Қазақ еліндегі қияметтік сын сағатының белгілері

Бөлім: Қиямет-Сын сағаты белгілері 43

Сонымен 3-4 жылдан бері әрбір жарты жылдық сын сағатының белгілерін жариялаумен келеміз, бірақ оған ел билеушілердің тарапынан ашық қарсылықпен қалайда халықты мұндай құдайдың ескертуін елемеуге, заңға бағынып ел билеушілердің бәрінен де дүние байлығымен құтқара алатындарына сендірумен келеді. Және көптеген келеңсіз жағдайларды ақпараттық жүйелерде жарияланбауына, халыққа таралмауына да кедергі қойғандары да сөзсіз. Сондықтан ата жол сайтына кіріп оқып таныспағандар үшін;  2016 жылғы алғашқы жарты жылдықта қазақ елінде болатын рухани сынақтарды қайталай кетейік

Қаңтар айы — Қаралық қарсылық күштер үстем болады, 7 жерде апат болады, жирен шашты ұрпақтар дүниеге келеді.
Ақпан айы — табиғат тылсым күшін көрсетеді. Түрлі дерттер асқынады, демікпе ауруы көбейеді, халық толқиды. Ал енді бұл екі айда қандай құбылыстардың болғанын халық өзі зерделеп көрер, ал болмаса құдайдың кешіргені деп білген де абзал.

Енді:  Наурыз айы — жеті жұттың сипаты бірі белең алады, ауылдық елді мекендерде өлім көбейеді, ерсілік, ессіздік, екіестілік  белең алады. Етіктілер (атқамінерлер) сыналады деп жариялаған едік. Шынында қанша жұттық белгінің түскенін оқырмандар санап көрер, әлі айдың соңына дейін талай оқиға болары да хақ. Ал алдағы 3 айда қазақ ел билеу саясатының құдайға, дініне, ата жолына, ұлтық дәстүрін ойын-сауыққа айналдырып, шынында  қарсы саясат ұстануға қияметтік сындардың айдан айға арта беруі де сөзсіз.
Сәуір айы— су тасқыны қайталану қаупі тұр, қара халық қиналысы үдейді. Қаражар елді мекеніне кесапат қаупі бар.

Мамыр айы — жануарларға қауіп түседі. 4 түлік мал іріктіледі. Орыс халқының наразылығы үдейді. Орыс аруағы бой көтереді.
Маусым айы — халықтың ашкөздігі күшейеді, тума-туыс арасында өкпе-реніш көбейеді. Жер қазығынан хабар түседі. 47 түрлі сынақ болады деген Раббымыздан ескертулерді 2015 жылы желтоқсан айында жариялаған едік.

Сонымен мұндай сөз жүзінде берілген шындықтық хабардың алдын-ала сақтансын деген ескертулердің  қаншасын құдай шынға – уақиғаға айналдырады оған біздің көзіміз де, ақылымыз да жетпейді. Бірақ егер ел билеушілер аруақтың аманатына құлақ салып, тыңдап шешімдер шығарумен, оны халыққа ақпараттық тұрғыда жариялап насихаттаумен айналысса, бұл уақиғаларды құдайдың кешіріп жіберуі де, елдің берекетті тіршілігіне де кепілдік болар еді. Ата жолының құранның аятымен, құдайдың үкімімен, хабармен жалғанып тұруға, қазақ халқына келген бақ екенін дәледеуге де болады.

Ол үшін бір обылыстың қазіргі таңдаға су апаттымен байланысты сынағына ел билеушілері аруақтардың аманатын, хабарын орындауға уәде беріп, біздерге құдайдан сұрап амалын орындауға жәрдем берсе, құдайдан жәрдем сұрап, елді дүрліктірмей, аз шығынмен өтіп, халықтың да барлық діншілердіңде құдайдың хақтығына, хақиқатына көзін жеткізуге болар да еді. Бірақ өздерінің шығарған заңына қарсы әрекеттерді  орындауға жындылық топтарға негізделген басшылық қауымдағылардың ақылының еркі жете алмайды. Ақылдың еркінің қуатына қарай, ол шектен өтуге әулие атаған, ел басшымыздың өзі батылы жетпейді шындығында, қорқады да. Себебі қазақ білімді, дінші, ел билеуші аталған қауымдықтардың арасында жетелілері, дінді, шариғатты ұстанушылары болғанымен, бірақ олардың ұждандары жетілмей, көңілдері ынсапты меңгеруден әрі аса алмағандар болып саналады.

Енді біздерге Раббымыздан түрлі аяндармен, елдегі болып жатқан уақиғаларға, өзіміздің, көпшіліктің тағдырына байланысты алдына-ала ескертулер түсіп жатқаны да хақ. Соның бірі Астанда 88 қабатты ғимараттың өртенуіне байланысты мұның құдайдан ескерту, сынақ екенін және Дубай қаласында осындай зәулім ғимараттардың өртеніп сынақ болатыны ескертілгенді. Бірақ мұндай деректерді тыңдайтын ел билеушілер рухани саңырау болғасын, оған мән беріп жарияламаған да едік. Бүгін 29-шы наурыз күні осындай оқиғаның орын алғаны көк түйме бетінен көріп, мүмкін сақтанар деген оймен кейбір қосымша хабарларды да жариялап көрейік.

Сонымен алдағы уақыттарда; 1.Ата жолында Жамбыл ата тәуекелшілдерді сынайды. 2. Жас балалардың ішегі құрттайтын ауру басталады. 3. Асан Қайғы атаның  аруағымен дүниенің қайғысына берілгендерді сынайды, дүниелерін шығынға ұшыратады. 4. Сары Ишан атаның аруағымен (Қандағаш маңында жерленген) өкпе, демікпе, ауа жетпейтіндерді қыспаққа салады. 5. Үсті-басын жара басу ауруы көбейіп, Марал ишан басына барып аунағанда емделе бастайды. 6. Әйезаттарының түсік тастауы еселеп көбейіп, ал қолдан түсік жасатушылар Домалақ ананың лағнетімен жазаланады. 7. Қарғалар мен ұзақтар (жындылық басқарушы дінші, білімді топтар) шуылдасады. 8. Күйкентай құстың қасиеті кейбір пенделерге қонады. 9. Жан арыстық сынақ басталады. 10. Етексіз, жаулық, жеңсіз, ұятсыз қыз, әйелдердің бойларының жезденуі басталып, әйелдік жыныстық қуаттың жоғалуымен дерттенуі артады. 11. Еркек қандарында темірдің артуымен арты түрлі қуаттық ауруға ұласады.  (жалғасы бар. Наурыз 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *