуға ұшыратқаны; « …«Құп» деді, оны арыстан қабыл көрді, Қасқырға «жақсы бақ» деп жарлық берді. Ала түгіл ағынан тыныш бопты, Түлкінің айтқанындай қылып еді. Түлкінің айтқаны рас, жұрт-ақылсыз, Көре салды қасқырдан баяғы арсыз. Антұрғандық түлкі мен арыстанда, Ол болмаса, не қылмақ қасқыр жалғыз?» Енді, Крыловтың хайуанаттар өмірін суреттегенін қазақ даналары шығармаларында неге насихатын арқау қылып және адамзат мінезінің қылықтарын ұқсатуға тырысты деп сұраңыз.

Ата жол жазбаларында Раббымыздан жарлық келіп, 170-сұраққа жауап берілетінін де хабардар етіп және қазаргі таңдағы негізгі індет аурулардың себебі мен онан айығудың жолдарын да жазғаныммен, мұны ел билеушілер тарапынан қудаланып таратқандарды соттап, айыппұл салып, білімді қауым әлі кезге дейін мойындауға неге қарсы болып жатыр деген сауалдарға жауапты, Раббымыздан себебін сұрап жариялап көрейік. Шектелген жындардың тобы негізінде 70 түрден тұратынын естен шығармаңыз. Ал екі тобы имандылықпен, кісілікпен, таза жын қуатымен байланысты болмақ. Бұл 70 топтың 7тобы жоғарғы дәрежелі жындар тобына жатады да, 63 санды тобын түгел жалғанып, тазартып меңгерумен ғана толық мұсылман болып екі жүзділіктен, шайтандық қылықтардан арыла аламыз.

Жоғарғы топқа жататын барлық жындардың басшысы болып, қуаттылық жиілігі аң патшасы арыстанмен байланысты болған топқа, біздің жоғарғы ел басшымыз Нұрсұлтан мырзаны және оған ерген басшыларды да жатқызу керек. Бірақ бұл қуатты меңгеруде ата дәстүрді толық меңгере алмағандықтан, қарағай басына шыға алмайтын жындардың ықпалына түсіп, төрткүл дүниеге түрткі салатын жындардың кедергісіне ұшырағаны да хақ. Сонымен ел басшымыздың жындық белгісі аузы қан Арыстан мен белгісі жебе болады. Мұндай жағдайда еліміздің руханият саласында құс білімімен, құстардың тобымен байланыста тұратын шығармашылық өкілдері, іс басындағы зиялы білімді қауымның 16 санды нахыл сүресінің үкімін терістеп, жалғана алмай, және 32-санды сәжде қуатын жетілдіре алмағандықтан; аңдық тұрғыда қоянмен, құстық тұрғыда қарғамен байланысты болмақ. Мұндай несібе алушы қарғаларды түлкінің оп-оңай алдайтыны туралы да Абай атамыздың насихатында берілгенін қазақ білімді қауымына таңсық емес. Ал енді аруақтық білімді терістеп, тек қана Ханафи масһабын немесе өзгелей масһаб топтары мен дін топтарын ұстанушылар негізінде 73 сандық белгідегі жындық топпен және 29 сандық белгі мысықпен, иттермен байланысты болады…(жалғасы бар. Қазан айы  2015 жыл)

 

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *