Әр күнің жанға мереке

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 207

Мереке наурыз басы әйелдерде,

Ырымға айналған күн шет елдерде.
Көшеге шығып қатын, қыздар,
Жын-қуатпен біз де тең деп  ерлерге.

Бір күнді ғана әйелдерге неге арнаған,
Бір күн сыйлап, артынан ұмыт болған.
Шариғат, дін ислам бұған қарсы,
Күні-түні, сый құрметті парыз қылған.
Ырымдап жанын үзіп гүл сыйлаған,
Жансыз гүл шөп болады түсіне алсаң.

Алты жүйе жанға қуат жалғанатын,
Ақыл бақша етіңнен гүл өсіре алсаң.

Еркек рұқ, әйел жанды жаратылған,
Бес қуат жанға шипа азық болған.
Атаның шаһуатының көп қой мәні,
Дене — киім, тері — әкең ризық алған.

Етің — ана, сүйегің аталықтан,
Адамсың жүректі жардан сыйға алған.
Ақыл жастан-тері мен дене болған,
Сүйектен жан сөзіңмен суғарылған.

 

Ат ататып сүйекті сындырмаған,

Ұятты қыз, бойын сақтап тәлім алған.

Әкенің бар қуатын сүйеке алып,

Ұлдың жақсы болуы нағашыдан.

Қызға  оң жақтан орын сыйлап қойған,
Төрден орын өз үйінде қонақ болған.
Әр күні бойжеткенше мереке боп,
Бұдан артық қандай сый қызың алған?

Мереке өмір бойы есте қалған,
Келін болып, ақ босаға аттаттырған.
Ақ жаулық тартылған әйел күні,
Қадамын құт-береке, ырым қылған.

Өмірге ұрпақ келсе ана аталған,
Ананың әрбір күні шуақ болған.
Мереке әрбір күні бала емізген,
Ақ сүтімен жанға жоба қуат салған.

Өмірдің жарығы жанның бала деген,
Баланың бар қызығын ана көрген.
Тұрғызып, жүргізіп, сөйлеттіріп,
Әр күні мереке қызық думан білсең.

Қазақта жоқ гүл жұлып, сыйлау деген,
Адамдықты бар әлемнен артық білген.
Жыр сыйлаған аналарға сөз киесін,
Жеті үнін жаратқанның оймен өрген.

Қатынын еркелетіп жарым деген,
Ақ жаулық- жардан байлық көрген.
Отын мен қатыныңды тастама деп,
Әйелдерді гүлден де артық сыйлай білген.

Жаман ырым — жансыз гүлді сыйға берген,
Гүлдей сол, деп тамырсыз, шөлден өлген.
Сөз патшасы таза ойдан қуат берген,
Жарларыма  көркем сөзім, сыйға берген!
(Наурыз 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *