XIII-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен адамдық және аманатқа қиянат қылмау туралы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 163

  «..Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі, «Мені мен «менікінің» мағынасы – екі. «Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі. Шырақтар, ынталарың «менікінде» Тән құмарын іздейсің күні-түнде. Әділеттік, арлылық, махаббат пен — Үй жолдасың қабірден әрі өткенде..» (Абай әулие). Әрбір адам баласы өзінің жаратылысының рухани жүйесін, ішкі сырларын түсіну арқылы ғана өзін танумен жаратушыға, адамзатқа деген көзқарасы, махаббаты, сүйіспеншілігі адамдық тұрғыда қалыптасады. Абай атамыздың насихатынан ғибрат үлгісімен және құдай ісі мен салыстырып және ұлттық жол-жобамызға да қайшы болған; бүгінгі ел билеушілердің, зиялы қауымның, жастарымыздың ұрандатып «Ұлттың арманы, Ұлттың жоспары; Мәңгілік ел, Бір ел – бір тағдыр» деген сөздермен іс жүзінде дүниелік, тіршіліктік тұрғыда бағалануынан бабалар аманатымен, нақылымен таразыға салып көрсек; сөз мінезін теріске алған бір тұтас жынданған ел екенімізге ашық дәлел болуы да хақ.

 Әлемдік жындылық салтқа еліктеген, қандайда бір дүниелік істермен, ойын-сауықпен, нәпсінің қалауын өтеумен, жеңіл тұрмыспен өзге елдерді «бізге қараңдар» деп таң қалдырмақ болып, ақылға қайшы ойсыз сөздермен жар салғанмен; Ұлтымыздың тұтастығы, елдің бірлігі, ел тағдыры құдайдың қалауынсыз түзеліп, біртұтас бақытты елге айналуымыз мүмкін емес. Бұл жаратылыстың да рухани құндылығы, бұлжымас тәртібі  мен өмірдің заңдылығына, тағдыр ісіне де қайшы, Аллаға ортақ қосу ібілістің жобасы ғана болмақ. Қазақта «Алдыңғы арба  қалай жүрсе артқы арба да солай жүреді» деген нақылға сәйкес, біздің ел басшымыздан бастап, оған ерген алдыңғы қауымының сөз «шылығы» жастарымыздың да ақылын улап жатқаны есті адамға түсінікті жағдай. Абай атамыздың; «Шырақтар, ынталарың «менікінде» Тән құмарын іздейсің күні-түнде. Әділеттік, арлылық, махаббат пен-Үй жолдасың қабірден әрі өткенде. деген өсиетіне, ішкі ойына үңіле білген ел басшы, зиялы қауым бүгінгі әдетінің жындылық екенін мүлде есерсоқ болмаса түсінер еді.

«Мен сендердің күре тамырларыңнан да жақынмын» деген Раббымыз. Мен – өзің -таза ақыл мен жан. Таза ақыл мен жаннан ғана әділдік, ар, иман, махаббат болып өніп-өседі, бәйшешек бақшасы болып ақиреттің қазынасы болып жұлдыз болып көкте жанады, «біздер» болып аталады. Біздің тәндік қуат шырақтарымыз – жын қуаты болып, өмір сүруге деген ынтамыз тіршілікте өзімізден (жан мен ақылдан) артық болуға құмарымыз, әдетіміздің бәрі жындық, яғни қайрат пен еріктілік сипатымыздан тұрады. Адамзаттың еркі – сары түсті қуаттық жүйемен, артымыздағы аруақтық серігімізбен байланысты болып, жан мен қайратымызға қызмет қылуға тиісті. Ерік – ақыл мен білімнен тұрып, жүрек пен бастағы мидың арасын бой өрісі, жүйке желісі арқылы жалғап тұратын хабаршы болуға да тиісті.

 Ібілістің мақсаты да бас пен жүрек арасындағы өте нәзік жіпті үзу арқылы жаратушы тарапынан нұр сәуленің енуіне кедері тосқауыл қойып, жүректің ойлану қабілетін әлсіретіп, мүлде жоюмен де өз ықпалын жүргізбек. Тәндік сипатымыз, тамырлар жүйесі жындық қуаттың малдық қуаттармен өзара әрекеттесіп, бірігіп бейнеленуі болмақ. Сондықтан қанымыз тамырымыздың да тазалығына тәуелді болып, 8 түрлі жындық қуаттың жүректе бірленіп, адамзат мінезінің, қайраттылықтың шамасын белгілейді. Абай атамыз; «Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек. Аспаса ақыл қайраттан, Тереңге бармас, үстіртер. Қартыңның ойы шар тартқан Әдеті жеңіп күңгірттер. Тән сүйгенін бермесе, Жан шыдамас жаны ашып. Бере берсең бер десе, Үміт етер таласып. Малда да бар жан мен тән, Ақыл, сезім болмаса. Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса? Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын? Халқым надан болған соң, Қайда барып оңайын?!»

Қазақтың зиялы атты қауымының, қарттардың жігіттікпен қоштаса алмай, дүниелік қызықтан жалыға алмай, қанын тазартып басын қорғап, бөрікті атала алмай, көктен алатын сәулесінің жолы жабылып, жүректегі ақылына қуат қосылмай, еріктіліктері хайуандықтан аса  алмай, ұлттық арманымыз, яғни «үш байлығымызды» дүниенің қызығымен, тұрмыстың қамына ғана айналдырып алғанымызға бүгінгі күнгі ел басымыздың бастауымен, ақылы толмаған, жынды-мас жастардың қоштауымен ұрандап жатқан жолдауларымыздың тек қана «Менікінің» қамы екеніне де дәлел болмақ.   Әлемдік тұтастыққа, дүние ісінде ортақ саясатты ұстану мақсатымен; «Гендерлік теңдік» деген ібілістің, түнек күштерінің ықпалына түсумен, ақыл түгіл ұяттылықты мүлде жоғалтып, олай болса пайғамбарымыз; «Еш күмәнсіз, Ұлы Алла тағала қандайда бір пендесін жоюды қаласа, одан ұятты тартып алады. Ұятты алған соң, ол пенде тек қана ашуға ұшыраған адам (жынды) болады. Ал ашуға ұшыраған соң (жындылыққа түскесін), онан сенімділік сипаты (аманат) алынады…» деген ескертуі де орындалып жатқаны хақ.

Ал енді қазақ халқының ел билеушілерінің мұндай саясатына қарсылық білдіретін де зиялы, білімді қауымның қазіргі таңдағы қияметтік жағдай болған; жаппай ұятсыздықты аңғара алмай, «мәңгілік ел» жобасын ұрандап, қолдау беріп жатқаны да жетелік ақылдың, көңіл көзі, құстық сипаты яғни ой көзі-ұжданның жетілмей қалуынан аманаттың алынып, дінге сенім, нанымның жоқтығына ашық дәлел болады. Абай атамыз; «Көзі барлар ойының, Күлер көтін ашқанға, Қасиеті бойының Бекер төгіп шашқанға…Осы да есеп бола ма Ар, абиыр тапқанға? Миың болса, жолама Бос желігіп шапқанға…» Осындай қасиетін шашып, аманатынан айырылған, тағдырында лағнет қарғыс жазылып, ұлтымыздың тегін аздырып жатқан өнерлі қауымды, ұятсыз қыз, қатындарды «жұлдызға» балап, ел билеуге сайлап жатуымыздың өзі қияметтің сипаты, ұлттық мәңгілік «Менді» жоғалтуға деген ібіліс ұрпақтарының соғысы деп түсіну керек. Ал енді аманат пен тағдырдың, ақыл мен ой сияқты бір-бірінсіз қалыптаспайтынын да жадыңызға тоқып алыңыз.

Ендігі бүгінгі ел басқарушы, зиялы қауымның және ұлттық тұрғыдағы аманаттарының, жобасының жағдайын білгіңіз келсе, Абай атамыз; «Ұяламын дегені көңіл үшін, Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін. Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ, Жігері жоқ, маңызы жеңу үшін. Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар, Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар. Ар мен ұят ойланбай, тән асырап, Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар. Туысқаның, достарың-бәрі екі ұшты, Сол себепті досыңнан дұшпан күшті. Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған, Бұл не деген заманға ісім түсті?!..» Ұлттың тағдыры сол ұлттың санын құрайтын жек-жеке пенделердің тағдырынан тұрады. Ал әрбір пенденің тағдырының бармақ іздері сияқты ата-бабасына жалғасты түрде, жанының мойнына жүктеліп келе жатқан аманаттық шамасымен, тағдырлық ұқсамайтын өзгешеліктерімен байланысты болады. Тек қана арсыз, ұятсыз қауымда ғана тозақтық сипатта тағдырлары, армандары да біртекті болуы мүмкін.

Орыс халқының мақалында; «Муж – голова, жена – шея» деп ескерткен. Әйелзаты жандық қуаттың ең қуатты,  жер әлеміндегі соңғы нәтижесі бейнесі болса, Еркек жындық қуаттың көрінісі, рухани бейнесі екені сөзсіз. Ал мойын – жанның тірегі, арқау, қуаттың жалғану жүйесі болады. Және екі дүниені жалғаушы көпірдің бейнесі мойын болады. Сондықтан; «Ер мойынында қыл арқан шірімес» деп жан арқылы ата–бабадан келе жатқан аманаттардың жағдайын ескерткен. Бас ақиреттік өмірден келген рұқтық-шар аманат болып; «Жақсы әйел жаман ердің басын төрге шығарады, жаман әйел жақсы еркектің басын босағаға апарады» деген әйел жанының тазалығы мен неке адалдығының, әйелдік, ақ жаулық, етектік қуаттың маңызында астарлы нақыл да бар. Аманат мойынға жалғанумен бұл аманатты толық ақтағандар «Жағалы бабалар», арыстар де аталады.

Сондықтан да құранда ескертілген және көрсетілмеген мұндай жағалы болған, Алланың сүйікті құлдары арасынан әрбір пенде өзінің тағдырына, аманаттарына сай кітабына жалғанумен, мәңгілік дос табумен ғана; «Әділеттік, арлылық, махаббат пен-Үй жолдасың қабірден әрі өткенде» деген Абай атамыздың, «Өлі риза болмай тірі байымас, Өліге иман, тіреге берекет бер» деген қазақ нақылының аманатының, арманының ұлттық жобасы болатыны да хақ. Бірақ мұндай сөз тұрғысында қалдырған бабалар аманатын ескеруге құлқы жоқ, тілмен бейнелеп, ойын түсінуге ақылы жоқ,  екі ұшты сөйлеуді әдетке қылған  жындылықтан, ібілістің тұзағынан босануға неге ұлттық арман қылып, жастарға жолдау қылып, жол іздемеске?

«Басқа түссе баспақшыл» деген аталарымыз. Баспақ – рухани тұрғыдағы тозақтағы баспалдақтар, бір жағдайдан келесі жағдайға өлім арқылы өтудің сыры болады. Сондықтан «Мың өліп мың тірілген қазақпын» деген ұғымның қазақ ұлтының барлық әлемнің бастарымен жалғанып, мың баспалдақты меңгерген, ойлана алатын, саналы ел болғанын  білдіреді. Аталармыз, «Адамның басы —  Алланың добы» деп бастың тозақ арқылы талай жерді «қайта баспақтарды» өтіп келетінін ескерткен. Бас сондықтан аманат, мойын арқылы ұлттық жандық, қандық тектік негізге жалғанамыз. Қазіргі жастардың, «Сор маңдай болдым» деп әндетіп жүргені де шындық. Себебі ұлттық тұрғыда  ұятсыздықтан, дәстүрдің сақталмауынан ел мойнынан жаппай аманаттың алынумен, маңдай тағдырдың ашылмай, бастың жүрекпен арадағы жібінің үзілуіне де мойынның жіңішкеріп, әйелзатының жаппай азғындауынантақыр бас, жалаңбас, жалаңаш сасық иіспен бауралған ойсыз, «сормаңдайлар елі» деп білген жөн.

Біздің ата-бабаларымыздың ұлттық тектілікті сақтап жетілдірудегі құлшылық істерінің барлық жетістіктері біздерге нақыл түрінде аманат болып, оның сырын түсініп, мирас болған аруақтық, тағдырлық кітабына жалғана білуіміз де керек. Мұндай жағдайда әрбір пенденің ішінде екі түрлі рухани қуаттың қайшылығы «Мен»  және «Мендік» болмыстың үні болып, біздің ұят, ар, иманымыз арқылы тазарудан електен өтіп, сыртқы алды-арты бой өрісімізді ой бақшасын қалыптастырады, оң солдық аруақтық қанатымыз болып қалыптасады. Осындай төрт көлеңкемізден, ақиреттен, қабірлер өмірінен берілетін ұжданымыз оянып, қалыптасып, төбемізден келетін білімді, ғылымды әлеуметтілік топтың, «біздердің», шапағатшылардың кітабымен жалғануға жол ашылады. Аятта; «…Әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар» (12-76) деп ескертіп, діншілердің дін туралы сауалды тек масһабшылардан, имамдардан, мешіттерден ғана сұрау керек дегендері осы аятқа жала қойып, Аллаға, құранына ортақ қосумен де байланысты. Керісінше діннің мақсаты, құлшылығы; әрбір пенденің сауалына өзі тылсымнан, тағдыр кітабынан жауап алатындай дәрежеге жеткізу болмақ.

Абай атамыз мұндай әлеуметтік тобымызға  нұрлы ақыл, иманға жалғануды, түн ұйқымен жан қуатымен байланыстырып; «…Сонда көңілім жоқтайды Татуы мен асығын  Көзі жетіп тоқтайды Өткен күннің қашығын. Көкке бақтым алла деп, Тамаша етіп құдіретін. Рахматы оның онда көп, Бізге түк жоқ тиетін. Неге сүйсін ол мені, Өзім ақымақ, алмадым, Көрдім артық бір сені (көңілдің дүниелік қалауын) Рахматынан алланың». Қазіргі таңдағы ислам әлеміндегі ібіліс ұрпақтарының салған лаңы қазақ елінде өзін тануға негізделген ұлттық дәстүрін түрлендіруге, ата-бабамыздан қалған мирас кітабына, ілім жолына, құдай ісіне жалғануды терістеп, нәтижесінде ұлттық нанымның жоғалуына, сөз мінезінің өзгеруіне соқтырғаны хақ.

Сондықтан да қазіргі таңда негізінде қазақ ұлтында ақылдың жағдайында екі топқа бөлініп алдық. Бірінші топқа жататындар; ата жолын, ата дәстүрін сақтауға тырысып, қалайда ұлттық текті жетілдіруге, құдайлық жол-жобасына жалғанып, аманаттарын орындап, қасиеттілікті меңгеріп, ілім мен білім таразысын тең ұстауға тырысқандар болып, Абай атамыз бұл топты;  «Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Жүрегі – айна, көңілі ояу, Сөз тыңдамас ол баяу. Өз өнері тұр таяу, Ұқпасын ба сөзді тез?..Жақсыға айтсаң, жаны еріп, Ұғар көңіл шын беріп, Дертті ішіне ем көріп, Неге алтынды десін жез..» әлеуметтілік қасиетін сақтағандар, шыншылдар болып саналады.

Ал, енді ұлттық әлеуметтілік тегімізге  қарсы тұрған жындылық топтарға ақылы негізделіп алған білімді, ілімді қауымның, сөз мінезін өзгертушілердің; «Әбілет басқан елер ме, Сөзге жуық келер ме? Түзу сөзге сенер ме Түзелмесін білген ез? «Айтшы-айтшылап» жалынар, Ұққыш жансып шабынар. Ұқпай жатып жалығар Ұйқылы-ояу бойкүйез. Жас баладай жеңісқой, Байлаулы емес ақыл, ой. Ойлағаны — айт пен той, Ыржаң-қылжың ит мінез…»Ой, тәңірі-айшыл кер есек, Қулық, сұмдық не өсек. Болмаған соң бір есеп – Мейлі қамқа, мейлі бөз» деген жоғарғы жазбадағы жындық сипаттарын баян қылған аманатқа қиянатшыл, «әбілет-пері соққан»  бүкіл ұлтымыздың топтары болады.

Мұндай жағдайда қазақ елі де ашуға, құдайдың лағнетіне ұшыраған елдердің қатарына қосылып, әлемдік бүліктің, апаттың, азап ауруларының  барлық белгісі қазақ елінен танып алуға болатыны да хақ. Бірақ мұндай белгіні көруге қабілетсіз болған ел басшымыздың сенім артқан уәзірлерінің, зиялы атты қауымының ұлттық аманатын тастап қоюына да басты белгі сөз мінезі, сөз өнері болып табылады. Білімді жан арқылы, ақылдың төрт қанатын, ішкі «Меннің» сыртқа шыққан көлеңкесін тазартып, түгелдеп, төбеден, көктен келетін білімді, ғылымдыдан сұрап іздеудің орнына жынды елдердің жындылықпен негізделген білімін меңгеруге ықыласымызды байлап қойдық. Тылсымнан білімді қауымнан, біздерден келген аруақтары арқылы берілген хабар бойынша «Аманатын алып жалғануды тастап қойған ел билеуші, зиялы қауымнан бүкіл 3 жүздің аруағы теріс айналады. Ел басшымыздың жеке өзінен аманат алынады» деген сөз келді.

Ал енді мойыннан аманаттың алынуынан тектің жоғалуына, болашағына, ұрпақтарына 7 түрлі рухани кеселдің, жындылық дерттердің пайда болуына соқтырады. 1.Алауыздық; 2.Жауыздық; 3.Көрсеқызарлық; 4.Тойымсыздық; 5.Нәпсіқұмарлық; 6.Жалқаулық; 7. Жатып ішкерлік, «дайын асқа тік қасық» деген қазақта. Сондықтан осындай рухани кеселдің бір ғана болған пенденің тағдырында ақталмаған жүктердің, күнәнің барына белгі болмақ. Бүгінгі қазақ елінің жалпы жындылық сипаты; ит мінезді болып, кімнен ас ішіп, ақша дүние алса, соның айтқанын істеп, дегенін күзететін, десін деп амал қылатын елге айналып болдық десек қате емес. Сондықтан мұндай рухани кеселден айығуға; ел билеуде партиялар  саясатының да, дін масһабшылардың да бұндай дерттен емдеуге қандай ұран жолдаулармен де, дүниенің бар байлығымен де рухани өлі ұлттың рухын тірілтуге ешқандай да мүмкіндігі жоқ және мүмкін де емес. «Құдайсыз қурайда сынбайды» деген дана қазақ.

Қазіргі әлемдік және қазақ қоғамындағы да ең үлкен қателік; білімділікке мас болумен, тәкаппарлыққа түсіп, тәубесін ұмытумен, әрбір іс басындағы пенделердің, ғалымдардың, шығармашылық өкілдерінің, дін «ғұламаларының» өзін танып; «Мен –жанын» яғни құдайлық Арын түсінбей, «Менікі» болған бес күндік жалған қуаттардың, күнәнің ықпалына түсіп; «мені танысын, жақсы, керемет әулие десін» деген пиғылмен, әлемдік тұрғыда да өзіміздің көрермендерімізді, тыңдаушыларымызды көбейтуге жанымен таласқан жынды «әртістерге» айналып алдық та және осындай ісімізбен әлемді құтқарушы болып сезінеміз.

Енді «Сөз түзелмей ел түзелмес» деген қазақ даналығында. Олай болса сөз мінезін меңгеру үшін де күнәдан қалай ақталудың жағдайын, сатыларын білуіміз керек.  Әуелі өзімізді-өзіміз танып, тәубеге келу үшін де  адам баласының ішкі дүниесіндегі рухани өміріндегі пайда болатын өзара қайшылықтағы  сансыз сауалдарға жауап іздеп көруі керек. Құран Тәуратты қайталайды деп ескерткен Раббымыз. Сондықтан мұндай жағдайларда адамзатқа ортақ рухани құбылыстың бағдары болған інжілден мысал келтіре кетейік; «Тәурат (Құран) шариғат заңының Құдай рухынан шыққанын білеміз, ал мен пенде ретінде күнәкар құмарлықтардың құлдығындамын. Не істеп жүргенімді өзім де түсінбеймін; қалағанымды емес, керісінше, жек көретінімді істеп жүрмін. Ал өзім қаламайтын қылықтарды істегендіктен, Тәурат (Құран) заңының игі екенін іштей мойындаймын. Онда, жаман нәрсені істеген мен емес, бойымдағы күнәкәр құмарлық. Менің бойымда, яғни күнәкәр болмысымда жақсылық жоқ екенін білемін, сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күш жоқ. Осылай мен қалаған игілікті емес, қаламайтын жамандықты жасаймын. Ал енді өзім қаламайтын жамандықты жасағанымда бұны істеген мен емес, бойымдығы күнәкар құмарлық. Осылай мен байқаған заңдылық мынау: жақсылық жасағым келсе де бойымдағы жаман құмарлық қарсы тұрады. Іштей Құдай заңына ризамын, бірақ бойымдағы басқа бір заңдылықтың бар екенін байқаймын: ол ақыл-ойым қалайтын жақсылыққа қарсы шығып, мені бойымдағы күнәкар құмарлыққа кіріптар етеді. Сорлы басым-ай! Өлім әкелетін күнәлі тәнімнен мені кім құтқара алады?  Сонымен, жағдайым мынандай: ақыл-ойыммен Құдайдың заңын орындағым келеді, ал ескі күнәкәр болмысымның кесірінен күнәлі құмарлыққа кіріптармын.» (Римдіктерге; 7-тарау)…(жалғасы бар. Ақпан айы 2016 жыл).

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *