Дәулетті болу бүгінгі ұранымыз
Мал жинағыш болыпты қыздармыз,
Бай болу, бақыттың жолы ма екен?
Әлде кедей осы заман қоры ма екен?
Байға тиіп бала табу, мақсат болмай,
Дүние болса, бала туу оңай болды-ай.
Арсыз қатындар жылан туып жатсадағы,
Әйтеуір бала деген саны толды-ай.
Тектілік дәстүрің қалды осылай,
Қатын шықты көшеге тағат қылмай.
Еркек борлу арманы қатындардың,
Бұл заманмен орындалды армандары-ай.
Дүниені бағалауға, жан да керек,
Мал жаннан артық емес, болсаң зерек.
Дүниені жан бағуға жинағанмен,
Ар болмаса мал, жаның кімге керек?
Қатын жиса дүниені желге ұшады,
Бақса еркек баланы жер құшады.
Арсыз, ұятсыз жастар мәңгүт болып жатыр
Болашағын бұндай ұрпақ кім болады?
Қайғы-қасірет бұл қазақты тұмшалады.
Ар мен ұят, дәстүр, салтың жоғалғанды.
Несібесін әр баланың берер деген,
Құдайдың уәдесі де артта қалды.
Дәулеттің де тұрағы текпен болар,
Ғылым-білім ізденген еспен қонар.
Ойласын деп миды, көр деп көзбен,
Ал құдайды ести білген текті болар.