Дат Нұрсұлтан!  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 39

Қиында қыстау күн болған,

Кеңестік жүйе жүн болған.

Теңселіп елің тұрғанда,

Тізгінін алдың Раббыңнан!

 

Қалауын алып құдайдан,

Бас қаланы салдырған.

Астана болып баспалдақ,

Рахметіне құдай жалғанған.

 

Шаруасын қазақ тұрғызған,

Ел басшы болдың Нұрсұлтан,

Әлемді түгел қаратып,

Еңбегің рас танытқан.

 

«Мен»- жаның қайдан ойлансаң,

Шақпақты баба ұжданнан.

Рұқымен батыр жалғанып,

Райымбек атаң  қолдаған.

 

Шапырашты бабаң артыңнан,

Арыстан жүрек ақылдан,

Құдайдан тілеп өзіңді,

Керемет болдың осыдан.

 

Аманат — дәстүр ұмтылған,

Дүниемен ғана ойланған,

Жобасын құдай алмадың,

Үзіліп жандық ұжданнан!

 

Ата жол болды сотталған,

Аруағың тағдыр қорланған

Түсірді ібіліс қақпанға,

Мақтанмен қағып арқаңнан!

 

Ойларың теріс ұлтыңнан,

Жете мен сана ұмтылған.

Үш тілмен қиып жастарды,

Құрақты көктей солдырған.

 

Жесір мен жерің дін болған,

Ар сақтап текті ұлт болған,

Арыңды малға сатқызып,

Жесірлік  жаттан салт алған.

 

Ақ босаға жан туған,

Жатыр-жерін қорғаудан.

Қыз, қатында жаны өлі,

Гендерлік теңдік аздырған.

 

Етектен сана нұр алған,

Ақ жаулық алтын қазынаң,

Екі күні ұлттың жанбай тұр,

Саясаттан дінсіз ұстанған.

 

Иесі жердің Бір Аллаң,

Киесі дін мен Ол Адам.

Тіл шегі жердің рұқ анаң.

Халықтық меншік — ел, отан.

 

Жер менен діні бір болған,

Аяты үкім құраннан.

Жер сатсаң дінді сатқаның,

Лағнетің келер Раббыңнан.

 

Сатуға жарлық қол қойған,

Айырбас сауда мал қылған.

Мүлкіне Алла қол сұққан,

Алынар аманат мойыннан!

 

Тажалдың ісі — дін бұзған,

Лағнетін құдай шақырған.

Жер ана рұқын қорлаған,

Билікті арсыз ант ұрған!

 

Көшеміз біздер жалғаннан,

Ұрпаққа қалар дау жалаң.

Көр сатып, ұрпақ пұл қылып,

Ағайын өлсе қуанған.

 

Белгісі түсті Раббыдан,

Аруақтар қолы жиналған.

41-ден қыспақ салады,

Билікке жебе тұр тартылған.

 

Қайтпасаң жазаң тұр жылдам,

Қарасай бабаң назданған,

Тамақтан қысып шектемек,

Ажалың болар осыдан!

 

Хабар деп ұқ досыңнан,

Шындық деп мұны ұғынсаң,

Қайтпасаң егер райыңнан,

Қош дейміз онда Нұрсұлтан!

(Сәуір 2016 жыл. Т.Б.К)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *