Қазіргі таңда қазақ елінің сырттан қарағанда мемлекет заңына бағынған, көп ұлттардың басын біріктіріп ұстап отырған, әлемге татулықтық, бірліктің үлгісін көрсетіп отырған ел болып саналамыз. Сондықтанда шаруашылғы, өндірсі дамып жетілген елдердің өзі қазақ мемлекетінен үлгі алуға достық қатынаста болуға құштарлық тантуларында да осындай адамдық тартылыс заңдылығы бар. Бірақ өзімізге әлем жұртының емес ата –баларымыздың ақыл-ойлық дәрежесімен қарап, сынайтын болсақ; яғни рухани жағдайымызды іштен, төменен қарап бақылағанда,іштей іріп, заңмен бекітілген шегелердің шіріп, ашық теңізде ескексіз, желкенсіз басқарусыз келе жатқан, түбінде желдің айдауымен бір тасқа соғылып быт-шыт болып қирайтын кеме сияқтымыз. Себебі бір тілді қазақ ұлтының өзі бірін-бірі ұғынудан қалған, жақсылық, бақытылық адам болу дегенді дүние байлықпен бағалайтын, өз-ара ағайындық татулығымызда мал, дүниемен байланған, атақ дәреже, халыққа ақыл айтушы дана болуды да ақшамен сатып алатын елге айналып алдық. Ал болашақтың қамы, бақытты елді қалыптастыруға деген көз қарастарымыз, ата-бабаларымыздың көрсетіп кеткен өткен жолынан, тарихи шежіремізден мүлде алшақ болып, ал ата-жолы деген ұғымды матаериалдық тұрғыда дүниемен бағаланып кетіп, сондықтан халықтың садақасымен күн көруге, байуға арналаған «секта» аталып, ал ата жолының бқағида шартарын діннен бөлек, аз ғана топтың қиялынан, жындылық әрекеттерінен туған деген пікір халықтың жадына әбден сіңіп алған.
Мұндай жағдайда; Ата жолы-адамдықтың, әлеммен тұтастықтың жолы, деп түсіндіріледі десек, оған білімін оқып сеніп, ішкі сырына үңіліп, зертеуге тырысқан нанушы білімді қауым жоқ десек болады. Адам- алғашқы адамзаттың атасы болып, ата ұғымы, сол заманнан бері келе жатқан, қазақ ұлтының сөздік қорында ғана өз дәрежесін сақтаған ұғым болып; АТА- ақсақал, қария, кемел жетілген, көш бастаушы, арлы саналы адам болып; жалпы Адам атамыздан бері, үлкендік, даналық, аталықты меңгергендердің қалдырған аманаттар үлгісі; «Адам ата жолы» болып аталуы да заңдылық. Ата-киелі ұғым, жол құдайлық ұғым, шындық ғылымы, және Алла тағаланың өзі болып саналады. Ата ұғымына жол ұғымын қосқанда; аталық тектіліктердің, бірліктердің, адамдықтың жүйесі болып шығады. Сондықтан Адам болу мен ата жолында болу жұптық ұғым болып шығады. Олай болса, сөздің тұғырын атау (ата-ау) сөздер, деп атамен байланысты атайтынымыз да байланыс бар.
Пайғамбарымыз атау сөздердің әрбір жүз жыл сайын мағынасы өзгеретінінде ескертіп кеткен екен. Олай болса, сөзде тірі организм сияқты, туылу, даму, жетілу, өзгеру, жойылу сатыларынан өтіп отырады. Сөздердің бірлік жүйесінің, ұғмының бұзылуымен, ібілістің салған теріс ойдың әрекетімен, тіл білімінің де имандылық сапасы, айнасы жойылып, өзгеріске түсіп, адамзаттың бірін-бірі түсіну қабілеті бұзылып, өзара жанжал, соғыстарға, бүліктерге ұшырап, қияметік өмірге апарып соқтырады. Қияметтік мезгілде, құдайдың хақиқатымен, шындықтың түсуімен, рухани өлімнен халықты оятумен, қайта жаңғырып, дарындылар яғни құдай патшалығына еніп, Алла тағала ғылымына жалғанған адамдар шығып, өркениеттің жаңадан бір кезеңдері басталып, ақпаратық «эволюциямен», адамзат тегінің, нәсілдерінің қайта қалыптасуы, жетілуі болып отыратыны тарихта мәлім.
Осындай талай кезеңдерден өткен қазақ халқы, көптеген таңбаларды ауыстырумен де, рухани бодандықта болып, өзге ұлттардан сөз ұғымдарын алумен де, наным сенімі әлсіреп, енді егемендік еркіндік алып, әлемдегі адамдықтың, әулиелік тазалықтың ең жоғарғы үлгісін қайта қалыптастыратын елге айналу жолына түсумізге құдайдан үкім, шапағат келіп, бірақ керісінше бақты бастан теуіп, ойлау қабілетіне мүлде тиым салған, тек қана ішіп-жем, дүние қызығын, тұрмыстың жеңілдігін ғана іздген білге негізделген қуатын жоғалтқан ақылмен қабылдайтын әлемдегі мәңгүт жынды, ар-ұятсыз, ойсыз есерсоқтар елдерінің қатарын көбейтуге жанталасып жатқанымызда хақ.
Енді бұл пәтуамыздың растығына көз жеткіңіз келсе; ата жолы жазбаларында ата баба қалдырған мирас аманатарын бүгінгі білімен, сөз ұғымдарымен аруақтар батасымен жүйелеп, түсіндірліп, баяндалып жатқан, қазақ дәстүрінің адам баласы өзін тану арқылы ғана, әлемдік жаратылыстың сырын ұғынуға, аян, уахи кітаптарына жол ашатын және әрбір пенде өз жүрегіндегі, рұхындағы кітаптарын ашып салыстыры оқуға иманға жалғануға мүмкіндік алар еді. Осындай жағдайда ғана әлемнің бір тұтас жүйе тағдырлық сипатында түсініп, өзінің барлық ұлттарға, әлемдік қоғамға қатынасын сезініп, ағайынға, өз ұлтына және адамзаттқа деген махаббаты да қалыптасып құдайдың хақтығына иман арқылы сенетін, діни нанымдық білімін жетілдіру жолына түсер еді. Әрбір ұлттың мұндай жағдайда жанның қалауына сәйкес, және тектілік ұқсатықтыққа қарай тартылу күші қалыптасып, әуелі өз тегінің рухани құндылықтарын меңгеуге деген махаббатты ояну шартты жағдай.
Бірақ түркілік текке ортақ негізінде қазақ ұлтының мирасы болған; адамдықтың өркениет даму жолын, біздерге қолмен қойғандай баяндап берген; Ясауи бабамыздың еңбегін сандық білімен, ойшылдық ғылымен түсінетін бірде бір ғалым, ел билеуші, теолог, психологтың ұлтымыздан шықпағанын былай қойғанда; Абай-Шәкәрім, Жүсіп Баласұғын, Мәшһр Жүсіп т,б ғұлама әулиердің еңбегін зерттеп, білімділік тұрғысында том-том кітап жазылғанмен; ал ілім және білімнің ортасынан пайда болған аталар жолының, дін дәстүрінің ар білімін, құлшылықта бірлік жүйесін құранмен, киелі кітаптармен бірлеп, түсіндіре алған ғылымды пенделер де жоқ десек жалған емес.
Ал енді мұндай аманаттарды былай қойғанда, құранның жеті үні, ғылымының сыры біздің жырауларымыздың өлеңдерінде, өсиеттерінде қамтылып, бұрынғы қазақтың дәстүрлі шығармашылығы да ата жолын құдайдың тура жолынан толық хабар беретінін де білген жөн. Құраның жеті үні болып; 1. Өлшеусіз кеңістіктің үні; 2. Рұхтың үні: 3. Судың үні; 4. Саяздықтың үні; 5. Тереңдік, тұңғиық үні; 6. Ғылымымен, Аруақ арқылы бейнеленетін Алланың тілсіз үні. 7. Жарықтың үні болып жыраулапрдың сөзімен насихат болып ақылға айналса, күйшілердің еңбегімен жаратылыстың үні болып, құраннан сыр шертеді. Және бұл үн қуаттарының теріс қарсылық көмес жақтары да болады. Мұны қазіргі таңдағы сезімдік ақылға негізделген ақындар өлеңінен, даңғаза музыкалық шығармалардан, арсыздықты дәріптейтін кинолардан, «жұлдыз» аталған өнерлі қауымнан анық байқауға болады.
Ал жаратылыстың ішінде жасырылған құранның таза үндерін қазақтың сөз ғылымынан, бабаларымыздың шығарамашылығынан, рухани өлімнен өтіп, ақталып, тазарған жүрекпен тыңдап ұғынған жағдайда ғана, қуаттық тұғыда құран кітаптарына тікелей жалғануға, жанмен аяндар көру қасиетіне еге болуға болады. Бірақ мұндай тіл, діл байлығымызды неге білімді, зиялы қауымның өзі түсінуге шарасыздық көрсетіп, ойсыз, ғылымсыз үлкен түгіл, ақылы толмаған, жетесі ұждандылығы билоогиялық, физикалық тұрғыда да қалыптасуы мүмкін емес, (уахи, аян кітаптарға жалғанулары) жатанды білімді меңгеріп алған, төртеуі түгелденіп, алты аузы қалыптаспаған жастарды халыққа ақыл айтқызып, темір тордағы бұлбұлша сайратып қойдық? Әрине мұның бәрі адам баласының өзінің ішкі –сыртқы құпия рухани, жандық, малдық, жындық қуаттарының құпия сырларын, «психологиясын», жан тану білімін және оларды меңгерудегі ата-бабалармыздың қалдырған үлгілерін, ғибраттарын намаздық, құлшылықтық тәсілдерінен бас тартудан пайда болғаны да хақ.
Және ел билеушілеріміздің бұл замандағы халқымыздың дүниелік, өндірістік, шаруашылық дамудың маңыздылығының бірінші орынға қойып, бірақ жаратылыстың бұлжымас заңдылығын, жұп-парлық даму өркенмиетін қалыптаситырыу үшін; қарсылық күштерді меңгерумен ортасын тауып таразының басын тең ұстаумен, адамзаттың ойлау қабілетін сақтап, жетілдіріп отыратын рухани өркениеттілікті бірге алып жүрумен ғана бақыттылыққа жете алатынымызды мүлде түсінуден қалдық. Сондықтан тек қана ақыл мен білімнің араласумен шектелген логикалық пайымдауға негізделіп, дүние байлыққа, қызық көрумен, ішіп-жемге бейімделген бұндай еңбектің, өмірдің жемісі де ащы болып, арты қайғы-қасіретке ұшырауын болжай алмай, осы кезеге дейін тек қана ақылмен, білімнің маңызы; ойшылдық адамдықтан, ұят, ұждан, арлықтан маңызды болып тұрғаны да сөзсіз. Сондықтан халқымыздың басым көпшілігі ел билеушілерге, ақпараттық іс басындағылардың пәтуаларына артына, тарих шежіре дін дәстүріне қарап ойланбастан құдайдан артық сенеді, әділетті заңдарды шығару арқылы бақытты елге айналамыз, деген нанымның әбден жадымызға сіңіп алғаны соншалық, ой-таза ақыл деген құдіреті қуаттың барын ал, ойлау қабілеті жоғалған адамзат түбінде хайуанданып, азып, тозып жоғалады дегенді түсініп жүрекпен қабылдай алмайды да.
Мұндай жағдайда сенетін масһабтық діншілерміз, имамдарымыз, дін ғалымдары да осыдан мыңдаған жыл айтылған ақылға, білімге белгілі логикалық тұжырымдарға айналған тәпсірлерге ғана сенім келтіріп, ал оның ескіргенін жаңалап ғылымнан ой қуатын қосатын аяттарын яғни құдайдан заман ағымына қарай; жанға жоба алып, ерікті ойлау дегенге мүлде тиым салады. Яғни жанның, рұхтың өркениетін меңгеру құлшылығын ұмытып, тек қана сыртқы рухани тазалықты сақтасаң болды; масһабтық ұстаныммен ескі замандық көзқарасқа негізделген логикалық ақыл бар, бірақ ойлам жоқ, үйреткенді ғана сөз қылатын көңіліңізді (алдыңғы періштелік) бұлбұл құсқа, ал еріктілік, жігеріңізді (артағы ерген періште күзетшіні) тазартып дұрыс меңгере алмағанда, кітап арқалған есекке ғана айналуға болады.
Ал, енді тағдырлық жоба кітабыңыз; екі қол аруақты меңгеру туралы әңгіме қозғауда керегі жоқ. Себебі олар, өз аруағын, Алланың ғылымын, шындығының бейнесін мазақтауға елдің ақылын қазыққа байлап, тажалдық біліммен уланған қаныңызды тазартып ақталуға да, ел биліктен заңмен тиым салынған. Олай болса, дін басындағылар, өзге жұрттың жеп тастаған жемтіктерін жинап теріп, пайдаға алатын яғни өлексені аңдитын құзғындарға айналып алғандары да хақ. Бірақ. қазақтың дәстүрлі діннің негізі, секта деп аталған ата жолымыз, тура жолдың жемісін игерумен яғни үш байлықты меңгеруге арналып; Төртеу түгелдігі және алтаудың өз ара араз болмауына негізделген.
Олай болса, Бір Аллалық жаратылыс бастауының қуаттары төрт періштелік сипаттардың бірлігін, қанның тазалығын, төрт тектің және рухани төрт періштелік қуаттардың жүйесін меңгерумен, рұхымызды жетілдірумен байланысты болса, алтауымыз (рахмандық) жанымызды көбейтумен қуаттандырумен байланысты болады. Ерекке ойшылдықты яғни тіл білімін меңгеруге, қаракетік ақыл мен талабы тұрғысында (зеректік, зерделік) артық қылып жаратылса, ал әйел затының діл білімнің негізін меңгеруді, өзіндегі тектік ақпараттарды, сезімдік ақылдың аңғарымпаздығын (сананың ақ бастауы, ұждандылық), діл білімін меңгеруде артық қылып жаратқан. Саналықтың негізі ана сүтімен, және етектік аяқтың тазалығымен келген, бойдағы қасиетілікпен көкірек пен тілге байланысты қандағы қуат болып табылады.
«Қызы бардың ізі (аяғы, табаны, өрісі) бар, ұлы бардың өзі (мендігі,ойлау қасиеті- басы) бар» деген аталарымыз. Егер ұлттық дәстүрімізді сақтамай, ана тілін дұрыс меңгере алмай, ата дәстүрінен аманаттарынан алшақтағанда, төртеуміз түгелденбей, бір ақыл естілікке жалғана алмай, алтаудың өзге елдің метафизикалық –көмес жағдайындағы; нәсілдік, жындылық қуаттармен жүктеліп, араласып «Алтауы араз», яғни бүгінгі таңдағы әлемдегі және қазақ ұлтының негізгі сипаты пайда болады. Сондықтан барлық тәрбиенің де, тіршіліктің де жер ана рұқымен, өмір сүрген ортамен, жаратылыстағы барлық жанды –жансыз нәрселермен, ішкен жеген азығымыз, жұтқан ауамыздың да сапалығымен байланыста болумен; 12-санды қуаттық, уақыттық, ақпараттық жүйені меңгерудің де маңыздылығын дін арқылы түсінеміз. Алты ауыздың 12-ерні, «еріншектігі»- жаны болып, негізінде екі ерінің; екі сипатты жанның белгісі болып, бір тілмен қозғалуын, басқарылуымен немесе тілдің тазалығы да екі ерінге тәуелді болуын да аяттармен ескерткен.
«Ақыл алтыда ой жетіде» деген қазақ даналығында. Ақыл тәннің тазалығымен, рұқтық қуатарды меңгерумен қуатнатын болса оның 12-мүшелдік сипатпен жалғануын; 1. Жүректің екі тармағына тектілікпен; 2. Өңеш сыңарына –ілімділікпен; 3.Таңдайға, 7-тері қабатына-шенедікпен; 4. Азу тістерге-тазалықпен; 5. Езуге-даналықпен; 6. Ми қалыбына-ойшылдықпен; 7. Бауыр жасушасына-қан айналамы қуаты; 8. Оң жақ қанат аруағына-сананың ұшқырлығы; 9. Оң жақ бүйрекке-сезімталдықпен; 10. Оң жақ тобыққа-құштарлықпен; 11. Бес қабырғаға-сенімділікпен; 12. Білекке-ақылдың шешімділігі болып бейненеді. Сөз қуатының 8-сандық және 13-сандық белгілермен байланысты ақпараттық тұрғыда даналықты меңгеруді; «Қазақ көк тәңіріне табынған» деп, «Көк»-ғылымының негізі ақпараттық тұрғыда біліммен, ілімінің ортасы көк түсті қуаттардың жүйесін меңгерумен; ділдің негізі- әйелдік қуатпен, мойынмен, көк тамырлар тегімен, көк бауыр талақпен байланысты болып; бабаларымыз мойнына көк бұршақ салып, тәңірге жалбарынған; көк тонды, көк жағалы аталармыз; «Іліммен білім ортасын таппасаң бүлін» деген нақыл қалдырыпты.
Адам атамызды ақ топырақтан (ақ судан, будан-сан ғылымынан), жанның негізінен жаратып, періштелердің Алла тағалаға; «Жер бетіне қан төгетінді жаратасың ба?» деген сөздің астарында адамның ұрпақтарына шындықты меңгерумен, оның білім болып, қанға жазып алуымен, және сумен араласумен қан тегіміз қалыптасады. Ал қан тегіміздің де ерекшелігі діл білімі болып; ана тілінде көркем сөйлеумен меңгерген білімізді, ілімізді қандық 4-топқа түрлендірудің де сыры шығады. Бұрынғы замандарда қазақ тегінде 3-топтық қана қан тегі болған деген аруақтардан ақпарат бар. Олай болса қаны бұзық елдердің нәсілдермен арласу үшін талай өз ара соғыспен, қан алмасудың түрлі білімдерін меңгерумен, білімдерін, атау сөздерінде меншіктеп алуымыз құдайдан түскен заңдылық деп түсінген жөн.
Қанға меңгерген ақылға, білімге, даналыққа қарсылық тұрғыдағы шайтанның-сезімдік қуаттардың араласуымен ғана, біздердің тіршілігіміз, тірі болуымыз мүкін болғандықтан, ұлттық тегіміз; Адам атадан бері жалғасты келе жатқан, рұхты меңгеруге негізделген; тіл білімі шындықтың жалпы жаратушы ғылымын меңгеру ілімі болып табылады. Олай болса, жаратылыстың сырын меңгерумен байланысты, ана тілімен жандық тұрғыда судың негізінде бейнеленген, тектік белгіміз; діл білімі-даналық негізі болып, аналарымыздың, қыз, әйелдерміздің қанында 11-санды түйіршік, (5+6) қабырға болып сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруы шарт. Мұндай тектік қасиетілікті сақтап, жанын таза өсірудің, көбейтудің тәсілін меңгергендерді «қожалар» деп, ал әкелік рұқтық текті, тіл білімін жетілдіріп, өсіре білуді «төрелер» де ал екеуінің де ортақ қазынасы болғандарды текті, аталық деп атаған қазақ сөз ұғымында.
Қазақ дәстүрінде, рұқтың қуатын, тіл білімін (ақты, көкті) меңгеруді; мал бағу-шопандық деп ұлы жүзге, ал діл білімін сақтап (қызылды) меңгеруді; қожалықты, бақсылықты кіші жүзге, түпкі сырын Раббылық білім, ғылымын (сарыны) меңгеру; қалам-ағашын қалыптастыруды орта жүзге сөз жүзінде таңғанмен негізінде әр пендеде бұл үш жүздік белгінің бары да хақ. Дін тұғысында мұндай тектерді жетілдірудің ғылымы болып; Тәурат-төреліктің, Зәбур-қожалықтың, Інжіл аталықтың негізін қалыптастырғанмен, оның негізгі бірлігі, тұтастықты қалыптастыру ғылымы, құлшылығы құранмен исламмен жүйлену керек. Құран негізінде шариғат, масһаб білімі тұрғысында Тәуратты қайталап, адамзаттың білімділік, біліктілігін (тағдырға берілген төрт сөзді меңгеру) қалыптастырғанмен, түркілік тарихат, мағрипат жолдары арқылы қожалық, төрелік және кемелдікті яғни кемел адамды; әрі төре әрі қожа әрі сұлтан-тектілікті қалыптастыру керек.
Енді жоғарыдағы аяттың; «…Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар.» деген құпия сырының өзінде; адамзатпен жындар болып жаратылыстан алған барлық пайда, зиянды қуаттардың қол ісімен бірленіп, аруаққа айналып, жанмен және денесі болған- кісілікті көкке жеткізетін қанатқа, пыраққа айналатыны да хақ. Сондықтанда аруақтыңда 9-түрлі түр-түстермен араласумен ерекшелік сипаттары және қадір қасиеттік шамалары болады. Және де аруақтың бастапқы төрт періштелік (Жебірейіл, Микайл, Исрафил, Әзірейл) тәңірлік қуаттарды адамзаттың басқаруымен, халифалық бір қуатқа, шындыққа- аруаққа айналуымен де маңызды екені хақ. Олай болса, жер бетінің барлық тіршілігі, өмір, өлім арпалысының бәрі адамзаттың өз қолының әрекетімен, аруағымен атқарылып отыруында да, жаратушымыздың әділдігі, ғылымы, хикметі екені хақ. Адамзатқа; «Не ексеңдер соны орасыңдар» деген Інжілде. Сондықтан да Алланың барлық жаратылыс әлемін басқаруы Бір –жүйе арқылы атқарылып, адамзаттың өмірін бір қуатпен- аруақтары арқылы басқаратыны да хақ. Себебі аруақтың барлық түрленуінде де шындықтың, қанның қуатының белгісі міндетті түрде болатынын да естен шығармау керек. Сондықтан барлық жанды жаратылыс егерлерінен адамзатың көп жағдайда қуаттық, сезімдік, түйсіктік қасиет, қабілеті кем болғамен, қолмен әрекет ету құдіретілігінен пайда болған, аруақтық сипатымен ғана Алла тағалаға ұқсас болып табылады..(жалғасы бар. Желтоқсан 2015 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/