Қияметтік сын сағаты мен түсіп жатқан азаптың себептері

Бөлім: Қиямет-Сын сағаты белгілері 110

     Айта-айта алтайды, әжеміз сонан қартайды деген төркінін, туған жерін сағынған әжеміздің мұңын түсінген ұрпақтары. Біздің де ата жолында аз да болса ата-баба дәстүрін, тақуалық тазалығын сақтауға тырысып, сонан болар, әйтеуір тылсымнан келіп жатқан хабарлардың көп жағдайда өз басымызда жан ұяларымызда және жұртқа жеткізген ескертулердің де нақты орындалып жатқанына да дәлелдер жеткілікті де бар.  Сондықтан біздер айтудан жалықпаймыз; әлде де айта береміз, ел басшылар мен бұқара халық тарапынан тыңдар құлақ аз болса да.Ал неге 100 пайыз орындалмайды деген есерсоқ жындыларға да жауабын дәлелдеп жазып жатырмыз. Шындығында құдайдың ісіне араласуға да  ешқандай адам баласының қауқары жетпейді, көрсеткен, білдірген хикметті белгілерін, хабарларын күмәнсіз қабылдап, құлшылықта сақтанып «сақтансаң сақтаймын» деген амалын жасап отыру діннің шарты. Ал шындықтың қаншасын шынға бейнелейді, мүмкін кешіре салады және оның мерзімі қашан болады, ол құдайдың ғана еркінде.

Сонымен қыстың бораны мен қарлы болғанын құдай тарапынан, аруақтар арқылы ескертілген сынақ белгілерінің дәлелдерін былай қойғанда, Маңғыстауды су алып, жұттың белгісі түсіп, біраз жұрттың әбігерін қашырғаны да мәлім. Ал Ақтөбе қаласының ел басы барғаннан соң келесі күні мұздың құрсауында неге қалды? Осыған мән беріп көрейікші. Дүние тұрғысында ел басшымыздың жасап жатқан еңбектерін, жобаларын дұрысына да күмән жоқ, барлық ісі де халықтың жеңіл тұрмыспен, біздердің бай-қуатты болып, әлемнің шаруашылық пен өндірісте озық елдерінің қатарында болу мақсат талабымен байланысты. Сондықтан да болмасаң да ұқсап бағумен, жынды елдердің алдында болу да керек. Ал, мұндай жағдайда ел басшымыздың жыны арыстан болғандықтан көп елдің билеушілерінен дүниелік істерді пайымдауда, ерік-жігерде, әлде қайда озық тұрғаны да мақтаныш бола алады.

     Бірақ «Ауру қалса да әдет қалмайды, аурудан әдет жаман» деген қазақ даналығының бүгінгі таңда қазақ ел билеушілерінің әрекетінен көрініс тауып, жындық білім арқылы, онан жоғары тұрған жанды түземек әрекетінің жындылық тұрғыда мүлде бекіп алғаны ғана қазіргі таңдағы барлық дағдарыстың бастауы — рухани құлдырап, азапталып жатқанын бүгінгі білімді қауымдар мүлде түсіне алуы да мүмкін емес. Себебі олардың бәрі белгілі бір шайтандық білімге «логика»-қисындауға байланған жындық топтардың шеңберінде ғана бейнеленген кісілікпен, ақылдың шектеліп негізделудің аясында ғана өзара партия құрып, заң арқылы әділдік орнатып, дүние байлығымен «мәңгілік ел» құрамыз деген сияқты жалауына ойы терістелген қуатты сөздерді алып, шындығында құдайды, жаратушымызды, құранын, үкімдерін, ел тағдырын, ұлт  дәстүрін мазаққа алумен ғана айналысып кеткендерін білетін емес.

Қазақтың ұлттық жобасы – ұлттың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі болса, енді ел басшымыздың жолдауы — діні; 100 қадам болып, ел билеудің саясатына айналып алғаны да құдайдың ашу-ызасын келтіріп, табиғаттың мінезі арқылы да оған қарсы жауап беріп жатқаны да хақиқат. Сонымен ел билеушілердің бүгіні ұстанған жындылық саясатына сол тұрғыдағы 15-20 жыл ішіндегі қылықтарға; енді құдайдан ашық жауап ескерту болып, оның сырын, яғни қазақ еліне келетін рухани сынақтарды жарты жыл бұрын (үш жылдан асты) үнемі құдайдың хабарын жариялап отырғанымызға. Бірақ оның жыл өткен сайын орындалу мүмкіндігі де артып, қазіргі таңда қияметтік азаптың күші ай санап артып келе жатқанмен, оған мән берген білімді қауымды, ел басшыларын да көре алмадық.

Оның есесіне құдайдың атау сөздерін ашық тұрде бұрмалап, ойын терістеп, дүние ісімен бейнелеп, күн сайын жиналыстан, мақтаннан көз ашпай, ел басшымыздың өзінің қатысуымен Ақтөбе қаласындағы кездесулерден кейін бүкіл қаланы мұз басып жұттың ашық белгісін көрсетті. Оған себеп «құдай қаласа» деген сөздің  пайдаланудан шығып, ел басшымыздың қалауымен ғана қазақ ұлтының арманы орындалып, тасы өрге домалайтын болды деген даңғазалықтан «Зияткерлік мектеп», яғни арсыздық мектеп ашып, үш тілмен ғылымды ел боламыз деген даурықпа, даңғаза ібілістің ықпалына түскен қауымға да ашық жауап болғаны да хақиқат. Енді партияшылардың осындай даурыққан мақтандарына наурыз айында жеті жұттық жауаптың ашық дәлелі түсуіне, ел басшыларымыз белсеніп жұмыс жасап жатқаны да растық.

Рухани тұрғыда біздер, бұқара халық «малмыз», ел билеушілер халықтың малын бағушы «қойшы, шопан» болып, олардың көрсеткен заңымен қадағалап бекіткен рухани азықтарымен ғана күн көреміз. Бірақ олардың бұйырғанын ғана алып, бұйырмағанын алмауға халықтың, әрбір пенденің де өз еркі бар. Мұндай жағдайдағы әрбір қауымға өлімнің үкімдері түсіп, енді наурыз айы ең көп өлімнің айы болып, мұның себебін тек қана ел билеушілердің арсыз саясатынан деген де қате ұғым. Әрбір пенде өз тағдырының ұстасы. Керісінше осындай Лұттың заманындай уақытта әркім Лұт пайғамбардай арсыздықтан өз қыздарын, жанында  құтқара алады да, сондай нығметке жете алады. Ал Ғиса, Мұхаммед пайғамбарлармен бірге жүріп те талай сахабалар адасып жолдан шыққаны да рас.

Сондықтан тура жолын іздеп, ұжданын өсіріп, Алланың сүйікті құлдарының қатарына қосылып, мәңгілікке тамырын жібергісі келген қазақ мемлекетінің әрбір тұрғынына, мейлі; орыс, неміс, кәріс, ұйғыр т.б.  басқалайда болсын бүгінгі мезгілден артық жағдай сірә да болмас. Жан–жағыңның бәрі арам, кәпір, сасық иісті шайтанның жамағаттарынан өзіңді тазартып алып шығудан, жаныңды жарыққа шығарып, әрі көбейте білуден артық «Жиһад»-Алла жолында мал, жаныңмен соғысу деген жоқ. Ал мұндай жағдайда рухани ұйқысынан оянып, ақталу жолына шыққан пендеге дүниелік дағдарыстың қолдан жасалып жатқаны, оның басында ел басшымыздың өзі тұрғанын білер еді де. Уайымы да дұрысталып, дүниенің құлдығынан рұқын азат қылып, адал еңбек етіп, ысраптан, даңғаза мақтаннан ажырап, барға қанағат, жоққа шүкір деп, құдайдан сұрап, өз бақытын іздеуге шығар еді белсеніп.

     Көп оқырмандар әсіресе жастар біздерден қазақтың болашағы қандай болады деп сұрайды. Әрине әлемде алғашқы болып алтын ғасырға қадам басатын, әлемдік діндік бүлікке де тыйым салатын қазақ елі болып қалыптасамыз. Бірақ оған дейін талай азапқа түсіп, бүгінгі күнгі құдайсыз білімге ғана мастанған кереметтігімізден жұрдай болғанша сыналамыз, тербелеміз. Мамыр айында тағы да әлемдік дін басшыларының бас қосуы болып, қазақ дәстүрін масһабтық тұрғыда көрсетумен, ел билеушілерміз кезекті өтірігін жалғастырады, соған байланысты енді астықтың күйіп кетуі, жалпы егіннің де мүлде шықпай қалуымен жұттың да үлкені басталады. Қанша ескерткенмен, құтқарғымыз келгенмен, ел басшымыз құлақ асатын түрі жоқ, сондықтан аманатынан айырылып, енді жазылмайтын дертке ұшырауға да жақындап қалды.

Қазіргі таңдағы табиғи апаттар мен ойын-сауыққа, әлемді шақырып қыдыртуға деген қаражаттың 100-ден бірін ғана ата жолына дәстүрін меңгеруге, халықты рухани тазаруға ақпараттық шығындарға жұмсайтын болса, мың есе пайдалы болып, қазақ халқы әлемдік дүние дағдарысын мүлде білмейтін елге айналар еді. Бірақ мұны түсіну үшін де ар-ұяттылық туралы заңдармен қатын, қыздардың жаппай ұятсыздығын тыйып, етек жаулық деген киемізді, дәстүріміздің ірге тасын қайта қалаумен ғана мүмкін болады. Онсыз үзіп-жұлқып алған, ойын-сауықпен көрсеткен құндылықтар тек салтымыз, ескі әдебіміздің бейнесі ғана болмақ. Мәңгілік ел ұяттан басталып, құдайдан ұялу ұжданмен бекіп, санамен қуаттанып, ар сауытымен қорғалуы да керек. Ал ойланып көрейік, біз де күтеміз, халық та күтсін, ел басшылар мен заңы күшті ме, әлде құдайдың заңы, хикметі, кереметін орындаушы ұлт тағдыры-аруағы жеңер ме екен? Бейтарап болмаңыз, бір жағына шығып алыңыз, босқа өлмей шыбындай. Біз қашаннан ата-баба аруақтарының аманаттарының жалғасы болып алғанбыз…(наурыз айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *