Ар сатып жұрт мал алған

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 58

Қырық үйден тыймаған,

Бойға жарық жимаған,
Қыз етексіз, санасыз
Шашын жайып жынданған.
Жатырлары сұқтанған,

Шалбарлы жын- шайтаннан.
Тәні сұлу не керек,
Жандары өспей қартайған.
Әдетің десең бұл қайдан,

Теңдік атап жынданған.
Қилы-қилы заманнан,
Сасық тұман жинаған.
Қылығын алып хайуаннан,

Қыз, қатын аз ұялған.
Күйлеп жүрген қаншықтай,
Сұғын көздің жинаған.
Жаулықты енді тілге алман,

Жаулықсыз қатын басқарған.
Артықпын деп ерлерден,
Осы ғой деген сұм жалған!
Кемпір бар ма қамданған,
Тозақтан қорқып арланған.
Басында жоқ жаулығы,
Арты жәндік шаяннан.
Жетелік ерден жоғалған,
Дәстүрін ұлттың қолға алған.
Қыз, қатынға тыйым сап,
Арсыздықтан ұялған.
Ел билік жүр мақтанған,
Дүниеге мас болғаннан.
Ел болдық деп егемен,
Дәстүрін баба ұстанған.
Жын ғой расы шайтаннан,
Білімділер елді басқарған.
Екі жүзді мұнафық,
Сөздері жансыз аңғарсаң.
Мені-адам жоғалған,
Менікін шайтан басқарған.
Балықтай бастан шіритін,
Екі күнін қазақ жоғалтқан.
Бәрі әулие қарасаң,
Партия құрып жар салған.
Құтқара алмас өзін де,
Қияметтік келген азаптан.
Бұлбұл құстай сайраған,
Ақталмай тәні арамнан.
Діншілер ессіз, қиялшыл,
Масһабы тәңір шоқынған.
Қасиетің алда ұжданнан,
Жұлдызға сана жалғанған.
Бүгінгі дінде әулиелік,
«Жұлдыз» деп әнші аталған.
Ел болдық түгел жынданған,
Нұрымен құдай жол салған.
Жобасы ұлттың бай болмақ,
Ар, жанды тастап малды алған.
Келсе де азап құдайдан,
Құтқарам деп сақтансаң.
Ұғатын басшы болмады,
Болашағын халық ойлаған.
Ел басшысын сынағам,
Хабарын беріп құдайдан.

Түсінер бүгін жайы жоқ,

Тазармай басы арамнан.
Таппадым бүгін қазақтан,

Сөзінен құдай ұялған.

Саналы ер қайда бар,
Ұжданын көкке жалғаған?
(наурыз 2016 жыл)

**  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *