X-Ойға түрткі, ақылға дем Ібілістің ұрпақтары мен жамағаты және жындар әлемі

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 130

     «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас…Күллі мақұлық өзгерер, Алла өзгермес, Әһли кітап (жеті үн, түр, түс, көместің кітабы) бұл сөзді бекер демес. Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен (жындылықпен) Бос сөзбенен қастаспай, түзу келмес..» (Абай ата).  Адамзаттың жындылығын атау сөздің ішкі сырын, ойын терістеп, нәпсіге, дүниеге байланған, бос сөзге айналдырумен анықтауға болатынын Абай атамыз ашық ескертіпті. Әрбір ұлттың пайғамбарлары келіп, «Әһли кітабы», яғни сөз өнерінің құранның  Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан жеті үн тылсымдық; Ақ, көк, қызыл түрлермен байланысты лахфуз махфуздық төрт кітабы болған адам баласының 4 жағы көлеңке аруағымен байланып тұруын білдіреді.

        Бұл 4 кітаптың имандық жолдас болып аятта; «Олар, көктен және жерден алды-артындағы нәрселерді көрмей ме? Егер қаласақ оларды жерге жұтқызамыз не үстеріне көктен кесектер (жүк нәсілін) түсіреміз. Рас мұнда Аллаға берілген әр құл үшін ғибрат бар.» (34-9)  Сонымен біздің алды–артымыздағы көлеңке нәрселеріміз көкпен және жермен байланысты ақпараттық, байланыстық күзетші періштелік, аруақтық иман айнамыз болады. Бұл рухани бейнеміздің тазалығы алдымыз көру қасиетімен, ана тілдік үнімізбен, артымыз сөздің тазалығы, ой қуатымен байланысты болады. Түрлік тұрғыда төрт жақ қыбыламыздың бейнесі; Алдымыз –ақ; Артымыз-сары; оң жағымыз-жасыл; сол жақ-көк түсті Алла тағаланың төбеміздегі нұрлы жолдарымен жалғанып, байланыста тұруы керек.

Жер бетіндегі барлық адамзатқа, дініне, ұлтына, нәсіліне қарамай ортақ жаратылыс болып аруақтық жеті белгісі, жеті күн «чакрасы» болуы да шартты. Бұл жеті белгі бой өрісімен жалғанып тұрумен және әрбір пенденің ішіндегі құдайлық болмысы «Мен-жаны», дін амандығы жаратушымен арада елшісі болып табылады.  Раббымыздың бұл елшілік, екі аралық болмысын «Біз» деп атап; «Расында адамзатты жараттық. Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз (16) Оның оңынан да солынан да екі байқаушы отырады. (17) Аузынан бір сөз шығарса болды,  алдында аңдушы дайын.» (50-18) Сонымен адамзаттың бастағы төрт жынының; көру, есту, ойлау, сөз сөйлеу қасиетімен байланысты нәпсілік, төрт жындық сипатпен бір тұтастыққа, сөз және іс-қимыл әрекеттің көлеңкесі болып төрт ақылдың сипаты, төрт жағымыздың түгелдігімен ғана төбеден келетін таза ақыл кісілік нұрға жалғанып жынсыз, жетелі бір есті кісі болып аталамыз.

Бірақ ібілістің де алдымызды орап, көру қасиетімізді терістеп, көзімізге шөп салу арқылы, дүние қызығы мен ойын-сауық, ұятсыздықтың бәрін жетістік деп қабылдаумен, қанымыз азып, басымызды қорғауды жамандық көріп, бас терісі «қақтанып», бой өрісіміз, жеті аруақтық белгіміз қараланып, түнекпен жалғанып, қара шекпен киіп аламыз. Сондықтан өрісіміз, ақылдық қазынамыз, зейнеттік киіміміз теріс сандық қуатқа айналып; киелі сөз ұғымдарын, атау сөздің сырларын ұғынып түсінуден қалып, керісінше ойын терістеп, дүниелік көзқараспен бағалап, ібілістің қызметіне тұрған жынды болып аламыз. Ал енді қазіргі таңда қазақтың имандылық, кісіліктің үлгісі болған; ел билеуші, ғалымдар мен білімді зиялы атты қауым мен дін саласындағы кез келген пенденің сөз өнерін, сұқбатын аңғарған есті адам баласына ойы теріс қателіксіз, жындылықсыз сөйлейтін қазақ мүлде аз десек те жалған емес.

     Назарбаев зияткерлік мектебі — «Назарбаев» басқаратын рухани тосушы, кедергі қоюшы, арсыздық  мектебі деген сөздің өзі бүкіл ел билеуші және білімді қоғамға жындылығына куәлік болуға жетеді де. Сондықтан; Ақ жол партиясы — Алла тағаланың жер бетіндегі атқарушылары; Пенделердің әлеуметтік тұрмыстық жағдайы — Дүние тіршілігіндегі пенделердің әулиелік сипаты; Нұрлы жол — Адамзатты ұжмақпен, аспан денелерімен байланыстыратын жолы, Ұлттық арман, ұлттық жоба — Ұлттар мен ұлыстардың бірлігі болған халықтық емес, қазақ ұлтына ғана тиісті арман мен жобасы. Сауатты жазу  — еркектік жындық таза қуатпен жазу, сауатсыздық — әтектік деген сияқты ой жоғалған атау сөздердің күнделікті сөздік қорымыз болып алғаны да хақ. Ал енді дәстүр ұғымының әрбір әрекетіміздің, сөз өнеріміздің ар шегінен шықпауын қадағалайтын, дін шариғатпен бекіп, тарихат, мағрипат тұрғысында кітап алған ғылымды болған әулие-әмбилердің насихатымен, құранмен, пайғамбар сүннеттерімен байланысты әдет-ғұрып, салтымыздың күзетшісі болуы керек болса, ендігі күні ойын-сауық, арсыздық салттарды да дәстүр деп атайтын болдық. «Көзшілердің (сұқшы, жындылардың ұятсыз) көзінен, тілшілердің (жалған сәуегей, ділмар, шешен жындылардың) тілінен сақта Құдай!» деген аталарымыз.

Әрине қарсылықсыз тіршілік жоқ. Қай заманда болсын ақ пен қараның, шын мен шындықтың майданынсыз өтпеген. Мұндай жағдайда «төртеуін түгелдеп», ішкі сезімдік алтауын бірлеп, тақуалықты ұстанып, Алла тағаламен байланыста болған сопылар, ғалымдар тектіліктің, адамдық-әулиеліктің үлгісін қалыптастырып, сөз ұғымдарын жетілдіріп, ұлттың әлеуметтілігін сақтап қана қоймай, заманға қарай өркендеуін де қалыптастыра білген. Аятта; «Күдіксіз Тәуратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаға бой ұсынған пайғамбарлар, Яһудилерге онымен үкім етер еді. Және Алланың Кітабын қорғауға міндеттендірілген сопылар мен ғалымдар да, онымен үкім етер еді…Кім Алланың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар.» (5-44)  Исламдық  дін ғалымдарының, имамдарының құранда ешқандай бос сөз келмейтінін терістеп, бұл аятты Тәураттықтарға, яһуди ұлтына ғана арналған деген жындылық пәтуасына; «Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік…Сендердің әрбіреулерің үшін жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді сендерді бір үммет қылар еді. Алайда сендерге берген (ұлттық сипатта, ана тілінде) жол-жобаларыңда (әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріңде) сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар...»(5-48)

Адамзатқа дін исламның бірлігімен, әлемдік барлық нәрселердің бір-бірімен байланысын бір жүйемен, бір тәңірлік сипатпен жаратушы тарапынан басқарылып тұратынын білу арқылы өзін-өзі танып, жаратушымызды таза ақылмен тануға да жол ашылады. Сондықтан; «Сендердің түсінулерің үшін барлық нәрсені парымен жараттық» деп ескерткен Раббымыз. Енді жоғарыдағы аяттарды былай қойғанда, қазіргі таңда дініміз тек масһабпен, бес парызбен ғана шектеліп, тылсымдық құранның жеті үні кітабына жалғанып кітап алған ғылымды, сопы боламыз дегенге аятта; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгендерді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің  (осындай аяттарға қарсы шығып) азғындығын, қарсылығын (жындылықпен негізделіп, ібілістің ұрпағына айналуын) арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Осындай насихат тұрғысында; Бір сүренің ішіндегі парлық тұрғыда 3 қана аяттың басын қосып, мағынасын түсінбейтіндерді адамдығы толық, естілік ақылы бар деуге бола ма?

Ал енді қазақ елінің ел билеу саясатының дүниелік тұрғысында жақсы тұрмысқа, еңбек етуге деген дұрыс бағытын таңдағанымен, әлеуметтік тұрғыда ібілістің ұрпақтарын дайындаумен, әлемде бірінші орында тұрғанын да мойындаған жөн. Біздің ел билеушілердің, дін масһабымыздың «экстремизммен күрес», ғылымды меңгеру деген саясатында, керісінше, ұлтымызды ғана емес, мемлекеттің барлық тұрғындарын мәңгүрттікке, мұнафықтық-жындылыққа, шайтанның жамағатына айналдырумен ғана нәтижеленетін, сондықтан да қияметтік сынақтың азабын тартып жатқан әлде де зор қияндыққа ұшырайтын ел болып, мәңгілік тозаққа нәсілдерді даярлап жатқанымыз да хақ. Ана тілі судың, ана сүті — жанның тілі. Өзге тілдер оттың, рұқтық қуаттың тілі. Ғылымды өзге елдің тілін меңгерумен, жансыз біліммен алу керек деген зұлымдықты да ібілістің жобасынан, жындылыққа негізделген ұрпақтарының ой жоруынан деп түсіну керек. Мұндай жағдайда бағыт бағдар беретін, ой қуатын тазартатын дінді таза ақылдан емес, тәпсірлік білімнен іздеп, ақылдан білімді жоғары қоюда ібілістің еркін орындаушы, «дажалдық» болатыны да хақ.

«…Таза ақылмен таппаған дін Шын дін емес – жындылық. Қармалаған бір соқырсың, Өлген ой мен көз құлақ. Ескілерше қу қазыққа Байланып мен тұрмадым  Және емеспін жаңалыққа Көрсе қызар қақырақ…Молдалардан дін сұрасаң, Сандырақтап сандалар. Пәншілермен бас құрасаң Жан, құдай жоқ, дер тұрақ. Біз хақиқат елегіне Осы екеуін елесек. Түкке тұрмас керегіңе, Екеуі де қалжырақ. Пәнші дейді: «қайда тәңірі?» Дінші дейді: «менде тұр!» Екеуі де сөзге нанды Таза ақылдан жоқ сұрақ…» (Шәкәрім сопы)  Жындылықтың да негізінде үш сипаты болып білімге, ілімге ақылдың негізделіп, мұндай жындылар дінді, жан туралы ғылымды шала мойындап, таза ақыл туралы насихаттарды қабылдауға қарсылық білдірді. Бұл топқа қазақта зиялы қауым өкілдері, ел билеушілер, діншілер, ақын, жазушылар, тілшілер және бұқара халық арасындағы білімді қауым өкілдері жатады. Сондықтан да қазақтың зиялы қауымы мен ел билеушілердің әлемдік түнек күштерінің «стандартына» лайық болуы үшін; «Ел билік діннен бөлек, дінсіз..» деген пәтуаларының негізінде құдайды мойындаудан бас тартып, өздерінің жансыз, жынды екендеріне ашық дәлел екені де хақ. Яғни бастағы жындылық қара қуаттың құлақ, көз, ойдан үстемдігін қалыптастыру үшін, дәстүрлі дінді ұстанушы елміз дегенімен, дәстүрдің айнасы болған; ұлттың арманы – үш байлыққа іс жүзінде ашық қарсылық білдіріп, заманға лайық болу дегеніміз әлемдік жындылық саясатына бейімделумен көрінісін табады.

Қияметтік мезгілдің куәлігі болып саналатын, әлемдік тұрғыдағы барлық жындық топтардың белгісі қазақ елінде қалыптасып және бұл топтардың өзара ақпараттық тұрғыда соғысып жатқанымен, негізінде ата дәстүріне, ата жолына, құдайдың заманға қарай түсіріп жатқан белгілер мен әр пенденің алатын жобасына біртұтас ашық қарсы болып, қалайда қазақ әлеуметтілігінің өркендеуіне жол бермей жатқандары да хақ. Бұл жарыста алдыңғы орынды әрине «есектік» жындылық топтар алып, оған жататындар атау сөз ұғымын, ішкі ойын терістеп, білімді кітабын ақыл қылып арқалап жүретіндердің, зиялы, білімді, дінші қауым өкілдері болып табылады. Бұндай топтың негізінде қазақ дәстүрінде білім тұрғысында ғана түсініп, ақпараттық жүйелерде, іс басында отырғандар, жазушы, ақын, саясаткерлер болып  ұлттың болашағын дүниемен, жер байлық қазынасымен, жақсы тұрмыспен ғана бағалап жүргендер болып саналады.

Мұндай топтықтар барлық жындылық топтардың арасында жүріп және ұйымдастырушы негізгі ортасы болып, Раббымыз бұларды 73-ші топтықтар «Есерлер» деп ескертеді. Азат, Дат, Республика, Желтоқсан т.б. басқалай партияларды құрып; ел басын диктатор, барлық байлықты шет елге сатып жіберіп, халық кедейленіп құриды деп дау шығарып жүргендер ібілістің ұрпағы; «етікті», «аттылар» әрі «кітап арқалаған есектер» болып саналады. Сол сияқты ғалымдар мен дін ғалымдарының арасында өздерін теолог, философ, имам, хазірет дәрежесін алып, тек кітап жүзіндегі білімге ақылдары негізделіп алғандар да осы топтыққа жатады. Құдайдың растығы мен барлығынан, уахи, аянынан бас тартқан ғалымдар, дәрігерлер сияқты топтардың да «есектік» топқа жатып, Абай атамыз; «Алтын арқалаған Жапарқұл мырза» деп өлеңмен бейнелеген.  Ал енді    73-ші топтық санатында болып; Аллаһ, ықтипат, кәфәрат, тәуәсіл жасау, ғалексалам, әлексалам, радиоху анқу..т.б. деген арап тіліне шоқынып сөйлеп, арап тілінде аяттарды зу еткізіп оқи сала, артынан жаттанды түрде аударып мақтан қылған дінші, имам аталып жүргендер көздерін шел басқан, жүрек көздері бітелген, 69-топтық қауіпті белестен өте алмаған, жындық болмысы «шибөрілер» болып саналады. Және қазақ дәстүріне қарсы болып, аруақты терістеуші діндарлар; «иттер», «мысықтар» аталып, 29-сандық белгімен үкімделген.

Мұндай «шибөрілерге» және шарбақ ішіндегі иттерге жататындар ел билеушілік істерде атқарушы болып,  ел басына және іс басындағы басқада жоғары лауазымдыларға жалған ақпарат жеткізумен айналысатындар негізінде заңгер, заңды бақылаушы, атқарушылар жатады. Жалпы қазақ халқының барлық тұрғындарына да ортақ жындылық болмысы 34-санды жын тобы болған; темекі шегетіндер жатады.  Бұлар құранның           34-санды үкіміне қарсы болғандар тозақ үшін жаратылғандар. Мұндайлардың періштелердің қарғысына ұшыраумен негізінде қара жындар тобы – қара қасқырмен байланысты, түбінде шайтанға қосылатын жындар тобынан болады. Өздерін «көкбөріміз» деп атап, қазақ көк тәңіріне табынған деп, кейде исламға да қарсылық жасайтын, орыс ұлтын зұлым атап, орыспен дос болғанды «орысқұл»  деп мазақтаушылар тобы шынында 48-сандық белгі қасқырлармен байланысты, көбі қара қасқырлар «нашақорлар» тобынан болып келеді.

Қазіргі таңда ел билеушілеріміздің ұстанған әлемдік «стандарт», «гендерлік теңдік» салтын дәріптеп, шалбар киіп, шашын жайып жүруді сәнге айналдырған және мұны қалыпты санайтын еркектер де тылсымнан «құзғындар» деп аталады. Яғни өлексемен қоректенетін хайуандардың азғындары болып саналады. Үкімдік 51-сандық белгісімен және Зарят сүресімен жазаланып, тозақта азапталады. Бұл топқа ата жолындамыз деп, шариғатқа қарсы әрекетпен айналысатандар;  аққу, сұңқарлар да кіреді. Сонымен бірге ата жолында тақуалығы түгіл, қарапайым шариғатты да меңгермей, ата жолының білімінен мүлде хабарсыз, бас қатырып ми ашытып оқудан қашып, сонда да халыққа аруақтың батасын жеткізумен айналысатындар негізінде түнек күшінің, ібілістің үнін, білімін жеткізумен, яғни 23-ші жын тобымен жалғанғандар болып, хайуандық қуаттық тұрғыда түрлі жындық сипаттарда болады… (жалғасы бар Ақпан айы 2016 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *