Ақылдың нәрі -ар болады  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 95

Арлы ақыл бүгінде кімде қалды,

Неге ұятты, ынсапты деп аталады,

Арсыз ұят, ынсапты билер шығып,

Ел жағдайын байлықпен бағалады.

 

Ел билік пен байларды сынағаны,

Қазақтың тегін дейді тонағаны.

Құдайдың өлшеп берген несібесін,

Таусылып қалады деп қайғырады.

 

Жаны мен арын жоқ ойлағаны,

Тозбас байлық мәңгі жан жоғалғаны.

Арсыз ақын, жазушы, тілші шығып,

Ібілістің ұрпағына айналғанды.

 

Ата-бабаң алтын күміс жинағаны,

Мәңгі болса мал-дүниесі қайда қалды,

Қытай ауған асқан талай байлар,

Дүниесі емес артында жаны қалды.

 

Отыз ел үлгі байлығы мен жағдайлары,

Ынсап пен әділдік деп заң жазғаны.

Жандары жоқ ондай елді бақыласаң,

Неге әлемге бала сұрап қол жаяды.

 

Қазақтан мал дүниесін жоңғар алды,

Қайың сауып, аштан көп қырылғаны.

Малым жанға, жаным арға садаға деп,

Арын сатпай сынына тағдыр шыдағанды.

 

Аздырмай тегін сақтап ұлты қалды,

Ашкөздер мен арсыз нәсіл жоғалғанды.

Байлық жинап жоңғар, қалмақ елді тонап,

Мәңгілік ел жер бетінде бола алмады?!

 

Кімде ар болса ақылдың нәрі барды,

Ар-намысты ер – әйел бола алады.

Бүгінгі заман арсыздыққа жаны күйіп,

Нағыз кедей арсыздық деп жар салады.

 

Бақыт деген қанағатпен бір болады,

Бейбіт өмір, ұрпағымен бай болады,

Ұрпағына ар, ұят, білім мен тәрбие берсе,

Байлығым деп жан көбейткен қуанады.

 

Есті жалғыз жалғаннан жалығады,

Жастарға үлгі беріп жол салады.

Алды-артын  арлы оймен шолып,

Бір қария он жанға иман жарық сыйлағанды.

 

Таба алмайсың үлкендерден қарияны,

Ақылын арға емес шайтанға байлағаны,

Тәптіштеп Абай-Шәкәрім даналарды,

Жазғанмен түсінер есті табылмады.

 

Ары әлсіз ел биледі, ел наданы,

Бай баласы төрге озып төре аталды.

Қариялық ел басшының өзінде жоқ,

Ақсақал, жігіттің қалмады айырмасы.

 

Кемір мыстан жан күйіп несі қалды,

Қара қатын, шалбар киген жын болғаны,

Көше толған сасық иісі қыз, қатының,

Ұлт байлығың тозып, азып жоғалады.

 

Арсыздықпен  мәңгілік ел атау алды,

Қара жолың құдай нұры ақыл нәрі.

Зайырлы ел болдық деп дінші шықты,

Ібіліс пен кісіліктің қалмады айырмасы.

 

Ар сатылды малға жан жоғалды,

«Жұлдызды»- деп арсыздар аталады.

Ұжданды, жұлдызды ар өсірмек,

Ата жолы-ар жолы мазақталды.

Ақылының нәрі жоқ ел басқарды,

Білімін әлем кезіп жинап алды.

Арсыздық салтын да алып ел аздырған,

Ел басшы, зиялы- соқыр надандады.

(Сәуір айы 2016 жыл. Т.Б.К)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *